14.Тақырыбы: Етіс категориясының мағыналық және тұлғалық түрлері.
2.Қарастырылатын сұрақтар: Өздік, өзгелік, ортақ етістер және олардың жасалу жолдары.
Ырықсыз етіс және оның жасалу жолы.
Өздік және өзгелік етістерінің айырмашылықтары.
3.Дәрістің мақсаты: Етіс формасы сөйлемнің грамматикалық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады. Мысалы, 1 сөйлемде қимыл иесі бір адам екенін білсек, 2 сөйлемде қимылға бір субъекті емес, екі не одан да көп субъекті қатысқанын біле аламыз. Сондай-ақ, жөн-жосықты бір-бірінен сұрағанын білеміз. Бұл сөйлемнің құрылысын өзгертеді. Субъекті бірнешеу, және олар амалға ортақтас. 3-сөйлемнің құрылысы алдыңғыларына қарағанда өзгеше: әрекетті жасатырушы бір адам да, оны жасаушы бөгде адам екенін біле аламыз. Ал 4-сөйлемдегі семантика мүлде бөлек. Бұл сөйлемде жасаушы да, жасаттырушы да көрінбейді. Сөйлемде амалды жүзеге асырушы адам сол амалдың әрі субъектісі, әрі объектісі болады. Яғни, амал субъектінің өзі үшін жұмсалады.