140.
Аралас типті биополимерлерге қандай заттар жатады?
Жауабы: Көмірсулар, липидтер; және т.б алкалоидтер,
дәрумендер, антибиотиктер, гормондар, феромендер, токсиндер;
141.
Биополимерлерге қандай заттар жатады?
Жауабы: Нәруыздар, пептидтер, полисахаридтер, нуклеин
қышқылдары, липидтер жатады
142.
Биорегуляторларға қандай заттар жатады?
Жауабы: Гормондар, антибиотиктер, алкалоидтар
143.
Асимметриялы немесе дөпсіз молекулалар дегеніміз не
нәрсе? Анықтама бер.
Жауабы: Әртүрлі төрт орынбасушымен байланысқан көміртек
атомы бар молекулалар ассиметриялы немесе дөпсіз
молекулалар деп аталады
144.
Дөпсіздік дегеніміз не?
Жауабы: Бұл молекуланың айнадағы бейнесінің кеңістікте бір-
біріне сәйкес келмейтін қасиеті. Термин ежелгі гректің сөзінен
алынған, барлығымызға белгілі қол – дөпсіз дене мүшесі. Сол
және оң қолдар бір-бірінің айнадағы шағылысқан бейнесі
болғанымен, бірақ олар кеңістікте бір-біріне сәйкес келмейді. Сол
қолдың қолғабын оң қолға киіп көрсек немесе досымыздың оң
қолын сол қолыңмен қысып көрсек, сонда дөпсіздіктің не екенін
түсінеміз
145.
Энантиомерлер дегеніміз не?
Жауабы: Екі дөпсіз молекулалар изомерлер болып табылады.
Энтантиомер жұптардың көпшілігінің химиялық және физикалық
қасиеттері ұқсас болады
146.
Энантиомерлердің әрекеттесуі қалай?
Жауабы: Энантиомерлер басқа дөпсіз молекулалармен, әсіресе
биологиялық нысандарда түзілген табиғи заттармен әртүрлі
әрекеттеседі. Мысалы, егер энтантиомерлердің біреуі улы болса,
екіншісінде бұл қасиет болмауы мүмкін. Егер энантиомердің бірі
дәрумен болса, онда екіншісі мұндай қасиетке ие емес.
Энантиомерлердің биохимиялық қасиеттеріндегі бұл
айырмашылық тірі организмдегі биохимиялық процестер
ферменттер арқылы катализдейді
147.
Достарыңызбен бөлісу: