Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері



бет4/6
Дата09.03.2023
өлшемі36,68 Kb.
#72702
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ тілі ТЖБ.10-сынып

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңірген дала адамы мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін де жасады. Бұған Айша бибі, Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб кесенелері сияқты көне дәуір мұралары дәлел бола алады. Өткен сыныптарда сендер бейнелеу өнері сабақтарында орта ғасырлардағы Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері - Айша бибі, Бабаджа қатын, Қарахан, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерімен танысқандықтан, енді Арыстан баб мешіт-кесенесіне нақтырақ тоқталамыз. Ортағасырлық әйгілі сәулет өнері ескерткіші - Арыстан баб кесенесі көне Отырар жеріне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Қожа Ахмет Йасауидің алғашқы ұстазы болған. Кесене қабірінің басына салынған. Кесене бірнеше рет бүліншілікке ұшырап, XX ғасырдың басында соңғы жөндеуден өтті. Ол күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның тік бұрышты формасы және күмбезді төбесі бір-бірімен жарасымдылықта әсем көрінеді. Намаз оқитын залы, кітапханасы және күзетші бөлмесі мен қажылар тұратын үйлері бар. Алдыңғы бөлмеде Арыстан бабтың үш шәкірті, ал ішкі бөлмеде өзінің сағанасы жатыр. Үйдің көрнекті фасады оңтүстікке қаратылып, симметриялы композиция құрған.


Арыстан баб кесенесінің сәулеттік жобаларын ойлап табуда берілген жаңа түр - оның композициясының фронталды болуы - оның порталына сәулетті өң кіргізіп түрады. Қазақстанның түкпір-түкпірінде сақталған ескі тұрғын үйлер арқылы халқымыздың өткендегі өмірін, өнері мен мәдениетін зерттеп білуге болады.
Қазақстанның көптеген сәулет ескерткіштері ою-өрнектермен безендірілген. Баба ата, Алаша хан, Бабаджа қатын, Қарахан, Айша бибі және Қожа Ахмет Йасауи кесенелеріндегі өрнектер - сәулет өнеріндегі шеберліктің тамаша үлгісі. Бабаджа қатын мен Қарахан кесенелерінің кіреберісі ғана кірпішті өрнектермен көмкерілген. Айша бибі кесенесі терракоталық қаптауышпен тұтас көмкеріліп, әр алуан геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілген. Алаша хан кесенесі де өзіндік көркем сәулет элементтерімен ерекшеленеді. Берік текшелері өрнекті плиталармен қапталған жолақтармен жиектелген. Кіреберіс қабырғаларының орталық бөлігі геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен әшекейленген; артқы және бүйір қабырғалары геометриялық өрнектермен, ромб тәрізді фигуралармен қапталған.

1.Мәтіннің құрылымына сәйкес қатарды табыңыз


А) Мәтінде 3 абзац, 1-абзац – кіріспе; 2-абзац – негізгі, 3-абзац - қорытынды
В) Мәтінде 3 абзац, кіріспе бөлімі жоқ; 1,2,3-абзац – негізгі; қорытынды бөлімі жоқ
С) Мәтінде 3 абзац, 1-абзац – кіріспе; 2,3 –абзац – негізгі; қорытынды бөлімі жоқ
Д) Мәтінде 3 абзац, 1,2-абзац – кіріспе; 3 - абзац – негізгі; қорытынды бөлімі жоқ

2.Айша Бибі кесенесі қандай қаптауышпен тұтас көмкерілген?


А) сырықтармен
В) терракотамен
С) металмен
Д) алтынмен

3. Мәтіннің жанрын анықтаңыз. Өз ойыңызды дәйектемелер келтіріп дәлелдеңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Мәтіндегі 2стильдік және 1 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.





Стильдік 2 ерекшелігі

Тілдік ерекшелігіне 1 мысал

1.

1.

2.

5. Мәтін жайлы пікір жазыңыз. 5-6-сөйлем


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазыңыз. Жазылым жұмысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, тыныс белгілерді қатесіз қолдануды ескеріңіз. [10]

1. «Қазақстанның Ежелгі кездегі және қазіргі замандағы сәулет өнері» тақырыбында мақала жазыңыз.


2. «Қазақстандық сәулет өнерінің кереметтері» тақырыбында мақала жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет