Бар елде ғана қалана


Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көздері



бет10/46
Дата18.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#118625
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
annotation36929 (1)

2. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көздері


Аудитор қолданылған өндіріс шығындарының есебінің әдістерінің негізділігін және оның өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтауға әсерін бағалауға міндетті.
Өнімнің өзіндік құнына шығындарының дұрыс жатқызылуын тексеру әдістері көпшілігінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға қолданылған жолдарына байланысты. Яғни, толық немесе қысқартылған өзіндік құн есептеуге, сондай-ақ шығындарының топтарына да.
2 ХҚЕС «Қорлар» стандартына жоспарлау және талдау кезінде өнімнің өзіндік құнының өндірістік шығынын құрайтын мынадай топтау түрлері қолданылады:
1) шығынның пайда болу орны бойынша (өндіріс, цех, бөлімше ж.т.б.;
2) өнімнің, жұмыстың жоне қызметтің түрлері бойынша;
3) шығындарын өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдістері бойынша.
Бұл аталған топтаулармен шектеліп қалмай, жалпы әдебиеттеріндегі өндіріс шығындарының топталу тәртіптерін басшылыққа ала отырып, өндіріс шығындарын жіктеуді мынандай топтар бойынша кеңейте түсудің маңызы зор.
Жалпы басқару есебінде өндіріс шығындарын:

  • жауапкершілік орталығы бойынша;

  • құрамы бойынша;

  • өндіріс үрдісіндегі экономикалық рөлі бойынша;

  • өндіріс көлеміне байланысты сипаттамасы бойынша;

  • пайда болу кезеңі және өзіндік құнға шығысқа шығарылу немесе есепті кезеңдері бойынша;

  • тиімділігі бойынша;

  • шығындарының түрі бойынша топталатынын ескерсек, жоғарыдағы аталған топтаулардың жеткіліксіз екендігі байқалады.

Шығындар есебін тексерген кезде өндірістік бөлімшелер (қай цехта немесе қай учаскіде жетілдірілгендігін) және өндіріс түрлері (негізгі, қосалқы) бойынша қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанына көз жеткізу қажет. Өндірістік бөлімшелер және өндіріс түрлері бойынша есеп және шығындарын жинақтау бірінші кезекте шаруашылықтың өзі үшін қажетгі. Өнімнің өзіндік құнын бақылауды күшейту мақсатында ресурстардың өз мақсатына орынды жұмсалуын «әрбір шығындар орталығы» бойынша бақылау қажет.
Жауапкершілік орталығы шығынның пайда болу орнымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Егер құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері шығынның деңгейі және жұмыстың соңғы нәтижесі үшін жауап берген жағдайда, шығынның пайда болу орнымен жауапкершілікті орталығы сәйкес келеді. Бірақ жетекшілерінің жауапкершілік аймағы және басқару қызметінің аумағы шығынның пайда болу орны бойынша тиісті қызметтерден кең. Басшылық ету жауапкершілігі өндіріс бөлімшелеріне тарайтын болғандықтан, жауапкершілік орталығы бірнеше шығынның пайда болу орнын қамтиды.
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құнын шығындар олардың экономикалық мағынасына сәйкес мынадай элементтер бойынша топталады:

  1. материалдық шығындары;

  2. еңбек ақы төлеу шығындары;

  3. еңбек ақы қорынан аударылатын аударымдар;

  4. негізгі құралдардың тозуы;

  5. үстеме шығындары.

2 ХҚЕС бойынша шығындарды топтау калькуляция баптары бойынша келтіріліп, мынадай баптарды камтыған:

  1. материалдар, қайтарылған қалдықтарын шығарып тасталады;

  2. еңбек ақы;

  3. еңбек ақыдан әлеуметтік аударымдар;

  4. үстеме шығындары.

Аталған шығындар баптары өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын негізгі көрсеткіш болғандықтан, оларға жеке-жеке тоқталуды талап етеді.
Материалдық шығындардың өнімнің өзіндік құнына дұрыс жатқызылғандығын тексерген кезде, аудитордың мынадай мәселелергс назар аударуын талап етеді:

  • өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енетін шикізаттың және материалдардың дұрыс бағаланғандығына;

  • шаруашылықта қабылданған есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есепте материалдарды сатып алу және дайындау операцияларының дұрыс көрсетілгендігіне;

  • өндіріске пайдаланылган, материалдарға ешқандай қатынасы жоқ шығындардың өзіндік құнға шығысқа шығарылған фактілердің орын алмағандығына, сондай-ақ өндіріс шоттарына ҚҚС құнын шығысқа шығарған жағдайына;

  • цехтарға, учаскілерге ж.т.б. босатылған, бірақ нақты өндіріске жұмсалмаған шикізаттардың, материалдардың құнын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына өндіру фактілерінің орын алмағандығына;

  • құрылыс, жөндеу (амортизацияға бөлуді қоса) кезінде бөлінбеген табысқа немесе басқа да каржыландыру көздеріне шығысқа шығарылғандығына;

  • әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді сақтауға жұмсалған материалдардың құны негізгі қызмет шығындарына жатқызылған жағдайлардың орын алмағандығына. Басқа шаруашылықтарға көмек көрсету максатында орындалған шығындар осындай тәртіп бойынша көрсетілгендігіне;

  • техникалык жағдайының және өнім өндіру технологиясының деңгейіне сәйкес шикізат және материалдарды жұмсау нормасының дұрыс белгіленгендігіне;

  • қайтарылған қалдықтарының дұрыс бағаланып, шығысқа шығарылғандығына;

  • өнімнің өзіндік құнына, өндірілген делдалдық кызметі қоса, тауар биржаларының қызметін төлеу, делдалдық және сыртқы экономикалық комиссиондық сыйақы төлеу шығындарының негізділігіне;

  • өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына, қоймадағы және өндірістегі кем шыққан құндылықтардың құнының кінәлі адамдары дәлелденбеген немесе оны қараудан сот органдары бас тартқан жағдайда шығысқа шығарылуының зандылығына;

  • шаруашылықтың материалды құндылықтармен бірге сатып алынған сыйымдылықтар және құндақтау, орау материалдарының есепте дұрыс көрсетілуіне. Бұндай кезде егер сыйымдылықтың құны материалдардың бағасына енсе, онда материалдардың нақты өзіндік құнын, сыйымдылықтың құнын, мүмкін болған жағдайда оларды пайдалану және сату бағасына (оларды жөндеу және басқа да материалдарға қатысты шығындарын ескеріп) кемітудің қажет екендігін есте сақтауы қажет. Егер сатып алушылар, сыйымдылықтардың құны материалдық ресурстардың бағасынан жоғары бағаланып төленсе, онда материалдық құндылықтардың сатып алу шығындарына сыйымдылықтардың құнын олардың мүмкін болған пайдалану бағасы шығарылып тасталып енгізілгендігіне;

  • табиғи кему нормасының негізінде кем шыққан және жоғалған материалдардың құнының дұрыс шығысқа шығарылғандығына;

- материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнының, олардың есептік бағасы бойынша шығысқа шығарылған құнынан ауытқудың негізділігіне.
Жоғарыда аталған материалды шығындарымен қатар өзіндік құнның едәуір бөлігін, кейбір материалдық өндіріс салаларында барлық өндіріс шығындарының 1/3 жуығын еңбек ақы төлеу шығындары алады. Сондықтан өзіндік қүнға шығынның бұл түрінің дұрыс жатқызылуына аудитордың баса назар аударуы қажет. Өнімнің өзіндік құнына енбек ақы төлеу шығындарын, материалдар шығындары сияқты, яғни пайда болу орны бойынша көрсетілетінін ескеруі қажет.
«Еңбек ақы төлеу» бабына шаруашылықтың негізгі өндіріс жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақы, өндірістік нәтижелері үшін жұмысшы, қызметкерлерге сыйақы, ынталандыру және есесі қайтарылып, орны толтырылатын төлемдерін қоса, шығындары сондай-ақ ұйымның штатында тұрмайтын негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерге есептелген еңбек ақы төлеу шығындары көрсетіледі.
Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын зерттей отырып, анықталған тиісті құжаттары бойынша мерзімді еңбек ақыға, кесімді нарыққа, тарифтік қойылымға, лауазымдық мөлшерлі ақыға қарай есептелініп, нақты орындалған жұмыс үшін төленген еңбек ақы субъектіде қабылданған еңбек ақы төлеу нысанына және жүйесіне сәйкес толық сомада, ал есесі қай-тарылып, орнын толтыру төлемдері заң актілерінде қаралған тәртіптегі нормада өзіндік құнға ендірілетінін назарынан тыс қалдырмауы қажет.
Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын тексерген кезде, оның құрамына, сонымен қатар натуралды төлем ретінде берілген өнімдердің құндарының жұмыскердің кейбір категорияларына тегін берілетін заттардың (арнайы киімдер, әскери киімдер) құны, еңбекті реттеуге байланысты төлемдер (аудандық коэффициенттер, сондай-ақ шөлді, сусыз және биік таулы жерлердегі табиғат, ауа райы жағдайы ауыр аудандарда үздіксіз жұмыс стажы үшін коэффициент бойынша қосымша ақы және жалақы төлемдері) енетінін естен шығармауы қажет.
Аудитордың еңбек туралы заң актілерінде қаралған өндірісте және басқадай жұмыс істемеген (шықпаған) уақытына төленуге тиісті төлемдерді мұқият зерттеп тексеруі қажет. Бұл шығындардың елеулі үлесін жасөспірімдер үшін женілдетілген сағаттарға, аналардың балаларын тамақтандыруға байланысты жұмысындағы үзіліске, мемлекеттік міндетті орындаған уақыты үшін ж.т.б. төлемдер, сіңірген еңбек стажы үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыстардың төлемдері құрайды.
Тексерген кезде есепті жылдың өндіріс шығындарына, жұмыскерлердің демалысын төлеу шығындарының (олардан аударымдарды қоса) енгізілуінің негізділігіне назар аударылуы қажет. Жұмыскерлердің кезекті демалысқа жылдық кесте бойынша бірқалыпты шыққан кезінде демалысты төлеуге жұмсалған нақты шығыны өнімнің өзіндік құнына, оның пайда болуына қарай шығарылады. Егер кезекті демалыс жыл бойы өндірістің маусымдық сипатына байланысты бірқалыпты берілмесе немесе бір мезгілде жұмыскерлердің көпшілігі шыққан жағдайда жоспардағы еңбек ақы төлеу сомасына есептелетін пайызына қарай, шаруашылыққа демалыс ақы төлеуге резерв жасау тиімді. Шаруашылықтың таңдаған демалыс ақы төлеу тәртіптері есеп саясатында көрсетіліп, өзгертілмеуге тиісті.
Егер шаруашылық алда тұрған кезекті және қосымша демалысқа, сіңірген енбек стажына, сыйақы төлеу шығындарына резерв жасаса, онда 3350 шоты бойынша операцияларының негізділігі анықталады.
Демалысты төлеуге есептелген шығындар есепті айдың еңбек ақы төлеу қорына есепті айдағы демалыс күніне тиісті сомада ғана енгізілетінін естен шығармаған абзал. Егер демалыс кезеңінің бөлігі келесі (есептіден) айға өтсе, жұмыскерге осы күндері үшін төленген сома, берілген аванс ретінде (3350 шотының дебетінде) өндіріс шығындарына тек қана келесі айда шығысқа шығарылады.
Өнімнің өзіндік құнына жататын еңбек шығындарын тексерген кезде аудитор өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енбейтін жұмыскерлерге төленген ақшалай және натуралды түрдегі төлемдердің тізіміне ерекше назар аударуы қажет. Мысалы, өнімнің өзіндік құнына, өнімдер (жұмыс, қызмет) жұмыскерлерге босатылған немесе қосалқы шаруашылықтың сол ұйымның қоғамдық тамақтандыру орындарына босатқан, сондай-ақ емделуге және демалуға, саяхаттау жолдамаларының бағасының айырмасы енбейді.
Өзіндік құнға бөлінбеген табысты және басқа да мақсатты түсімдердің есебінен, шаруашылықтың жұмыскерлерінің, акционерлерінің тұтынуына бағытталған мынадай төлемдер енбейді; акциялар, облигациялар және шаруашылықтың мүлкіне жұмыскерлерінің басқа да үлестері бойынша дивидендтер, пайыздар жөне басқа да табыстар; материалдық көмек өндіріс көрсеткіштеріне байланысты емес сыйақы (кіршіксіз көп жылдық қызметі және еңбегі, мерейлі күндерге байланысты және басқа да осындай жағдайлар үшін), жұмыскерлерге ұжымдық шарт бойынша қосымша берілген демалыстарын төлеу; бағаның өсуіне, зейнет ақыға үстеме, есесі қайтарылатын көлемнен жоғары жүргізілетін асханада тамақтың құнының кымбаттауына байланысты, есесі қайтарылатын төлемдер, көпшілік пайдаланылатын көлік пен жұмысқа қатынауды төлеу және басқа да тікелей еңбек ақы төлеумен байланысты емес төлемдер.
Аудитор есептелген еңбек ақы қоры мен тығыз байланысты әлеуметтік салыққа аудару операцияларына баса назар аударып, олардың негізділігіне көз жеткізуге тиісті. Салық кодексінде қаралған салық алынатын базаның дұрыс анықталғандығын, қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтарды ұстанғанға дейін есептелгендігін, занды тұлғалардың әлеуметтік салық есептейтін төлем түрлерінің дұрыс белгіленгендігін анықтауға тиісті. Сондай-ақ, салық алынатын базасы анықталған әлеуметтік салық есептеуге тиісті заңды және жеке тұлғалардың шеңберінің анықталып, олардың тұрған жергілікті орындары бойынша салықты төлеуі жүзеге асырылғандығына көз жеткізу қажет.
Өнімнің өзіндік құнына тарату жолымен ендірілетін өндірістік кешенді шығындар жиынтығы «Үстеме шығындар» бабы. Аудитор бұл бапта жинақталған шығындарды мұқият зерттеп, олардың әрбір нақты өнімнің түрлерінің өзіндік құнына таратылу әдістерінің негізділігін анықтауға міндетті.
Бұл мәселелердің шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың баға саясатында негізді шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Жалпы шығындар жинағында өндіріс шығындары және өнімді сату шығындары елеулі үлес салмағы бар. Өзіндік құнның деңгейі және оның динамикасы өткен немесе есеп жылдарында негізгі және айналым құралдарының қаншалықты тиімді пайдалануын еңбектің тиімділігі мен ұйымдастырылуын, үнемдеу режимінің сақталуын көрсетеді. Құнның құрамының басым бөлігін құрайтын, сонымен қатар өндіріске шығындардың мөлшерін сипаттайтын өзіндік құн бұйымның бағасын жобалау және белгілеу үшін бастапқы негіз болып табылады.Өзіндік құн негізгі экономикалық көрсеткіштер – кіріс пен рентабельділік пен органикалық байланыстар. Себебі өзіндік құнды төмендету кірістің өсуіне әсер етеді. Және ол ұжым үшін маңызды экономикалық ынталандыру болып табылады.
Өнім өндіруге кеткен шығындар есебінің дұрыстығын тексергенде аудитор таңдап алынған өндіріс шығындары есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері өзгермегенін және оның кәсіпорынның салалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне сәйкестігін тексереді. Аудитор қолданылатын өндіріс шығындары есебінің әдістерін мәнін және маңызын жете білуі қажет.
Жоғарыда аталған шығындар бойынша ақпараттар келесі құжаттар негізінде алынуы мүмкін (кесте-2):

Кесте-2 Өндіріс циклы аудиті кезіндегі ақпарат көздері









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет