2.Жыраудың өмірі және шығармаларының жиналуы, зерттелуі туралы мәлімет.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының Сүйіндік руының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6-шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер
Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова).