Баоөж тақырып: Білім берудегі басқару ұғымы. Студент



Pdf көрінісі
Дата09.05.2022
өлшемі85,93 Kb.
#33692
Байланысты:
БОӨЖ 1



БАОӨЖ

Тақырып: Білім берудегі басқару ұғымы.

Студент: Нургалиева Малика


Білім берудегі басқару ұғымы.

Білім беруді демократиялық басқару моделі

Білім беруді демократиялық басқару ұстанымдары

Педагогикада ғылым мен тəжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару

ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат

беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық

жəне өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты

күрделі əлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген

мақсатқа сəйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған

шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нəтижесінің қорытындысын шығару

əрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық,

əлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан,

облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде

білім жүйесі ретінде ҚР Білім жəне ғылым минситрлігі, облыстық білім

департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі

қозғалыстағы əлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны

болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда,

оларды жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде

қарастырамыз. Ол бөліктері тұтас педагогикалық, процесс, сынып сабақ

жүйесі, мектеп тəрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тəрбие,

кəсіптік бағдар беру жүйесі жəне т.б.

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске

қатыстылардың барынша жоғары нəтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы

өзара əрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара

əрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты əрекеттер мен қызметтердің

тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау,

ұйымдастыру, бақылау, реттеу жəне түзету.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің

бірі–мемлекеттік басқарудан мемлекеттік–қоғамдық басқаруға өту. Білім

беруді мемлекеттік–қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім

проблемеларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру,

мұғалімдер, оқушылар мен ата–аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін

ұйымдастыру əдістерін жəне білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең

құқық пен еркіндік беру.



Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде “Білім туралы” заң негізінде

бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында

Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни

еліміздің əлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы

жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім

саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық

мəселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары

да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата–

аналар, жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары

мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын жəне қолайлы

психологиялық климат қалыптастыруға алғы шарт қалайды. Білім беруді

басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі– мектеп кеңесі сияқты

ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының

мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін

конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік

конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің

мерзімін белгілейді. Əрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын

қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен

мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші

мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган

болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу– тəрбие процесінің сапасын

көтеру шараларын белгілейді.

Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары. Кез келген іс-əрекет

сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып

жүргізіледі. Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы

мен бейнеленуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент

бойынша мамандар негізгі заңдылықгар ретінде оқу-тəрбие жұмысын

басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері

арасындағы кұрылымдық-функционалдық байланыс деңгейіне тəуелділігі,

оқу-тəрбие жұмысын басқару мазмұны мен əдістерінің мектептегі

педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мазмұны мен əдістері сипатымен

шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А. Конаржевский мектепішілік

менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты,

мақсаттылықты, ізгілікті, баскару демократиялығы мен мектеп

жетекшілерінің əр түрлі басқару іс-əрекетіне дайындығын атап көрсетеді.

Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын

басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді. Басқарудың



мүндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалык жүйелерді

басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен

түтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) үштастыру;

бірыңғай жəне алқалық баскару бірлігі; педагогикалық жүйелерді

басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін

жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі



құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, əлеуметтік

жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мəн беру, сол арқылы оның

рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық

еркіндігі мен белсенділігінің, кəсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау,

мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен

гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық

менталитеті жоғары, кəсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас

жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан

шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі

бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай

мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім

беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана

қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі

ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа

парадигманың негізгі бір мəселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да

жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға,

болмысты тану, оны қабылдаудың əдіс-тəсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға,

өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Басқарудың басты міндетін анықтай отыра, жекелеген мұғалімдер мен

педагогикалық ұжымның нысанасыз жиналысқа айналдыруда нені

қамтамасыз ететінін шешу керек. Мектепті басқару жүйесі педагогикалық

ұжымының қызметімен, педагогикалық  қарым - қатынаспен, ПЖ

нысаналарының даму үрдісіндегі келесі төмендегідей міндеттерді

орындаумен тиімді болып табылады:

• 1. Мəліметті - қаржылық, интеллектуалдық қорды құру жəне тарату

(даму жоспарын нақтылау мен құрастыру, басымдылық танытатын

түбегейлі міндеттерді шешудің тəсілі мен интеллектуалдық

мүмкіндігінің нақты бағыты).




• 2. Мұғалімдердің ұжымы үшін, оқушылар мен ата - аналардың

ақпараттық кеңістігін құру. Бұл жердегі маңызды жəйт əрбір білім беру

ұйымдарында болуға тиісті норматив негізін əзірлеу (əрине жоғары

тұрған органдардың нормативті құжаттары негізінде) жəне құқықтық,

адамгершілік пен мəдени нормаларын жүргізу болып табылады.

• . Басқарудың əр деңгейінде сенімді жəне қазіргі кері байланыстың

жүйесін құру (директор - педкеңес - ата- аналар - конвент (айрықша заң

шығарушы өкілеттігі бар сайланатын органдар), директорлар

орынбасарлары жəне қызметтік сенімді өкілдер; кафедра басшылары

мен шығармашылық топтар; мұғалімдер - сынып жетекшілері жəне

т.б.).

• 4. Қызметкерлерді оқыту. Алматы қаласы мектептерінің əкімшілік -



басқару адамдарының қызметін зерделеу мен бағалауда (соның ішінде

жеке мектептердің) дəделденгендей, басшылар өздеріне бұл

міндеттерді көкейтесті мəселе деп есептемейді. Сауалнама жүргізілген

көптеген мектеп директорлары мен директор орынбасарлары

(сауалнамада жауап алғандардың көрсеткіштер көрсетілетін болса оның

ішінде 67% пайызы, егерде егерде сауалнама жасырын жүргізілген

болса 87%-пайызы) тəжірибелілер мен өздерін жағымды жақтарымен

көрсете білетін мұғалімдерді, жастар мен тəжірибесі аздарды оқытумен

айналысатындарды қабылдағанды ұнатады.

Педагогикалық жүйедегі басқаруды дамытудағы біздің тəжірибеміз

дəлелдегендей, мұғалімдерді қайта даярлау курстарын бақылап, реттеп қана

қоймай, сонымен қатар ПЖ-ң ішкі қызметкерлерін оқытуда жүйелі, мақсатты

жұмыстар мен жеке жұмыстар, семинарлар, тренингтер, жүргізумен қатар өз

бетімен білім алуын бақылап, ТЭЖ мен ҒЗЖ-на қатыстыру керек.

• 5. Белгісіздікті жою. Бұл міндет бұрын белгіленген міндеттерді

түйіндейді. Тəжірибе көрсеткендей, жүйедегі көптеген жаңылысулар

тапсырмаларды дұрыс орындамағандықтан туса, жанжал нұсқауды

түсінбегендіктен, ақпараттың бұрмалауынан, уақытылы кері

байланыстың, ұсынылған педагогикалық қызметтің түрін түсінбеу мен

қабылдай алмауы салдарынан жəне т.б. туады. Бұл міндеттің аясында

алғашқы жоспарға түзету жүргізіледі, негізгі сұрақтарды шешіп, үнемі

түзетіп, білімдік қызметтің нормативті тұғырын нақтылап отыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет