Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#108675
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Тұқым қуалайтын өзгергіштік-эволюция негізі.

Оқу мақсаты:10.2.6.2 Эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау

Бүгінгі сабақта:

  • Тұқым қуалайтын өзгергіштікті.
  • Макроэволюция және микроэволюция деген не?
  • Эволюциялық дамудың тұжырымдамаларын.
  • Эволюциялық дамудың ішкі себептерін түсіндіру барысында қандай тұжырымдамаларды бөліп айту керек.

Кілт сөздер:
  • Макроэволюция
  • Микроэволюция
  • Эволюциялық даму
  • Комбинация
  • Мутация

Өткен тақырыпты пысықтау.


1.Сурет бойынша ,түрдің өзгеруіне не себеп болды?
2.Мутация дегеніміз не?
3.Табиғи сұрыпталу кезінде пайда болған мутацияның маңызы қандай?
4.Эволюция ілімі нені зерттейді?
5.Эволюцияның бағыттарын сипатта.
Тұқымқуалаушылық өзгергіштігі эволюциялық фактордың бірі
Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Өзгергіштіктің бұл түрі тұрақты,себебі генотип құрылымын ДНК нуклеотидтері деңгейіне дейін қозғайды,хромосомалардың санын,гендердің құрылымын,хромосомалардың тәртібін өзгертеді:делеция,тронслокация,инверция,дупликация.
Сонымен қатар жаңа ұрпаққа жаңа белгілер беріледі.
делеция
дупликация
инверция
тронслокация

Тұқым қуалаушылық өзгергіштік (генотиптік)


Комбинациялық
Мутациялық
Генетикалық материалдың жаңа үйлесімі пайда болған жағдайда кездеседі.
Мысалы:жыныстық көбею барысында гамателердың бірігуі болып табылады.
Нәтижесінде ер адам мен әйел адамның организмінен генетикалық ақпаратты жарты-жартыдан ала отырып,жаңа белгілерге ие болады.
Гендер мен хромосомалар ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Биологиялық түрлердің әртүрлілігін қамтамасыз етеді.Мысалы:бір отбасындағы балалардың әртүрлілігі жатады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік.Әр түрлі факторлардың әсерінен генотиптің кенеттен бағытталмаған өзгерістерінен тұрады.Егер мутация барысында қоршаған орта жағдайына пайдалы жаңа өзгерістер пайда болса,мутант даралар сұрыпталу арқылы сақталады.Осы пайдалы мутацияға ие дара пайдалы қасиеттері бар едәуір көп ұрпақ қалдырады.Егер дара зиян мутация алатын болса,олар не жойылады,немесе ұрпақтарының саны аз болады.
1927 жылы орыс генетигі Ю.А.Филипченко
эволюциялық процесті екі топқа бөлді.
Макроэволюция
Микроэволюция
Түрден де жоғары деңгейдегі (туыс,тұқымдас,отряд,класс т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін процесс.Макроэволюция және оның бағыттары-биологиялық эволюция процесінің-организмдердің биологиялық тұрғыдан алға ұмтылысы,яғни тірі қалуға,сақталуға ұмтылуы.Ол үшін таралу аймақтарын игеріп,өте көп мөлшерде ұрпақ қалдыру керек.
Бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына әкелетін эволюциялық процесс.Микроэволюция өзгергіштіктің негізінде табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асады.Популяция санының артуы,олардың арасында генетикалық ақпараттың алмасуы,оқшаулану,және гендердің дрейфі әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет