Аудиторлық есепті қайта өңдеу бойынша қызмет — Егер ұйым белгілі бір уақыт ішінде керекті бухгалтерлік есепті жүргізбей жұмыс істеген жағдайда талап етіледі.
Аудиторлық фирма жетекшісі- Әкімшілік қүрамына және жетекшілік аудиторлық фирмаға кіретін және ұйым атынан аудиторлық есептілікке қол қоюға құқығы бар қызметкерлерді айтамыз.
Аудиторлық сұрыптау— Сұрыптаудың жиынтығы бойынша қорытынды шығару мақсатымен таңдалған баптардың сипаттамасына қатысты аудиторға аудиторлық дәлелдемелерді алып, оларды бағалауға мүмкіндік беру үшін шоттың қалдығы немесе операциялардың класы шегінде 100%-дан кем баптарға қатысты аудиторлық процедураларды қолдануды құрамына кіргізеді.
Аудиторлық тексеру— Қаржылық жағдайға қатысы бар аудиторлық дәлелдемелерді жинаудан, бағалаудан және талдаудан тұратын шара.
Аудиторлық талдау — мекеменің қаржылық жағдайының эксперттік диагностикасы. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын болжау және бағалау мақсатында аудиторлар мен аудиторлық фирмалар жүргізеді.
Аудитордың ассистенттері —Аудитті жүргізуге тартылған және аудиторлар болып табылмайтын қызметкерлер.
Аудиторлық фирма — Штатында партнерлар мен тәжірибелі аудиторлары бар, аудитордық қызмет көрсетуді ұсынатын фирма.
Аудиторлық тәуекел— Қаржылық есептеме маңызды бұрмалаушылыққа ұшыраған жағдайда аудитордың сәйкессіз аудиторлық есеп беру тәуекелі.
Аудиторлық ұйым - Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін үлгідегі акционердік қоғам мен мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-қүқықтық нысандарын қоспағанда, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.
Аудиттің жоғары мекемесі— Белгіленуіне, құрылымына немесе ұйымдастырылуына байланыссыз берілген елде аудиттің жоғарғы мемлекетгік функцияларын заң күшінде орындайтын елдің мемлекеттік органы.