Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


б) ішектің тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді. в)



бет40/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
б) ішектің тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.
в) бронхтардың бірыңғай салалы еттерін босаңсытады, сондықтан бронхылардың өзегі кеңейеді. Осы әсері көбіне демікпе ауруда қолданылады.
г) көздің қарашығын үлкейтеді.
ж) Екі қабат әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын көтереді.
з) көмірсу май алмасуына әсер етеді.
и) бауырда гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкозурияны тудырады. Кенонның пікірінше адреналин эмоциялық гормон болып саналады.
Әсіресе экстремальдық жағдайда:
1) бұлшықетердің жұмысын күшейтеді
2) рецепторлардың сезімталдығы (әсіресе көру, есту) вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді. Бұл өзгерістер экстремальдық жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған. Сонымен бүйрек үсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші (адаптациялық) гормон деп атаған дұрыс.
Жыныс бездері – аралас бездер болып есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі - жыныс жасушаларын жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, әйел адамда – жұмыртқа жасуша жетіледі. 2-ші қызметі эндокринды қызметі -гормондар бөліп шығарады. Еркек жыныс гормоны – тестостерон. Бұдан да басқа да сәл төмен гормондар бар андростерон, эпитестостерон. Бұл гормондармен қатар ұрық жолында аздап әйел жыныс гормоны – эстрогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады. Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы – фолликула. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі . Пісіп жетілген фолликула граафов көпіршігі деп аталады. Көпіршік дамып жарылғанда одан жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл овуляция деп аталады. Ұрықтану өтсе, фолликула жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды, негізгі гормоны прогестерон. Жүктілікте жыныс бездері гормондары; ана – плацента – ұрық; компоненттер жүйесінің өзара күрделі қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Ұрықтың іштегі даму кезеңінде оның жыныстық ажыратылуына, жүктіліктің қалыпты өтуіне әсер етеді. Ұрпақты сақтаумен, баланың тууына, сүттің пайда болып шығуына көмектеседі. Егер ұрықтану болмаса, сары дене 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі –ақ дене, содан кейін ақ сызық пайда болады. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталанып тұрады. Жыныстық уақыт (цикл) 27-28 күнге созылады. Жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген кезеңде фолликула эстрадиол гормоның бөліп шығарады. Сол жерде аздап тестостерон да жасалады.
Эстрогенді гормондар жұмыртқа жолының, жатырдың, олардың кілегейлі қабатының өсуін және қанмен жақсы қамтамасыз етеді, оларды ұрықтанған жұмыртқа жасушаны қабылдауға дайындайды. Сонымен қатар, бұл гормондар сүт бездерінің дамып, өсуіне әсер тигізеді.
Эпифиз- жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Адамда ортаңғы мидың төрт төмпешіктің жоғарғы аралығындағы тереңдікте орналасқан, аралық мидың эпиталамусына жатады. Салмағы 0,1-0,18г. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин т.б. бөлетіні анықталды. Олардың ішінде әсіресе мелатонин күшті әсер етеді. Әсерлеріне жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет