1.4 Арнайы дене күшін арттыру жолдарына сипаттама
Арнайы дене күші дегеніміз – аз күш жұмсау арқылы қажетті нәтижеге жету үшін қолданылатын күш мөлшері. Күрес спортында бұл нәтиже бұлшық ет күші ғана емес, басқа да күштердің тікелей қатысуымен іске асырылады. Оған әдіс орындау кезінде дене бұлшық еттерінің күшімен қоса балуан денесінің салмағы, қозғалыс екпіні және барсылас балуанның күшін жатқызуға болады. Мысалы, балуан өзінің бұлшық етінің күші арқылы 70 кг-ға тең игеру күшін жұмсады делік, оған қарсылас балуан 70 кг-дық қарсы күшпен әсер етіп, оның күшін жоққа шығарып, тағы 5 кг-ға тең күш қосу арқылы өзі қарсы әдіс қолдану мүмкін. Сондықтан балуан 70 ег- ға тең бұлшық ет күшіне өзінің дене салмағының күшін қосса (тағы 70 кг), онымен қатар қарсыласының дене салмағы (70 кг) оның бұлшық ет арқылы қосқан күшін (75 кг) және қосса, онда қарсылас балуанға 285 кг тең күш қолданылған болар еді.
Денені жаттықтыру арқылы пайда болған дене- күшіне қарап, «күші көп» немесе «аз» деп топшылау көп жағдайда қате пікірге әкеп соқтырады. Күрес үстінде сыртқы бұлшық еттері жақсы дамыған балуан күшінің аз екендігі байқалып жататындығы жиі кездеседі. Оның себебі «ішкі күштің», қажыр- қайраттың, төзімділік қабілеттің аз дамығандығынан болады.
Арнайы дене күшін дамытудың және оны орынды пайдаланудың негізгі әдісі- балуанға арнайы тапсырмалар беріп белдестіру және жарысқа қатынастыру.
Арнайы күшті арттыру үшін берілетін белдесу түрлері:
Күш басым, бірақ шеберлігі төмен балуанмен күрестіру.
Орташа күш жұмсап, «ойнап» күресу.
Әдісті міндетті түрде кілемге құлау арқылы орындату.
Қарсылас балуанның қарсы күшін пайдаланып күресу.
Қарсылас балуанның қозғалыс бағытын пайдалану арқылы күрестіру.
Статикалық қалыпты сақтау мақсатымен күрестіру.
Неғұрлым аз әдісті қолданып, таза жеңіске жету.
Күші басы қарсыласпен күресу. Күресуге күші басым бірақ тәжірибесі аз балуан таңдап алынады. Күрес кезінде қолданылған әдіс қарсылас күшінің басым болуы салдарынан іске аспай жатады, сондықтан балуан «қосымша күш» жұмсап үйренуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, балуанның өз қарсыласынан қорғану арқылы өзінің әлсіз жақтарын байқайына мүмкіндігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: |