БаөЖ4: Дәрістеннегізгітүсініктердіжазып, оларғақысқашаанықтамаберіңіз



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі21,63 Kb.
#52712
1   2   3   4
Байланысты:
4БАӨЖ 4

Моральдық сезімдер адамның өзінің және басқалардың әрекеттері мен қылықтарын адамгершілік нормаларына және ережелеріне (ізгілікке, әділеттілікке, парызға) сәйкес моральдық бағалауға негізделген.
Интеллектуалды сезімдер таным мен шығармашылық үдерісін сүйемелдейді. Таң қалу мен әуесқойлық, білуге құмарлық пен жаңалық ашқанға деген қуаныш, күмәндану - мұның бәрі интеллектуалды және эмоционалды сәттердің өзара байланысының дәлелі. Жуынатын бөлмеден көшеге «эврика!»,- деп айқайлап секірген Архимедтің өмірінен алынған оқулықтағы керемет мысал шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттің эмоционалды «бояуын» бейнелейді.
Эстетикалық сезімдер адамның табиғаттағы, өнердегі, адамдар өміріндегі әсемдіктерге деген эмоциялық қатынасын білдіреді. Олар тұлғаны байытады, оған жеке өзіндік ерекшелік береді.
Өзін-өзі тану - эмоционалды күйлерді атай білу, эмоциялар, ойлау мен іс-әрекеттер арасындағы байланысты түсіну қабілеті, өзінің күшті және әлсіз жақтарын адекватты бағалай білу;
Өзін-өзі реттеу - эмоцияларды басқара білу, қажетсіз эмоционалды жағдайды өзгерту, күйзелістен тезірек шығу мүмкіндігі.
Мотивация дегеніміз - бастаманы терең тенденцияларды қолдану арқылы жетістікке жетуге қолайлы эмоционалды күйлерге ену.
Эмпатия - бұл басқа адамдардың эмоцияларын оқи білу, өзіңді олардың орнына қоя білу.
Әлеуметтік дағдылар дегеніміз - қанағаттанарлық тұлғааралық қатынастарға түсу және қолдау.


2.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:


А)Адам эмоциясын жасыра білгені дұрыс па? Қуанышты кезде, қатты корыққан сәттегі сезімдерді жасыру керек пе,әлде сыртқа шығарған жақсы ма?Шынайы сезімімізді жасыра білу ұстамдылық па қорқыныш па?
Б)Қатты ашуланғанда не істейсіз? Эмоцияңызды басқаларға көрсетесіз бе?
С)Сіз эмоцияға көп берілетін жансыз ба? Мысалы, бірден ашуланып немесе жылап жіберетін адамдарға көзқарасыңыз қандай?


А. Негізі мұның бәрі темпераментке байланысты. Мысалы сангвениктер өте күйгелек, ашуын сыртқа шығара салады. Қуанышында солай білдіреді. Ал флегматик пен меланхолик сабырлы, тұйық, күйзелгенін, қиналғанын сыртқа білдірте қоймайды. Өзім осы флегматик пен меланхоликпін). Қиналғанымды сыртқа шығара қоймаймын). Менің ойымша сенде мен секілді шығарсың) :). Кім біледі бірақ?). Қуанышыңды жасыратын кезде болады. Мыс: бір досың қайғырғанда қуанышыңды жасырып, досыңа сүйеу болу қажет. Ал күйзелгеніңді әркімге көрсетпей жан досыңмен сырласқаның жөн. :)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет