Жаңа туылған нәресте анасының аяқтарының арасында шалқасынан жатады. Оны анасынан бөлек әкетпей тұрып бленнорея профилактикасын жасайды – 30%-дық альбуцид ерітіндісін көздің саңылауларына 2%-дық тамшыдан тамызады, ал қыз балалардың жыныстық саңылауына 2%-дық азот қышқылды күміс ерітіндісінің 2 тамшысын тамызады.
0.5
Кіндік сақинасынан 25-30 см қалдырып, Кохердің екі қысқышымен қысып, 8-10 см қамтып кіндігіне иод жағады.
0.5
Кіндікте солқылдың жоқтығын тексеріп алып, кеседі.
0.5
Нәрестені балалар бұрышындағы жылытылған құндақтау столына апарады. Нәрестені шылапшындағы жылы суға жуындырып, стерильденген жаялықпен сүртеді.
0.5
Кіндік сақинасынан 0,3 - 0,5 см қашықтықта Кохер қысқышымен кіндікті басады, сосын осы жерге арнайы қысқышпен Роговин қапсырмасын таңады.
0.5
Қапсырманың үстіндегі кіндікті кеседі, қанның қалдықтарын шарикпен сығады және кіндіктің қалған жерін марганец қышқылды калийдің 5%-дық ерітіндісімен тазалайды.
0.5
Кесікке құрғақ дәке шарикті қойып, қалған жерін үшбұрышты таңғышпен байлайды. Анасынан резус – теріс қанмен туылған нәрестенің кіндігін таңу үшін жібек бунақжіп пайдаланылады.
0.5
Нәрестенің аяғы мен қолына анасының аты-жөні, босану тарихының номері, босанған күні, сағаты мен минуты, нәрестенің жынысы, салмағы мен бойы, нәрестенің даму тарихының номері, кереуетінің номері жазылған клеенка білезік байлайды.