Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Тақырып 18. Сезім мүшелерінің физиологиясы



бет44/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Тақырып 18. Сезім мүшелерінің физиологиясы.
Талдағыштар физиологиясы
Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз - арнайы қабылданған рецепторлардан, аралық және орталық жүйке жасушаларынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Өйткені сезім ағзаларының рецепторларында сыртқы ортамен тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол орталық жүйке жүйесіне өтеді. Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендіргіштер үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарында ажыратылады. Ми қыртысында ең жоғарғы анализ және синтез жасалынады. Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты. Ол талдағыштың 3 бөліктен тұратынын айтты:
1. Шеткі бөлімі.
2. Аралық бөлімі - афферентік нейрондар және өткізгіш жолдары.
3.Орталық бөлімі -сигналды қабылдайтын үлкен сыңарларының қыртысы. Көру талдағышы шеткі бөліміне фоторецепторлар жатады, көздің торлы қабатында орналасады. Торлы қабатқа сәуле түскенде фоторецепторларда жүйке импульс пайда болады, көру жүйке арқылы қозу ми қыртысының шүйде бөлігіне жетеді-көру алаңына. Көру алаңында көру сезім пайда болады. Фоторецепторлар 2 түрге бөлінеді:
а) Сауытшалар -олармен күндіз көреміз
б) Таяқшалар -олармен іңірде және түнде көреміз
Көздің оптикалық жүйесі: мүйізді қабықтың алдыңғы және артқы беті, көз бұршағы, шынылы дене. Сәуленің сынық жолы көздің қисықтық көрсеткішіне және мүйізді қабаттың, көз бұршағының, шыны дененің қисықтық радиуысына байланысты болады. Оптикалық жүйенің қисықтық күші диоптриямен өлшенеді.
1 диоптрий-(линзаның сынғыштық күші 100см фокус аралығына тең болады). Сынып өтетін жарық сәуленің түйісетін нүкте аралығы 100 см-ге тең линзаның сындыру күші. Адам көзінің сындыру күші алыстағы заттарға қарағанда-59 диоптрий болады. Ал жақын заттарға қарағанда-70,5 диоптрий болады. Заттарды жақсы көру үшін, сәуле сынып торлы қабықтың сары нүктесіне түсуі керек. Жақыннан және алыстан жақсы көру аккомодация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет