Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1
ШӘКӘРІМ
 ғылыми-танымдық журнал
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 2013 жылдың 4
қазанында қайта тіркеліп,
№ 13921-Ж куәлігі берілген.
2005 жылдан шыға бастады.
БАС РЕДАКТОР
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік
университетінің ректоры, саяси
ғылымдарының докторы
БАС РЕДАКТОРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Смағұлова Ақмарал
Төлеуғазықызы
«Шәкәрімтану»  ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
филология ғылымдарының
кандидаты
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
Қадыров Айбар Қабыкенұлы
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
© Семей қаласының Шәкәрім
атындағы  мемлекеттік
университеті, 2013
© «Шәкәрімтану» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2013
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мағауин Мұхтар
Қазақстанның халық жазушысы, әдебиетші ғалым
Ғарифолла Есім
 академик
Жанболатов Сұлтан
профессор (Қытай)
Мырзахметұлы  Мекемтас
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қалижан Уәлихан
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры, филология ғылымдарының
докторы,  профессор
Әбдіғазиұлы  Балтабай
Түркі академиясының ғалым хатшысы
 филология ғылымдарының докторы, профессор
Жұртбай Тұрсын
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Хакім Мерием
PhD, профессор (Түркия)
Жақып Бауыржан
"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескендіров Мейір
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Еспенбетов Арап
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
филология ғылымдарының докторы, профессор
Рамазан Айгүл
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті журналистика және практикалық қазақ тілі
кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының
докторы
Әубәкір Жандос
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-
мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының
директоры, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
ISSN 2308-0590
Индекс 74661

2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.
МАЗМҰНЫ
Жанболатов Сұлтан. Шәкәрім мен Зияд Қытайда...............................................................................4
Hakim MeryemSpiritual аnd сultural heritage of the kazaks in the world......................................................9
Есім Ғарифолла. Солон және Шәкәрім.......................................................................................................11
Мырзахметов Мекемтас. Шәкәрімдегі жантану ілімі...........................................................................15
Әбдіғазиұлы Балтабай. Тәуелсіздік жылдарындағы шәкәрімтану.........................................................18
Еспенбетов Арап. «Бұл қазақтан мақсұты биік алыс...»...........................................................................26
Момынова Бағдан. Шәкәрім - тілдік тұлға.................................................................................................30
Mukhamedkhan Dina. Shakarim аnd Kayum...............................................................................................36
Ердембеков Бауыржан. Еңлік-Кебек интерпретациясы........................................................................39
Үсенова Айгүл. Қазіргі өлең құрылымындағы Шәкәрім үрдістері.........................................................48
Әубәкір Жандос. Ғибратты ғұмыр жолы.................................................................................................55
Бибеков Қаныш. Шәкәрім тіліндегі морфологиялық көрсеткіштердің стильдік қолданысы..............68
Камалқызы Жанымгүл. Ұлтымыздың рухани ұстазы Қ.А.Ясауидің талантты шәкірті.....................72
Рақымжанов Бақытжан. Шәкәрім сынаған пәншілдік.......................................................................87
Смағұлова Ақмарал.Шәкәрім мұрасы қалай насихатталуда?..................................................................94
Медеуханұлы Әсет. Шәкәрімнің саят үйі.................................................................................................97
ШӘКӘРІМТАНУ
Әмірбеков Шәріпбек. Құттықтау сөз......................................................................................................3

3
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
Бар саналы өмірін, ақындық өнерін халық мүддесіне арнаған  ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының
155 жылдық мерейтойы - исі қазақ үшін мерейлі мереке.
Шәкәрім – Абайдан кейінгі әдеби көшті бастаушы, рухани жырымен ұрпағын иландыра білген
ақиық  ақын.  Қоғам  келбетін  кестелеуде  әлеуметтік  мән  астарын,  тарихи  шындық  жағдайын,
халықтың этнографиялық  негізін астарлата  білген ақын  шығармалары қазақ  өмірінің айнасына
айналды.
Бүгінде ақын, композитор, тарихшы, ұлы ойшыл Шәкәрім ақын есімі әр тараптан танылып,
зерттелуде.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» орталығында
ақын шығармашылығына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары ілгері орынға қойылған. Өткен
жылы  университет  тарихына  арналған  мұражайдан  Шәкәрім  шығармашылығына  арналған
экспозиция орын алса, биылғы жылы «Шәкәрім кітапханасы» сериясымен ақынның 1912 жылы
шыққан жинақтарының факсимильдік нұсқасы дайындалды. Сонымен қатар орталықта дәстүрлі
түрде «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы жарық көруде. Журналдың алғашқы санынан бастап
ұлы  ақын  өмірі  мен  шығармашылығына  қатысы  бар  барлық  мәселелер  төңірегінде  іргелі  ой
қозғайтын мақалалар жарияланып келеді. Назараңызға ұсынылып отырған журналдың мерекелік
санында жарияланған мақалалар шәкәрімтану мәселелеріндегі  зерттеулер мен жаңаша көзқарастар
жүйесін  қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.
«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы мен гуманитарлық бағыттағы кафедралар тындырмақ
игі істердің бастысы - Шәкәрім шығармаларының толық жинағын шығару. Ол үшін ең алдымен
байсалды,  жүйелі  текстологиялық  зерттеуді  жүзеге  асыру  шарт.  Сонда  ғана  Шәкәрім
Құдайбердіұлының мәтіні анықталған, сапасы жоғары көп томдығы оқырман қолына тимек.
Біздің үлесімізде Шәкәрім қаламынан туған асыл мұраларды бағамдау міндеті тұр. Сол себептен
де отандық әдебиетшілер мен тарихшыларды, философтар мен өнер зерттеушілерін, педагогтар
мен өзге де маман иелерін осы ұлағатты істе бір кісідей жұмылуға шақырамын.
Әмірбеков Ш.А., саяси ғылымдар докторы, профессор,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры
2013 №3 (20)

4
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМ МЕН ЗИЯД ҚЫТАЙДА
Арғы шақ аласапыранының әңгімелері
Қытай  қазақтары  ішіндегі  үлкендердің  еске
алуынша, 
өткен 
ғасырдың 
басқы
онжылдықтарында,  Абай  ғана  емес,  Шәкәрім
Құдайбердіұлының  (1858  ж.  11  шілде.  Семей.
Кеңбұлақ.  –  1931ж.  2  қазан.  Шыңғыстау)
ақындығы,  жазушылығы,  фило софтығы,
тарихшылығы, композиторлығы,  текті атаның
ұрпағы  екені,  отаршыл  империяның  қырына
алынған  атақты  қайраткерлігі    Қытайға  ауып
келген көзқарақты қазақтар ішінде кеңінен сөз
болады екен.
Бермен  келе  (әсіресе  1930  жылдырда),
Абайдың  інісі  және  замандасы,  әрі  ол  негізін
салған  реалистік  әдебиет  дәстүрлерін  алға
апарушы ізбасары Шәкәрім туралы сөз тіпті етек
алыпты. «Себеп Ресей елінен өзге мемлекетке
келгесін еркін ашылатын  ауызда ғана тұрғаны
жоқ еді, бір топ сорпа бетіндегі арыстар Қытайға
келіп  мұндағы  елдің  көзін  ашып,  көкірегін
оятуға  талай  тың  істер  тындырған  болатын»
деседі сол ақсақалдар.
Онысы рас. Қазақстандағы қолдан жасалған
зорлықты  ұжымдастыру  мен  тәркілеу,
ашаршылық, репрессия, т.б. геноциттік саясат
салдарынан ондағы талай ел ағалары Қытайға
аууға  мәжбүр  болыпты.  Осылардың  ішіндегі,
Санкт-Петербургтегі 
Император
университетінің заң факультетін тауысып, 1902
жылы  заңгер  мамандығын  алғасын,  кезінде
Семейдің округтік сотында қызметкер, «Сары-
арқа»  үнқағазының  редакторы  болған,  1912-
1916 жылдары «Айқап» журналы мен «Қазақ»
газетінде  патша  үкіметінің  отаршылдық
саясатының  сырын  жанкештілікпен  батыл
әшкерелеген,  жалпықазақ  сиезін  ашуды
белсенділікпен  көтерген,  тіпті  1918-1919
жылдары Семейде Алаш әскерін жасақтауға да
атсалысқан,  кейін  өзіне  қатер  төнгенде  (1922
жылы)  амалсыз  Қытайға  өткен  Райымжан
Марсеков (1879 ж. Семей облысы, Өскемен уезі
Айыртау  болысы.  -  ?)  баст аған,  Әс ет
Найманбайұлы, Зият Шәкәрімұлы, Шерияздан
Марсеков,  ағайынды  Ғазез  Нұрмұхамметұлы
мен 
Әніуәр 
Көкйұлы 
Қалбановтар,
Шайқысламұлы Жүсіпбек, Көдек Маралбайұлы,
Әріпжан  Жанұзақұлы,  қаратай  Ережепов
Әбдікәрім  болыс  сықылды  ықпалдылар
қо стаған  топтың  Қытайға  өтіп,  Қыт ай
қазақтарына  жасаған  оң  ықпалы  мұндағы
қазақтардың  мәдени  оянуы  мен  гүлденуіне
күшті дем  беріпті. Осы ықпалдың  ішіндегі бір
игі  іс  ретінде  Абай  мен  Шәкәрімнің
танымалдығы анағұрлым арта түскен.
Бірақ,  амал  не,  бұл  арыстардың  өмірі  де,
ықпалы да ұзаққа бармаған. 1934 жылдан бастап
1944  жылға  шейін  Шинжяңның  әскери,
әкімшілік жақтардағы бар билігі Шың Шысай
1
1
盛世才
 
ӘОЖ 821.512.122
Тірек сөздер: Шәкәрім шығармалары, Зияд Шәкәрімұлы, Шың Шысай.
Мақалада  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  ақындығы,  жазушылығы,  философтығы,
тарихшылығы,  композиторлығы,  текті  атаның  ұрпағы  екені,  отаршыл  империяның  қырына
алынған  атақты  қайраткерлігі    Қытайға  ауып  келген  көзқарақты  қазақтар  ішінде  кеңінен
зерттелуі жайлы сөз болады.
С.ЖАНБОЛАТОВ, профессор, жазушы
Қытайдағы  «мәдениет  төнкерісінен»  соң,  Шынжаң  университетінің
проректоры,  ШҰАР  білім  Комитеті  төрағасының  орынбасары,  Бүкіл
Қытай Парламентінің депутаты, оның Ұлттар комитетінің мүшесі
ШӘКӘРІМТАНУ

5
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ
дейтін,  «Шинжияңның  қағаны»
2
  атанған
алаяқтың  қолына  өткен  екен.  Ол  өз  билігін
нығап алғанша, аз уақыт «алғабасар» бейнесін
жылтыратады  да,  артынан,  билігін  әбден
бекемдедім-ау 
дегенде, 
ССРО-ның
тапсырмасымен оның «халық жауларын» және
өзіне  бөгет  санаған  Шинжияңдағы  халықтың
ықпалды  тобын  қатты  қырады.  Біз  атаған
арыстар сол барыста мерт болған.
Осы  айтқандарымызға  Шәкәрімнің  ұлы
Зиядтың  (1903  ж.  -  1938  ж.)  көшірмесі  айқын
мысал. Шинжияңдағы жазушы Зейнолла Сәнік
(1935 ж. - ), профессор Әмір Жалбағаев (1936
ж.  -  ),  рофе ссор  Шәйітқазы  Зейнелғазы,
ағартушы  Мидіхат  Разданұлы  (әкесі  Зиядпен
қыметтес болған. 1932 ж. - ), жазушы, шежіреші
Нұрлан 
Сәрсенбаев, 
қазақст андағы
Мұсылманбек  Әбділдабекұлы  Төгісов,    құдам
Әніуәр  Көкейұлы  Қалбано в  (1902  ж.
Ш.Қазақстан.  Ақсуат  -  2009  ж.  Алматы)  және
Салтанат  Далбайқызы,  А.Түгелбаев,  Айтқали
Кененбайұлы сықылды зерттермендердің жеке
архиві  мен  жариялаған  мақалаларына
негізделгенде,  Зияд  Шәкәрім  ұлы  (ағалары
Ғафур, Қабыш, Ахат түгел қолға алынып, Ғафур
мен Қабыш түрмеде өліп, Ахат Сібірге айдалған
соң) әке ақылымен (тағы бір деректе Шыңғыстау
көтерілісін  жасаған  соң),  Шыңғыстаудағы
жұртынан  аттанып,  Бердеш  (Фердауси)
Әзімбайұлы  Тәкежанов  пен  Төлеуғазының
(орысша  оқыған  ересек,  кейін  келе  Алтайдың
Әлен  ханының  шаруашылық  басқарушысы
болған  адамның)  басшылығында,  Мәнекеш
Әзімбайұлы  (Бердештің  інісі),  Қожақапан
(Шәкәрімнің қызынан туған жиені), Қасымбек
Солтабайұлы  және  жолда  қосылған  Керей
ішіндегі  жастабан,  Шақантай  батырдың  бергі
ұрпақтары Жабағытай (бұл кісінің ұлы Нариман
Үрімжіде  ірі  аударушы  еді,  бертінде  қайтыс
болды.  «Азаттық»  радиосының  қазақ  бөлімін
басқарған  Хасен  Оралтайдың  до стары),
Кенжебектер сықылдыларды ертіп, Шұбартауды
басып, Бақты кедені арқылы, 1931 жылы қазан
айының  соңында,  жиыны  300  дей  адам
Шәуешек  өңіріне  өтеді.  Бірақ  Зиядтар,
Қазақстаннан  келгендері  көп  Шәуешек
қаласына  жуымай,  Еміл  өзенінің  бойындағы
Жиекте  отырған  Сонабайұлы  Иса  қажынікіне
(Бәйбішесінің аты – Мәскеу – Үрімжідегі Әмір
Жалбағаев  пен  Астанадағы  жазушы  Думан
Рамазандарға туыс. Иса қажының бір ұлы Серік
Ис аев 
қазір 
Алматыда, 
Кеңс ай
қабырыстандығын  басқарушы)  келіп  түседі.
Зиядтың,
Маккаға тауап етіп барған қажы,
    Мешіт пен медіресе салған қажы,
     Аш-арық адамдарды тойындырып,
     Көз қырын мүсәпірге салған қажы.
     Амалын екі әлемнің бірдей ойлап,
     Сауабын дүниенің алған қажы. –
деп  жазған  өлеңі  Иса  қажының  осы  жолғы
ыстық  құшағына  разылықтың  белгісі  еді.
Зиядтар  осыдан  соң  тіпті  бытыраған  көрінеді.
ССРО  КГБ  сының  жансыздары  өріп  жүрген
Шинжияңда,  артында  қуғыншы,  іздеуші  бар
бұларға бір жерде тұрақтап тұру да қатер болған.
Бұлар  қолдарынан  келгенінше  үздіксіз  орын
жөткеп  отырған  сыңайлы.  Зияд  бір  жылдай
тарақты  Тышқанбай  бидің  ұлы  Қабдолланың
ауылында болыпты. Зияд өздерін (Жабағытай,
т.б. азаматтарды) іздеген (Шойынбаев сықылды)
қуғыншылар келгенін, әкесінің жазым болғанын
ести  сала,  Шәуешектің  шығысындағы  (56
шақырымдық  жердегі)  Дөрбілжіннен  дереу
(1932  жылы)  достығы  жарасқан  Айтқазы
Қабдолла  ұлымен  бірге  Үрімжіге  барады
(Жабағытай  Еренқабырғаға  –  Шиқу,  Сауан
аудандары жаққа  кетеді). Зияд  Үрімжіге келіп,
   
2
Шың  Шысай  (1867  ж.  Ляуниң  өлкесі  -  1970  ж.  Тәйбей)  ССРО  компартиясының  мүшесі  және  генералы.  1927  жылы  Жапонда
құрлық  армия  университетіннен  оқып  оралғасын  Гоминдаң  армиясының  басқолбасылығында  штаб  генералы  болған.  1930  жылы
Шинжяң  өлкелік  үкіметінің  басхатшысы  Лу  Шяузудың  ұсынысымен  Шинжияңға  келеді.  1932-1933  жылдардағы  Құмылдағы
Қожанияздың, оған Гансудан көмекке келген Ма Шымиңнің қолын қиратып, аты шығады. Сол жылы саяси өзгеріс жасамақ болған
генерал Чін Чоң мен Ресей патшалқ армиясының былығынан пайдаланған ол, 1934 жылы, барлық қарсыластарын қырып жоя келе,
Шинжияңның төрағасы болған. Шинжияңды автономиялы жолмен басқарған. Орнын нығайтқанға шейінгі бір сәттік саясаты арқылы
халықтың  құптауына  қол  жеткізген.  ССРО  ның  әр  жақтылы  көмегімен  Шинжияңдағы  қарсыластарын  үздіксіз  құртқан.  Тәп  осы
кезде Қазақстаннан келген зиялылар  мен жерлік ағартушылар недәуір еңсе көтерген, халыққа пайдалы  істер тындырып алған еді.
Артынан Шың Шысай айнып, ССРО ның «халық жаулырын» ұстап беру не құртуды кеңейте барып,талай адамның қанын ішті. Ең
соңында қайтадан Гоминдаңға бас ұрды.

6
Уфадағы Ғалия медресесін бітірген, орынборда
гимназияда  оқыған,  Алаш  азаматт ары
тұтқындала  бастағанда  Шәкәрім  қажының
ауылын паналаған, одан Зайсан арқылы Қытайға
өткен, бұл күндері Үрімжідегі өлкелік үкіметтің
ағарту ісінің бастығы болып жүрген Сейітқазы
Нұртайұлынікіне 
түседі. 
Сол 
жылы
Сейітқазының  қызына  үйленеді  және  оқуға
түседі.  Артынан  (1933  жылдың  қарашасында)
Алтайға аууға мәжбүр болады. Зияд Алтайдағы
Бітеуіргеде  отырған,  керейдің  иесі  орнындағы
Мәми  бейсінің  ауылына  түседі  (бұл  тұста
бейсілік  лауазым  Мәмидің  немересі  Бұқат
Қанапияұлында екен). Кезінде Найман ішіндегі
қаратай  болысы  Әбдікәрім  Ережепов  та  осы
ауылға  келген  және  Мәмилер  бұларды  жақсы
қарсы алған.
Шың Шысай залым таққа шыққан соң (1934
жылдан  былай),  аз  уақыт  жылымық  саясат
жүргізгенде, Алтайды басқарып тұрған, Көгадай
ханның  ұрпағы  Шәріпхан,  содан  пайдаланып,
мәдениет  пен  оқу-ағартуды  кіндік  еткен
алғабасар  ізгі  істерді  қолға  алады.  Зияд
Алтайдағы  «қазақ-қырғыз  мәдени  ағарту
ұйымын»  басқарыса,  аймақтық  оқу-ағарту
бөлімінде қызмет істесе, мұғалім, ақылшы бола
жүріп,  Алт айдағы  мектептердің  63-ке,
оқушылардың  4000-ға  таяуына  тікелей  үлес
қосады, Асқар Татанаев (әйгілі ақын, жазушы,
фолклоршы),  Сәлімжан  Кәкіжанов.  Махмұт
Өтелбаев,  Асхат  Мәңкейұлы,  Мұратбек
Мәңкейұлы,  Уақит  Оразаов  сықылды
шәкірттерін  тәрбиелейді.  1935  жылы
желтоқс анның  27  күні,  Алтай  әкімшілік
мекемесінің  басхатшысы  Мәңкей  Мәмиұлы
басқарған,  Мұқаш  Жәкеұлы  басредакторлық
қылған «Шинжияң Алтай газеті» дүниеге келе
сала,  оны  құттықтаған  өлеңін  жариялайды.
Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Мағжан  Жұмабай,
Ахмет Байтұрсын, Мержақып Дулат, т.б. әйгілі
тұлғаларды  таныстырады.  «Аюбай»  сықылды
шығармаларын  жариялайды,  туындыларының
кейін сахналастырады.
Зияд 1937 жылдың басында, «Өлкелік қазақ,
қырғыз мәдени ағарту ұйымының» шақыруымен
Үрімжіге барады. Үрімжі қаласындағы «қазақ-
кырғыз  ағарту  ұйымының»  ойын-сауық
бөлімінің  меңгерушілігін  және  Ғзез  Қалбанов
басқарып  тұрған  «Шыңжаң  газеті»  қазақ
редакциясының 
әдебиет 
бөлімінің
меңгерушілігін атқарады. 1938 жылы ақпанда,
ССРО КГБ-ның  тапсырмасымен, шын  пейілін
жасыра алмаған жауыз Шың Шысай тарапынан
қолға алынады. Оның осыдан соңғы тағдыры әлі
беймәлім.
Зиядтың  Қытайдағы  жұбайы  Мүниза
(Мүнирә?) Сейітқазықызы (Сейітқазы Нұртаев
күллі Алтайға мәшһүр оқымысты адам болған.
Бұл да қамалып, 1945 жылы ауырып өлген) 1946
жылы қайтыс болады. Одан туған Мереке деген
ұлы  Зиядтың  бажасы  Қали  Иманқожаевтің
қолында өседі. Кейін, оны Қали мен Бердештер
Қазақстанға  алып  кетеді.  Алматыдағы
Мерекенің балалары – Нұрлан, Гауһар, Меруерт,
Сәуле деседі.
Зиядтың  Қытайда  өткен  қысқа  ғұмырында
тындырған көп ісінің (бұл қысқа мақала оның
бәрін  баяндауды  үстіне  ала  алмады)  бірі  Абай
мен  Шәкәрімді  Қытай  қазақтарына  кеңінен
таныстыру болыпты. Бұл, әрине, оның
    Қажы еді әкем кәрі шал,
    Жетпіс үште жасы бар.
    Анық жеміс алғанға,
    Шөлдеген жанға еді бал. –
деген немесе,
   Ұлы едім Шәкәрімнің Зияд деген,
    Ән салдым бала жастан қияқпенен.
   Әкенің тәрбиесі сіңіп бойға,
    Қиянат жанға жасау ұят деген. –
сықылды  өлеңдерімен  ғана  шектелмейтіні
белгілі.  Ол  шәкірттеріне  берген  дәрістерінде,
жұртқа  сөйлеген  сөздерінде,  жазған  өзге
еңбектерінде,  Абай  мен  Шәкәрім  ғана  емес,
талай  алаш  азаматтарында  ауызға  жиі  алған.
Абайдың,  Шәкәрімнің,  Зиядтың,  тіпті  алаш
арыстарының  Қытай  қазақтарына  танылу
барысының басы міне осындай.
Бергі шақ пен бүгіннің шындықтары
Қытайда, Шың Шысайдың әлгі қырғынынан
соң,  «мәдениет  төнкерісі»  атты  ауыр  апат
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

7
аяқталғанға (1976 жылға) шейін, солақай саясат
жұртты  иіріп,  есін  шығарғандықтан,  тарихи
тұлғалардың,  сол  қатарда  Шәкәрім  сықылды
алыптардың  атын  атау  қиындаған  бір  тарихи
саты  өтті.  Бұл  отыз  неше  жылда  тіпті  оларды
білетін  жандар  да  сиреп-ақ  кетті.  Дегенмен
халық  батыр-ақ  қой.  «Үй  артында  кісі  жоқта»
оларды еске алу, сыбыр-күбір арқылы болса да
шығармаларын  оқу  мен  жаттау,  ауысу  мен
көшіру  жалғасын  таба  берді.  Бұған  Мидіхат
Разданұлының  «Зиядтың  Шинжияңдағы  өмірі
мен  шығармашылығы  туралы»  деген
мақаласында,  «Менің  әкем Раздан  Зиядтың  өз
қолынан шәкәрімнің «Үш анық» деген кітабын
(қолжазба)  және  бір  топ  өлеңдерін  көшіріп
алыпты. Ал, әкем арқылы Мәсау, Рашат, Уақит
тағы басқалардың көшіріп алғаны менің есімде»
деуі мықты мысал.
1988  жылы  (туғанына  130  жыл  дегенде)
Шәкәрім  толық  ақталып,  оның  өлмес,  өшпес
мұрасы халқына қайта оралды.
Қыт ай 
басылымдарынан 
Шәкәрімді
үгіттеуге,  шығармаларын  жинап,  реттеп,
жариялауға,  Шәкәрім  және  оның  ұрпақтары
жайлы  деректерді  іздеу  мен  табуға,  Шәкеңнің
130 және 150 жылдығын атап өтуге ең белсенді
атсалысушы  Дәлелбек  Қинаятұы  басқарып
тұрған  «Мұра»  журналы  болып  келеді.
Дәлелбектер  Шәкәрім  толық  ақталудан  бұрын
(1985  жылы),  «Мұраның»  №1  жән  №2
сандарында Шәкеңнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм
хандар шежіресін» түгел жариялады. 1988 жылы
№1 санында, Сұлтан Жанболатовтың «Жүз отыз
жылдан  соң  қайта  туылу»  атты  мақаласын
басып,  Шәкәрімді  жан-жақтылы  таныстырды
және  төрт  суреті  мен  16  өлеңін  (Қазақстан
материялдарынан алып, Оразанбай дайындаған
«жуандар»,  «нәсихат»  сықылдыларды)  қоса
берді.  1990  жылғы  №1  санына  Шәкәрімнің
«талап  пен  ақыл»,  «анық  пен  танық»  атты  екі
өлеңін  тағы  жариялады  (Қазақстанның  «Білім
мен  еңбек»  журналынан  алып  дайындаған
Дәлелбек  Қинаятұлы).  «Мұра  журналының»
1995-жылғы  №3  санында  Алтай  қаласындағы
ағартушы Мидхат Разданұлының «Шәкәрімнің
Өр  Алтайда  ізі  бар»  дейтін  (өлеңдері,
дастандары,  шежіресі,  ұлы  Зияд  жайлы  сөз
қозғаған) көлемді мақаласын жариялап, жұртқа
беймәлім  талай  жәйіттің  бетін  ашты.  Тағы  да
осы  «Мұра»  2008  жылы  №2  санында  Мидхат
Разданұлының  «Зиядтың  Шыңжаңдағы  өмірі
мен шығармашылығы туралы» деген мақаласын
басып, беймәлім жәйіттерді одан ары аша түсті.
Дәлелбектер  «Ғұлама  ақын  Шәкәрім
Құдайбердіұлының  дүниеге  келгендігінің  150
жылдығын қызу құттықтаймыз!» деген лебіз бен
Шәкеңнің үлкен суретін осы санның бір бетіне
бір-ақ  берді  әрі  Шәкеңнің  проф.  Қаусылхан
Қамажанов  (Жалын  баспасынан  шыққан
«Шәкәрім»  атты  жинақтан)  дайындаған  «жас
өтті  тынымсыз»  сықылды  бес  өлеңін  қоса
жариялады.  Қазір  Дәлелбектердің  қолында
Шәкәрімнің  Қытайдағы  Көктоғай,  Шіңгіл
аудандарындағы елге тараған өлеңдері бар. Олар
мұны  зерттеуден  өткізіп  барып  жарияламақ.
Жалпы  Дәлелбектердің  Шәкеңді  Қытайдағы
қазақ ұрпағына жан-жақтылы таныта түсу бекімі
қатты берік.
Осыдан былай, Шәкең Қытайдағы халқының
ішіне де қайта оралды ғана емес, зор құрметке
бөленіп, 
басылымдардың 
төрінен,
зерттермендердің  зердесінен  орын  алып,
шығармалары  зерттелетін,  дәрістерден  ойып
орын  алатын,  өлеңдері  жатталатын,  әндері
шырқалатын жаңа күй қалыптасты.
Мысал  сөзді  Қытай  астанасы  Бейжіннен
бастасақ,  Орталық  Ұлттар  Университеті  қазақ
филология  факультетінің  бастығы,  прфессор
Мұхтар  Әбілхақұлының  шақыруымен,  2010
жылы,  Фараби  атындағы  ҚазҰУ  қазақ
филологиясы  кафедрасының  меңгерушісі,
профессор, филология ғылымдарының докторы
Бағдан  Момынова,  2011  жылы  мамырда  ҚР
Гумилев  атындағы  Еуразия  университетінің
проректоры, 
профессор, 
филология
ғылымдарының докторы Дихан Қамзабеков осы
университет  студенттері  мен  аспиранттарына,
неше  айлап,  Шәкәрімнің  шығармашылығы
жайлы  лекция  о қып  қайтты.  Бейжіндегі
Орталық  Ұлттар  басбасы  2012  жылы  Сәлима
Әс ейінқызының 
«Қазақ 
әдебиетінен
тақырыптық зерттеулер» атты монографиясын
шығарған  болатын.  Монографияның  бірінші
тарауы Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Үрімжідегі  Шинжияң  университетінің
профессоры  Жеңысхан  Мұқатайұлы  қазақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет