Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата15.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#9798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Р.У.Чекаеава,  Ф.М.  Чекаеав,  А.Б.Байзакова  Цветоведение.  Учебное  пособие.  –  А.: 

ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2010 – 100.

2.  Теоретические и методологические исследования в дизайне. Избранные материалы/

составители О.И.Генисаратский, Е.М.Бузунова. М., [изд-во Шк. Культ. Полит.] 2004.-372.

3.  Михайлов  С.М.  История  дизайна  Том  1,  2:  Учеб.  Для  вузов.  –  2-е  изд.  –  Москва: 

«Союз Дизайнеров России», 2004. – 280.

4.  Астана плюс. «Бизнес медиа», № 3. – Алматы, 2010. – 62-73.



55

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

ӘОЖ 37.018.11-055.25



Г.М.Әбжан

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының 

оқытушысы, филология магистрі.

АТА ЖОЛЫ – ЖЕТІ АТАНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҰҚЫМ 

ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫ

Мақалада автор қазақ халқының отбасы құндылықтарының мәселелерін қарастырады. 

Ұрпақ тәрбиесіндегі тектің рөлі мен маңызын қарастырылып және тұқым қуалаушылықтың 

заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес екендігі туралы 

айтылған. Жалпы, ұрпақ тәрбиесін байырғы бабаларымыз айтып кеткен. Солар салған сара 

соқпақпен жүрсек болғаны. Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай 

түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. 

Түйін сөздер: Ұрпақ, тәрбие, жас ұрпақ, хромосомалық аурулар.

Автор в данной статье рассматривает проблемы семейных ценностей казахского народа. 

Рассуждается значении компонентов воспитания поколения и воспитание  образованного, 

интеллектуально развитого, духовно сильного человека является залогом  укрепления нрав-

ственных ценностей, национально-культурных традиции и обеспечения преемственности 

поколений. Гармоничное становление личности на основе развития ценностного отноше-

ния к себе, другим и миру становится  предпосылкой   утверждения мира и согласия, сози-

дательной силой воплощения национальных приоритетов, а также условием  сознательного 

выполнения каждым своего общественного долга.

Ключевые слова: Поколение,  воспитание, молодое поколение, Хромосомные болезни. 

The author of this article examines the challenges of family values of the Kazakh people . 

Reasoned value components of education and upbringing of generations educated, intellectually 

developed , spiritually strong person is the key to strengthening the moral values , national-cultural 

traditions and to ensure the continuity of generations. Harmonious formation of personality based 

on the development of the valuable relation to themselves, others and the world is becoming a 

prerequisite for the establishment of peace and harmony, the creative force implementation of 

national priorities, as well as the condition of the fulfillment by each conscious of their public 

duties.

Keywords:  The  mother  country,  education,  young  generation,  Chromosomal  disease.

Қазақтың  жеті  атаны  қолдауы  –  жазыл-

ма ған  әлемде  болмаған  заң.  Оңтүстік  Корея-

ның  ғалымдары  дүниежүзіндегі  халық тар дың  

қанының  құрамын  тексеріпті.  Сонда  ең  таза 

қан-қазақтың  қаны  деп  тауыпты.  Жеті  атаны 

ұстанады екен деген. Осында қазақтың қырық 

үш руының қанын тексер ген де, әлгі қырық үш 

рудың қаны бір әке нің қанындай болып шыққан. 

Бұл – жеті ата ның қасиеті [1]. Осы мезетте саясат-

тану ғы лым да рының докторы, демограф ғалым 

Мақаш Тәтімовтың пікірін келтірсек болады:



«Жеті ата қан тазалығын сақтайды. Мәс кеу де 

студенттік кезде еститінмін, биолог тар  қазақтың 

арасында  кемтар,  ақыл  ойы   кем,  дене  бітімі 

дұрыс емес балалар  өз бек ке қарағанда жеті есе 

аз  деп  айтатын.   Мұ ны  биологтар  жеті  атадан 

қыз  алысып,  беріспейтіндігімен  түсіндірді».

Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр 

халқы  немересін  алады.  Өзбек  не мересін  алады. 

Татар мен түрікмен де немересін алады. Немере 

дегеніміз-туыс. Немерені алған соң адамның қаны 

бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді.


56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Тұқым  қуалаушылықтың  заңдылықтары 

тұр ғысынан алғанда туыс адамдардың (неме-

ре, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. 

Себебі,  ондай  адамдардың  генотиптерінде 

ұқ састық  болады.  Ал  тұқым  қуалайтын  ау-

ру лар  мен  түрлі  кемістіктерді  көбінесе  ре-

цес сивті  гендер  анықтайтындығы  белгілі. 

Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында 

ға на білінеді. Туыстық некеде ондай мүм кін-

шілік мол болады. Сондықтан олардан  туа-

тын  ұрпақта  кемістік  көп  кездеседі.  Мо но-



генді аурулар генетикалық ақпарат жа зыл-

ған құрылымдық гендердің мутацияға ұшы-

рауынан туындайды. Бұл аурулардың ұр пақ-

тар ға  берілуі  Г.Мендельдің  тұқым  қуалау 

заң дылықтарына  сәйкес  жүретіндіктен 

мен  дель  денуші  тұқым  қуалайтын  ауру  деп  

аталады.  Моногенді  түрі  аутосом.-доми-

нант ты  (арахнодактилия,  брахидактилия,  

по ли дактилия, т.б. дерттер), аутосом-ре цес-

сив ті (екі, кейде үш немере ағайынды неке-

лес кен  адамдар  арасында  жиі  кездеседі.

Хромосомалық  аурулар  геномдық 

(хромосомалар  санының  өзгеруі)  жә не 

хромосомалық  (хромосомалар  құры лы-

сы ның  өзгеруі)  мутацияларға  байланысты 

қа лып тасады.  Жиі  кездесетін  хромосома 

ауру ларының  қатарына  трисомиялар  жата-

ды.  Бұл  кезде  хромосома  жұптарының 

бірін де  қосымша  3-хросома  пайда  бола-

ды.   Мысалы,  Даун  ауруында  аутосом.  21-

жұп  бойынша  трисомия  болса,  Патау  син-

дро мында  13-жұпта,  Эдварс  синдромында  

18-жұбында  болады.  Гаметогенезде  мейоз-

дық  бөлінудің бұзылуына байланысты әйел-

дер де  жыныстық  Х  –  хромосомалардың 

бі реуі  болмаса,  Шерешевский-Тернер  син-

дромы,  керісінше  бір  хромосом  артық  бол-

са  –  трипло-Х  (ер  адамдарда  Клайнфель-

тер)  синдромының  қалыптасуына  әкеледі. 

Демек,  қан тазалығын сақтамаған жұптарда 

ауру лардың  ізі  қалатындығы  анықталған.

Алғаш  рет  У.Бэтсон  мен  Пеннет  1906 

жы лы хош иісті бұршақ өсімдігінің гүлінің 

тү сі  бойынша  тұқым  қуалауын  зерттеген. 

Гүлі нің  түсі  ақ  екі  гетерозиготалы  бұршақ 

өсім дігін  бір-бірімен  будандастырғанда, 

бірін ші ұрпақтағы будан өсімдіктердің бар-

лы ғының гүлінің түсі қызылға айналған. Ал 

қы зыл  гүлді  будан  өсімдіктерін  өздігінен 

то заң дандырғанда, екінші ұрпақта (Ғ

2

) 9/16 



өсім дік гүлінің түсі қызыл және 7/16 өсімдік 

гүлі нің  түсі  ақ  болған.  Сонда  белгілердің 

ажы рауы 9 : 7 қатынасында жүрген. Демек, 

бас тапқы  түс  9:7  қатынасында  сақталған.

Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда 

он дай жағдай өте сирек кездеседі және ұр-

пақтың  тіршілік  қабілеті  жоғары  бола ды.  

Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағ дай-

да  болатындықтан,  Мендель  заңына  сәйкес 

ау ру  мен  кемістікті  анықтайтын  рецессивті 

ген ді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің ар-

ғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қа лып-

тас қан  дәстүр  бойынша  жеті  атадан  кейін 

ға на  некелесуге  рұқсат  беріледі.  Бұл  біздің 

ген дік  қорымыздың  мол  әрі  мықты  болуы-

на  әсер  етеді.  Сондықтан  мұндай  дәстүрді 

сақ тап  отыруымыз  қажеттілігі  туындайды.

Адамның  денсаулығын  қорғау  мен  жақ-

сар ту егіз нәрсе болғандықтан, әр халықтың 

өзі нің  халқы  мен  ұрпағын  аман  сақтауда, 

ұлттық  этникалық  салт-дәстүрді  сақтаған 

денсаулық  туралы  заңнамалары,  сол 

халықтың тазару  мә дениетін ілгері дамытуға 

ықпал  етті.  Оның  дәлелі  ХV  ғасырда-ақ, 

қазақтың Әз Жәнібек ханына ұрпақ тазалығы 

мен  де ні нің   саулығы  жөнінде,  қараүзген 

шипагер  Өтей бойдақ  Тілеуқабылұлының 

жеті  атаға  тол май  үйленбеу,  сүйіспеу, 

аула  тазалығын  сақ тау  туралы  ұсынысы 

хан  Жарғысының  шы ғуына  ықпал  етті. 

Тұқымының  таза  болу ына,  денінің  сау, 

қайсар,  бауырмашыл,   ас қан  ойшыл  және 

ірі тұлғалы болып же ті луіне бұл жарғының 

пайдасы, бүгінге дей ін жалғасуда. Қазақтың 

жерінің кең, дас тар қанының мол, жатты бау-

ыр санайтын ұлы  қасиеті, оның тұқымының 

тазалығы мен  рухының биіктігін айқындайды.

Жеті  ата  –  қазақ  халқының  дәстүрлі 

салт-санасындағы  адамның  ата  жағынан 

те гі  таратылуының  нақтылы  жүйесі.  Ба-

ла   өзінен  бастап  әкесі,  атасы,  бабасы,  т.б.,  

жеті  атасының  нақтылы  есімдерін  кіш кен-

та йы нан  жаттап  өседі.  Бұлардан  тараған 



57

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

ұр пақ тар  бір  атаның  балалары  саналады. 

Ал  екінші  жағынан  баладан  тарайтын  ұр-

пақ   әкеден  төмен  қарай  жалғаса  береді. 

Ағай ындықтары  Жеті  атаға  толмай  жақын-

жуық тар  бір-бірінен  қыз  алыспайды.  Жеті 

ата ға  толғаннан  кейінгі  күннің  өзінде,  бір 

ру дың  жастары  некелесетін  жағдай  туса, 

ру  ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені 

сой ып, баталасып барып рұқсат ететін бол-

ған.  Ататек атаулары: ата, әке, бала, неме ре,  

шөбере,  шөпшек,  немене.  Бұдан  әрі  туыс-

тық  атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат 

жұра ғат,  жегжат,  жамағайын  болып  кете 

бере ді.  Соңғы  түйіндеуші  буын,  әдетте,  ру 

есі міне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан 

бас тап  сатылап  өз  әкесіне  яки  өзіне  дейін 

таратылады.  Өз  ата-бабасын,  жеті  атасына 

дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған 

және  сол  білігі  арқылы  ол  өз  халқының 

дәстүрін  жалғастырып  отырған.  Мұның  өзі 

қазақтардың  этникалық  ерекшеліктерін  та-

нытады,  әрі  оның  қиын-қыстау  кезеңдерде 

тегінен  көз  жазып  қалмауына  және  басқа 

халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне 

себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін 

білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар 

үшін  өмірлік  қажеттілік  болды.  Жеті  ата-

дан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық 

бі тім  бірнеше  ғасырлар  бойы  «қазақ  хал-

қы   –  бір  атаның  баласы,  бір  тамырдан 

тара ған»  деген  ұстанымды  орнықтырған.

Жеті  атасын  тарата  білу  арқылы  әркім 

көр ші  рулармен  байланысын  білген,  сөйтіп 

бү кіл  қазақтың  біте  қайнасқан  туыстығына 

кө зі жеткен. Сөйтіп Жеті аталық ұстаным қа-

зақ  халқының  этнобиологиялық,  этно мә де-

ни, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде 

қам тамасыз  еткен.  Жеті  аталық  ұстанымға 

негіз делген  туыстық  байланыс  институ-

ты  әрбір  казақтың  білмекке  деген  ынтасын 

оят қан.  Жеті  атасын,  руы  мен  жүзін  білген 

соң,   қазақтар  туған  жерінің  кез  келген 

шалғайында өзін туысқандарының ортасын-

да  жүрген  алып  бір  жанұяның  мүшесіндей 

сезін ген. Нәтижесінде біртұтас жанұя секіл-

ді  ұлттың біртұтас зердесі қалыптасып, жер 

ба сып жүргендер ғана емес, жадта сақталған 

бая ғы  ата-бабалар  да  тірілердің  санасында 

тірлігін  жалғастырған.  Халықтың  мұндай 

зер десі  әрбір  қатардағы  далалықтың  та-

рихты  айқын  елестетіп,  жан-жүрегімен 

сезі ну іне  себепші  болған.  Жеті  аталық  ұс-

та ным  әрбір  қазақтың,  бүкіл  халықтың  құ-

ла ғы на  күн  сайын  бабалары  туралы  тек 

жақсылықты құйып, рухани тектілікті дә ріп-

теп,   ұлттық  сенімін  орнықтырған.  Бабалар 

ру хы  –  аруақтың  күн  сайын  желеп-жебеп 

оты ратындығы  туралы  сенімін  тудырған. 

Сөй тіп Жеті ата институты қазақ халқының 

өт кеннен болашаққа деген сенімін мың сан 

ұр пақ тар  арқылы  сабақтастырып  отыратын 

тетік  ретінде  танылған.  Жеті  аталық  ұс та-

ным бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен 

бүкіл  халықтың  іштей  жауапкершілік  се зі-

мін оятқан. Осы ұстаным аясында қазақ өмі-

рінің  моральдік  кодексі,  салт-дәстүрі  мен 

тыйым-жораларының  негізі  қаланған.  Сөй-

тіп туыстық қарым-қатынас қалыптары күн-

делікті  моральдік  санаттан  бірте-бірте  заң-

дық  мәртебеге  ұласқан.  Мұндай  құқықтар 

мен   міндеттер  жүйесі  біртұтас  әдеп  дең-

гей інде  көрініс  тапқан.  Әдепті  бұзғандар 

қа тал  жазаланып,  ең  ақыры  туған  жерінен 

қуылған, яғни гипержанұядан аластатылған. 

Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара 

жаза болмаған. Жеті ата ұстанымы бүкіл ха-

лықтың  бойында  еш  мәжбүрлеусіз  мей лін-

ше  тегеурінді  рухани  бірлік  сезімін  те рең 

сіңірді.  Ол  этникалық  тұтастықтың  қуат-

ты арқауы, темірқазығы болды. Халық дәс-

түрін де  жеті  ата  төмендегідей  жіктеледі:



Немере – туыстық атау. Ер адамның бала-

сынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің 

балалары  туыстық  жақындығы  жағынан 

Не мере  аға,  Немере  іні,  Немере  қарындас, 

сол  сияқты  ағайынды  кісінің  қыздары  да 

Немере  апа,  Немере  сіңлі  болып  аталады.



Шөбере  –  туыстық  атау.  Атадан  са-

на ған да  немереден  өрбіген  ұрпақ.  Дәс-

түр лі  қазақ  қоғамында  Шөбере  немере-

ден  таралған  ұл-қыздардан  құралады.



Шөпшек  –  туыстық  атау.  Атадан   та-

ра ған  төртінші  ұрпақ.  Немере  мен  шө-

бе ре ден  туғандар  туыстық  жағынан 


58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қашықтай 

бастайды. 

Шөпшекті 

кейбір  жерлерде  туажат  деп  те  атайды

Немене  –  туыстық  атау.  Дәстүрлі 

қазақ  қоғамындағы  жеті  ата  жүйесі  бой-

ынша 

таратылатын 



жетінші 

ұрпақ.


Жүрежат  –  алыс  туысқандықты  білді-

ре тін  атау,  яғни  туажаттан  туған  бала. 

Жүре жат  –  адамның  өзінен  санағанда 

жетінші  буыннан  қосылатын  туысы. 

Қазақ  халқының  дәстүрлі  әдет-ғұрпы  бой-

ынша  Жүрежаттың  балалары  бір-бірімен 

қыз  алысып,  құдандалы  бола  алады.



Туажат  –  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы 

туыстық  атау,  немененің  баласы.  Туажат 

адамның  өзінен  бастап  санағанда  алтын-

шы  буын.  Ол  туыстық  қатынас  жағынан 

бір  атаның  баласы  саналғанымен,  одан 

кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық 

қарым-қатынасы 

алшақтай 

бастайды.

Жұрағат 

– 

алыс 



туыстықты 

білдіретін 

ұғым. 

Жеті 

атасынан 

туысқандар  үлкені  кішісін  Жұрағат 

дейді.  Әдетте,  бір  рудан  тараған  адам-

дар  да  бірін-бірі  «Жұрағат»  дей  береді.



Жегжат,  жамағайын,  жамағат  –  бір-

біріне  құдандалық,  т.б.  жақындығы  бар 

адамдар.  Жегжат  атауы  қандас  туыстарға 

қатысты  қолданылмайды.  Жегжат  – 

туыстығы  жоқ,  бірақ  құданың  құдасы, 

нағашының  бөлесі,  жиеннің  балдызы 

сияқты  туыстық  қатысы  бар  адамдар 

арасындағы  жақындықты  білдіретін  атау. 

Олар  құда,  нағашы,  жиен  сияқты  туыстық, 

жақындық  құқықтарды  талап  ете  алмайды.

Жеті  ата-дәстүр.  Өмір  тәжірибесі  мол 

халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді 

міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. 

Мұның  әлеуметтік  зор  мәні  болған. 

Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз 

алыспаған.  Бұрынғы  адамдар  бір-бірімен 

танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы 

осыдан шыққан. Сондықтан, әр қазақ баласы 

өз ата-тегін білу – тектілік әрі ұлттық тәртіп 

пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Жеті  ата  әкеден  төмен  емес,  жоғары 

таратылады.  Оның  дәлелі:  «Жеті  атасын 

білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  де-

ген  қазақ  даналығына  тоқталсақ,  әр  адам 

өзінен  кейінгі  баласының,  немересінің, 

әрі  кетсе  шөбересінің,  атын  білер.  Олай 

болса  жеті  ата:  1.  Бала.  2.  Әке.  3.  Ата.  4. 

Арғы  ата.  5.  Баба.  6.  Түп  ата.  7.  Тек  ата. 

(Ата-тек  деген  сөз  осыдан  шыққан  сөз).

Өз  ұрпағына  жеті  атасын  үйрету  ата-

дан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың 

тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның 

қандастық  жағынан  алғанда  үлгі  боларлық 

зор  қызметі  мен  маңызын  халқымыз  ерте 

түсінген  және  оны  берік  ұстанып  келген. 

Енді  осы  қағиданың  терең  тамырына  көз 

жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі 

туыстық,  ағайындық  бірлікті,  ынтымақты 

ұстана  отырып,  бір  ауыл,  бір  бауыр  бо-

лып  өмір  сүрген.  Бір  рудың  адамдары  осы 

күнге  дейін  бір  жерде  мекендеп  келе  жа-

тыр.  Екіншіден,  жеті  атаға  дейінгі  туыс-

туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі 

де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы 

да  қысы-жазы  қатар  немесе  бірге  болады. 

Қиындықта  бір-біріне  демеуші,  қамқоршы-

пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге 

көтеріп  бөліседі.  «Туысы  бірдің  –  уысы 

бір»  деген  сөз  осыдан  шыққан.Үшіншіден, 

бір  атадан  тараған  туыстар  мен  жас 

ұрпақтар  бірін-бірі  жақсы  таниды.  Ағалы-

інілі,  апалы-сіңілі  дегендей,  сыйластықта, 

бауырмалдықта  бірге  өседі.  Мұндай  туыс-

туған,  жақын-жуықтар  арасында  орынсыз 

жанжал,  ұрлық-қарлық,  барымта,  зорлық-

зомбылық  сияқты  жат  істер  болмайды. 

Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің 

малын  ұрламайды.  Керісінше,  сырттай 

қамқоршы  болып,  жақын-жуықтарының 

мал-жанына  көз  салып  жүреді.  Әкелер  мен 

аналар  бір  кіндіктен  шыққан  перзенттерін 

ел,  ру  намысын  қорғайтын  ержүрек,  қай ы-

рым ды,  қаншыл,  ұйымшыл,  бауырмал  етіп 

тәр биелейді. Жеті ата ұғымында ағайын ара-

сындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәр-

бие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды 

тә сіл дермен  жасалған.  Ұрпақтарымызды 

па ра сатты  да,  бойында  азаматтық  намысы  

бар,  елін,  жерін  сүйетін,  өз  отбасының  та-

рихын  білетін  азамат  етіп  өсіргіміз  келсе, 



59

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

бүкіл  қоғамдық  дамудың  негізін  келешек 

ұрпақ   тәрбиесіне  бағыттауымыз  керек.

Үлкен дердің мойнындағы бір міндет – туыс-

тар ды  жат  болмауының  қамын  күйттеп, 

кім нің  кім  екенін,  өзінің  кім  екенін,  жеті 

ата сын  түгендеп,  жалықпай  түсіндіруі.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  ұсынған 

«Қазақ стан-2030»  бағдарламасында  еліміз-

де гі азаматтардың денсаулығын сақтау про -

блемасы,  осы  бағдарламаның  жеті  бас ты  

бағытының  біріне  айналғанын  ескер сек, 

бұл  Қазақстан  Республикасында   қа был-

дан ған  «Мәдени  мұраны»  дамыту  бағ дар-

ла  ма  сының  шараларымен  сәйкес  келеді. 

Халық тық жеті атаны сақтау дәстүрі ұлттық  

мә дениеттанудың бір саласына жатады деу-

ге   толық  негіз  бар.  Қазақ  мемлекетінің  ұр-

пақ  тәрбиесінде,  қан  тазалығын  мықты 

ұс тау  мақсатында  жүргізіліп  жатқан  руха-

ни   шаралардың  өркендеуіне  қолайлы 

жағ дай лар  туып,  кеңінен  жол  ашылды. 

Қорыта келе, өткен жанұя құндылықтарын 

жинап,  зерттеуге,  қалпына  келтірумен 

оны   сақтауға,  қорғауға,  толықтыруға  мән 

беруі міз  қажет  деп  ойлаймыз.  Жанұялық 

жағ дай ларды  зерделеп  ұрпаққа  жеткізу, 

ұр пақ тан-ұрпаққа  жалғастыруға  ықпал 

ету,   бүгінгі  күннің  басты  міндеті.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 http://bilimkozy.idhost.kz/2269-tarbie-sagaty.html

2 Жеті қазына. 2001ж. 34- бет.

3 http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жеті_ата&oldid=897675

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»

Халық даналығы.


60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 304.61



И.А.Мырзаханова

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ бөлім басшысы,

PhD докторант

Д.Б.Сауранбаева

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ инспекторы, магистр

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ 

МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

Мақалада  салауатты  өмір  салты  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеру  іс-әрекеттерімен  си-

патталады.  Ұлт  денсаулығын  дамытудағы  зиялылардың  айтқан  ойлары,  жастар  ара-

сында  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  жолдары  мен  оларды  заманынан  қалмай 

өмір  салтына  бейімдеу  қарастырылған.  Халқымыздың  тіршілігі  мен  бірлігі,  жарқын 

келешегі  көп  ретте  денсаулық  мәдениетінің  қаншалықты  дәрежеде  қалыптасуына 

байланысты.  Сондықтан  да,  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  жолындағы  елдің 

болашағы  –  денсаулық  мәдениетінің  қаншалықты  дәрежеде  қалыптасуына  байланы-

сты. Ал, денсаулық мәдениетін дамытудың ең маңызды алғышарты – әрбір азаматтың өз 

денсаулығына  аса  жауапкершілікпен  қарауы,  салауатты  өмір  салтын  ұстануы  мен  дұрыс 

тамақтануына  тікелей  байланысты.  Мақсатымыз  жастар  арасында  салауатты  өмір  сал-

тын  қалыптастыру  болғандықтан,  мақалада  жастар  арасында  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру  жолдары  мен  оларды  заманауи  өмір  салтына  бейімдеу  қарастырылған.

Түйін сөздер: денсаулық, ұлт денсаулығы, салауатты өмір салты, рухани қазына, ұлт-

тық тәрбие, мәдениетті тұлға, мәдениет, халық даналығы.

Здоровый образ жизни в статье описывается усвоением социального опыта. Рассмотре-

ны мысли интеллигенции в развитии здоровья нации, пути формирования здорового об-

раза жизни среди молодежи и адаптация жизненным обычаям в ногу со временем. Быт и 

единство, светлое будущее народа во многом зависит от степени формирования культуры 

здоровья. Поэтому, будущее страны на пути формирования интеллектуальной нации свя-

зано с тем, в какой степени сформирована культура здоровья. Самая важная предпосылка 

напрямую связана с отношением каждого гражданина к своему здоровью с большой от-

ветственностью, ведением здорового образа жизни и правильным питанием. Так как нашей 

целью является формирование здорового образа жизни среди молодежи, в статье рассмо-

трены пути формирования здорового образа жизни и адаптация современным жизненным 

обычаям.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет