Бар елде ғана қалана


Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері



бет8/46
Дата18.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#118625
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
annotation36929 (1)

4.Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.
Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймалардағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байланысты туындаған кем шығуларды жасыру, оларды заттай алу, олардан ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндірістік есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар, өнеркәсіп орындарында тауарлық-материалдық құндылықтардың артық шыққанын заңсыз иемдену мен жасаудың мынадай тәсілдері қолданылады:
- тым арттырылған норма бойынша есептен шығарылған шикізат пен материалдарды қымқыру; шикізат пен материалдарды өндіріске нақты іс жүзіндегі шығыс бойынша емес, кей жағдайда артық мөлшерде, бекітілген нормамен белгіленген қажеттіліктер есебіне қарай есептен шығару.
- ескерілген өнім өндірісі үшін қолданылатын және заңсыз иеленген артық шығулар.
- шикізат пен материалдарды өндірісте есептен шығаруда шығыстың орташа нормаларын қолдану.
-өнімді шығаруда техникалық шарттарды бұзу, өте төмен сападағы шикізатты қолдану салдарынан өнім сапасының нашарлауы, бір компоненттерді екіншісімен ауыстыру.
- шикізат пен материалдарды іс жүзіндегі және бар болатындай шығыс нормаларынан асатындай, нақты іс жүзінде орындалмаған жеке технологиялық операцияларды шығынға негізсіз есептен шығару.
- шикізат пен материалдарды жабдықтаушылардан қоймаға қабылдағанда толық кіріске алмау.
- кірістік құжаттарда шикізат пен материалдардың сапалық көрсеткіштерін олардың шынайы іс жүзіндегі мәліметтеріне қарағанда төмендетілуі.
- қабылдау, тиеу, тасымалдау, оларды қоймаға, базаға, аймаққа және теміржол станциясына тасу кезінде тауарлық- материалдық құндылықтардың кем шығуы, сынуы, ағуы және бүлінуіне арналған комерциялық және ішкі актілерді негізсіз жасау.
- жабдықтаушыдан шикізат пен материалдарды ілеспе құжаттарда көрсетілгеннен ғөрі көп мөлшерде тасып әкелу немесе құндылықтардың (басқа жақтағы тауарлар) мүлдем құжатсыз ресімделуі.
- ілеспе қүжаттарда көрсетілген қалдықтардың орнына жақсы сападағы шикізат пен материалдарды алу.
- ыдыстың (тара) салмағын оны өлшеу туралы актіні жасағанда артық жазу.
- материалдарға оның саны немесе салмағын ұлғайту мақсатымен басқа немесе төмен сападағы біртектес зат қосу.
- бір құндылықтарды екінші қүндылықтармен құжаттарды ресімдеудің және т.б. ауыстыру жолымен артық шығатындай етіп жасау.
Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасыру мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда, көрсетілген тәсілдер көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу тәжірибесінде жиі кездеседі.
Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру, оларды мақсаты бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен қатар материалдарды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы, цех басшыларының тарапынан бақылаудың жағдайы, тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі тексеріледі.
Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс-тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда, жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақтауын қамтамасыз етудің шартты міндеті - дұрыс ұйымдастырылмаған күзет. Оның жағдайына функционалды аудит материалдық құндылықтарды әкелу мен тасып шығаруды; күзет қызметкерлеріне рұқсатнама рәсімдеу мен тіркеудің белгіленген тәртібін сақтауды; олардың қолданылған рұқсатнаманы бухгалтерияга уақтылы қайтаруын; басқа шарттарды орындауын ішкі бақылаудың іс жүзіндегі жүйесін кенеттен тексеруден басталады. Мұнда әр түрлі бұрмалаулар кездеседі: материалдық құндылықтарды бір рұқсатнамамен екі рет алып шығу; бұған құқы жоқ адамның қолы койылған рұқсатнамамен тасып шығару.
Өндірістік қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану анықталғанда рұқсатнамалар бақылау материалы ретінде пайдаланылады. Олардың мәліметтері шот-фактураларда жапсырмада (ярлыктарда) және басқа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарылған құндылықтардың іс жүзіндегі санымен, ассортиментімен, сапасымен және құнымен салысты-рылады. Тауарлық-материалдық қорлардың сақталуын бақылауға кәсіпорынның тексеру жүргізуінің мезгілін, толықтығын және дұрыстығын тексеру кіреді.
Сарапшылық қызметті пайдалану шикізат пен материалдарды ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) өндеу жағдайында есептік мәліметтерді бұрмалаудың негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді:
• есеп мәліметтерін машинаграммада кірісті төмендету немесе шығысты тым көтермелеу жолымен бұрмалау;
• бастапқы құжаттарға код беру процесінде қасақана қателер мен жалған құжат жасау;
• шикізат пен материалдар есебін бұрын өңдеуден өткен немесе жалған құжаттардың мәліметтерін ЭЕМ-ға енгізу жолымен бұрмалау;
• бастапқы құжаттарда шифрлар мен номенклатуралық нөмірлерді бұрмалау;
• есеп мәліметтерін бастапқы құжаттардан көшіру сәтіндегі бұрмалаулар.
Ақпаратты машиналық мәліметтерді көшіріп таратуда жіберілген қателерді анықтағанда хранологиялық жазбалардың есеп регистрлері болып табылатын, машинаграммалар шығарылатын бастапқы құжаттарды тексеру ұсынылады. Материалдарды ЭЕМ-да есептеу кезінде ықтимал ұрлықтарды дәлелдейтін белгілер мыналар:
• ЭЕМ-ға өңдеуге жіберілген бастапқы құжаттарда түзетулердің болуы мен талап етілетін деректемелердің жоқтығы;
• машинограммалардағы түзетулер;
• бақылау машинограммаларда дебиттік және несиелік айналымдар жиынтығының үйлеспеуі;
• құжаттар мен машинограммалар ішіндегі қарама-қайшылықтардың болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет