Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет92/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Тұлға ұзындығын
сантиметрлік лентамен өлшейді
(7 сурет).
VII мойын
омыртқаның
6 сурет.
 
Бас шеңберін өлшеу.


7 сурет. 
Дененің әрбір бөлшектерін өлшейтін нүктелер.

жоталы өсіндісі мен құйымшақ аралығын үлкен балаларды тұрғызып, кішкентай
балаларды бір бүйіріне жатқызып өлшейді.

Қол ұзындығы – бұғана мен III саусақтың ұшына (сырт жағынан) дейінгі аралық
бойынша анықтайды.

Иық ұзындығы – бұғана мен білек буынының үсті.

Білек ұзындығы – білек буыны мен III саусақтың ұшы.

Аяқ ұзындығы – үлкен ұршық пен табан аралығы (сырт жағынан өлшейді)

Сан ұзындығы – үлкен ұршық пен тізе асты шұңқырындағы көлденең сызық аралығы.

Балтыр ұзындығы – көлденең сызық пен тобық аралығы.

Иық шеңбері – төмен түсірілген қолдың жоғары үштен бір бөлігінде қолтық қуысы
деңгейінде өлшейді. Жақсы дамыған жерінде таспаны көлденең жүргізеді.



Сан шеңбері – бөксе тұсынан көлденең жүргізілген таспамен өлшейді.

Балтыр шенбері – балтыр етінің жақсы дамыған жерінен таспа көлденең жүргізіліп
өлшенеді.
1.2.9. ДЕНЕ ДАМУЫН ЦЕНТИЛЬДІК БАҒАЛАУ
Баланың денесінің дамуының әртүрлі көрсеткіштерінде байқалатын түрленулерді
ескере отырып, қалыпты көрсеткіштерді анықтау керек.
Дене дамуын бағалау әдістері өте көп. Практикалық жағдайда көбіне 2 әдіс қолданы-
лады: параметриялық немесе сигмальды және параметриялық емес немесе центильды.
Әдетте, антропометриялық өлшеулердің қорытындыларын бағалау үшін клиникалық
тәжірибеде орташа көрсеткіш (М) деген түсінік қолданылады. Балалар денесінің дамуын
орташа арифметикалық сигмальды ауытқу
( σ -сигма) 
негізінде бағалауда бес топ болып
бөлінеді.
Дамудың орташа деңгейі деп орташа арифметикалық мөлшерден (М) ауытқы –1
сигма мен +1 сигманың аралығында болған жағдайда айтамыз (М± 1 сигма). 
Дамуы орташадан жоғары

М +1σ 
– 

Дамуы жоғары (биік)

М

2 σ 

дан жоғары
Дамуы орташадан төмен

М 

 1 σ 

2 σ
Дамуы төмен (аласа)

М 
– 
2 σ -ден төмен.
Баланың денесінің дамуын бағалағанда

 
тиісті көрсеткіштің (салмағы, ұзындығы,
кеуде және бас шеңбері) 10%-ына тең деп алуға болады.
Баланың денесінің дамуын центильдік ауытқулар тәсілімен бағалау үшін центильдік
кестелер пайдаланылады. Центильдік кестелер бойынша сау балалардың белгілерінің
орналасуын дәлірек анықтайды; күнделікті жұмысқа пайдалануға қолайлы және
қарапайым болып келеді.
Центильдік кестелер коридорлары әртүрлі жастағы әр жынысты балалардың белгілі
бір пайызының (центилінің) сандық шекара белгілерін көрсетеді. Мұнда орта немесе
қалыпты шартты сандар үшін беріліп отырған белгілі жастағы және белгілі жынысты сау
балалардың жартысына сәйкес келетін сандарды пайдаланады. Ол 25 пен 75 центиль
аралығы. Толық түрінде центильді шкалалар төмендегідей болады: ол балалардың жастық
жыныстық топтарында одан төмен тек қана 3, 10, 25, 90 және 97% жағдайда ғана
кездесетін, белгілі мазмұнын көрсететін; 6 цифрдан тұрады. Сандар арасындағы ашық жер
(аймақ немесе «коридор») балалар топтарының 3%-ына (0-ден 3 центильге дейінгі аймақ)
немесе 7% (7 центильге дейін) немесе 15% (10-нан 25-ке және 75-тен 90-ға дейінгі
центильді аймақ) немесе бүкіл жастық-жыныстық топтардың 50% (25-тен 75 центильді
аралығы) анықтайтын аралықпен әртүрлі белгінің мазмұнын көрсетеді. Коридордың қай
жерде орналасуына байланысты дәрігерлік қорытынды жасалынады. Мынадай варианттар
болуы мүмкін 
(4 кесте):
4 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет