Жарғылық капитал аудитi Жарғылық капитал кәсiпорын мүлкiне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгiлеу мен қалыптастыру тәртiбi және пайдалану шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң iс-қызметiнiң өрiсi мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түрiне байланысты.
Жарғылык капиталды тексергенде аудитор бiрiншi кезекте келесi жағдайларды қарастырады:
а) жарғылық капитал көлемiнiң құқықтық-нормативтiк актi талаптарына сай болуын;
ә)жарғылык капитал мөлшерiнiң өзгеру ықтималдығын;
б) бухгалтерлiк есепте жарғы капиталынын шамасына ықпал ететiн операцияларды көрсетудiң және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбiнесе олардың iшiнде төменгiдей өткiзбелерге ерекше көңiл бөлiнедi:
— Д-т «Төленбеген капитал» шотына және К-т «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
— жарғы капиталы мөлшерi ұлғайғанда К-т «Салымдар мен пайлар» шотына, «Негiзгi құралдар», «Материалдар», «Тауарлар», «Банктердегi аккредтивтегi, чектердегi, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттiк шоттардағы ақша» және «Кассадағы колда бар ақшалар» бөлiмшелердiң шоттарына жазу түседi.
Резервтiк капитал аудитi
Резервтiк капитал — iс жүзiнде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемi жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшiн құрылады.
Басқаша айтсак, резервтiк капитал — кәсiпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшiншi тұлғалардың мүдделерiн сақтауға кепiл болып шығады. Мұндай қаржылық көздiң бар болуы үшiншi тұлғаларға кәсiпорынның өз мiндеттемелерiн орындайтындығына сенiм арттырады. Резервтiк капиталдың пайда болуы мiндеттi және ерiктi сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екiншi жағдайда – кәсiпорыннң құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгiленген тәртiпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтiк капитал құру көзделмесе, кәсiпорынның оны құруға құқы жоқ.
Заңнама бойынша резервтiк капитал құруға мiндеттi кәсiпорындар оны баланстың «Резервтiк капитал» бабы бойынша көрсетедi. Осылайша акционерлiк қоғам резервтiк капиталды қоғамның шығындарын жабу үшiн жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиiс (13).
Қоғамның резервтiк капиталы мемлекеттiк тiркеуден өткен уақытынан бастап екi жыл iшiнде құрылуы тиiс. Ол акционерлiк қоғамның жалпы жиналысы белгiлейтiн мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.
Егер қайсыбiр төлемдер нәтижесiнде қогамның резервтiк капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетiлген шамаға дейiн резервтiк капиталды толықтыру үшiн аударымды жаңғыртуга мiндеттi.
Резервтiк капитал есебi 13 журнал-ордерде жүргiзiледi. Аудитор резервтiк капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетiлген «Резервтiк капитал» бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қалдықтардың 13 журнал-ордердiң мәлiметтерi бойынша Бас кiтапта келтiрiлген шот қалдықтарымен сәйкестiгiн мiндеттi түрде анықтауға тиiс.