Жедел жад: оның түсініктемелері Онда жад логикалық жағынан қалай қаралса,физикалық жағынан да солай қарастырылады. Және де компьютерде орнатуға болатын микросхемалар мен жад модулі туралы анықтама алуға болады.Сонымен қатар жадтың құрылымы, оның аймаққа жіктелуі және осы аймақтардың орналасуы туралы жазылады. Бұл тарау көптеген қажетті ақпараттардан тұрады; сіз оның көмегімен компьютерді тиімді пайдалана аласыз.
Жедел жады – компьютердің жүйелі блогының жұмыс аймағы. Онда жұмыс уақытында программалар мен мәліметтер сақталады. Жедел жад көбіне уақытша сақтау орны ретінде қарастырылады, себебі ондағы мәліметтер мен программалар компьютер қосулы тұрғанда ғана сақталады немесе reset кнопкасын баcқаға дейін. Өшірер алдында немесе reset кнопкасын басар алдында, жұмыс кезінде өзгеріске өзгеріске ұшыраған мәліметтерді, тұрақты мақтай алатын құрылғыда сақтау қажет (қатқыл диск). Компьютерді қосқанда, сақталған ақпарат қайтадан жадқа жүктеледі.
Жедел жады құрылғысын кейде сақтау құрыдғысы деп те атайды. Ол жедел жадта сақталған мәліметтер орналасу ретіне тәуелді емес.
Бірнеше жыл ішінде RAM (Random Access Memory) анықтамасы негізгі терминге айналды. DRAM микросхемаларының негізгі қасиеті – мәліметтерді динамикалық сақтау. Біріншіден, жедел жадқа ақпараттын бірнеше рет жазылуы, ал екіншіден әрбір 15 милисекунд сайын мәліметтердің жаңаруы. Сонымен қатар күнделікті мәліметтердің қажет етпейтін статикалық жедел жад бар (Static RAM-SRAM). Мәліметтер жедел жадта тек қана компютер қосулы тұрғанда сақталатының естен шығармаған жөн.
Жедел жад термині микросхемаларды ғана білдірмейді, сонымен қатар логикалық көрсетілім мағынасын білдіреді.
Логикалық бейнелеу – орнатылған микросхемадағы мекен-жайлардың көрсетілімі. Орналастыру – анықталған типті ақпараттың негізгі мекен жайы.
Кейбіреулер жедел жад пен дискідегі жадты жиі шатастырады, бірақ олардың өлшем бірлігі бірдей – мега немесе анология бойынша түсіндіруге болады.
Мысалы, кішіғұрым офисте жұмысшының картотекада сақталған ақпаратты өңдеп жатқаның елестетейік. Біздің мысалымызда программалар мен мәліметтерді ұзақ уақыт бойы сақтайтын картотека – қатқыл дисктің рөлін орандайды. Жұмысшы өңдеп отырған жүйенің жедел жадын жұмыс аймағы таныстырады, оның әрекеті жүйелі блогкебайланысты. Ол жұмыс аймағындағы кез келген құжатпен байланыстыра алады. Құжатты жұмыс аймағына ораластырудан бұрын, оны қатқыл дискіден іздестіру қажет. Егер жұмыс аймағы үлкен болса, онда бір уақытта бірнеше құжатпен жұмыс істеуге болады.
Офисте сақталған құжаттар мен компьютерде сақталған файлдар арасында бір ерекшелік бар: файл жедел жадта жүктелгенде, оның көшірмесі қатқыл дискте сақталады.Назар аударыңыз: ұзақ уақыт бойы файлдарды жедел жадта сақтау мүмкін емес, компьютерді өшірер алдында өзгеріске ұшыраған файлдар қатқыл дискте сақталу қажет. Егер өзгеріске ұшыраған файл сақталмаса, оның көшірмесі қатқыл дискте өзгеріссіз қалады.
Программаны орындау кезінде оның анықтамасы жедел жадта сақталады. Кейде жедел жад микросхемаларын энергия қажет ететін жад деп те атайды: егерондағы мәліметтер дискте сақталмаса, онда компьютер өшкен кезде мәліметтер жойылады. Осындай жағдайға кездеспеу үшін автоматты түрде мәліметтердің көшірмесін жасау керек.
Файлдар компьютер қосылғанда жедел жадқа жүктеледі. Жүйелік блок жадтағы негізгі командаларды орындайды. Жедел жад мәтіндік редактормен жұмыс кезіндегі басылған пернелердің кодын және математикалық операцияларды сақтайды. Сақтау (Save) командасын орындағанда жедел жадтағы мәліметтер қатқыл дисктегі файлдар сияқты сақталады.
Физикалық жедел жад системалық платаға қосылатын модульдер мен микросхемалардан тұрады. Бұл микросхемлар мен модульдердің өзіне тән ерекшелігі бар.
Қазіргі кезде жаңадан жад жасалып шығарылады, және жаңа компьютерге ескірген компютерлердің жадын енгізу мүмкін емес. Сол үшін системалық платаны ауыстыру кезінде жадты да ауыстыруға тура келеді.
Қазіргі кезде сақтаушы құрылғыны үш типі бар:
ROM (Read Only Memory). Ұзақ уақыт сақтай алатын құрылғы – ПЗУ. Мәліметтерді жазу операциясын орындай алмайды.
DRAM (Dynamic Random Access Memory). Динамикалық сақтаушы құрылғы.