Бар елде ғана қалана



бет27/46
Дата22.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#58900
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Бар елде ?ана ?алана

Қосымша капитал аудитi

Косымша төленген капитал — меншiктi акцияларды өткiзу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сыйакы, меншiктi акцияларды өткiзу құнының атаулы құнынан артқан сомасы К-т «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Д-т ақша қаражаттары шоттарымен бiрге немесе «Басқа да дебиторлык берешек» шотында көрсетiледi.


Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерiн анықтаудың дұрыстығын тексеруi, баланстағы осы бап бойынша қалдықты «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот несиеi бойынша 13 журнал-ордердiң мәліметтерiмен салыстыруы кажет.
Меншiктi капиталдың тағы бiр элементi — қосымша төленбеген капитал, ол негiзгi құралдардың және ұзақ мерзiмдi инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесiнде бастапқы құнның ұлгайған сомасы болып табылады. Негiзгi құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасының бар болуы мен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға «Негiзгi құралдарды кайта бағалаудан түсетiн қосымша төленбеген капитал», «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетiн қосымша төленбеген капитал» және «Басқа да активтердi қайта бағалаудан түсетiн қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.
Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы‚ ұзақ мерзiмдi активтердi қайта бағалау бойынша операцияларды көрсетудiң дұрыстығын тексергенi жөн. Бұл шоттардың несиеi бойынша негiзгi құралдар ең ұзақ мерзiмдi инвестициялардың бастапқы құны «Негiзгi құралдар», «Инвестициялар» және «Қаржы инвестициялары» тиiстi шоттарының дебетiмен бiрге корреспонденцияға жасалған қайта бағалау нәтижесiнде ұлғаю сомасы көрсетiледi, ал дебет бойынша:
а) қайта бағаланатын негiзгi құралдар бойынша тозуды түзету сомасы («Негiзгi құралдардың тозуы» белiмшесiнiң тиiстi шоттарымен бiрге корреспонденцияда);
ә) iстен шыққан негiзгi құралдар бойынша қайта бағаланған, қызмет ету мерзiмi iшiнде бөлiнбеген табысқа көшiрiлмеген сома («Бөлiнбеген табыс (жабылмаган залал)» шотымен корресподенцияда;
б) iстен (есептен) шығарылған ұзак мерзiмдi қаржы инвестициялар бойынша қайта бағалау сомасы .
«Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша несиелiк айналымдар 13 журнал-ордерде көрсетiледi. Тексеру барысында баланстың «Қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша калдықты, Бас кiтаптың шоттарымен және 13 журнал-ордердiң мәлiметтерiмен салыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет