Жоспар Кіріспе I Экономиалық дамудағы банкроттың рөлі 1.1 Банкроттық туралы жалпы түсініктеме 1.2 Банроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі 1.3 Банкротқа ұшырау жолдары II Кәсіпорындағы банкрот және оны болдырмау саясаты 2.1 Кәсіпорындағы банроттың пайда болу себептері 2.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі 2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау III Банкроттық жағдайды болдырмауда қаржылық ағымдарды талдау 3.1 Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау 3.2 Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артуда.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы.
Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” “Банкроттық туралы” заңында (21.1.1997) көзделген.