Баөж дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы дк пайда болғанға дейінгі ет даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері. Жоспар



бет9/17
Дата03.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#60289
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
БАӨЖ (1)

Монитор экранының түрлері
Монитор экраны екі түрде: дөңес және жазық болып шығарылады. Қалыпты қолданылып жүрген монитор экрандары дөңес болып келеді. Экрандар тік және көлденең бағыт бойынша қисық бет түрінде орналасады. Қазіргі кезде Trinitron конструкциясы қолданылып жүр. Онда қисықтық горизонталь қималар бойынша ғана болады. Экранның бұл түрі бейненің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

ЭЕМ –нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Адаптер -ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Мониторда электрондық- сәулелік түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.


Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет, ал графикалық режимдегі экраның бейнелеу қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады. Экрандағы кесін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.

Қолданушы мен компьютер арасындағы информациялық байланысты монитор орындайды. Компьютердің бейнелеу жүйесі екі негізгі компоненттен тұрады:



  • Монитор (дисплей)

  • Бейнеадаптер (бейнетақша немесе графикалық тақша)

Монитордағы информация көрсетудің ең көп тараған түрі – электрондық сәулелік түтікте (ЭСТ) бейне көрсету. Электрон - сәулелік монитор үш түсті; қызыл, жасыл, көк электрондық шоқ көмегімен экранда бейне беретін вакуумдық колба. Жоғары кернеу магнит өрісін тудырып, оны электрондық шоқтар көмегімен басқарып монитор экранында бейне алуға болады. Қазіргі кездегі мониторлар көпжиілікті деп аталады да әртүрлі стандарттағы бейнесигналдармен жұмыс істей алады. Ондай мониторларды әртүрлі; синхрондық (multis - ync), көпжиілікті (multifrequency), көпрежимді (multiscan), автосинхрондаушы (autosynchronous) және автобаптанушы (autotracking) терминдері арқылы атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет