Барлығы – 45 сағат


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ



бет47/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96
Байланысты:
Мор.Ниязғалиева

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ

КЕСТЕСІ


Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты

Балл

Бақылау түрі

Реферат
Реферат

Реферат

Реферат

Реферат


Реферат

Реферат

Реферат

Реферат


Реферат

Реферат


Реферат

Реферат


Реферат

Грамматикалық ұғымдар

Көптік , тәуелдік категориясы.

Жақ категориясы.

Қазіргі қазақ тілінің сөз таптары жүйесі.


Түрік изафеті және оның түрлері.

Етістіктің категориялары.

Етістіктің каузатив формасы.
Рай категориясы.

Қазіргі қазақ тіліндегі сипат категориясы.

Аналитикалық форманттар.

Мәнсіз көмекші етістіктер.


Сөзжасам -жеке ғылым саласы.
Сөзжасамдық тізбек.

Туынды сөздер.



Семинар тақырыбына байланысты
Тақырыпқа орай

  1. Апта

7 апта
11 апта

14 апта


2/үй тапсырмасы түрінде беріледі

Баяндама
Реферат

Баяндама

Баяндама

Баяндама


Баяндама

Реферат және баяндама т.б.


Реферат және баяндама т.б.
Баяндама

Реферат


Баяндама

Реферат және баяндама т.б.

Реферат

Реферат



4.ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



Кафедра:қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы

Тьютор:магистр Өмірзақов Бауыржан Есенжолұлы


Пән:Морфология Кредит саны:2




Әдебиет атауы

Кітапханада

Кафед рада

Студенттердің қамтылу пайызы

Электронды түрі

Ескерту

1

Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.



5

3

5

-

Негізгі оқулық

2

Қазақ грамматикасы. А.,2002


2

-

2

-

-

3

Ысқақов Қазіргі қазақ тілі А.,1991

2

-

2

-

-

4

Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы А., 2002

4

-

3

-

-

5

Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1983


2

-

2

-

-

6

Кузнецев П.Ц О принципах изучения грамматики

2

-

2

-

-

7

Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А.,1986

4

-

3

-

-

8

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989


1

-

1

-

-

9

Байтұрсынов А.Тіл тағлымы.-А.,1992


3

2

6

-

-

10

Оралбаева Н Қазақ тіліндегі етістік категориялары.А, 1980

3

-

2

-

-

11

Болғанбайұлы Ә.,Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы–А., 1997


2

-

2

-

-

12

Жексенбаева Г.Е Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі А.,1992


3

3

6

-




13

Жұбанов қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –А., 1966

3

3

6

-



14

Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А.,1988

2

2

5

-

-

15

Қордабаев Т Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. А.1993

3

3

3

-

-

16

Қалыбаева А., Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.-А.,1986


1

1

1

-

-

17

Қасабекова Қ. Негізгі түбір салт етістіктері., А.,1998


3

3

3

-

-

18

Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір етістіктері,1999

3

3

3

-

-

19

.Қайдаров А.Т.,Структура односложных корней и основ в казахском языке. А.,1986

3

3

3

-

-

20

Манкеева Ж. Реконстукция первичных глагольных основ казахского языка. –А.,1991

-

1

1

-

-

21

Муртазин К. Күрделі сөздердің түркологиялық әдебиеттерде зерттелу тарихынан. –қазақ тілі мен әдебиет мәселелері, 1969

1

-

1

-

-

22

Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары,1951


1

-

1

-

-

23

Оразов М.Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – А.,1980

2

2

2

-

-

24

Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер, 1959


5

5

20

-

-

25

Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 1961

2

-

2

-

-

26

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А.,1988


5

5

20

-

-

27

Балақаев М. Күрделі сөздердің сипаттамасы. 1987

5

5

20

-

-

28

Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1958

4

4

10

-

-
























5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиеттер)
1.Тақырыбы: Грамматика туралы түсінік.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Грамматиканың екі саласы, морфология, синтаксис.

  2. Қазақ тілі грамматикасының бірліктері.

  3. Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.

  4. Грамматикалық мағына және лексикалық мағына.

3.Дәрістің мақсаты: Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.

Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Зерттеу нысанының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екі салаға бөлінеді.

Морфология – сөзбен оның формалары туралы ілім. Сөйлеу кезінде әр сөз сөйлем құрамында келіп, өзге сөздермен белгілі бір заңдар бойынша әр түрлі қарым-қатынасқа түседі. Әр түрлі қызмет атқарып, соған сәйкес форма жағынан да сан алуан өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады.

4. Дәріс мазмұны: Қандай болмасын тіл туралы ғылым бірнеше салалардан тұрады және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді терең түсіну үшін, оны зерттеу үшін тілдің осы салалары өте қажет болып келеді. Қазақ тілі - сондай тілдердің бірі. Оның да бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше салалары бар: фонетика, фонология, морфофонология, лексика, лексикография, грамматика, морфология, синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика т.б.

Бұлардың өздерін екіге бөліп қарауға болады: тілдің ішкі заңдылықтарын зерттейтін салалары және тілдің сыртқы салаларын зерттейтін салалары. Оны біз басқа пән бойынша оқимыз.

Сөзде лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағына да болады. Мен, ауыл, машина, бар деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы жеке-жеке ұғымдарды білдіреді. Бірақ олардың осы жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді.

Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы сөздерді грамматикалық тәсілдер көмегімен «Мен ауылға машинамен бардым» деп хабарлауға болады.

Тілдегі грамматикалық амал-тәсілдердің барлығын грамматикалық құрылыс деп атайды. Оны тілдің грамматика саласы зерттейді.

Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.

Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Зерттеу нысанының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екі салаға бөлінеді.

Морфология – сөзбен оның формалары туралы ілім. Сөйлеу кезінде әр сөз сөйлем құрамында келіп, өзге сөздермен белгілі бір заңдар бойынша әр түрлі қарым-қатынасқа түседі. Әр түрлі қызмет атқарып, соған сәйкес форма жағынан да сан алуан өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады.

Морфология тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру жүйесін анықтайды. Жалпы сөз атаулыны топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Сөзді сөз таптарына ажыратады, әр сөз табының категорияларын анықтайды. Осының нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуін, қолдану ерекшеліктерін, грамматикалық мағыналарын анықтайды.

Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын қарастыратын ілім. Сөйлеу процессі кезінде сөздер өзара белгілі бір жүйе бойынша тіркеседі. Сол сөз тіркестерінің де, сөйлемдердің де өзіне меншікті жүйесі болады.

Морфология сөздің құрамын, мағыналарын және қыызметін талдаса, синтаксис сөйлемді, оның құрамындағы сөз тіркестері мен сөздерді, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипатын талдайды.

Грамматиканың бұл салалары екі сала болып бөлінгенімен, бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Грамматика – тілдегі грамматикалық бірліктерді ұйымдастыратын, байланыстыратын, оларды бір-бірінен ажырататын құралдарды зерттейді. Грамматикалық негізгі бірліктер ( единицалар) мыналар: Морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.

Морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі, грамматикалық единица.

Сөз – морфемалардан құралып, заттың атын, сынын, түсін, түрін, санын, қимылын, ісін т.б. қасиеттерін білдіретін, түрлі құрамда болып келетін, дыбысталу мен мағынада тұратын единица.

Сөз тіркесі – кемінде екі дербес сөздің еркін тіркесінен жасалып, құбылыстарды бірімен- бірі байланыста атайтын грамматикалық единица.

Сөйлем – сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіретін грамматикалық единица.

Грамматикалық единицалардың арақатысы мен байланысын анықтауға және оларды тіркестіретін, жалғастыратын, сондай-ақ бір-бірінен шегін ажырататын құралдарды айқындауға қатысты грамматикалық ұғымдар бар. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория. Енді біз олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет