Бұқар жырау



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата22.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#26125
түріӨмірбаяны
1   2
Байланысты:
Бұқар жырау

ү

гел к


ө

рсе де


”, т.б. Осының бəрі жыраудың кəнігі шеберлігі мен 

талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мəнінде, Абылай 

дəуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына 

дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан 

бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей əулие” Абылай ханның дұрыс 

шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында 

оңтайлы саясат ұстауына, əскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге 

барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел 

тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мəмілегер, зерделі мемлекет 

басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы 

мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы 

шыншылдықпен суреттеледі. Əсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей 

империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық əрекеттері 

əшкереленеді. Мысалы, “Қ

илы заман

” толғауындағы мына бір жайлар табандап 

жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:



Мұхтар Əуезов

Мұхтар Əуезов “

Жырау… заман сыншысы

сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан 

сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның 

белгілеріне қарап, келешек заман не 

айтатынын болжайды. Сөзінің бəрі терең ой, 

терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі 



құбажондатқан толғау, салыстырған 

суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан 

белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы 

мен қамы, көптің жəйі туралы: не көпке 

арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — 

дейді.



Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай 

жарқылдап, дария суындай құйылып 

отырады. Бұған: “

Еліңнің қамын же — сана, 

Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куə. 

Кейде сəуегей абыз ишаратпен, тəмсілмен 

сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-

дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті 

ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері 

толғау түрінде беріледі. Қиыннан 

қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, 

қанатты кесек ойлар, пайымды терең 

байламдар белгілі бір нақысты мақалмен 

тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды 

қалайды. Бұқар Жырау дəуір, өмір, тұрмыс-

тіршілік құбылыстарын жəне олардың себеп-

салдарын түп-тамырынан қозғап қана 

қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, 

келешек заманның кереметін де көре білген, 

көрегендікпен болжай таныған:

Əлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

— Қызыққа тоймас адамзат!”



Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, 

жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен 

өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек əкелген. “Ə

лемді 

т

ү



гел к

ө

ру

”, “



Аспанда ж

ұ

лдыз аралап, ай н



ұ

рын 


ұ

стап 


міну

” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай 

есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы 

сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау 

процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, 

асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, 

толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір 

еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 

— 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. 

аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен 

орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық 

сəулеті, ерекше қасиеті жəне оның сөз қолдану 

ерекшелігі де өзгеше. 



Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір 

жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың 

бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын 

тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп 

“Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен 

дулатқан”, “Жасыл көлге мəслихатқа келтіріп, Зəмзəм суын мыс табаққа 

толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан 

соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою 

нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық 

сипаттаулары; ердің ері 

Бөгембай батырды

 “Қ

азақтың қамал қорғанына”, 

Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — 



Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі 

шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық 

салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті 

кесек, немесе: “

Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” 

тəрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының 

муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды



Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен 

Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Əділдік пен Əдептілік, Жастық пен 

Кəрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, 

Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі 

мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады 

жыраудың тұңғыш библиографы Мəшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел 

жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар 

Жырау шығармаларының текстологиясы əлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті 

таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, 

түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау 

мұрасын жинауда, жариялауда жəне зерттеуде Мəшїүр 

Жүсіп Көпеев

, Қ. Халид, 

Г.Н. 

Потанин


Ш.Уəлиханов

Əуезов


С.Сейфуллин

С.Мұқанов



, Қ. Жұмалиев, Қ.

Мұқаметқанов, 

М.Мағауин

, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. 

Əдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба əдебиетке тəн сипат 

белгілерін атап айтқанда, əлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, 

жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Əуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на 

үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі 

мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен 

дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным 

тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет 

мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.






Мирас толғаулар

«Бірінші толғау»



«Күллі əлемді жаратқан»

«Құбылып тұрған бəйшешек»



«Он сегіз мың ғаламды жаратқан»

«Керей, қайда барасың»



«Əлемді түгел көрсе де»

«Ай, заман-ай, заман-ай»



«Абылай ханның қасында»

«Айналасын жер тұтқан»



«Ай не болар күннен соң»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет