Бар елде ғана қалана



бет1/46
Дата18.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#118625
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
annotation36929 (1)


КІРІСПЕ


Елбасы «Қазақстан-2050» атты стратегиясында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бар елде ғана қалана алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке, қаржылық есеп беру мен аудит жүйесін сәйкесінше дамыту ерекше өзектілікке айналған, өйткені бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Аудитор пайдаланушыларды ұйымның қаржылық жағдайы жөнінде шынайы, әрі мезгілінде хабардар ете білуге, салық салу және құқық мәселелерін ғана біліп қоймай, сондай-ақ аудит саласындағы жоғары квалификациялы маман болу мақсатында Қазақстандық нормативтік құжаттардың және қабылданған халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттардағы өзгерістерге бейім болуы тиіс. Осыған байланысты қаржылық қорытынды есеп беру мен халықаралық аудит стандарттарының жаңа ереже-нұсқауларымен байланыстырылған жаңа оқу материалдарын даярлау қажеттілігі анықталады. Оқу құралында Қазақстандағы аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі, оның барлық кезеңдеріндегі аудитордың іс-әрекеті ашып көрсетілген. Негізгі тақырыптарды ашып көрсетуден басқа, оқу құралында өз білімін тексеру сұрақтары, оқылған материалдарды бекітуі үшін тапсырмалар берілген. Оқу құралы аудитте қолданылатын негізгі терминдердің глоссариімен аяқталады. Пәннің мақсаты болашақ мамандардың аудит жүргізудің әдістемелік негіздерін меңгеруге, iшкi және сыртқы аудит қағидаттары мен әдiстемелiк тәсiлдерiмен таныстыру. Құрастырылатын тақырыптарға есеп беру мамандық стандарттары мен аудит этикасы, талдау тәсiлдерi және аудит жоспары, мәндiлiк және тәуекелдiлiк, iшкi бақылау мен аудиторлық сұрыптауды, аудиторлық дәлелдеулер мен оның құжаттарын, аудиттiң сапасын бақылау және оның аудиттiк ic құжаттарында көрсетілуін, аудит жүргізу барысында анықталу мүмкін негізгі қателіктер түрлерін қамтиды. Міндеті - кәсіпорындардағы қаржылық есептіліктің, өнімді өндіру,сату, ақша қаражатарының, міндеттемелердің түрлері бойынша аудитті жүргізудің бағыттарымен бағдарламасын, аудиттің ілеспе қызметтерімен талдау әдістерін ескере отырып, бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын, нормативтік құжаттар негізінде синтетикалық және аналитикалық есепті тексеруді, үйрету.
Оқу құралы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінің «Тәжірибелік аудит» пәні бойынша білімдерін қалыптастыру үшін арналған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет