Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 350 б.
2.  Толстой Л.Н.О литературе.  – М.; Наука, 1955.  –  с.764.
3.  Нұрмағамбетов Т. Аптапқа бет алу // Жалын. – 1987. – №1. – 91-94 б.
4.  Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. – Алматы: Өлке, 1997. – 268 б.

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
5.  Баяндин Қ. Өмірдің өзіндей өрнектелген // Егемен Қазақстан. –2002. – 30-қараша.
6.  Тоқмұрзин Қ. Ауыл өмірін айнытпай берген // Коммунизм жолы. – 1987, 2-октябрь.
Резюме
В данной статье автор на примере творчества Т. Нурмаганбетова поднимает вопрос о важности нацио-
нального воспитания молодого поколения. В рассказах Т. Нурмаганбетова  показаны пути как можно приучить 
молодежь к хорошим качествам характера и отучить от плохих. 
Summary
In given article the author on an example of creativity of T. Nurmaganbetov brings up a question on importance 
of national education of young generation. The ways in T. Nurmaganbetova's stories of how it is possible to accustom 
youth to high qualities of character and to disaccustom them form bad are shown.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-
әлеуметтік  және  экономикалық  дамудың  жаңа 
кезеңіне  қадам  басқан  уақытында  болашақ  ма-
мандарды  өз  халқының  тарихын,  тегін,  салт-
дәстүрін, тілін, ділі мен дінін мәдениетін, адами 
қасиетті терең түсінетін, шығармашыл тұлға етіп 
тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Осыған орай, қазіргі таңда елімізде Ұлттық 
тәрбие  мәселесін  қолға  ала  бастады.  Ұлттық 
тәрбие қазір елімізде орын алып отырған келеңсіз 
мәселелерді:  ана  тілін,  төл  тарихын,  қарттар 
үйлеріндегі  ата-әжелеріміз,  салт-дәстүрін  шала 
білетін  жастар,  тастанды  жетім  балалар  мен 
«қиын»  балалар,  нашақорлыққа  еліткен  жа-
стар, жеңіл жүрістілер т.б олардың алдын алып, 
болдырмаудың  және  жоюдың  негізгі  жолы. 
Бойында ұлттық тәрбие ұялаған ұрпақ дені сау, 
білімді, парасатты, ұлтжанды болып өседі. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашақта 
еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  бүгінгі  жастар, 
мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан 
сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға 
жүктелетін  міндет  өте  ауыр»  деген  болатын. 
Еліміздің  мәртебесінің  биік  болуы  ертеңіміздің 
иесі  жас  ұрпақтың  белсенділігі  мен  іскерлігіне 
тікелей  байланысты  болмақ.  Қазіргі  таңда 
еліміздің келешегі болып саналатын ұлтжанды, 
елін  сүйетін,  әдет  ғұрпын,  салт,  санасын 
қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу басты парызы-
мыз [1]. 
Бұл  мәселелер  жастарымызға  «Ұлттық 
тәрбие»  беру  жолдарының  бірі  білім  беретін 
ұйымдардың басты міндеті: жекелеген пәндерді 
оқытуда  кіріктіріп,  жетілдіруге  болады.  Та-
рих  пәнінің  мазмұнына  ұлттық  тәрбиенің 
элементтерін  пайдалану  арқылы  әрбір  мұғалім 
сабақ өткізу қажет. 
Тарих  –  адамзат  қоғамының  өткен  өмірін 
жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.
Тарих  пәнінің  негізгі  міндеттері:    өткенге 
көз  жіберіп  саралау,  өткеннен  сабақ  алып, 
қателіктерге  бой  алдырмау  және    Отанын,  елін 
сүйетін ұлттық намысы бар азамат тәрбиелеу.
Қазір ұлттық болмысымызды сезініп, біздің 
де ертеден келе жатқан халық екенімізді, руха-
ни  құндылықтарымызды  асқақтата  айшықтауда 
қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше.
Тарихты  оқыту  барысында  оның  білімдік, 
тәрбиелік  міндеттерін  толық  жүзеге  асыруға, 
алған білімді қазіргі өмірмен байланыстыра от-
ырып, Отанын сүйе білуге (әскери патриоттық, 
туған  жер,  атамекенге  сүйіспеншілік  сезімін 
қалыптастыру),  ұлттық  мәдениет  пен  өнерге 
құрметпен  қарауға,  мемлекетшілдік  идеясын 
қалыптастыру үшін түрлі фактілерді білім алу-
шы  бойына  дарыту  мақсаттары  көзделуі  керек 
[2]. 
Білім 
алушылардың 
танымдық 
қызығушылығының 
өзіндік 
мазмұны, 
ерекшеліктері  зерттеушілер  үшін  қиыншылық 
А.Ж. Байоразова – 
Абай атындағы ҚазҰПУ  Жаңартпа технологиялар және
білім беру мазмұнын ҒЗИ-ның жетекші ғылыми қызметкері 
     
 ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тудырады. Өйткені, танымдық қызығушылықтың 
дамуы жеке бастың дамуы барысында жүзеге аса-
тын  күрделі  үрдіс.  Тарих  сабағында  танымдық 
қызығушылықты  дамыту  білім  алушының  ай-
налысатын іс әрекетіне және өмір тәжірибесіне 
байланысты  болады.  Сондықтан  да,  білім 
алушының танымдық қызығушылығының даму 
деңгейін  нақты  жасқа  байланысты  деп  айтуға 
болмайды.  Бірдей  жастағы  білім  алушылардың 
танымдық  қызығушылығының  дамуы,  бағыты, 
тұрақтылығы, мазмұны жағынан әркелкі болуы 
мүмкін.  Қызығу  өте  ерте  жастан  қалыптасады 
және  оның  алғашқы  көріну  түрі  әуестік, 
құмарлық түрінде болады. 
Мұғалім  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін 
келесі міндетті шешу керек:
-  тарихты 
оқытуда 
пайдаланылатын 
материалдардың тиімділігін анықтау;
-  білім  алушылардың  тарих  курсынан 
білім деңгейін байқау;
-  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктері 
мен  білім  деңгейіне  байланысты  тапсырмалар 
дайындау;
-  тарихи  оқиғаларды  баяндауда  тарихи 
хронологиялық жүйелілікті сақтау;
-  маңызды  тарихи  құбылыстарды,  тари-
хи  қайраткерлерді,  хронологиялық  даталарды 
білім алушылардың есінде міндетті түрде берік 
қалдыру [3]. 
Білім алушылырдың терең, әрі тиянақты білім 
беру, оны жан-жақты дамыту, қоғам талабына сай 
тәрбиелеу сияқты күрделі міндеттерді ойдағыдай 
жүзеге асыру үшін тарих пәнінің негізі ерекше 
екенін байқаймыз. Тарихи білімді қалыптастыру, 
тарихи  материалдардың  мүмкіндігін  пайда-
лану,  көрнекі  құралдарды  тиімді  пайдалану 
сияқты  бірқатар  тарихшы  әдіскерлердің  А.А. 
Вагин, Н.В. Андреевская, В.Г. Карцов және т.б. 
еңбектерінің маңызы ерекше. Мұның өзі тарих 
пәні әдістемесінің қалыптасуына әсер етті. Соны-
мен қатар, белгілі тарихшы А.М. Панкратованың 
редакциялық басқаруымен  1942 жылы шыққан 
«Ұлы Отан соғысы жылдарында тарихты оқыту» 
деген еңбегі мектеп оқушыларын отаншылдыққа 
тәрбиелеуде тарих пәні мұғалімдеріне көп көмегі 
болды. 
Білім  мазмұнының  көздейтін  мақсаты 
ғылым  негіздері  бойынша  оқушылар  мен  білім 
алушыларды  жүйелі  және  тиянақты  біліммен 
қаруландыру,  алған  білімді  өмірде  тиімді  пай-
далану  және  осының  негізінде  оқушыларда 
коммунистік дүние көзқарастарын қалыптастыру 
сияқты әдістемелік  ұстанымдар болды [4]. 
Тарихты  оқыту  барысында  оның  білімдік, 
тәрбиелік  міндеттерін  толық  жүзеге  асыруға, 
алған  білімді  қазіргі  өмірмен  байланыстыруға, 
өз  Отанын  сүйе  білуге,  әскери  патриоттық, 
интернационалдық тәрбиеге ерекше көңіл бөлу 
қажеттігі  қарастырылады.  Сабақта  Қазақстан 
тарихының көкейкесті мәселелеріне баланысты 
білім алушылардың ой өрісі мен ойлау қабілетін, 
дүниетанымын  қалыптастырып,  танымдық 
қызығушылығын  дамытуға  және  өз  пікірін 
қалыптастыруды үйретуге, ойын жүйелеп сөйлеп 
жеткізуге негізделуі керек. Сабақ тақырыптары 
қазақ халқының тарихында әлеуметтік, мәдени, 
саяси  дамуға  әсер  еткен  маңызды  құбылыстар 
мен елеулі оқиғаларды қамтуы керек. Мысалы, 
лекциялар мен семинар сабақтарында төмендегі 
тақырыптарға  нақтырақ  тоқталуға  болады. 
Көшпелі  өркениеттің  пайда  болуы  және  оның 
адамзат тарихында қосқан үлесі; сақ, ғұн, түркі 
дәуірі  мәдениеттерінің  қазақ  мәдениетімен 
сабақтастығы; Еуразия даласындағы көшпелілер  
құрған  ұлы  мемлекеттер  және  олардың  тари-
хи  маңызы;  Қазақ  хандығының  құрылуы  және 
оның  шекарасының  қалыптасуы  мен  нығаюы; 
Қазақ халқының көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасы; Қазақ халқына қайғы қасірет әкелген 
тарихи  оқиғалар;  қазақ  халқының  дәстүрлі 
құрылымы  мен  оның  отаршылдық  кезінде 
күштеп  өзгеріске  түсуі;  Алаш  зиялыларының 
қызметі; көшпелі өркениеттің пайда болуы және 
оның  адамзат  Тәуелсіздік  идеясының  баста-
масы;  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  және  оның 
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
жағдайына  тигізген  әсері,  Қазақ  халқының 
тарихи-мәдени құндылықтары және т.б [5].
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін 
оқу  орындарында  тарихты  мектептен  таныс 
бірыңғай фактологиялық материалдармен оқыту 
білім  алушыларда  бұл  пәнге  деген  танымдық 
қызығушылығын  төмендетеді,  басады.  Тарих 
формальді  түрде  оқытуды,  жаттандылықты 
көтермейді.  Мектептен  тарихты  біршама 
оқып,  біліп  келген  техникалық  және  кәсіптік 
оқу-орнындағы  білім  алушыларды  бұл  пәнге 
қызықтыру  үшін  тарихтың  күнделікті  өмірден 
тәжірибе жинақтауда, оның даму заңдылықтарын 
білуде  қаншалықты  маңызды  екенін,  былайша 
айтқанда, жастарға тарихи білім күнделікті өмір 
сүруде  басты  қажеттілікке  айналуы  керек.  Та-

65
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
рихты  білу  аз,  тарихты  сезіне  білу  керек,  жан-
дүниесімен түйсіну керек. Егер білім алушылар 
үшін тарих тек құрғақ даталар мен оқиғалардың 
жиынтығы  болса,  онда  мұндай  тарихты  есте 
сақтау ұзаққа бармай ұмтылады. Мұғалім тари-
хи оқиғалар мен фактілерді, деректерді кинолен-
та тәрізді білім алушылардың көз алдына келтіре 
баяндай алса ол тірі тарих, түйсінген тарих білім 
алушылардың  жадында  мәңгі  қалады.  Оны 
тірілту үшін, есте жатталу үшін көркем әдебиет, 
музыка  пәндерімен    ұштастыра  отырып  оқыту 
керек.  Жетпісінші  жылдардан  бастап  қазақ  та-
рихшылары бара алмаған, зерттелмеген тарихи 
тақырыптарды  қазақтың  көрнекті  жазушылары 
көтерді.  Көркем  әдебиетте  тарихи  тақырыпқа 
алғашқы  болып  қалам  сілтеген  І.Есенберлин 
болды.  Артынша  бұл  үрдісті  Қ.Жұмаділов, 
М.Мағауин  т.б  жазушылар  жалғастырып, 
халықтың 
рухани 
сұранысын 
барынша 
қанағаттандыруға тырысты. Қазақ тарихы ресми 
түрде қасақана бұрмаланып, аз зерттеліп жатқан 
тұста  қоғам  ішінде  тарихи  шығармалардың 
құндылығы арта түсті.
Бүгінгі  күні  де  тарихи  шығармалар  өз 
құндылығын жойған жоқ. Әсіресе, қазіргі жүріп 
жатқан  жаһандану  кезеңінде  көшпенділер 
өркениетіне батыс елдерінің бұрмаланған, шолақ 
көзқарасы  таңылып  жатқанда  бұл  шығармалар 
білім алушыларға көшпенділердің дәстүрлі өмірі 
мен  құндылықтарын,  дала  стихиясын  түсінуге 
көп  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  тарихи 
шығармалар білім алушылардың рухына ұлттық 
тәрбие  беріп,  патриоттық  сезімін  асқақтататын 
басты  тәрбие  құралдары  болып  табылады.  Бұл 
шығармаларда тарихи оқиғалармен қатар тарихи 
тұлғалардың бейнесі мен мінезі, дәстүрлі қоғам 
өмірінен  этнографиялық  сюжеттер  суреттеледі. 
Бұл  суреттерге  белгілі  бір  тарихи  кезеңдерге 
сіңіп  кетіп,  соның  ішіндегі  оқиғалардың  орта-
сында  жүргендей  әсер  қалдырады.  Мысалы, 
халық  жазушысы  Қ.Жұмаділовтың  «Дара-
боз»  атты  шығармасы  ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ 
халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы 
азаттық күресінің тарихына арналған екі томды 
тарихи роман эпопея. Оның басты кейіпкері Абы-
лайхан, Қабанбай батыр сияқты қазақ халқының 
бостандығы  үшін,  елі  мен  жерін  жауларынан 
қасық  қаны  қалғанша  күрескен  есімдері  тарих 
беттерінде қалған ұлы тұлғалар. Осы шығарманы 
оқыған білім алушылар қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігімен,  салт-дәстүрімен,  әдет-ғұрпымен, 
мәдениетімен  өмір  салтымен,  тарихымен 
бірге  әдебиетімен  толығырақ  танысады.  Мы-
салы,  романда  хан  ордасында  кеңестің  қалай 
өтетіні,  қандай  салт  дәстүрдің  болғандығы, 
қазақтардың әскери ісі, маңызды шайқастар мен 
батырлардың жекпе-жек көріністері, ел тағдыры 
қыл үстінде тұрғанда нағыз батырлардың аянбай 
күрескендері  туралы  оқыған  суреттер  өздерін 
сол кейіпкерлермен бірге жауға аттанып, жекпе-
жекке  шығып,  қатар  жүрген  үзеңгілес  ретінде 
сезінер  еді.  Көркем  әдебиеттің  күші  де  сонда, 
өмірден өткен тарихи тұлғалар тірі бейнеге ай-
налып, өз өнегесімен әрқашан білім алушының 
көз  алдында  тұрады.  Сондықтан  да,  тарихи 
шығармалар білім алушылардың тарихи санасын 
қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Білім 
алушыларға тарихи шығармаларды оқуға бірден 
сабақ басталысымен өзіндік жұмыс ретінде мы-
надай  нақты  тапсырмалармен  беруге  болады: 
белгілі  бір  шығарманы  оқу  барысында  тарихи 
тұлғалардың  бейнесін  сомдау  немесе  сонау  та-
рихта  орын  алған  белгілі  оқиғаларды  сипаттау, 
ұрыстар  мен  шайқастардың,  жекпе-жектердің 
көріністерін талдау, түрлі салт дәстүрлерге, әдет 
ғұрыптарға байланысты көріністерді табу, қазақ 
халқының толеранттығын көрсету т.б. 
Белгілі  бір  тарихи  кезеңдерге  байланысты 
көркем әдебиет оқымаған білім алушылар тари-
хи оқиғалар мен шындықты дұрыс бағалай ал-
майды.  Тарихи  деректерге  селқос,  немқұрайлы 
қарауы мүмкін. Сабақ барысында миллиондаған 
адам  өмірін  қиған,  қазақ  халқының  басына 
ауыр  трагедия  болып  келген  тарихи  оқиғалар 
туралы  сөз  болғанда  кейбір  білім  алушы-
лар  бұған  елең  етпеуі  де  мүмкін.  Қырғынға 
ұшыраған өз қанымыз, қазақ халқы емес, басқа 
халықтар тәрізді қабылдауы да кәміл. Бұл біздің 
білім  алушыларымыздың  ұлттық  сезімі  мен 
намысының әлі ояна қоймағандығының көрінісі 
болса керек. 
Қазақстан тарихын оқыту барысында көркем 
шығарманы  кеңінен  пайдалану  арқылы  білім 
алушыларға ұлттық тәрбие бере отырып бірнеше 
мақсатқа қол жеткізе аламыз. Біріншіден, көркем 
әдебиет – тарихты түйсінуге, терең сезінуге және 
тарихи  сананы,  ұлттық  рухты  қалыптастыруға 
ықпал  етеді.  Екіншіден,  білім  алушылар 
патриоттық  тәрбие  алумен  қатар,  өз  халқымен 
тарихи  тамырластық  пен  тағдырластықты 
сезінеді.  Үшіншіден,  көркем  әдебиетпен  та-
рихи  оқиғаларды  эмоция  арқылы  суреттеліп, 

66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
түсіндірілген  тарихи  білім  білім  алушылардың 
жадынан  мәңгі  өшпейді,  көз  алдында  сайрап 
тұрады [6]. 
Сол    сияқты,  қазақ  тарихын  оқытуда  музы-
калық шығармалардың да маңызы зор. Егер тари-
хи тақырыптарға арналған көркем әдебиет бүгінгі 
күннің  шығармасы  болса,  тарихи  тақырыптағы 
музыкалық шығармалар өз заманының туынды-
сы, сол замандағы халықтық рухтың ескерткіші 
іспеттес.  Сабақта    музыкалық  шығармаларды 
пайдаланудың бір артықшылығы, оларды қандай 
да тақырыпқа байланысты сабақ үстінде тыңдап 
өтіп,  алған  әсерлерін  бірден  ортаға  салып, 
талқылауға  болады.  Тарих  сабағында  музыка 
арқылы білім алушылардың санасына үлкен әсер 
етуге болады. Ол білім алушылардың өзіне әсер 
еткен тақырып бойынша өздігінен терең ізденіс 
жасауға апаратын қызығушылық тудыруы әбден 
мүмкін. 
Мысалы, 
қазақ 
тарихының 
өзекті 
мәселелеріне,  кезеңдеріне  байланысты  мына 
шығармаларды  ұсынуға  болады.  Моңғол 
дәуіріне  байланысты  «Ақсақ  құлан»  күйін, 
Қазақ Жоңғар соғысына қатысты «Елім-ай» әнін, 
Исатай  Таймановтың  көтерілісіне  байланысты 
Құрманғазының  «Кішкентай»  күйін  т.б.  Қазақ 
тарихында із қалдырған ірі оқиғаларға қатысты 
ән, күй шығармалары бүгінгі күнге дейін жетіп 
отыр. Енді сол мұраларды тарихты оқыту кезінде 
пайдалану білім алушыларға сол заманның лебін 
сезінуге көмектеседі. 
Тарихшы мұғалiмдер сабақта және одан тыс 
уақытта материалдар мен тарихи құжаттар бой-
ынша білім алушылармен өздiгiнше жұмыстарды 
тиiмдi  ұйымдастыра  алса  Қазақстан  тарихын 
оқытуды жақсарта түсуге пайдасы тиедi [7].
Мысалы: Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» 
білім алушыларға мағлұмат берер болсақ:
Ұлы  даланың  аса  ірі  мемлекет  басшысы, 
ханы,  заманының  ірі  реформаторы  дарынды 
қолбасшы, қазақ елін бір орталықтан басқаратын 
мемлекет құрған, көзі тірісінде «әз Тәуке» (діни 
ұғым бойынша Құдайдың нұры түскен дана, да-
нышпан  адам)  атанған,  билігін  қырғыздар  мен 
қарақалпақтарға да жүргізген, қазақ мемлекетінің 
құқықтық парламенті – «Билер кеңесін» құрған 
әз Тәуке хан болатын. 
Тәуке  хан  ұлы  реформатор  ретінде  бүкіл 
қазақ даласының территориялық тұтастығы мен 
бірлігін  сақтап,  бір  орталықтан  басқарылатын 
көшпелі қазақ мемлекетінің классикалық үлгісін 
жасады. Ал, оны құқықтық жағынан қорғаумен, 
реттеумен  тиімді  қамтамасыз  еткен  бостандық 
пен еркіндіктің хартиясы «Жеті жарғы» – Кон-
ституция [8]. 
«Жеті-Жарғы»  заңында  сол  кездегі  Қазақ 
қоғамының  барлық  ерекшеліктері  ескерілді. 
Оларды атап айтатын болсақ:
-  «Жеті-Жарғы»  заңы  Қазақ  хандығының 
әкімшілік  жүйесіндегі  тайпа  және  ұлыстарға 
билік  жүргізуші  сұлтандар  мен  төрелердің 
билігін  шектеп,  қарапайым  халықтан  шыққан 
би-батырларды ел басқару ісіне араластырды;
-  әрбір ру-тайпаның көшіп-қонатын көктеу, 
жайлау, қыстау, күздеу жайылымдарын белгіледі, 
осының негізінде түрлі қақтығыстардың алдын 
алды;
-   ұшса құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр 
аймақты бір орталықтан басқару үшін, қазақ да-
ласын үш қанатқа бөліп, ұлыс бегі сұлтандарды 
тайдырып,  ру-тайпа  мен  ұлыстар  арасындағы 
дау-дамайды  шешуге  қара  қылды  қақ  жарған 
әділ билерді тағайындады
-  хан  ордасының  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ететін  мың  қаралы  шамасында  төлеңгіттерден 
арнайы жасақ құрды.  
Әз-Тәуке  ханның  «Жеті  жарғы»  заңы 
халқымызға  не  берді?  дегенді  қысқаша 
түйіндейтін  болсақ,  біріншіден,  әз-Тәукеның 
«Жеті  жарғы»  реформасы  қазақ  пен  қырғыз 
және қарақалпақтың біртұтастығын қамтамасыз 
етіп қана қойған жоқ, күнделікті тіршілікте ар-
ұят  ұғымы  басты  құндылық  болып  табылды. 
«Малым жанымның садақасы, жаным арымның 
садақасы»,  «Ердің  құны  жүз  жылқы,  ары  мың 
жылқы»  деген  ұғымдар  халықтың  қалыпты 
заңдылығына айналды. Екіншіден, жұртшылық, 
ағайыншылық,  ат  майы,  қызыл  көтеру,  асар, 
қонақжайлық т.б. институттармен молшылықты, 
байлықты  бөліп  беруді  бекітті.  Үшіншіден,  ру 
мүшесі жасаған қылмысқа бүкіл ру болып жау-
ап  беру  қағидасы  енгізілді.  Ру  –  бір  организм 
ретінде қабылданып, оның мүшелері тірі клетка-
лар болып табылды. Ру мүшесінің әнтек қылығы 
бүкіл  рудың  атына  кір  келтіретін  ұғым  ретінде 
қарастырылды.  Төртіншіден,  көшпенділерде 
өртеп  жіберу,  денесін  бөлшектеп  өлтіру,  дене 
мүшелерін  кесу,  қазыққа  отырғызу  сияқты 
жазалардың  қолдануына  жол  берілмеді.  Оның 
орнына  құн  төлеу  нормасы  бекітілді.  Егер  құн 
төлеушінің  шамасы  келмесе,  ру  болып  бодау 
төлейтін. Бесіншіден, экзогамия, яғни, этностың 

67
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
өзін-өзі қан араласуынан сақтап қана қоймай, со-
нымен қатар, қазақ мемлекетінің қауіпсіздігі мен 
аумақтық тұтастығын сақтап, қамтамасыз еткен 
мықты, ақылды ұрпақты қалыптастырды [9]. 
Осы аталған қағидарларды оқи отырып білім 
алушылар  ежелгі  қазақ  даласындағы  тәртіптің 
күшті болғандығын, заңдылықтар мен әділдіктің, 
түрлі жазалау шараларының болғандығынан ха-
бардар  болады  және  ата-бабаларымыздың  жеті 
атадан  аттап  қыз  алып,  беріспеуі,  тектілікке 
үлкен мән бергендігін ұғынады.
Қорыта  келгенде,  Қазақстаннның  елжан-
ды,  бәсекеге  қабілетті,  ұлттық  рухта,  жан-
жақты  білімді,  құзіретті,  толерантты  жастарды 
тәрбиелеуде  Қазақстан  тарихының  орны  ерек-
ше.  Тарихты  оқыту  барысында  білім  алушы-
лар оның тірі тарих екенін сезінуге, бай тарихи 
мұраларымызбен  құндылықтарымызды  одан 
әрі жандандыруға көмектесетін басты құрал та-
рихи  тақырыптардағы  көркем  әдебиет  пен  му-
зыканы  қолдану,  инновациялық  дәріс  жүргізу 
әдістерін игерумен тығыз байланыстырса сабақ 
өз дәрежесінде өтеді. 
Қоғамның 
белгілі 
қайраткері, 
ақын 
М.Шахановтың  «халықта  ең  бірінші  ұлттық 
рух болуы керек» деген сөзін әркез есте сақтап, 
еліміздің  жарқын  болашағы  үшін  атсалысуы-
мыз  қажет.  Ол  үшін  біз,  ұстаздар  қауымы, 
білім,  ғылым  саласындағы  қызметкерлер  білім 
алушыларға  салт-дәстүрлерді  жай  ғана  айтып 
қана  қоймай,  олардың  тәрбиелік  түп-тамырын, 
мәнін, алтын діңгегін түсіндіре, санасына жеткізе 
білуіміз  керек.  Ұлттық  тәрбиенің  іргетасын 
дұрыс  қалай  білу  мұғалімдердің  ата-аналармен 
қосылып  жүргізген  шараларына  байланысты 
болмақ.  Өйткені,  бірінші  ұлттық  тәрбиенің 
ошағы  –  отбасында,  екінші  –  мектеп  пен  оқу-
орындарында болғандықтан, ата-ана мен мектеп, 
оқу-орындары  тығыз  байланыста  болуы  шарт-
ты  нәрсе.  Мектебіміз  бен  оқу  орындарымызда 
ата-аналармен  бірлесіп  осы  тақырыпта  білім 
алушыға ой салатындай сынып, топ сағаттарын 
жүйелі  түрде  өткізуді  дәстүрге  айналдырса. 
Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды білім алушы 
бойына сіңіруде ақын-жазушылар мен еліміздің 
ұлтжанды азаматтарымен болған кездесулер өте 
үлкен әсер етеді десек артық болмас еді. Елімізге 
белгілі  азаматтар:  Р.Нұрғали,  С.Қирабаев, 
Қ.Бөлеев,  М.Жолдасбеков,  С.Рүстембеков, 
А.Айталы, 
Қ.Салғараұлы, 
Т.Жұртбай,  
М.Шаханов,  С.Қалиев,  М.Құрсабаевпен  оқу-
орындарында  кездесулер  өткізсе.  Олардың 
ғибрат  сөздері,  даналық  ойлары,  ұлт  тағдыры 
туралы  толғаныстары  бала  жүрегінде  мәңгі 
ұялап  қалары  сөзсіз.  Осы  тақырыпқа  байланы-
сты біздің берген бұл ұсыныстарымыз шешімін 
табатын жұмыстардың бірі деп есептейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2007  жылдың  28  ақпанындағы 
қазақстандықтарға жолдауы. – Егеменді Қазақстан. – 2007. 
2. Жұмаділ А.Қ. Казахский национальный университет имени аль-Фараби и образовательная стратегия но-
вого Казахстана. материалы ХХХҮІІІ научно методической конференции ППС КазНУ им Аль-Фараби КНИГА 
І.  – Алматы, 2008.
3.  Байоразова А.Ж.  «Жастардың патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске асы-
ру:  тәжірибе,  проблемалар,  перспективалар»  атты    халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция.  22-23 
қазан, – Алматы, 2009. 
4. Әбішқызы С., Сарманов Ж. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». – 2008. 
5. Әбішқызы С., Сарманов Ж. «БАҚ және Ұлттық тәрбие». – 2004. 
6. Керімбаева М.С. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». – Астана, – 2008. 
7. Керімбаева М.С. «Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің рөлі». – Астана,2007 ж.  
8. Өзбекұлы С. «Қазақстан Заман». 30 сәуір, – 2009.
9. Өзбекұлы С. Көшпенді Қазақ өркениетіндегі құқық. – 2008.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет