Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Экссудативті- катаральды диатез



Pdf көрінісі
бет948/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   944   945   946   947   948   949   950   951   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Экссудативті- катаральды диатез
Мақсаты: Аурудың айқын клиникалық көрінісінің, өршу процессінің дамуына жол
бермеу. 
Шаралар жоспары.
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру

Науқастың туыстарының мәлімет алуы 
құқығы қамтамасыз етіледі, олар орындалған 
барлық күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Анасына «тағамдық күнделік» 
жүргізуді ұйымдастыру

Оның көмегімен баланың жеке аллергенін 
тауып, оны жою
3. Баланың тағамдық және басқада 
аллергендермен қарым-қатынасты 
болдырмау

Эксудативті диатезде балалар аллергияға 
бейімді
4. Баланың тұзды және сұйықтықты 
қабылдауын шектеу

Балалар ісіңкі, организмде сұйықтықтың жина
луына байланысты дене салмағы жоғарлайды 
5. Баланың тері және кілегей 
қабаттарының гигиенасын қатаң 
сақтауды қадағалау

«шок-мүшелер» ЭКД-де тері және кілегей 
болып табылады, нәтижесінде жиі және айқын 
зақымдалады
6. Балада аурудың терілік көріністері, 
гнейстің дамуында қосымша гигиена-
лық шараларды өткізуді ата-анасына 
үйрету

Күтімнің қосымша шаралары балаға 
жайлылықпен толық қамтамасыз етіледі, 
қосымша іріңді тері ауруларынан сақтайды
7. Балаға қорғаныш режимін 
ұйымдастыру

Балада жүйке жүйесі қозғыштығы жоғары
8. Инфекциялық және салқын тию 
ауруларының қосарлануының алдын-
алу

ЭКД-бен ауыратын балаларда иммунитеттің 
төмендеуіне байланысты жиі ауыратын топқа 
жатады
ЖРВИ, бронхит, пневмония
Мақсаты: Аурудың айқын клиникалық көрінісінің, өршу процессінің дамуына жол
бермеу.
880


Шаралар жоспары.
Негіздеу
1. Науқасқа және оның туыстарына 
ауруы жөнінде мәлімет беру

Науқастың мәлімет алуы құқығы қамтамасыз 
етіледі

Бала және оның туыстары орындалған барлық 
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Амбулаторлық жағдайда емдегенде
катаральды белгілер жойылғанша 
науқасты бөлек бөлмеге оқшаулау 
қажет

Ауру баладан сау адамдарға жұғуы мүмкін
3. Баланы ауруханаға жатқызғанда 
палатаны «жүйелі түрде» толтыру 
қажет

Бұлар инфекциялық аурулар болғандықтан 
бір-біріне жұғуы мүмкін
4. Бетперде режимін ұйымдастыру

Инфекцяның ауа-тамшылы берілу жолы 
тоқтатылады
5. Жедел кезеңінде төсектік режимді 
ұйымдастыру

Асқынуға жол бермеу
6. Таза ауамен қамтамасыз ету

Тыныс алу ауруларында оттегі жеткіліксіздігі 
байқалады
7. Басын жоғары көтеріп жатқызу

Өкпеге қан келуі төмендейді, диафрагма төмен
түсіп, тыныс алуы жеңілдетіледі
8. Бала жатқан бөлменің температура-
сы 18-20º болуын қамтамасыз ету

Салқын ауа қақырық шығуына көмектеседі
9. Күнделікті 2 рет ылғалды тазалау 
және бөлмені желдету

Ауа тазалығымен қамтамасыздандыру

Қоздырғыш концентрациясы азаяды
10. Балаға қозғалыс режимін және 
дренажды қалып ұйымдастыру

Қақырықтың шығуы жақсарып, іркілістің 
болуына жол берілмейді
11. Мұрын –жұтқыншақ, көз және 
терінің тазалығын бақылау керек

Тыныс алу мүшелері ауруында катаральды 
белгілер, коньюнктивит белгілері қосымша 
гигиеналық шараларды керек етеді
12. Нәжіс тұрақтылығын бақылау, іш 
қатуды болдырмау

Іш қату интоксикацияны күшейтеді

Іші қатқанда диафрагма жоғары ығысып, өкпе 
экскурсиясын қиындатады 
13. Еңбектену және демалу кезінде 
жүктемені азайту

Кез-келген жүктеме қосымша энергияны 
қажет етеді. Осыдан тыныс жеткіліксіздігі 
дамуы мүмкін
14. Аз мөлшерде тамақтандыру, көп 
мөлшерде сұйықтық ішкізуді 
ұйымдастыру

« Бөлшектеп» тамақтандыру өкпе 
экскурсиясының бұзылуына жол берілмейді

Көп сұйықтық ішу дезинтоксикациялық әсер 
етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   944   945   946   947   948   949   950   951   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет