Барлығы – 5 сағат Курсы – Семестр


Қорытынды бақылау – сараланған сынақ



бет9/19
Дата13.06.2023
өлшемі251,5 Kb.
#101028
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
МР УПП 3к каз

5.3.2. Қорытынды бақылау – сараланған сынақ.
Қорытынды бақылауға жіберілу үшін толтырылған практика күнделігі (практика жетекшісі куәландырған), кафедра меңгерушісі мен практика жетекшісі қол қойған студенттің мінездемесі, практикаға қатысу журналы болуы тиіс.
Кәсіби практика қорытындысы бойынша сараланған сынақ «критерийлерге...» сәйкес студенттердің практикалық дағдыларының бағасының нәтижесіне негізделеді. Практикалық дағдыны (іскерлік) бағалау ұпайлық – әріптік жүйе бойынша %-ға қайта есептеумен іске асырылады.
Практиканың соңғы күні студенттер сараланған сыңақ тапсырады.
Күнделіктің соңында сынақтың күні және практиканың бағасы қойылады, сонымен қоса қойылатын қолдар
«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістк практикасының қорытындысы бойынша іскерлік пен дағдыны бағалау критерийі
(сараланған сынақта)
«Жалпы практика мейірбикесі» өндірістік практикасынан өту кезінде алынған іскерлік пен дағды әріптік жүйемен (оң баға А әрпінен F әрпіне дейін, сандық эквивалентке 4 ұпайлық жүйе бойынша сәйкес келетін) бағаланады. Әрбір дағды қадам бойынша жазылады, олар жалпы саны 4 ұпай болатындай етіп бағаланады. Барлық тапсырмаларды орындаған студент дағдыларды толық, дұрыс орындағаны үшін әріптік-ұпайлық жүйе бойынша А әріптік бағаға сәйкес келетін – 4.0 ұпаймен, ең жоғары сандық эквивалентпен бағаланады.


Ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесі



Баға

Әріптік эквивалент

Рейтинг ұпайы %

Ұпаймен

Өте жақсы

А

95 – 100

4

А -

90 – 94

3,67

Жақсы

В +

85 – 89

3,33

В

80 – 84

3,0

В -

75 – 79

2,67

Қанағаттанарлық

С +

70 – 74

2,33

С

65 – 69

2,0

С-

60 – 64

1,67

D +

55 – 59

1,33

D

50 – 54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0 – 49

0

Ескерту: егер алған бағасы 1,67 ұпайдан (60 – 64 %) төмен болмаған жағдайда қабылданған машықтары есептелінеді.






р/c

Дағды мен іскерлік, бағалау критерийі

Ұпай мен бағалау

1

Емшара кабинетін санитарияық-індетке қарсы шарамен
қамтамасыз ету

4.0




Халаттың үстінен клеенка фартук, қолғап киеді.

0.2

Дезинфекциялаушы ерітінді бар ыдысты және арнайы таза матаны дайындайды.

0.2

Заттарды тазалаудың жүйелілігін сақтайды: шкаф, медициналық стол, мейірбикелік столы, орындық, тоңазытқыш, кушетка, білікше, терезенің алды, батарея, кран, раковина, есікті тұтқалары,еден.

0.6

Жинағаннан кейін 60 минут бактерия жойғыш шамды қосады.

0.5

Емшара кабинетінің есігін қатты жауып, кварцтеу уақытында ішке ешкімді жібермейді.

0.5

Бактерия жойғыш шамды қосып кабинетті желдетеді.

0.4

Тазалауға арналған инвентарьды қолданғаннан кейін дезинфекциялайды

0.2

Кварцтеу және емшара кабинетін тазалау журналына белгі қояды.

0.4

Бөлімнің жетекші мейірбикесі бекіткен жаппай тазарту кестесін сақтайды (7 күнде 1рет).

0.2

Жуғыш заттарды қолданып кабинетті алдын ала ылғалдап тазарту.

0.2

Ғимаратты дезинфектантпен өңдейді.

0.4

Жиhаздарды жылжытып қойып қабырғаларды, есіктерді, еденді, бұрыштарды, плинтусты, еденді периметр бойынша, сосын ортасын мұқият жуады.

0.2

2

Күйіп қалған жерді өңдеу

4.0




Күйіп қалған жерді тексереді, көзбен көру арқылы термиялық күйіктің дәрежесін анықтайды, I дәрежелі күйікке күйіп қалған терінің күшті гиперемиясы, қатты ауырсындыру тән екендігін айтады; II дәрежелі күйікке гиперемияланған теріде ішіндегісі мөлдір көлемі әртүрлі сулы бөртпелер пайда болады; III дәрежелі күйікте гиперемия аймақтарында жаылған сулы бөртпелерден эпидермис үзіктерімен терінің ақ бөліктері («доңыз») көрінеді; IV дәрежелі күйік-терінің бүрісуі.

0.5

Науқатың күйігінің көлемін «Тоғыздық тәртібі» бойынша анықтады
(бас - 9%, қол - 9%, дененің алдыңғы беті - 9х2%, аяқ - 18%, жыныс мүшелері мен бұтаралық - 1%).

0.5

Науқастың қолын стерильденген клеенкамен жабылған манипуляция столына қойғызады. Таңғышты Эсмархтың стерильденген кружкасына құйылған антисептика ерітіндісімен сулайды.

0.5

Таңғышты қайшымен қырқады, қысқыштың көмегімен алып шылапшынға тастайды. Сосын манипуляция столындағы стерильденген клеенканы ауыстырады.

0.5

Дәрігерге корнцангпен ішінде стерильденген хирургиялық пинцет пен қайшы, ерітіндіге салынған және құрғақ шариктер салынған бүйрек тәрізді шылапшын ұсынылады.

0.5

Егер науқас қатты ауырсындыруды сезінсе, науқастың күйген жерін 2-3 минут орау үшін 1-2% новокаинға батырылған салфетка беріледі.

0.5

Жарақатты өңдегеннен кейін дәрігердің нұсқауы бойынша жаңа жақпамайлы немесе дымқыл таңғышты таңады. Таңғышты әр саусаққа жеке-жеке қойып, № 2 эластик торлы-түтікшелі бинтпен бекітеді.

0.5

Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет