ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ
Ортаңғы құлақ (auris media) есту ағзасының самай сүйек тереңінде, оның
қабыршақты, тасты және дабыл бөліктерінің қосылған жерінде орналасатын күрделі
дыбыс өткізетін бөлігі болып табылады. Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, дабыл жарғағы,
есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.
Дабыл қуысы (cavitas tympanica) дұрыс емес пішінді, көлемі 1 cм
3
-ден аспайды.
Оның алты қабырғасын ажыратады: дабыл қуысы төбесінен түзілетін - жамылғылық
(paries tegmentalis); мойындырық шұңқырына сәйкес келетін - мойындырықтық (paries
jugularis); ұйқы өзегінің қабырғасымен шектелетін - ұйқылық (paries caroticus);
емізіктәрізді өсінді ұяшықтарымен жанасатын – ұяшықтық (paries mastoideus); дабыл
жарғағының көп бөлігімен шектелетін - жарғақтық (paries membranaceus); ішкі құлақ
лабиринтінің сыртқы беті болып табылатын - лабиринттік (paries labirinthicus)
қабырғалары. Лабиринттік қабырғасында екі кішігірім тесік болады: үзеңгі негізімен
жабылатын сопақ немесе кіреберіс терезесі (fenestra vestibuli) және екіншілік дабыл
жарғағымен (membrane tympani secundaria) жабылатын дөңгелек немесе ұлу терезесі
(fenestra cochleae). Қалыпты жағдайда дабыл қуысындағы ауа қысымы қоршаған ортадағы
ауа қысымымен бірдей болады. Бұл оның есту түтігі (евстахиев түтігі) арқылы
жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысуымен негізделеді. Есту түтігінің дабыл тесігі
(ostium tympanicum tube auditivae) дабыл қуысының алдыңғы медиалды бөлігінде
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |