114 сурет
. Қызылшада Филатов-Коплик-Бельский
115 сурет
. Қызылша бөртпелері
белгісі аурудың 2-3-ші күн пайда болады
821
116 сурет
. Қызылша бөртпелері.
117 сурет
. Қызылша. Бөртпеленудің 2-ші
тәулігі.
Қызылшада бөртпенің пайда болуы сатылылығымен ерекшелінеді
(114 сурет)
: 1- ші
күні – бетінде, 2-ші күні – тұлғасында, 3-ші – барлық денесінде байқалады. Бөртпе әдетте
макуло-папулезді сипатты, кейде қасылып кетуі мүмкін, қышиды. Бөртпеден кейін тері
пигментациялануы, түлеуі мүмкін. Бөртпе элементтері кейде қосылып, дене түгел
қызарып кетуі мүмкін (эритема). Бөртпе сипаты әртүрлі болуы мүмкін: майда дақты,
қосылмаған, қосылған есекжем тәріздес, көпіршікті, геморрагиялық
(118, 119, 120
суреттер
), пемфигоидты, папулезді, үлкендақты, ұсақдақты, үлкенпапулезді болуы
мүмкін. Бөртпелер 3 -ші тәуліктен бастап «гүлдейді», 4-ші тәуліктен бастап пайда болған
ретіне сәйкес сола бастайды. Көбіне бөртпеленудің 3-ші тәуелігінде бөртпелер аяқ-қолда
пайда бола бастағанда, бетінде өзінің айқындылығын жоя бастайды. Солған бөртпелер
жалпақтана түсіп, көкшіл түстенеді. Біртіндеп бозарып, дақ ақшыл-қоңыр түске енеді.
Бұндай дақтық пигментация 1-2 апта байқалады. Бөртпелердің солуы кезінде кебек
тәріздес түлеу байқалуы мүмкін. Түлеу 5-7 күнге созылады.
118 сурет.
Қызылша: Сан мен балтырда орналасқан геморрагиялық дақты-
папулалық бөртпелер, бөртпеленудің 5-ші күні.
822
119 сурет.
Иық пен білекте орналасқан геморрагиялық дақты-папулалық бөртпелер.
Бөртпеленудің 4-5 күні
Қызылшаға ауыз қуысының және жұмсақ таңдайдың кілегей қабатында өзіне тән
өзгерістер байқалады. Терідегі бөртпелер шығудан 1-2 күн бұрын ауыз қуысының және
жұмсақ таңдайдың кілегей қабатында мөлшері түйреуіш басынан жасымыққа дейін
болатын формасы қисық қызыл түсті дақ пайда болады. Бұл элемент қызылша энантемасы
деп аталады және оның диагностикалық маңызы өте жоғары. Энантема дағы 1-2 тәулікте
қосылып, біртіндеп жойылып кетеді. Дақты энантемамен бірдей, кейде тіпті ертерек,
қызылшаға ғана тән Бельский – Коплик - Филатов дағы пайда болады
(114 сурет)
. Бұл дақ
қызыл ұрт кілегей қабатында кіші тамырлық тістер қарсысында орналасады. Ол 2-3 күн
сақталады. Бұл бөртпелер текқана қызылшаға тән белгі.
Қызылышаның асқынған ағымы (отит, пневмония, ларинготрахеобронхит, диарея
және т.б.) ерте жастағы балаларда жиі кездеседі.
120 сурет.
Қызылшада науқастың арқасында байқалатын геморрагиялық бөртпе.
Пигментацияланудың басталуы.
823
|