Банкроттық Орындаған: Болат Тілеужан


Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік



бет2/3
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74486
1   2   3

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:


1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
    • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
    • инфляцияның аса жоғары деңгейі;
    • фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
    • бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
    • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
    • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
    • өндіріс көлемінің төмендеуі;
    • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
    • ақталмаған жоғары шығындар;
    • өнімнің төменгі рентабельділігі;
    • өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
    • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
    • ескі басқарма басшьшарының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұра-нысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
  • банкроттықты құқықтық реттеу;
  • кәсіпорынның банкроттығы жайында акті жүзеге асыруға шешім қабылдау процесте нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
  • перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
  • қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
  • банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
  • кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.

Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі келесі түрде қабылданады.
Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады.
Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе «Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет