Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


сурет . Жәншуда байқалатын 122 сурет



Pdf көрінісі
бет887/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   883   884   885   886   887   888   889   890   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

121 сурет
. Жәншуда байқалатын
122 сурет
. «Таңқурай» тіл
өліеттенген баспа.
Іріңді асқынулар (отит, синусит, перитозилярлы немесе жұтқыншақ арты іріңдігі,
мойын лимфодениті) дамуы мүмкін.
Бөртпелер алғашқыда мойын терісінде және дененің жоғарғы бөлігінде пайда болады
(123 сурет)
. Терінің гиперемияланған немесе айқын бозғылт фонында қызыл нүкте немесе
ұсақдақты сипатты бөртпелер пайда болады. Терінің бүгілетін жерлерінде орналасады,
ауыз-мұрын ұшбұрышында болмайды, ақшыл болып қала береді
(123 сурет)
. Бірінші
аптаның соңында түлейді. Инфекцияның гематогенді тарауына байланысты пневмония,
миокардит, зндокардит, остеомиелит, нефрит дамуы мүмкін. 
123 сурет
. Жәншауда бөртпелердің орналасуы (Аурудың 1-2 күні).
 Жәншаудағы ақшыл ауыз-мұрын ұшбұрышы.
825


Науқасқа бір қарағанда, терінің бәрі қызарып кеткендей болады. Дегенмен, дұрыс
көңіл аударып қарағанда, кішкене нүкте тәріздес ұсақ дақтардың қоюланып, жиналғаны
екені анықталады. Бұл кішкене дақтар айқын қызғылт немесе қызыл түсті болады.
Сонымен қатар, оның ортасы қою боялған болса, шетіне қарай солғындай түседі. Кейбір
жерерде (іштің төмен жағында, шапта, құйрықтарында, қол-аяғының артқы бетінде) ерек-
ше қоюланып, элементтер толық қосылып, тұтас эритема тәрізді болып кетеді. Саусақпен
басқанда, бөртпе бозарып түрін өзгередіде, саусақты тартып алғанда бұрынғы түсіне, қал-
пына келеді. Жәншаудың ауыр түрлерінде, терідегі тамырлардың тонусының төмендеуіне
байланысты саусақпен басқан жерлерде гиперемияның әлсіз, жәй қалыптасуы байқалады.
Сипағанда, терінің құрғақтығы байқалады. Саусақтармен сипағанда, кейде тері
айтарлықтай тегіс болып келеді: бөртпелер терінің үстіне шығып тұрмайды. Дегенмен,
жиірек аурудың айқындалу кезінде, әсіресе бөртпе айқын көп болғанда кедір-бұдыр болып
келеді. Ол негізінен бөртпелердің папула тәріздес болуына байланысты. Бұндай жағдай
көбіне аяқ-қолдардың жазғыш беттерінде орналасады; бұл жерлерде бөртпелер ұсақ тығыз
түйін сипатын алады. 
Науқастың бет пішінінің осы ауруға тән көрінісі бар: маңдайында, самайында
қызғылт ұсақнүктелі бөртпе байқалады; бет ұшының терісі, буындардың артқы бүгілетін
бетіндегі терілерде (шынтақ, тізе асты және қолтық асты) өте ұсақ нүкте тәріздес
геморрагиялар байқалады
(124, 125, 126 суреттер).
Кейде, әсіресе айқын бөртпелер
байқалғанда, әжеп-тәуірдей тығыз болады, ал бөртпелер сирек болғанда, бірең-сараң
геморрагиялар байқалады. 
Жәншаулық бөртпелер, әсіресе көп болғанда, қышиды. Сондықтан, көп жағдайда
науқастың терісінде қасыған іздер жиі байқалады. Кейде бөртпенің шығуының өзіндік
ерекшеліктері болады. Бөртпелердің 3-4-ші күнде байқалуы мүмкін, кейде тіптен
бөртпелердің болмауы мүмкін («бөртпесіз жәншау»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   883   884   885   886   887   888   889   890   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет