Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады. Банкроттықтың ықтималдылы-ғын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық «ауруын» және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның банкроттылы-ғын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Банкрот жүйесін құру және оны нақтылы іске асырудың түпкі мақсаты — тауар өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құру.
Бұл жүйенің негізгі мәні — өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын қанағаттандыруға бейімдеу қажеттілігі. Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне қарай толығымен ойсыраудан қорғау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субьектілеріне көмектесу жүйесін жасап шығарады.
Аталған мақсатқа жетуде әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда ғана қол жеткізеді :
кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялық жүйесін, құқықтары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты және сенімді орналастыру;
борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндік беру;
банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;
бизнесті қайта түлетудің жүйесін жасап шығару;
борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай тұрып-ақ жақсарту;
адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;
қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны қалыптастыру;
банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде банкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;
борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.
Қорытындылай келе кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған аталған принциптері арқылы кәсіпорындар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып, борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін.