Бұқар қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін ту етіп көтерген кемеңгер жырау



бет2/8
Дата02.03.2022
өлшемі2,23 Mb.
#26777
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Презентация Бұқар жырау

Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.

  • Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет