Бар елде ғана қалана


Өз білімін тексеру сұрақтары



бет22/46
Дата18.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#118625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
annotation36929 (1)

Өз білімін тексеру сұрақтары

1. Негізгі құралдардың аудитін реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарды атаңыз


2. Негізгі құралдардың аудитін жүргізу процесінде тексерілуге жататын негізгі пайымдауларды атап көрсетіңіз
3. Негізгі құралдарға қатысты ішкі бақылаудың қандай мақсаттары бар?
4. Негізгі құралдардың аудитін жүргізу кезінде объектіге қатысты тексерудің мақсаты неде?
5. Негізгі құралдарды бақылау процедураларына мысал келтіріңіз
6. Негізгі құралдарға тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу бойынша аудиторлық процедураларды атаңыз
7. Негізгі құралдарға аудит жүргізу кезінде қандай аналитикалық процедураларды жүзеге асыруға болады?
8. Материалдық емес активтердің аудитін реттеуші негізгі нормативтік- құқықтық құжаттарды атаңыз
9. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу процесінде тексерілуге жататын негізгі пайымдауларды атап көрсетіңіз
10. Материалдық емес активтерге қатысты ішкі бақылаудың қандай мақсаттары бар?
11. Материалдық емес активтерді бақылау процедураларына мысал келтіріңіз
12. Материалдық емес активтерге тікелей объектіге қатысты тексеру жүргізу бойынша аудиторлық процедураларды атаңыз
7. Инвестициялау кезеңінің аудиті

1. Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары.


2. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.
3. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.


1. Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы жэне аудитінің бағыттары

Инвестициялар - бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер (мысалы, коммерциялық қызмет есебі нәтижесінде проценттерді, роялтиді, дивидендтерді, жал төлемін, табысты).


Басқа жақтағы тысқары ұйымдардың құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың проценттік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа занды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестициялар болып саналады.
Сонымен, инвестициялар деп экономика салаларына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындарының жиынтығын айтамыз. ("Инвестиция аудиті мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезенде қолданылып жүрген құқықтық-нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен ессм әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық ссеІІ берудің анықтығы туралы пікірді барлык елеулі аспектілерді қалыптастыру үшін керек.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;

  • инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу;

  • инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дүрыс бағалау;

  • инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;

  • инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу жағдайын талдау;

  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын көрсетудің толықтығы мен дүрыстығын бағалау;

  • инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету;

  • инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы.

Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады: ұзақ мерзімдік инвестициялар, соның ішінде - еншілес және тәуелді ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).
(Инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді мұқият зерттеуі қажет (17-20 және т.б.).
Қаржылық-инвестициялық операциялар әдетте көп емес, бірақ кейбір мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір операцияны жеке зерттеу маңызды.
Инвестициялардың бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді тексеруде ішкі бақылаудың тәуекелділігін алдын-ала бағалау үшін тестілердің жүйесі болғаны дұрыс (9-кестеде келтірілгендей).

Кесте-9. Инвестицияның ішкі бақылауы мен бухгалтерлік есеп жүйесі жағдайын тексеру тестілері





Зерттеу мәселесі немесе объектісі

Тексеру қорытындысы

Аудитордың тұжырымдары мен шешімдері

/

2

3

А. Ішкі бакылау

Бағалы қағаздардың сақталуы мен олар жайлы ақпараттың таралмауына жауапты бөлімше не жеке кызметкерлер анықталды ма?

Бұл мәселе туралы шаруашылық жүргізуші субъекті басшысының бұйрығы бар

Бұйрық белгіленген та-лаптарға сай

Инвестицияның және олар жайлы акпарат-тың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасалды ма?

Бағалы қағаздар кассада сақталады, оларды ресімдеу мен құжаттауға рұқсат шектеулі

Бағалы қағаздардың сақталуын камтамасыз ететін жағдайлар қана-ғаттанарлық

Инвестицияны түген-деу жүргізіле ме?

Басшының бұйрығымен тағайындалған түгендеу комиссиясы жыл соңында тек бір-ақ рет жүргізіледі

Тұтастай түгендеу жүргізу керек

Инвестициялы опера-цияларды санкциялау тәртібі қалай?

Шешімдерді директорлар кеңесі кабылдайды, өкімдермен ресімделеді

Ішкі бақылау канағат-танарлықтай. Атқару мерзімдерін анықтау

Инвестициялар есебінде кіріске алудың то-лықтығы мен уакытты-лығын тексеру жүргізіле ме?

Іріктемелі бақылау жү-зеге асырылады

Бакылаудың тәуекелділігі жоғары. Тұтастай тексеру жүргізу



1

2

3

Ә. Бухгалтерлік есеп жүйесі

Инвестицияны тиісті топтарға жіктеу жүргі-зілді ме?

Иә, ұзак мерзімді және қысқа мерзімді инвес-тиция түрлері бойынша

Жіктеудің дұрыстығын талдау

Инвестицияларды шот-тарда көрсетудің сызбасы жасалды ма?

Шоттардың жұмыс жоспары белгіленді, сызбалар жоқ.

Шоттар корреспонден-цияларында қателердің ыктималдығы жоғары

Инвестициялардың аналитикалық есебі ұйымдастырылды ма?

Аналитикалық есеп ин-вестиция түрлері бо-йынша жүргізіледі

Аналитикалық есептің регистрлер бойынша мә-ліметтерін талдап шығу

Инвестициялардың ана-литикалық және син-тетикалық есептің мәлі-меттері қандай мерзім-ділікпен салыстырылады

Тоқсан сайын

Мерзімді есептілікте қателердің болу ықти-малдығы жоғары емес

Тестілеу қорытындылары аудиторға шаруашылық жүргізуші субъектінің қарастырылатын ішкі бақылау жағдайын бағалауға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет