2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. — Абай ат. ҚазҰПУ Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ директоры, ҚР
Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші орынбасары; Төлеубекова
Р.К.— Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, бас редактордың орынбасары; Сейсенбаева Ж.А. — Абай ат. ҚазҰПУ Жаңартпа техноло-
гиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының
кандидаты, жауапты редактор; Айтбаев Ө.А. — Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, Тіл білімі
институты ғылыми-терминологиялық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының док-
торы, профессор; Айталы А. — Қазақ заң гуманитарлық университетінің әлеуметтік психологиялық пәндер
кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, профессор; Әлмұхамбетов Б.А. — Абай
ат. ҚазҰПУ көркем сурет-графика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық Білім академиясының академигі; Беркімбаева Ш.К. — Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;Баймырзаев Қ.М.
— Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, про-
фессор; Бөлеев Қ. — Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының "Педагогика және этнопедагогика"
кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Бейсенова Ә.С. – Абай ат.
ҚазҰПУ-нің «География және экологиядан ғылыми-әдістемелік орталығының» меңгерушісі, география
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі;Бейсенбаева А.А.
— Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор; Берікханова А.Е. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының доценті, педагоги-
ка ғылымдарының кандидаты, доцент; Ғаббасов С. — жазушы, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ме-
дицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Есім Ғ. — ҚР сенат депутаты, философия
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Жарықбаев Қ.К. — Т.Т.Тәжібаев атындағы этноп-
сихология және этнопедагогика орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология
ғылымдарының докторы, профессор; Қирабаев С.С. — М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының бас
ғылыми қызметкері, Абай ат. ҚазҰПУ ректор кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР
ҰҒА академигі; Қасқабасов С.А. — М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Қазмағанбетов А.Ғ. — Х.Досмұхаммедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Қыдырәлиев Д. — ҚР Президент Әкімшілігінің сарапшысы, философия ғылымдарының докторы; Қозыбаев
І.М. — ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет Комитетінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор; Қалиев С.Қ. — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жалпы педагогика
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Қойгелдиев М.Қ. — Абай ат.
ҚазҰПУ Магистратура және доктарантура РҺD институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының
меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Құсайынов А. — Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің педагогика және психология кафедрасының кафедра меңгерушісі, педа-
гогика ғылымдарының докторы, профессор; Керімов Л.К. — Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасының
кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Колумбаева Ш.Ж. — педагогика
ғылымдарының кандидаты, Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының профессоры;Мырзахметов
М. — Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы "Абайтану ғылыми-зерттеу орталығының" директоры, филология
ғылымдарының докторы, профессор; Мұтанов Ғ.М. — Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық
университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор; Молдабеков Ж.Ж. — философия
ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ мәдени-антропология кафедрасының профессоры, Әлеуметтік
академиясының академигі, Халықаралық акмиологиялық академиясының академигі; Нәрібаев К.Н. — Абай
атындағы ҚазҰПУ Ректорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Сарыбеков М.Н. — ҚР Білім және ғылым вице-министрі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Сманов Б.Ө. — ҚР Білім және ғылым министрі Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық
кадрларының біліктілігін арттыратын Республикалық институтының директоры, педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор; Саңғылбаев О.С. — Абай атындағы ҚазҰПУ "Жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының" кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы;
Табылдиев Ә.Т. — әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Түрікпенов Ж. — Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура және докторантура РҺD институтының педагогикалық
мамандықтар кафедрасының профессоры,педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ Гуманитарлық
академиясының академигі; Шолпанқұлова Г.К. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тәрбие" кафедрасының доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты; Сеитова Ж.М. — жауапты хатшы.
3
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
почетный член НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. — директор НИИ инновационных технологий и содержания образования КазНПУ им.
Абая, профессор, Заслуженный работник высшей школы РК, первый заместитель главного редактора;
Толеубекова Р.К. — зав. кафедрой "Национальное в оспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагогических
наук, профессор, заместитель главного редактора; Сейсенбаева Ж.А. — руководитель отдела исследования,
разработки и совершенствования уровней образовательного процесса и их содержания НИИ инновационных
технологий и содержания образования КазНПУ им. Абая, кандидат филологических наук, ответственный
редактор; Айтбаев О.А. — президент международного сообщества "Қазақ тілі", главный научный сотруд-
ник Научно-терминологического центра института языкового образования, доктор филологических наук,
профессор; Айталы А. — профессор кафедры социально-психологических дисциплин Казахского юриди-
ческого гуманитарного университета, доктор философских наук, профессор; Альмухамбетов Б.А. — декан
художественно-графического факультета КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук, профессор, акаде-
мик Академии Образования им. Ы. Алтынсарина; Беркимбаева Ш.К. — ректор Казахского Государственного
женского педагогического университета, кандидат педагогических наук, доцент; Баймырзаев К.М. — ректор
Костанайского государственного педагогического института, доктор географических наук, профессор; Болеев
К. — зав. кафедрой "Педагогика и этнопедагогика" Таразского Государственного Педагогического Института,
доктор педагогических наук, профессор; Бейсенова А.С. – зав. кафедрой «Научно-методический центр по гео-
графии и экологии», доктор педагогических наук, профессор, академик НАН РК;Бейсенбаева А.А. — профес-
сор кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук;Берикханова А.Е.
— доцент кафедры "Национальное воспитание" КазНПУ им. Абая, кандидат педагогических наук;Габбасов С.
— писатель, Заслуженный работник здравоохранения СССР, доктор медицинских и педагогических наук, про-
фессор; Есим Г. — депутат сената РК, доктор философских наук, профессор, академик НАН РК;Жарыкбаев
К.К. — директор Центра этнопсихологии и этнопедагогики имени Т.Т. Тажибаева, доктор педагогических наук,
доктор психологических наук, профессор; Кирабаев С.С. — советник ректора КазНПУ им. Абая, главный на-
учный сотрудник Института литературы и искусства им. М. Ауезова, доктор филологических наук, профессор,
академик НАН РК; Каскабасов С.А. — директор Института литературы и искусства имени М.Ауезова, доктор
филологических наук, профессор, академик НАН РК;Казмаганбетов А.Г. — ректор Атырауского государ-
ственного университета имени Х.Досмухаммедова, доктор педагогических наук, профессор; Кыдыралиев Д.
— эксперт администрации Президента, доктор философских наук;Козыбаев И.М. — председатель Комитета
культуры Министерства культуры и информации РК, доктор исторических наук, профессор; Калиев С.К. —
профессор кафедры "Общей педагогики" Казахского Государственного женского педагогического университе-
та, доктор педагогических наук, профессор;Койгелдиев М.К. — зав.кафедрой гуманитарных специальностей
Института Магистратуры и докторантуры РһD КазНПУ им. Абая, доктор исторических наук, профессор;
Кусаинов А. — зав. кафедрой "Педагогика и психология" Казахского Государственного женского педагоги-
ческого университета, доктор педагогических наук, профессор; Керимов Л.К. — зав. кафедрой "Педагогика''
КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук, профессор;Колумбаева Ш.Ж. — профессор кафедры "Наци-
ональное воспитание" КазНПУ им. Абая, кандидат педагогических наук; Мырзахметов М. — директор НИЦ
Абаеведения КазНПУ им. Абая, доктор филологических наук, профессор; Мутанов Г.М. — ректор Восточно-
Казахстанского государственного технического университета им. Д.Серикбаева, доктор технических наук,
профессор; Молдабеков Ж.Ж. —профессор кафедры "Культурной антропологии" КазНУ им. Аль-Фараби,
доктор философских наук, академик Социальной академии, академик Академии Международной акмиологии;
Нарибаев К.Н. — советник ректора КазНПУ им. Абая, доктор экономических наук, профессор, академик
НАН РК; Сарыбеков М.Н. — вице-министр образования и науки РК, доктор педагогических наук, профессор;
Сманов Б.О. — директор Республиканского института повышении квалификации научно-педагогических ка-
дров, кандидат педагогических наук, профессор; Сангылбаев О.С. — зав. кафедрой "Общей и прикладной
психологии" КазНПУ им. Абая, доктор психологических наук, и.о. профессора; Табылдиев А.Т. — профессор
КазНУ им. аль-Фараби, доктор педагогических наук; Туркпенов Ж. — профессор кафедры педагогических
специальностей Института Магистратуры и докторантуры РһD КазНПУ им. Абая, кандидат педагогических
наук, академик Академии гуманитарных наук;Шолпанкулова Г.К. — доцент кафедры "Национальное воспи-
тание" КазНПУ им. Абая, кандидат педагогических наук; Сеитова Ж.М. — ответственный секретарь.
4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
dear member of NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. — the director of scientific research institute of innovative technologies and content of education
of KazNPU named after Abai, candidate of technical science, the professor, the deserved worker of the higher school
of RK, the first deputy of the editor-in-chief; Toleubekova R.K. — the university chair of «National education» of
KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the second deputy of the editor-in-chief;
Seysenbaeva Zh.А. — the chief of department development of educational process of scientific research institute of
innovative technologies and content of education of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science,
the managing editor; Aytbaev O.A. — the president of the international community «Қазақ тілі», the main scientific
employee of the Scientifically-terminological centre of Institute of language education, the doctor of philology, the
professor; Aytaly А. — the professor of chair of socially-psychological disciplines of the Kazakh Law Humanitarian
University, the doctor of philosophy; Almukhambetov B.A. — the dean of art-graphic faculty KazNPU named after
Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of National Knowledge Academy named
after Y.Altynsarina; Berkimbaeva Sh.K. — rector of Kazakh State Female Pedagogical Univerity, the candidate
of pedagogical sciences, the associate professor; Baymyrzaev K.M. — the rector of Kostanaysk State Pedagogical
Institute, the doctor of geographical sciences, the professor; Boleev K. — the university chair of "Pedagogics and
ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical Institute, the doctor of pedagogical science, professor; Beysenova
A.S. – the chair of sub department «the Scientifically-methodical centre on geography and ecology», the doctor
of pedagogical sciences, the professor, the academician of NAS RК; Beysenbaeva A.A. — professor of a chair
"National education" of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Berikhanova
A.E. — the associate professor of a chair "National education" of KazNPU named after Abai, the candidate of
pedagogical sciences; Gabbasov С. — the writer, the deserved worker of public health services SSSR, the doctor of
medical and pedagogical sciences, the professor; Esim G. — the deputy of senate of RK, the doctor of philosophic
sciences, the professor, the academician of NAS RK; Zharykbaev K.K. — the director of the ethnopsychology and
ethnopedagogics center named after Tazhibaeva T.T., the doctor of pedagogical sciences, the doctor of psychological
sciences, the professor; Kirabaev S.S. — the chancellor adviser of KazNPU named after Abai, the mail scientist of the
Literature Institute named after M. Auezov, professor of the chair "Kazakh literature" of KazNPU named after Abai,
the doctor of philology, the academician of NAS RK; Kaskabasov S.A. — the director of Literature Institute named
after M. Auezov, the academician of NAS RK, the doctor of philology science, the professor; Kazmaganbetov A.G.
— the rector of Atyrausk State University named after H.Dosmuhammedova, the doctor of pedagogical sciences, the
professor; Kydyraliev D. — the expert of Presidential Administration, the doctor of philosophy; Kozybaev I.M. —
the chairman of Culture committee of the Ministry of culture and information RК, the doctor of historical sciences,
the professor; Kaliev S.K. — the professor of the chair "General pedagogic" of Kazakh State Female Pedagogical
Univerity, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Koygeldiev M.K. — the university chair of humanitarian
specialties of PhD studies and magistracy Institute of KazNPU named after Abai, the doctor of historical sciences,
the professor; Kusainov А. — the university chair of "Pedagogics and psychology" of the Kazakh State Female
Pedagogical University, the doctor of pedagogical sciences, the professor; Kerimov L.K. — university chair of
"Pedagogics" KazNpU named after Abai, the doctor of pedagogical science, professor; Kolumbaeva Sh.Zh. —
professor of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences; Myrzakhmetov М. — the director of
the research center Abai-studies under KazNPU named after Abai, the doctor of philology, the professor; Mutanov
G.M. — the rector of the East Kazakhstan State Technical University named after D.Serikbaev, the doctor of technical
science, the professor; Moldabekov Zh.Zh. — the academician of social academy, the academician of Academy
International acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair "Cultural anthropology" of
KazNU named after Al-Farabi; Naribaev K.N. — rector adviser of KazNPU named after Abai, the doctor of economics,
the professor, the academician of NAS RK; Sarybekov M.N. — the vice-minister of education and science of RК, the
doctor of pedagogical sciences, the professor; Smanov B.U. — the director of Republican institute of improvement of
professional qualification of the scientific-pedagogical personnel, the candidate of pedagogical sciences, the professor;
Sangylbaev O.S. — the university chair of the "General and applied psychology" of KazNPU named after Abai, the
doctor of psychological sciences, the acting professor; Tabyldiev A.T. — the doctor of pedagogical sciences, the
professor of KazNU named after Al-Farabi; Turikpenov Zh. — the professor of chair of pedagogical specialties in
the Institute of magistracy and doctoral РһD candidacy of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical
sciences, the academician of Academy of the humanities; Sholpankulova G.K. — the associate professor of a chair
"National education" of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences; Seitova Zh.M. — the
executive secretary.
Меншік иесі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010
5
Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен,
ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды
ойлауымыз керек.
Н.Ә. Назарбаев
«Туған елім – тірегім» кітабынан
Алматы, 2001 жыл, 106-беттен
6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Еліміз тәуелсіздігін алып, еңселі елдің
қатарына қосылған уақыттан бері мемлекетіміздің
іргетасын қалап, көшін түзеуде, жарқын
болашаққа жол салуда Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Ел тарихы да,
өз тарихы да елге еткен қызметі іс-әрекетімен
тығыз байланысты. Оны халқы толық мойындап
қуаттайтыны сөзсіз. Сан жылдар бодан болып
мемлекеттігінен, елдігінен айырылған қазақ
халқының дербес шаңырағын көтеру Елбасына
оңайға түспегендігін, осы жолда кемеңгерлік
пен көрегендіктің қаншалықты қажет болғанын
халқы жақсы түсінеді және бұл үшін жан аямай
еңбек еткенін ешкім де жоққа шығара алмас. Жар
құлағы жастыққа тимей халықтың әлеуметтік,
экономикалық, саяси дамуын қамтамыз ету
үшін атқарған қызметін түгел қамтып, тізбелеп
айту мүмкін еместей. Ішкі тұрақтылықты нық
ұстап, сыртқы саясатта да абырой, беделі,
дарын, қабілеті, кемеңгерлігі, көрегендігі бүкіл
әлемге паш болғанын мақтанышпен айтатын
болдық десек, бұл асыра айтқандығымыз емес.
Елімізге келіп жатқан түрлі елдердің басшылары
мен қайраткерлері болса, ол Нұрсұлтан
ағаның шетелдіктермен Қазақстанның сыртқы
байланысты ұйымдастырудағы нәтижесі деп
ұққан жөн. Қазақ елінің мемлекеті іргетасынан
бастап шаңырағына дейін көтергені болашақтың
биігінен де көтеріліп, өзіне лайықты бағаланары
шүбәсыз. Ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі
қиын кезеңде қолына алып, даналығының,
қаһармандығының арқасында тарих сынынан
да, тағдыр сынынан да аман-есен өткізді.
Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан
бүгінде жаңа заман, жаңа дәуірдің есігін ашып,
әлем таныған өркениетті, дамушы елдердің
қатарына қосылып отыр. Он тоғыз жыл ішінде
елдің көкейіндегісін тап басқан байтақ даланың
бұла перзенті ел бірлігі мен ынтамақтастығын,
бүтіндігін сақтауды саясатының алтын арқауы
етіп келеді. Елбасының арқасында көптеген істер
тындырылды. Ішкі және сыртқы тұрақтылық
сақталып, елдің қауіпсіздігі мен ұлтаралық
келісім реттелді. Өткен ғасырдың 90-жылдардың
басындағы азиялық дағдарыстан аман өтуіміз,
БҰҰ-на мүшелік өту, дипломатиялық және
консулдық өкілдіктерінің жұмыс істеуі,
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы,
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы,
2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі сияқты т.б.
атқарып отырған істері жетерлік. Президенттің
осындай пәрменді іс-қимылы арқасында
тәуелсіздігіміз баянды болып, ауыр, әрі абыройлы
асулардан астық.
Нұрсұлтан аға құнарлы топырақтан нәр
алып, көктеген жан. Оның шыққан ортасы
нағыз қазақ жерінің жусан исі аңқыған, таумен
қоршалып, сумен белдеуленген, шұрайлы,
жазиралы кең байтақ Жетісудың сұлу өлкесінің
бірі, тамыры терең, өмірі өлең ырысты ел қонған,
құт-береке дарыған Шамалған бекетінің қасиетті
топырағынан өсіп-өніп, қияға ұшқан азамат.
Құс қанатын талдырып, тұлпардың тұяғын
тоздырған байтақ даланың баласы ақындар
мен батырлар елінен тәлім-тәрбие, өнеге алып
өсті. Найзаның ұшымен, білектің күшімен
қорғаған халықтың киелі топырағы Нұрағаның
тұлға болып қалыптасуына игі ықпалын тигізсе
керек-ау, сірә! Оның мінезінен мырзалықты,
дархандықты, ақындық қасиетті дарытқан
да осы қасиетті жердің киесі деп ұғамын.
Адамның қанаттанып, арқасын кеңге салып,
қалыптасуына туған жері де әсерін тигізсе керек
әсте! Қарасай батыр бабаның сегінші бел ұрпағы
саналатын Нұрағаның бойындағы батылдық пен
батырлыққа тән қасиеттер де оған ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып дарыса керек.
Адамның біз біле бермейтін қырлары мен
сырларын түгел танып болмайсың. Себебі, әр адам
тылсымға толы бір жұмбақ дүние. Оны ашып,
Ж.М. Сеитова –
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ-ның
жетекші маманы, Абай атындағы ҚазҰПУ
СҮЙСІНЕМ БОЛМЫСЫНА ЕЛАҒАНЫҢ...
(Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 70-жылдық мерейтойына )
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады...
Қазыбек би
7
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жұмбағын шешу қиынның қиыны. Әр адам өмірі
тағдыр деген тас диірменнің шығыршығында
шыр айналады десек, онда Нұраға да сол
шығыршықта шыңдалып, өмірдің ащысы мен
тұщысын бірдей бастан кешкен адамның бірі.
Десек те, көп жағдайда біз Нұрағаның өзіміз
тәрізді ет пен сүйектен жаралған жан екенін
көңілден таса қалдырған сәттеріміз жиі кездеседі.
Әйтпесе, барлық адамзатқа тән қасиеттер оған
да тән екенін ұмытпағанымыз абзал.
Жастарға кім-кімнің болса да үлгі-өнеге
болар тұлғалардың қырларын ашу өте орынды
деп ойлаймын. Сондықтан да сіздер, бұл
мақаланы әсіре мадақтау емес, осыдан жастар
тәлім-тәрбие алсын деген ойдан шыққан тілек
деп ұққандарыңыз жөн. Нұрсұлтан ағаның
бойындағы бүкіл қасиеттерге тоқталып отыру,
тізбектеп санап шығу мүмкін емес. Әйтсе де,
өзім қол алысып, дәмдес болмасам да, күнделікті
тіршіліктен теледидар арқылы көріп, газет-
журнал, кітап арқылы оқып, Елбасының жүріс-
тұрысынан, сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінен
байқағанымнан, түйгенімнен кейбір қасиеттерін
жастарға үлгі болсын деген ниетпен біразына
тоқталмақпын.
Әр
адамның
мінезі
–
астындағы
тұлпары, ал бар құндылығы – оның өмірі.
Сол мінезі, құндылықтары арқылы адам
адамнан ерекшеленеді, дүниеге көзқарасын
қалыптастырады. Нұрсұлтан аға жайлы
айтарымыз, жанды жадыратар жасындай
сөзді айтуға ол шебер, өзі де жадырып күлетін
сәттері жиі кездеседі. Нұрсұлтан ағаның оқыста
айтатын уыттай өткір сөздері, әзіл-қалжыңдары,
қағытпалары найзағайдың жарқылындай жарқ
етіп айтылған жерін ойып түседі. Бұл шешендік
пен тапқырлықтың ана сүтімен бойына
дарыған, күннің шуағымен тәніне бойлаған
кемеңгерлігінен болар. Өзінің білімдарлығымен,
өмірге шынайы көзқараспен қараушылығы,
батылдығы мен қырандай қырағылығы,
шешімділігі және қарапайымдылығы халықпен
етене тығыз қарым-қатынасқа түсуде баға жетпес
құнды қазынасы, ұстанған ұстанымы, асқан
сезімталдығы, көпшілдігі, табандылығы, кісіге
жақын, шыншыл мінезін, адамдардың жан-тәнін
тереңнен түсіне білетін қасиеті, тосқауылдан
сүрінбей өтуге талпынысын, батылдығын,
тәкаппарлығын, жігерлігін, кең пейілділігін,
саясатта дұрыс мақсат қоя білуі, оған жете
білетін, өзіне-өзі есеп бере білетін қасиеттерін
мен өте жоғары бағалаймын. Соның ішінде ең бір
үлгі болар жарқын мінезі оның көпшілік ортада,
қонақта отырғанда өзін емін-еркін ұстауы,
жарқын сөйлеп, адамдармен ой алмастыра алуы.
Көпшіл, жұртшылықпен ашық әңгімеге, бетпе-
бет кездесулерге барып, кез келген топпен тіл
табыса білетіндігі. Соның нәтижесінде кезінде
біртұтас мемлекеттің ыдырауынан, жоспарлы
экономикалық құлдыраудан туындаған талай
дау-дамай, әлеуметтік, экономикалық мәселерді
осындай қасиеттері арқылы еңсере білді.
Сыйласқан адамына астындағы атын түсіп
беретін мырзалық, сырласқан адамына жүрегі
елжірей көрсететін ырзалығы байқалатын қасиеті
бір төбе. Бұл мінез кез келген адам бойынан
көріне бермейді. Екі тілге де жүйрік, еске
сақтар жады мықты. Оны небір сан фактілерді
жатқа айта алатын қасиетінен байқауға болады.
Айтпақ ойыңды бірден түсінетін сезімталдығы,
ой ашықтығы өз алдына. Халқымен етене
тығыз қарым-қатынас жасап, өз ойларын ашық
ортаға салатын басшылардың бірі де бірегейі.
Ешқашан халқына жалған айтып, берген
уәдесінен жалтарған емес. Соны көргенде
марқайып қаласың. Шешендік, табан астында
сөз тауып, өз орнында қолдана білетін қасиеті
қазақи мінезімізге тән. Оның әсіресе, сөз саптау
шеберлігі, қиыннан қиыстырып жол таба білер
тапқырлығы әйгілі Қазыбек бидей шарпып өтеді,
Төле бидей даналығы, Әйтекедей батылдығы,
Шоқан мен Абайдай білімділігі бойына дарыған
Нұрағаның бойынан қазақы қасиеттердің исі
аңқып тұрады. Өздеріңізге сондай қасиеттерін
айқындайтын мына бір қарапайым мысалды
ұсынып отырмын. 2005 жылы елімізде өткен
кезекті Президент сайлауының қарсаңында
белгілі ақсақал жазушымыз Әзілхан Нұршайықов
“Егемен
Қазақстан”
газетінде
“Сайлау
алдындағы сөз” деп аталатын тамаша мақаласын
жариялады. Бұл майдангер қаламгердің
халқымызды ынтымақ-бірлікке шақырған үндеуі
іспетті, ерекше бір жылы жазылған дүниесі еді.
Сол мақаладан үзінді келтірейін:
“…Осы жақында Президент Маңғыс
тау облысына барғанда мынадай қызық оқиға
болыпты. Облыстың басшы қызметкерлерімен
Президент кездесу өткізеді. Кездесу аяқтала
бере бір әйел қол көтеріп сөз алады да, былай
дейді:
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз
Украинада оқыдыңыз, украиндықтарды жақсы
8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
көресіз. Украинша ән де шырқап жібереді
екенсіз. Ал мен украин қызы мын. Үлкен семьям
бар. Осы Ақтау қала сының тұрғынымын. Өзім
украин қызы болсам да, қазақша бесбармақ
пісіре аламын. Сізді семьямның атынан біздің
үйге кіріп, бесбармақ жеуге шақырамын.
Оған Нұрекең ықыластана күліп жауап
қатады.
– Мен қазақтар мен украиндықтарды ғана
емес, барлық ұлтты жақсы көремін. Сіздің
бесбармақ пісіре білетініңіз көңі ліме ұнап тұр.
Сонда сіздің үйдің бес бармағы қанша уақытта
дайын болады?
– Тура төрт сағатта, – дейді әйел қуақылана
сөйлеп.
Сол сәтте залдан тағы бір азамат қол
көтереді.
– Ардақты Нұреке, менің атым Сайын
Назарбекұлы. Осы елдің азаматымын... “Мың
“сізбізден”, бір “шыжбыж ар тық” дегендей,
мен сізге жүз рет сәлем бергеннен, бір рет
үйге шақырып, дәм татырғанды артық көріп
тұрмын. Ал сіз украин қыздарының алақанын көп
сипадыңыз ғой. Сондықтан бұл кісінің көңілін
қалдырғыңыз келмей тұр. Бірақ бұл ханымның
шаруасы ұзаққа созылады екен. Төрт сағат!
(Бұл сөзге отырған жұрт ду күлді). Ал біздің ет
жарты сағатта әзір болады, Нұреке!
Осылай деп ол Президентке бас иеді.
Бұл шығыста Абай мен Шәкәрім күмбездерін
көтерген, Оңтүстікте Домалақ Ана кесенесін
салған атақты сәулетші әрі ақын Сайын
Назарбекұлы болатын. Нұрекең оны бірден
танып, бас иеді. Содан соң екі шақырушыға
кезек қарап алып, жымия күліп, былай дейді:
– Мен қиын жағдайда қалдымау,
бауырларым. Қайсыларыңыздың үйіңізге барсам
екен? Бәріміздің де қызмет уақытымыз өлшеулі
ғой. Президенттің де сағат, минуты санаулы. –
Осылай дейді де ол украин ханымға қарай қайта
бұ рылады. – Менің уақыт деген бастығым
тамағы тез пісетін үйге барыңыз деп сыбырлап
тұр. Егер сізден рұқсат болса, өкпелемесеңіз,
мен Сайын мырзаның үйіне кіріп шығайын.
Әйел: “Амал не?” дегендей, екі алақанын
жайып, басын изейді. Президент сөзін қайта
жалғайды.
– Қазақта мынадай бір салт бар. Ауылға
алыстан келген құрметті қонақ сәлемдесу
үшін әр үйге кіріп шығады. Шығарда бір үйге
қамшысын, бір үйге белбеуін тастап кетеді
екен. Онысы: ертең – осы үйге келіп түстенемін,
бүрсігүні бұл үйден қонақасы жеймін деген
ишарасы болса керек. Сол сияқты мен “қамшым”
сіздің үйде қалды деп есептеп, келер жолы
үйіңізге кіріп дәм татайын. Осыған келісесіз
бе? – деп қонақжай әйелге қолын ұсынады. Әйел
қуанғаннан Президенттің қолынан сүймекші
болады.
– Жоқ, – деп Президент қолын тартып
алады. – Әйел еркектің қолынан сүймейді. Сіздің
қолыңызды мен сүйемін.
Осылай деп Президент жұмысшы әйелдің
қолына ернін тигізеді.
Президент үйіне келгеннен кейін Сайын
екі жасар немересі Досанды көтеріп келіп,
Нұрекеңе сәлем бергізеді. Бала жатырқамай,
Президентті құшақтай алады. Президент
сәбиді құшағына алып бетінен сүйеді.
– Аты кім бұл батырдың? – деп сұрайды
содан кейін.
– Аты Досан, Нұреке, – дейді Сайын.
– Қай Досан? – деп Президент басын
көтеріп алады. – 18701873 жылдардағы патша
саясатына қарсы Маңғыстау шаруаларының
көтерілісін бастаған батыр Досан емес пе?
– Дәл солай, Нұреке. Бұл сол батыр Досанның
ұрпағы – бала Досан.
– Досанды патша өкіметі ол кезде
Александровск аталған қазіргі Форт Шевченкода
азаптап өлтірді емес пе?
– Тура айтасыз, Нұраға.
– Онда бұл бала маған емес, мен бұл батырға
сәлем беруім керек! – деп Прези дент баланы
қайтадан қолына алып, көкірегіне қысады” [1].
Қарап отырсаңыз, зер салып, назарын
аударған жанға Нұрсұлтан Әбішұлының білімді-
лігін, табан астында тауып кететін қасие тін
танытатын шешендігін, сөз тапқырлығын,
парасаттылығын, қарапайымдылығын, уақыты-
ның тығыздығына қарамастан дәмді аттап
өтпей, ас қадірін түсіне білгендігінің астарында
қандай тәлім-тәрбие, өнеге жатыр. Халқымызда:
«Күллі тіршілік, ізгілік атаулы күннің нұрымен,
ананың ақ сүтімен келеді» дегендей, әйел затын
қадірлеп, көктемнің шуағына теңеуі, тәуелсіз
еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға
сенімді тірек болумен қатар, қоғам ісіне де, үй
шаруасына да білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау
кезеңде ерлермен қатар жүргенін, жалпы әйел
қауымының арқасында бар жақсылықтың күннің
сәулесі мен ананың ақ сүтімен келетіндігін
9
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Нұрағаңың түсіне білуі текті жерден, ананың
ақ тәрбиесін дұрыс алып шыққандығының бір
дәлелі екені рас.
Қазақтың ең құдіретті өнері – сөз өнері, ал ең
құдіретті адам – сөз өнерін ұстанған адам. Осы
тұрғыдан келгенде Нұрсұлтан аға да сөз өнерінен,
шешендіктен кенде емес. Оны тек мінберлерде
сөйлейтін сөзінен ғана емес, қазақтың көрнекті
ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 2008 жылдың
қарсаңында Елбасына жолдаған Жаңа жылдық
құттықтау хаты «Нұрсұлтан бауырыма. Жаңа
жылдық жыр» деген өлең жолдарымен жолдайды,
соған берген жауабынан көруге болады. Онда:
Қазағымның тапсам деп қалай бабын,
Мен жүрмін тәуелсіз ел ойлап қамын.
Сен жырлай бер қазақтың бақ, ырысын,
Жылдан жылға аман боп, Тұманбайым!
Жақсыны, жаманды да көрді басым,
Сондықтан асымаймын, тасымаймын.
Тұманбайлар ісімді қолдап жүрсе,
Бастай берем халқымды, жасымаймын.
Хаттың соңында «ақын емес – Н.Назарбаев»
деп қол қойып, жауап жазғаны, қазаққа тән сөз
қадірін түсінген болмысты көрсетсе керек.
Тұманбай ақынның «өстің ғой тұнықтарда
ат суғарып» деген шумағы Елбасының мінез-
құлығының жайлы, жайдарын меңзеумен қатар,
таза, мөлдір деген мағына тұрғысынан оның
адал көңілін, ақжарқын таза жан-дүниесін
астарлап жеткізген әдеби тұрғыдағы теңеудің бір
жолы. Ал, «іздеген батырымсың шөл жуасын»
деген өлең жолдары халқын сабырлылыққа,
тыныштыққа жетелейтін, елін жамандықтан
қорғайтын батырға теңеуі деп қабылдаған жөн.
«Тапсам деп қазағымның қалай бабын» деген
өлең жолдары – ақынның елінің болашағы
үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген ел
ағасының ерен еңбегін елеп-ескеріп бағалауы деп
қабылдағанымыз орынды. Енді бұл өлең жолына
«ақын емес» Нұрағаның жазған жоғарыдағы
өлең шумақтары ол кісінің жан-дүниесінің
нәзіктігінен хабар береді. «Әу демейтін қазақ
жоқ» демекші, елдің қамын тереңнен ойлайтын
Елбасының ақын жүректі жан екендігімен қатар,
халық өнеріне бей-жай қарай алмайтындығынан
хабардар етіп тұрғандай. «Жақсыны, жаманды
да көрді басым» деп, өткен өміріндегі көрген
еңбегі мен зейнетін ескеріп, «бастай берем
халқымды, жасымаймын» деп, ел басқарудағы
небір қиыншылықтардан мойымайтындығынан
хабар беріп отыр. Тәуелділіктен арылып,
тәуелсіздікпен қауышқан тұстан бері қаншама
игі істер мен қиындылықтарды еңсеріп, басы-
қасында жүрген Нұрағаның ерен еңбектерін
халқы қолдап, елеп-ескеріп, бағалап жүргендігін
Елбасы тереңнен сезіне білгендігінен шығар,
жұртына деген ризалықтан «асымай, тасымай»
әлі де болса, күш-қайраты келгенше келешектің
қамы үшін күресе беретінін жеткізеді.
Елбасының: “Менің бабалары батыр, аналары
дана халқым бар; тағдырдың талай тауқыметін
мойымай көтерген, өмірдің небір шырғалаң
кезеңдерінде небір аласапырандарды басынан
кешірген төзімді халқым бар; өздерінің халі
мүшкіл бола тұрып, өзінікі түгіл өзге ұлттың
жетімін тентіретпеген, қаншама ұлт пен
ұлыстарға пана бола білген мәрт халқым бар;
жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі
кіршіксіз қардай ақ ақкөңіл хал қым бар; талай
жаудың меселін қайта рып, ел іргесін сөгілтпей,
жерін жауға бермей аман алып қалған батыр
халқым бар; күмбірлете күй төгіп, тамылжыта
ән салып, қырық күн, қырық түн жырлана
тын дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз
халқым бар; қаншама данышпанданаларды,
кемеңгер ғалым дарды, алып батырларды,
сұңғыла ше шен дерді, тура билерді дүниеге
келтірген тәкаппар да паң халқым бар. Мені
де осы халықтың дүниеге келті ріп, менің де
Ұлы даланың қасиетті то пы рағына кіндік
қанымның тамғанына ризамын. Айналайын,
жомарт халқым нан, дана халқымнан, көнтерілі
халқым нан!” – деп жазуы қандай іс бастағанда
да, Елбасы үнемі халқына сеніп, арқа сүйеп
жүргендігіне байланысты тебірене жазатыны да
сондықтан. Адам не нәрсеге болса да шабытын
ояту үшін алдымен жақсы сөз, қандай да бір
мейірімді жылулықты қажетсінеді. Пенде
болғасын кім болса да өзгелерден жылулықты
күтеді емес пе?! Нұрағаның да халқынан
жылулық күтетіні сезіледі. Себебі, Елбасыны
қорғайтын да, қолдайтын да, демейтін де туған
елі, жұрты. Сондықтан, елім деп еміреніп, ұлты
үшін қызмет етіп келе жатқан халық ұлынан
жылуымызды аямайық!
Міне, біз талдап отырған Елбасы мен ақын
Тұманбай арасындағы өлең жолдары негізінен
түсіне білген адамға ішкі жан-дүниесінен хабар
береді. Осы өлең жолдарымен танысқан сәтте
мен үлкен толғаныспен тебірендім. Әрине,
Тұманбай аға – ақын. Елбасының еңбегін елеп,
арнайы жыр жолдарын ұсынды. Бұл түсінікті. Ал,
10
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мені тебіренткен Нұрсұлтан ағаның жанының
нәзіктігі, тазалығы, нәрестедей пәктігі. Себебі,
ол кісіге арналған жыр жолдары жетерлік. Бірақ,
Тұманбай ағаның ақжарқын жырына бей-жай
қарамай, адал көңілімен жырдан жауап қайтаруы
мені қатты таңдандырды. Міне, көп ұлтты
Қазақстанды басқарып отырған Елбасының бұл
жанының нәзіктігінің бір қыры.
Тағы бір жан сүйсіндірер қыры – халық
ауыз әдебиетінен терең сусындап өскендігі, оны
өмірде қолдана білгендігі. Жүзінен, тұла бойынан
дала иісі аңқып тұрады. Далаға жаны жақын
адам өнердің, әсіресе, халық ауыз әдебиетіне
құмар болып келеді. Өнерлі, ширақ мінезі
Нұрсұлтан Әбішұлының өнерге, әсіресе, халық
музыкасына жақындығын айқындап тұрғандай
сезіледі. Адамның рухын көтеретін де, көңілін
құлазытатын да және жайнатып жадырататын да
ән болғандықтан, оны байыбына тереңнен бойлап
түсіне білу өнер сүйетін, құрметтей білетін
жанға жат емес. Қазақтың барлық жан дүниесі
халықтық музыкадан көрініс тауып жатқандай.
Сал-серіліктен құр алақан еместігі де байқалады.
Себебі, кейбір көңілді отырыстарда, бойын
шаттық билегенде, қысылып, қымтырылмай
ән айтатын сәттері халық өнерін тереңнен
түсіне білгендігінде жатқандығынан болар. Қай
заманда да ән қазақ үшін өнердің ұшар басында
тұрды. Әнді айтқанда рухани азығымыздың өрісі
өрлеп, өркендей, тынысымыз кеңге салынып
жүре береді. Сұлу сазды, көркем сөзді асқақ
әндерді салғанда Елбасы бойынан қазақ жерін
әнмен көмкерген Сегіз сері, Нияз сері, Біржан
сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың бейнелері бір
сәтке елестегендей болады. Өзі де шабыттанған
сәтте қара сөзден маржан теріп, өлең шығарады,
өлеңіне жазылған әндері халық арасында
шырқалып та жүр. Бұл да бір өнерді бағалай
білгендігінің жарқын айғағы. Сондықтан да, біз
Нұрсұлтан ағаны қаймана қазақтың небір асыл
қасиеттерін бойыңа сіңірген адам деп толықтай
айта аламыз.
Нұрсұлтан ағаны қазақтың ұлттық тәрбие
дәстүрінен сусындаған, ұлттық қадір-қасиетті
бойына жинаған, замана ағымын жіті ойлап,
жаңашылдығымен, әлемнің озық тәжірибелерін
ұтымды пайдалана отырып, ата-бабамыздан
қалған асыл өнегені ұштастыра білетін белгілі
стратег, дарынды ұйымдастырушы, халық
қамқоршысы деп білеміз.
Нұрсұлтан аға – ғұмыр-тіршіліктің нешелеген
ой-қырларынан өткен, бай тәжірибе жинақтаған,
бүгінгі мерей-мәртебесіне жас шағынан бастап
талмай ізденіп оқудың, ерінбей де жалықпай,
күн-түн демей қажырлы еңбек етуінің арқасында
жеткен адам. Халқымызды күрделі, тарихи
сынақтан сүріндірмей өткізіп, қабырғалы қалың
елге көшелі ісімен қызмет етіп келе жатқан
Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбектерін
сергек ойлы азаматтардың бәрі де терең сезіне
алатыны даусыз. Бүгінде атқарылып отырған
елдің қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың әл-
ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес т.б. ауқымды іс-шаралардың барлығы да
Н.Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Елбасының дұрыс та, сындарлы саясатының
арқасында бізді әлем жұртшылығы таныды,
мойындады. Оған жай ғана дәлел, кеше ғана
Түркияның Премьер министрі Т.Ердоғанның
біздің Елбасыны «түркі әлемінің лидері» деп
атауы, түркі халықтарынан жаралғандардың
ішіндегі озып туғанын мойындағанның көрінісі.
Сондықтан да, қолда бар алтынның қадірін
кетірмей, бағалай білейік. Президентіміз абырой
биігінен көрініп, халықтың ыстық ықыласына
бөлене берсін! Президентіміз үшін мақтансақ,
еліміз, елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Алла
деніңе саулық, амандық берсін! Ешқашан
ауырмай, елдің көшін алға сүйреп, ортамызда
мерейі үстем болып жүре берсін!
Жас ұрпақ осындай алты алашты қазақ
халқының айбары мен қорғаны болып отырған
тұлғалардың
бойындағы
құндылықтарға
тереңнен бойлай мән беріп, шынайылықпен
қарап, өз бойларыңа сіңіріп өссе, қоғам да, өзі де
алға жылжымаса, кері кетеді деп ойламаймын.
Елбасы бойындағы жоғарыдағыдай асыл
қасиеттерді мен өте жоғары бағалаймын және
жүрегім елжірей шын жүректен сүйсінемін!
11
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
1.
Жаман-жақсы әр істі,
Пейілінен адам табады.
Парасатты ер-жігіт,
Жақсыдан ғибрат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |