Барлық заманауи дәрілік заттар қандай қағидаттар бойынша топтастырылады? Дәрілік заттар



бет11/15
Дата29.05.2022
өлшемі53,42 Kb.
#35889
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1-5 ИС 100 (1).docx

Жағымсыз әсерлердің түрлері:
- Аллергиялық реакциялар деп антигеннің антиденемен байланысуынан туындайды және дәрілік заттардың дозасына байланысты емес.
Дәрілік заттар тудыруы мүмкін иммунопатологиялық реакциялардың екі түрі бар:
- 1) жедел реакция ( есекжем, бронх түйілуі, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, сарысу ауру, бөртпе, анафилактоидты реакция, некротикалық ошақты органның зақымдануы)
- 2) кешіктірілген типті реакциялар (артрит, васкулит, гломерулонефрит, миокардит, лимфаденопатия, гепатит,). Мұндай асқынулар антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, наркотикалық емес анальгетиктер, витаминдер, хлорпромазин, жергілікті анестетиктер, сульфаниламидті эпилепсияға қарсы препараттар, йод, сынап, мышьяк препараттары және т.б. қабылдауда байқалады.
- Идиосинкразия - қуалайтын препараттарға бастапқы төзбеушілік. Идиосинкразия йод , хинин , сульфаниламид және т.б препараттарда.
- Тератогендік әсері (teras, teratos - грек, деформация) - морфологиялық ауытқулар мен ақаулардың пайда болуымен кейбір физикалық, химиялық (соның ішінде дәрілік заттар) және биологиялық агенттердің (мысалы, вирустардың) әсерінен эмбриональды дамудың бұзылуы. Темекі- баланың массасы азаюына, түсік және өлі туулар. Алкоголь - туылғанға дейін және туғаннан кейінгі дамудың артта қалуы, ақыл-ойдың артта қалуы, микроцефалия, тән алкогольдік тұлғаның қалыптасуымен бет-жақ құрылымдарының дамымауы, бүйрек және жүрек ақаулары. Сәулелену – микроцефалия, ақыл-ойдың артта қалуы.
- Эмбриотоксикалық әсер- дәрілік заттар жүктіліктің алғашқы 12 аптасында дамиды. Нәтижесінде эмбрионның дамуы бұзылады.
- Мутагенділік әсері –жасушаның генетикалық аппаратын зақымдауы және мутацияны тудыруы. Қатерлі ісік ауруын емдеуде және иммуносупрессант ретінде қолданылатын цитостатиктер мен антиметаболиттер ең айқын мутагендік әсерге ие.
- Канцерогенділік - дәрілік заттардың қатерлі ісіктердің дамуына себеп болатын қабілеті. Бұл белсенділікке бензол, фенол, шайыр туындылары,жақпа, күйдіргіш заттар ие. Ісіктердің өсуіне және метастазға ықпал ете алады, жыныстық гормондар және ақуыз синтезінің басқа стимуляторлары болып табылады. Канцерогенді – мышьяк, никель, хром, кадмий қосылыстары. Бұл металдармен ұзақ уақыт әсер ету жоғарғы тыныс жолдарының және өкпенің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Мышьяк, сонымен қатар, тері ісігін, ал кадмий, хром және олардың қосылыстары - қуық асты безінің және зәр шығару органдарының қатерлі ісігін тудырады. Ауыр металдар қоршаған ортаға өнеркәсіптік шығарындылармен және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларымен түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет