Жүректің жиырылуының жиілігін анықтайды: ЖЖЖ болмаса 0 ұпай, ЖЖЖ минутына 100-ден кем соқса – 1 ұпай, ЖЖЖ минутына 100-ден артық соқса – 2 ұпай.
0.5
Тыныстық қимылдарды анықтайды: тыныстық қимыл болмаса – 0 ұпай, бая, ретсіз тыныс алса – 1 ұпай, тыныстық қимылдары жақсы болып, бала жыласа – 2 ұпай.
0.5
Жаңа туылған нәрестенің бұлшықет тонусын анықтайды: тонусы төмен болса – 0 ұпай, аяқ пен қол шамалы бүгілсе – 1 ұпай, белсенді қимылдар болса – 2 ұпай.
0.5
Рефлекстік реакцияны анықтайды (шприцтің көмегімен мұрын жолдарынан сілемейді сорып алғандағы реакциясы): реакция болмаса – 0 ұпай, нәресие жыласа – 1 ұпай, нәресте жылап, қатты түшкірсе немесе жөтелсе – 2 ұпай.
0.5
Терінің түсін анықтау: көгіс тартқан, солғын болса – 0 ұпай, тері жамылғысы акроцианозды қызғылт түсті болса – 1 ұпай, терінің түсі қызғылт болса – 2 ұпай.
0.5
Нәрестенің жағдайы Апгар межесі бойынша 5 минуттан кейін қайтадан бағалайды.
1.0
Алынған салыстырмалы мәліметтердің негізінде жаңа туылған нәрестенің денсаулығы туралы қорытынды шығарады.