4. Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі. СТУДЕТТІҢ «ЖАЛПЫ ПРАКТИКА МЕЙІРБИКЕСІ» ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫНАН ӨТКЕННЕН КЕЙІН ИГЕРУІ ШАРТ ПРАКТИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
Бөлімде санитариялық-індетке қарсы режимді қамтамасыз ету.
Бөлімнің негізгі құжатнамасын жүргізу (дәрігердің тағайындаулары жазылған журнал немесе дәптер, кезекшілікті қабылдау мен тапсыру, науқастардың қимылы мен стационардың төсек фондын есепке алу парағы, үлестеме, А және Б тізіміндегі дәрі-дәрмектерді есепке алу журналы, таңу журналы, құралдарды дезинфекциялық өңдеу журналы, т.б.).
Күйіп қалған жеді өңдеу.
Инфекцияланған жарақатты өңдеу.
Бұтаралық және ішперденің алдыңғы қабырғасындағы жарақаттың операциядан кейінгі күтімі.
Жүкті және босанған әйелдің емшегінің күтімі.
Жұмсақ таңғышты таңу.
Қуықты катетерлеу.
Нәрестелерді Апгар межесі бойынша бағалау.
Нәрестенің алғашқы жуындырылуы.
Науқас баланың денсаулығын 2 айлығынан 5 жасқа дейін бағалау (ДДСҰ бағдарламасына сәйкес БШАИЖ бойынша).
Науқас нәрестенің денсаулығын 1 апталығынан 2 айлығына дейін бағалау (ДДСҰ бағдарламасына сәйкес БШАИЖ бойынша).
Балаларға дәрігерге қаралғанға дейін көмек көрсету (ДДСҰ бағдарламасына сәйкес БШАИЖ бойынша).
5. Тәжірибенің мазмұны. 5.1. Студенттің жұмысының көлемі мен түрі: 1 апта Хирургиялық бөлімшелерде жұмыс.