Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

пайғамбарлар  болса,  екіншісі  –  түпкі
жаратушы жоқ, дүние өз бетінше жаралып, өніп
жатыр дейтін  затшыл ғылым, пәншілдік.
Шәкәрім  «Үш  анықта»  о сы  екінші
жолдағылар  жайында  пікірлерін  келесідей
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
ӘОЖ 821.512.122:13
Мақала Шәкәрім шығармаларының философиялық қырларына арналған. Шәкәрім түсінігіндегі
затшыл, ғылым жайын сөз етеді.
Тірек сөздер: Пәншілдік, философиялық лексика, затшыл ғылым.

88
ойларымен сабақтайды; “Енді біліп жаратқан
ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың
түбінде осы барлық әлем неден бар болды деген
ойдан  шыққаны  төменгі  сөзден  мәлім  болды.
Ескі  заманның  білімділері  әр  нәрсенің  түпкі
негізі  неден  жаралғанын  тексеріп,  тамам
нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы –
от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер
ол  төрт  нәрсенің  әр  біреуі  әлденеше  негізден
жаралғанын таба–таба жақынырақ кезде түп
негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің
көзге  ілінбейтін  кішкентай  тараулардан
қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды
қанша  ұсақтаса  да  ақырында  тіпті  бөлуге
келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп
негіздердің атын Европаша атом деп атады”
[3].
Шәкәрімнің айтып отырғаны  дүниенің түп
негізінде  жатқан  алғашқы  бастама  –
субстанцияны  табуға  тырысқан  көне  грек
ойшылдарың  философиялық  ізденісі.  Бұл
ізденістер  жаратылыстану  ғылымының
қалыптасуына  алғышарт  болған.  Бірақ  сол
шеңберден  шыға  алмаған.  Себебі  олардың
тапқан  бастамасы  (грек  фило софиясында
субстанция  деп  аталады)  материалды  әлем
элементтерімен  шектеліп,  одан  аса  алмаған.
Бұны көне заман ойшылдарының кемшілігі деп
те  айтуға  болмас.  Өйткені  жаратылыстану
ғылымының  зерттеу  нысанының  өзі  зат.
Шәкәрім  атамыз  бұлар  ізденістерід  теріске
шығаруды  мақсат  етпеген,  бірақ  олардың
жауабына қанағаттанбаған.
Заттар әлемінен тыс ақиқат жоқ, қолмен
ұстап, көзге көрінетін нәрсе ғана бар дейтін
танымды 
Шәкәрім
 
«пән»
ал 
о ны
ұстанушыларды «пәншілер» деген.
Жоғарыда Шәкәрім дүниенің субстанциясын
су,  от,  ауамен  байланыстырған  көне  заман
ойшылдары  Фале с,  Анаксимен  және
Гераклиттің жаратылыстанымдық көзқарастары
жайында айтып отыр.
Грек  фило софиясында  бұлармен  қатар
Демокриттің атомдар туралы ілімі пайда болып,
алғаш  рет  дүниені  құраушы  ең  ұсақ  бөлшек
атомдар  екені  мәлім  болған.  Шәкәрім  ол
жайында  “...Гректің  Эпикур,  Демокрит  деген
білімділері  сол  атомды  дәлел  қылып,  барлық
әлем  атомнан  өршіп,  жаралып  жатыр,  оны
былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ
деген бір жолға негіз салды”– дейді [3,21].
Шәкәрім пәншілдік жайын сөз етпес бұрын
үлкен  ізденістер  жасаған.  Дүниенің  негізін
іздеген  әртүрлі  ғылыми  болжамдарды  танып
білген. Философтардың  пікірлерін қорытып,  ой
жарыстырған.
«Үш  анықты»  оқи  отырып  көне  заман
ойшылдарының дүниенің субстанциясы туралы
ізденісте  материалды  әлемнің  құрылымын
танумен шектелгенін аңғарамыз. Ал Шәкәрімді
толғандырған  басты  сұрақ  заттық  әлемнің
құрылымы емес, оның неден жаралғаны.
Ойшыл  «Үш  анық»  еңбегінде  затшыл
ғылымның Еуропада қалай өріс алғаны туралы
пікірлерін әрі қарай сабақтайды: “Соңғы кезде
Европаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней
сияқты  ойшылдары  бұрынғы  Эпикур,
Демокриттерден  қалған  жаратушы  ие  жоқ
дегенді  қайта  жаңғыртып,  Европа  арасында
сол  ойдың  жайылуына  себеп  болды.  Және
атомдар  бірін–бірі  тартып  қосылуына  бір
күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін–бірі
тартатын  қуат  барлығы.  Оны  орысша
притяжение деп арабша тажазиб дейді. Мұны
алғаш тапқан Англияның Исаак Ньютон деген
ойшылы.  17  ғасырда  алманың  үзіліп  жерге
түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан
ие  жоқ дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар
нәрсенің негізгі сексен түрлі атом, солар бірін–
бірі тартатын притяжение заңымен қосылып,
дене жасап, бірінен–бірі өсіп, өзгеріп жатыр,
оны былай қылайын деп әр қайсысын әр бөлек
жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз
алдына  бір  нәрсе  емес,  сол  атомдардан
жаралған дененің бір қозғалысы, өзгерістерінен
шыққан сипат”[3,21].
Шәкәрімнің  ойынша,  затшыл  ғылым  жан
туралы мәселеде қателескен. Әсіресе, олардың
жан  атомдар  өзгерісінен  шыққан  сипат  деген
пайымы Шәкәрім түсінігіне қайшы. Ол жанды
рухтық  сипатта  емес  заттық,  атомдардан
құралған      сипат    деген  атомистер  іліміне
қанағаттанбаған.    Эпикур  мен  Демо крит
түсінігінше  жан  атомдардан  құралғандықтан
тіршілік иесі өлгенде ыдырап кетеді. Яғни, жан
өз  бетінше  өмір  сүрмейді.  Шәкәрім  болса,
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

89
жанды  затар  әлемімен  шектеп  қоюды
адасушылық санайды.
Түп  жаратушы  ие  туралы  ешқандай  заттық
сипат,  текс еріп  көретін  форма  т аба
алмағандықтан пәншілер оны жоқ дей салумен
шектелген.  Бірақ жан туралы сұрақтан бас тарта
алмаған. Себебі,  тіршілік иелері өмір сүріп тұр.
Солай бола тұра жанда қолға ұстап тексеретін
оның заттық сипаты жоқ.  Тіршіліктің өмір сүріп
тұрғанын көзбен көріп, куә болып отырған соң
заттық  формасы  жоқ  екен  деп  жанды  теріске
шығара алмай, еріксіз мойындаған. Бірақ жанды
олар  материаны  түсіндіргендей  атомдар
құрамасы деп затшылдықпен түсіндірген. Оны
бұлай  түсіндіру  жанның  тәннен  тыс,  мына
тіршіліктен  кейін  де  өмір  сүретіндігіне
күмәнмен  қарауға  әкеліп,      пәншілдікке
ұрындырған.  Бұл пікірлерге қарсы «Үш анықта»
Шәкәрім  ХІХ ғасыр Еуропада затшыл ғылым
түсіндіре  алмайтын  жан  құбылыстарын
куәландырған  телепатия,  спиритуализм,
магнетизм  ілімдерінен  мысалдар  келтірген.
Өлген адам жанының хабар беретіндігін, кейде
адам болған оқиғаны көріп білмей тұрып алдын-
ала  сезіп,  біле  алатындығын  мысал  қылған.
Шәкәрім осы ілімдердің дүние астарында басқа
күштердің  бар  екендігіне  адамдарды
тәжірибелер  арқылы  куәландырғанын,    кейін
затшыл ғылым жолындағыларда оны мойындап
таңданғанын айтқан.
«Үш  анықта»  мұндай  мысалдарды  ойшыл
жанымыз  тән  өлгенде  бірге  жойылып,  тарап
кетеді 
деген 
жо ғарыдағы 
атомистік
көзқарастарға  қарата  пікір  ретінде  қолданып,
ойлануға шақырған.
Сонымен 
Шәкәрім 
екі 
мәс еледегі
пәншілдіктің  басты  кемшілігін  айтқан.  Ол
жаратушы  мен  жанды  тануда  пәншілердің
заттар  әлемімен  шектелуі.  Пәнді  Шәкәрімнің
сынға  алу  себептері;  біріншіден,  олардың
жаратушыны  жоқ  деп  тануы,  екіншіден,
жанды  жолдан  қосылды  деу  және  оның
денелерді  жаратудағы  рөлін  түсінбеу.  Бұған
жанның  қабілеттері  мен  тілеуіне,  азығына
сенбеу де кіреді.
Әрі  қарай  “Жоғарыдағы  айтылған
барлықтың  бәрі  өздігінен  жаралып  жатыр,
оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ
деген жол әлдеқашаннан айтылып келе жатса
да, әсіресе 17-18-19 жүз жылдардың аяқ шеніне
шейін Европа  ішінде көбірек  жайылды”[3,22]
–деп Шәкәрім затшыл ғылымның дәлелдерінің
күштірек дегендерінен төмендегідей мысалдар
келтіреді (қысқартып береміз. Б.Қ.).
1.  Қайта  айналыс  жолы.  Барлық  дененің
түп себебі  бұрыннан бар қуатты дене атом.
Әр нәрсені өсіп өндіретін сол, дүниеде еш нәрсе
жоғалмайды,  бірақ  өзгереді.  Заттар  қатты,
сұйық,  газдар  болып  үш  түрге  түседі.
Осылайша  заттар  бір  күйден  екінші  күйге
ауысып,  өзгеріп  отырады.  Адам  да  өлген  соң
сезім  кетіп  еш  нәрсе  сезбейді.  Осы  заңдылық
бойынша алмасып отырады.
2.  Жаратылыс  жолы.  Мұқым  барлықтың
бәрін бар қылып тұрған – жаратылыс жолы.
Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз,
ол жаратылыс жолы осы жаратылғандардың
өзінен бөлек нәрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң
барлықтың  бәрі  сол  заңнан  еріксіз  жаралып
жатыр. (Философ Литерие сөзі).
3.  Тұқымдастық  жолы.  Құрғақтағы
хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар – бәрі
теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан
су  хайуандары,  өсімдіктері  құрғаққа  шыққан.
Жер  жүзіндегі  өсетіндердің,  жандылардың
бәрі басында су хайуаны. Сондықтан бұларды
бөлек–бөлек жаратқан ие жоқ дейді. (Маиеннің
сөзі).    (Дарвиннің  ілімі  осы  қағиданы
ұстанғанын еске саламыз. Б.Қ.).
4.  Дене  сезімі.  Біз  әр  нәрсені  денедегі
сезімімізбен  білеміз.  Мұқым  барлықтың  бәрі
жаралыс  жолымен  еріксіз  бар  болып
жатқанын  көріп,  біліп  тұрмыз.  Егер  біліп
жаратушы  ие  бар  болса,  бұл  жаратылыс
себептерінің  түк  керегі  жоқ  болар  еді.  Неге
десең,  бір  жаратушы  білімді  құдірет  бар
болғаннан  соң  бұл  себептердің  керегі  не?
Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. (Бұл –
Бюнхер сөзі).
5.  Әр  түрлілік.  Барлық  дүниеге  қарасаң
тасы,  ағашы  басқа  өсімдіктер,  хайуандар,
адамдар,  су,  от  сияқты,  тіпті  біріне–бірі
ұқсамайды.  Бұл  нені  көрсетеді?  Бұл  әр  нәрсе
қалай  болса  солай  кезі  келгендіктен  себебіне
қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп
жаратушы  жоқ  екені  осыдан  мәлім  дейді.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

90
(Демокрит сөзі) [3,22-23].
Бұдан  пәншілдіктің  Құдайды  теріске
шығаратындардың  ілімі екенін көреміз.
Кеңес дәуіріндегі біздің санамызды билеген
Маркстік ілімдер де, заттар әлемін ғана ақиқат
деп тануға шақырған позитивизм де, Дарвиннің
эволюциялық  теориясы    да  осы  пәншілдік
қағидаларына сүйенген.
Бірақ адам болмысын тек затшыл ғылыммен
тани  аламыз  ба,  адам  болмысының  өзі
метафизикалық (мета-тыс, физика – табиғат, зат)
мазмұнға  ие  емес  пе  деген  сұрақ  туады.  Бұл
Шәкәрімді де  толғандырған.
Шәкәрім  түп  жатарушы  мен  жанды  тануда
«сау ақыл» керек, дұрысы дүниені  «ноқтасыз,
сау  ақылмен тану»  деген.    Сау  ақыл    әдетке,
алған  білімге,  идеологияға,  субъективті
көзқарсқа, сыңарезулікке бой алдырмайтын
–  сана.  Сау  ақыл  үшін  затшыл  ғылымға,  не
болмаса соқыр сенімге арқа сүйеу жат.
“Көрініске  шоқынған,  көр  сопы  бізді  не
қылсын”  дейді  Шәкәрім.  Түп  Иесін  тануда
көрініс  қуып,  көктен,  жерден  жазу  көріп,
жаратушының  бар  екенінің  дәлелі  осы  деп
түсіну  Шәкәрімге  тән  емес.  Ол  көрініске
шоқынған  дегенде,  жаратушының  заттық
келбетін іздеп жүргендерді айтқан.
Адам  ақиқатты  тани  ала  ма?  Ойланатын
сұрақ.  Біз  сол    ақиқаттың  ішінде  емеспіз  бе?!
Олай болса адам оны қалай қолына алып көре
алады?
  «Ақылға  сыймас  ол  Алла»  деп  толғанған
хәкім  Абай,  адамның  жаратушыны  тануы
жайлы:
«Ақыл мен хауас барлығын,
«Білмейдүр жүрек, сезедүр.
Мутакаллим мантикин
Бекер босқа езедүр»
деген. Муттакаллим дегені рационалистер, ал,
мантикин  ол  мантық  –  логика  ғылымы.  Абай
рационалистерді жаратушыны білгісі келетінін,
бірақ  жаратушыға  жаратылғанның  ақылы
(логика) жетпейтіндігін айтып отыр.
«Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір Тәңіріні болдырады»
дейді Абай.
Адамға жаратушыны білу тән емес, сезу тән.
Адам  үшін  жаратушыны  білуден  көрі,  сезу
нәтижелі.
Көрініске  шоқыну,  пұтқа  сыйынуда,
құдіретті  жүзбе-жүз  көрем  дейтін  әдетте
пәншілдік сипат бар.
“Молдалардан дін сұрасаң,
Сандырақтар сандалар.
Пәншілермен бас құрасаң,
Жан, Құдай жоқ, дер тұрақ.
Біз хақиқат елегіне
Осы екеуін елесек.
Түкке тұрмас керегіңе,
Екеуі де қалжырақ.
Пәнші дейді: “қайда тәңірі?”
Дінші дейді: “менде тұр!”.
Екеуі де сөзге нанды,
Таза ақылдан жоқ сұрақ.
Пәнші нанды бес сезімге
Дінші адасты жолынан.
Сал ақылға, дұрысы не?
Дәлелін тап жақсырақ”[2,204-205].
Шәкәрім пәнші мен діншінің дәлелін қанағат
тұтпаған.  Сонда оның  тапқаны  не дейсіз  ғой?
Ол 
жатарушыға 
адам 
жанымен
байланысады  дейді.  Затпен  біз  жатарушыны
ешқашан  тани    алмаймыз.  Жаратушыны  тану
көңілдің  ісі.  «Жер  жаһанға  сыймаған  құдірет
күш  сенуші  адамның  көңіліне  сыйып  кетеді»
дейді Жалал әд-дин Руми.  Адамның көңілі жер
жаһаннан да кең деп отыр.
Шәкәрім  Жаратушыны тану үшін жанды
таны деген қағида  ұсынған.  “Шынды  білмек
ойласаң  сен,  алдыменен  жанды  біл”  дейді
[1,272].  Немесе  “Жанға  көнсем,  жан  иесі  –
Тәңірге  де  көнгенім”  деп  ойын  ашып  айтқан
[1,274].  Жанға  сенбеу  жан  иесіне  де  сенбеуге
әкеледі.  Шәкәрім    жанға  сенуді  жаратушыға
бастайтын бірден бір жол деп түсіндіреді.
Зайырлы  қоғамда  жантануға  жақынырақ
келетін  ғылымды  психология  деп  жүрміз.
Шәкәрім осы психология ғылымының жанның
басынан 
бар 
екендігін 
ойланғысы
келмейтіндігіне қынжылған.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

91
“«...Жаным жоқ» – деп болады масқара адам.
Жалам емес, жазыпты пән деп мұны,
Не демес ойы жетпей сасқан адам.
Жанының бастан барын байқамапты,
Психолог ғылымын ашқан адам”[1,210].
«Жаралыс  басы  қозғалыс,  қозғауға  керек
қолғабыс. Жан де мейлі, бір мән де, сол қуатпен
бол  таныс»  деген  Шәкәрім  жанның  тіршілік
атауының  қозғалтушы  қуаты,  оған  қолғабыс
қылып тұрған себеп екенін айтқысы келеді. Жан
тіршіліктің  жалғасы  немес е  құрамдас
бөлшегі  емес,  баст аушысы  деген  идея
ұсынған. Түпкі қозғалтушы себепті «жан дейміз
бе,  әлде  бір  мән  дейміз  бе»  соны  танып  білу
керек деген.
«Пәншілерді» Шәкәрім дәһрилер деп атаған.
“Дүние  бұрын  бар  нәрседен  жаралады  десең,
оны бар қылатұғын бір ие керек. Егер иесіз өзі
бар болды десең, онда дәһри деген әр діннің сөзі
сықылды  бір  теріс  ақымақтық  болады.
Даһрилер  дүние  өздігінен  бар  болып,  ескірген
сайын бір нәрседен бір нәрсе жаралады дейді.
Бұл тіпті теріс жол”–деп жазды [4].
Дәһрилер  –  Құдай  жоқ,  дүние  өздігінен
дейтіндер.  Хәкім  Абай  өлеңдерінің  бірінде  де
осы түсінік кездеседі.
“Күні–түні ойымда бір–ақ Тәңірі,
Өзіңе құмар қылған соның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі” [5].
Оймен  білген  деп  пәншілердің  танымын
айтып  отыр.  Ой  затқа  ғана  жетеді,  оның
мүмкіндігі  шектеулі.    Жаратушыны  жүрек
көзімен сезіп біле алатынымызды тұспалдайды.
Халиққа  (жаратушыға)  махұлық  (жаратылған)
ақылы жете алмайды (Абай).
Ғұлама ойшыл, имам Әбу Хамид әл-Ғазалиде
«Философтар  позициясының  күйреуі»  атты
еңбегінде  о сы  даһрилер  жайында  айтқан.
Жаратушыны іздеуде адамдар екіге бөлінген дей
келе Ғазали «оның бірі – ғаламды Жаратушының
жасағаны  дейтіндер,  бұлар  жаратылған  нәрсе
ешқашан  жарата  алмайды,  олардың  негізінде
жаратушы  тұр  деушілер,  ойлары  логикалық
заңдылықтарға  қайшы  емес,  екіншісі  –
дахриттер»  дейді.  «Дахриттер  –  құдайсыздар.
Олар  ғаламды мәңгі және өзгермейтін жаралыс
деп,  оның  Жаратушыдан  жаралғанына  күмән
келтірушілер»  [6].  Ғазали  дахриттер  деп
атейстерді айтқан.
Заттар әлемін ғана шындық дейтін дәһрилер
ілімі  материалды  әлемнің  қызығын  көруге
шақырып, жанды мүлдем ұмытып, денеге бас
ұрады. Осыдан келіп адамзат баласының суық
ақылмен  жасалған  білімі  көңілін  тазарта
алмай, жан дененің құлына айналып, түп иесін
мүлдем  ұмытады.  Ал    имани  білімі  жоқ  адам
дүниенің сөзін сөйлейді.
“Пән жамылған әлімдер,
Дін жамылған зәлімдер,
Бере берсең, бәрін жер,
Сол жалмауыз паңнан без”
–деген Шәкәрім бұл жайында [1,229].
Жаратушыны  теріс  көрген,  көкірегінде
инедей саңылау жоқ адам үшін  күнә, обал, сауап
түсініктері  қияли,  мағынасыз.  Білім  жүрекке
бармаған  соң  адам  рухани  тазара  алмайды.
Бұлар  жайында,    “Адасып  әлім  шатылды,  ол
шат асқан  шаңнан  без”  деген  ақын.
Жаратушыны,  жанды  қаперіне  ілмеген
«пәншілдік»  адам  жүрегін  қатайтып,
жанашырлық, мейірім сезімдерін тұмшалайды.
“Күн көре алмай жақының жатыр өліп,
Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп.
«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын»
Демеске бара жатыр ішім толып”–
дейді Шәкәрім [1,85].
Шәкәрімнің  ойынша  пәншілдік  әлемнің
құбылыстары жайында айтып, оның түп себебін
көре алмай отыр.
“Ғылым деп боқты жегізді,
Денесіз зат жоқ дегізді.
Пайдасыз пәнмен перделеп,
Тапқызбай қойды негізді”.
Пайдасыз пән жүректің көзін перделеп, оған
«Хақтықтың  сәулесін»  (Абай)  түсірмейді.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

92
Пәншілер үшін қолмен ұстап, көзбен көргендер
ғана бар, қалғаны маңызды болмаған соң жан
азығы,  көңіл-жүрек  тазалығы,  жан  тазалығы,
махаббат,  нұр,  аян  тәрізді  көзге  көрінбейтін
құбылыстар  жайында  ештеңе  айта  алмаған.
Негізінде адам баласы осылар арқылы адамдық
дәрежеге  көтеріліп,  дүниені  танып  біледі.
Шәкәрімдегі Ар білімі туралы идея жантану
ізденістерінің нәтижесінде қалыптасқан.
 “Айла, күш – айуандықтың ең жаманы,
Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес”
–деген ақын [30,86].
“Көрінер ғылымды елдің сырты таза,
Тексеріп терең ойға салмағанда.
Ақымақ пен айуанның иісі аңқиды,
Істерін әбден сынап талдағанда”
–деп  Шәкәрім  пәншілдікке  белшесінен  батқан
құдайсыздық ілімдерін тағы да сынаған [2,179].
Ғылым  затшылдықпен  шектелсе,  ол  ардың
ісіне  айналмаса,  сырты  бүтін  көрінгенмен  іші
бүлінетінін  меңзеп  отыр.  Ғылым  –  ардың  ісі
болу  керек.  Ар  тазалық  өлшемі,  адамның
жаратушы алдындағы жауаптылығы. Ұждан екі
дүниеде де жанның азығы.
Шәкәрімнің  пәншілдік  туралы  айтқандары
пайдасыз  білім  туралы  ойды  қозғайды
.
Пәншілдік ол да білім, бірақ түп иесін тануда
пайдасыз білім. Жантануда одан келетін үлес
жоқ. Жоғарыдағы ақынның «Пайдасыз пәнмен
перделеп,  тапқызбай  қойды  негізді»  деген
жолдардағы айтпағы да осы.
Орыс  от аршылығы  арқылы  келген
ағартушылық  қазақтың  с анасына    бқтен
ілімдерді сіңіріп бақты. Ол ағартушылық саясат
еліміздің,  ұлтымыздың    мәдениетін  ескішілдік
деп  үйретті.  Елдік  санадан,  дін  мен  тілден
айырды. Қазір сырттан келген пайдасыз білімнің
зардабын көріп отырған жайымыз бар. Қазаққа
сырттан  келген  ағартушылық  ілімдер
құдайсыздық ұранын таратты. Саяси жасалған
ағартушылық пәншілдік сипатта өріс алып, елге
рухани азық бола алмады. Бойымызға жұқпай,
сыртта  сырғанады.  Шындығында  қазаққа
«жүректі  тот»  (Шәкәрім)  бастырмайтын,
рухани  тазалыққа,  т аза  ауаға  бастайтын
Шәкәрім айтқан ар білімі қажет болатын.
Шәкәрім  сынды  ғұлама  ар  білімі  қажет  деу
арқылы қазақтың ғана емес, адамзат баласының
алдындағы үлкен сұрақты шешуге тырысқан.
 “Сыртқы сөзің шын болса,
Ішің толған жын болса,
Жүрегіңде мін болса,
Айтқан сөзің ем емес!
Жүрегі таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар
Әулиеден кем емес!”[2,159].
Шәкәрім  “қиянатсыз  надандарды  әулиеден
кем  емес”  деу  арқылы  адамшылық  тың  ең
алдымен  білім  арқылы  емес,  қиянатсыздық
арқылы 
қалыптасатынын 
айтып,
қиянатсыздықты білімнен жоғары қойған.
Адам  баласы  зиянкес,  қиянатшыл.  Білім
ардың алдына түсіп кетсе адамшылыққа қызмет
етуі  екі  талай.  Пәншілдік  –    ардың  алдына
түсіп кеткен білім жүйесі.
Ар білімнің алдында тұрса, білімді адамзат
игілігі  үшін  қызмет  еткізуге  болады.  Әр  адам
қиянатсыз болуға тырысса, зиянсыз экономика,
зиянсыз білім, зиянсыз саясат, зиянсыз ғылым,
зиянсыз  дін,  зиянсыз  ой,  зиянсыз  қатынас
адамзатты  таза  ауаға  алып  шығар  еді.
«Қиятантың  бар  болса  иманың  жоқ»  деген
Шәкәрім.    Тұтқан  дінің  үшін  де  жаратушы
алдында  есеп  бересің.  Қиянатсыз  ой  ойлау,
қиянатсыз  сөз  сөйлеу,  қиянатсыз  әрекет    ету
адамды жарыққа, тазалыққа бастайды.
Әлихан  Бөкейханның  «Білімнен  мақсат
шықпайды.  Әзәзіл  ұжмақтан  надандықпен
шыққан жоқ. ...Ұлтына, жұртына қызмет ету
білімнен емес, мінезден... Білім біліммен, мінез
– мінезбен» деген  сөзі бар. Біріншіден, Әлихан
мінез деп атаның сүйегі, ананың сүтімен сіңген
қасиетті,  тәрбиені,  елге,  жерге  деген
сүйіспеншілікті    айтып  отыр.  Екіншіден,
білімнің  табиғатына  күнәнің  тән  екені  туралы
ой  қозғайды.  Адамзат  баласының  жұмақтан
қуылуына білім ағашының жемісін жеуі себеп.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

93
Парадокс.
Арлы  ақыл,  ар  білімі  деу  арқылы  Шәкәрім
үнемі  арды  алға  қойып  отырған.  Арсыз  білім,
арсыз ақыл адамзатты адастырмақ. Шәкәрімнің
«пәншілдік» орнына «ар түзейтін ғылым қажет»
дегендегі    басты  ойы  да  о сы.  Ойшылдың
пәншілдік    турасындағы  идеяларын  осылай
түсіну  қажет.  Сыртқы  дүниені  танып,  оны
адамзат  игілігіне  қызмет  еткізу  үшін  затшыл
ғылымның өз орны бөлек болғанмен,  жанды,
Жаратушыны  тануда  оның  сол  шектеулі
шеңберден    шыға  алмайтынын  түсінген  жөн.
Шәкәрімнің де айтпақ ойы осы.
Әдебиет
1. Шәкәрім. Иманым. Алматы: Арыс, 2000. –
117 б.
2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары /Өлеңдер,
дастандар, қара сөздер/. Алматы, 1988.– 206 б.
3.  Ш.  Құдайбердіұлы.  Үш  анық.  //  Әлем
альманах. Алматы, 1991. -20 б.
4. Ш. Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты.
//Жол  табалық  ақылмен.  Халықаралық    Абай
клубы 2006.–671 б.
5.  Құнанбаев  А.  Шығармаларының  бір
томдық толық жинағы.  Алматы, 1961. –227 б.
6. Абу Хамид аль-Газали. Крушение позиций
философов. Москва, 2007.
Жалғасы бар...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет