Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары


Кіреберіс–  ұлу нерві (VІІІ)



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Бастың аймақтық анатомиясы-1 бөлім

 

Кіреберіс–  ұлу нерві (VІІІ) 


           Кіреберіс–  ұлу нерві ,n.vestibulocochlearis– бассүйек нервтерінің VІІІ- жұп нерві, 

арнаулы сезімтал         нерв (есту және вестибулярлы), ұлу және кіреберіс бөліктерінен 

тұрады. Нервтің әр бөлігінің меншікті сезімтал түйіні бар. Ұлу түйіні,ganglion cochleare 

(ұлудың  иірмелі  түйіні),  ұлудың  иірмелі  өзегінде  орналасады.  Бұл  түйіннің 

жасушаларының  шеткі  өсінділері  иірімді  дене  (кортии)  жасушаларында  бітеді,  ал 

орталық  өсінділері  ұлудың  дорзальді  және  вентралді  ядроларына  бет  алады.  Ұлу 

түйінінің  биполярлы  жасушаларының  орталық  өсінділерінің  жиынтығы  VІІІ  жұп 

нервтің ұлулық бөлігін, pars cochlearis , құрастырады. 

   Кіреберіс  түйіні,  ganglion  vestibulare,  ішкі  есту  өтісінің  түбінде  жатыр.  Бұл  түйіннің 

жасушаларының шеткі өсінділері кіреберіс рецепторларында: алдыңғы және артқы және 

латеральді  ампулалық  нервтер,    nn.ampullares  anterior,  posterior  et  lateralis,  эллипсті  – 

қаптық  нерв,  n.utricularis,  эллипсті    –  қаптық  –  ампулалық  нерв,  n.urticuloampullaris, 

дөңгелек  –  қаптық  нерв,  n.saccularis  бітеді,  ал  ортаңғы  кіреберіс  түйінінің  биполярлы 

жасушаларының орталық өсінділері VІІІ-жұп нервтің кіреберіс бөлігін,  pars vestibularis,  

құрастырып,  кіреберіс  ядроларына  (медиальді,  латеральді,  жоғарғы  және  төменгі) 

барады.  Ішкі  құлақ  рецепторларынан  кіреберіс  –ұлу  нерві  ішкі  есту  өтісіне  бет  алады. 

Одан  шыққан  соң  көпір–мишық  бұрышы  аймағында  бет  нервінен  сырттай  ми  көпіріне 

кіреді.  

 

 

Иіс сезу нерві (І) 

        Иіс сезу нерві, nn. оlfactorii – І жұп нерві. Ол мұрын қуысының  иіс сезу аймағының  

шырышты  қабығындағы  биполярлы  иіс  сезу  жасушаларының  орталық  өсінділерінен 

құралған. Иіс сезу нерві біртұтас сабауға жиналмайды, бірақ торлы сүйектің тесіктелген 

табақшасы арқылы бассүйек ішіне өтетін бірнеше будалар (15-20) қалыптастырады. Иіс 

сезу нерві иіс сезу буылтығының жасушаларында аяқталады. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет