Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


 Ойлан, тап! /қазақтың тәрбиелік мәні



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.6 Ойлан, тап! /қазақтың тәрбиелік мәні 
бар ұлттық ойындары/
Ойлан, таптың мақсаты – ойындар негізінде 

17
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
оқушының жалпы интеллектуалды ой-өрісін да-
мыту. Оқушылардың логикалық қабілеттерін да-
мыту. Топпен жұмыс жасауға үйрету.
2.7  Әсемдік  әлемі  /қоршаған  ортадағы 
әсемдік, әсемдікке баулу/
Қоршаған  ортамен  ізгі  қарым-қатынас 
тәжірибесін 
қалыптастыруға 
бағыттау. 
Балалардың  табиғатқа  эстетикалық  қатынасын 
қалыптастыру  және  денсаулықтарын  нығайту 
мақсатында  экологиялық,  шығармашылық 
іс-әрекеттер  ұйымдастыру.  Жасөспірімдерді 
әсемдік 
сезімге 
тәрбиелеу. 
Әсемдікті 
қабылдау  және  эстетикалық  түсінік.  Баланың 
талғам  құндылықтарды  құруға  бағытталған 
қабілеттіліктерін 
және 
әсемдік 
туралы 
түсініктерін  қалыптастыру.  Әсемдік  пен 
сұлулыққа ояту, талғам танымдарын арттыру.
2.8  Шебер  қолдар  /қолдан  бұйым  жасау 
өнері/  
Оқушылар  шығармашылығын  қолөнер 
негізінде  дамытудың  маңызы.  Шығармашылық 
ұғымының  мәні. 
Қазақ  халқының  қолөнерін 
оқушыларға  үйретудің  маңызы  мен  мазмұны. 
Қолөнер түрлері. 
Қолөнер бұйымдарын әзірлеуде 
оқушылардың  шығармашылық  және  ісмерлік 
дағдыларын 
қалыптастыру. 
Оқушыларды 
қолөнерге баулу үрдісін ұйымдастырудың шарт-
тары. 
Еңбекке баулу мазмұны; Техникалық еңбек; 
Көркем еңбек; Дизайн; Тұрмыстық еңбек. 
3. НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕГІ ҰЛТТЫҚ 
ТӘРБИЕ
3.1 Қазақтың даналары 
Халқымыздың ұлы ғұламалары: Қорқыт ата, 
Әмір Темір, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Яссауи, 
Абылай  хан,  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би, 
Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, А.Құнанбаев, 
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, 
М.Жұмабаев,  С.Торайғыров,  Ж.Аймауытов, 
Ш.Уәлиханов, 
М.Әуезов, 
С.Сейфуллин, 
Б.Майлин, 
І.Есенберлин, 
І.Жансүгіров, 
Т.Рысқұлов, Т.Жүргенов, Ж.Жабаев т.б. Олардың 
жас  жеткіншектер  бойында    адамгершілік, 
ұлтжандылық, 
еңбекқорлық, 
ұқыптылық, 
әдептілік  сияқты  қасиеттерін  қалыптастыруға 
бағытталған  еңбектерінен  мысалдар.      Бұл 
еңбектердің  жас  жеткіншектер  тәрбиелеудегі 
қазіргі заманға сәйкес қолданылуы.
Қорқыт  ата  нақылдары.  Әл-Фараби 
іліміндегі тәрбиенің әлеуметтік мәні, экономика, 
адамгершілік, ақыл­ой тәрбиесі туралы.
Абайдың    өзінің  халқына,  келер  ұрпағына 
арналған  өшпес  әдеби  мұралары.  Абай: 
...адал  еңбек,  ар­ұждан  қай  дәуірде  болмасын 
көнермейтін,  адамды  қиыншылық  атаулыдан 
аман­есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, 
өмірдің  нұсқасы,  жастарды  алға  жетелер 
жарық жұлдыз. 
Ш.Уәлиханов  еңбектерінің  темірқазығы  – 
қоғамның  шаруашылық­экономикалық  пробле­
малар, қазақ халқының экономикалық жағынан 
дамуы ­ Шоқанның негізгі арманы болды. 
Ы.Алтынсарин  өз  еңбектерінде  жастар­
ды  сабырлыққа,  әдептілікке,  ұқыптылыққа, 
еңбек сүйгіштікке үйрете отырып тәрбиелеуді 
мақсат еткен. Ы.Алтынсариннің көлемі шағын 
әңгімелерінде білім, оқу, ғылым, мұғалім, еңбек, 
байлық, кәсіпкерлікті үйрену, баюдың жолдары 
нақты  мысалмен  түсінікті  жазылған.  Оның 
«Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең 
табылады»,  «Білімнің  пайдасы»,  «Қыпшақ 
Сейітқұл»,  «Петр  патшаның  тергелгені», 
«Мұжық пен жасауыл», «Жомарт», «Сараңдық 
пен жинақылық» деген т.б. 
Т.Рысқұлов  қаржы  және  салық  саясатына 
– халық шаруашылығына басшылық жасаудың 
маңызды  және  шешуші  тетігі  ретінде 
қарады.  Т.Рысқұлов  үкімет  жетекшісі  болып 
сайланғаннан  соң  республикадағы  салық  саяса­
тын жан­жақты зерттеген,оның қазіргі нарық 
қатынастарын үйретудегі мәні. 
3.2  Білімнің пайдасы
Білімділік  –  озық  ойлы,  кең  өрісті, 
мәдениетті  азамат  болу  кепілі.  Ұлы  Абайдың 
«Білімнің  пайдасы»  еңбегінің  мән-мағынасы, 
оның қазіргі өмірдегі сипаты.  Білім – адамның 
негізгі  қажеттілігі.  Еліміздің  көркеюі  –  білімді 
азаматтардың еңбегінің жемісі. Қазақ халқының 
білімге  қатысты  мақал-мәтелдері:  «Білімнің 
берері мол»,    «Өнер білім бұлағы, білім өмір 
шырағы», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды 
жығады»,  «Білімдіден  шыққан  сөз,  талаптыға 
болсын  кез»,  «Оқу-білім  азығы,  білім-ырыс 
қазығы»    мақалының  мән-мағынасы,  тәрбиелік 
мәні. Қазақтың халық есептері. Олардағы бала-
ларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, талпынысқа, 
алғырлыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері.
3.3.  Тілдердің үш тұғырлығы
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.  Қазақ 
тілі  –  мемлекеттік  тіл.  Қазақ  тілінің  өзге  ұлт 
тілдерінен  негізгі  ерекшеліктері.    Қазақ  тілінің 

18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
даму тарихы. Орыс тілі – халықаралық қатынас 
құралы.    Шет  тілін  үйренудің    маңыздылығы. 
Тілдерді  үйренудің  жаңа  технологияларын 
таңдай  білу.  Көптілділік  –  әлемдік  өнер  мен 
терең білім игеру кепілі. 
3.4  Қазақтың қол өнері
Қазақтың қолөнер туындыларының түрлері. 
Қазақтың  сәндік-қолданбалы  өнері,  оның  даму 
ерекшелігі,  бүгінгі  заманға  сәйкес  икемделуі 
мен  оның  қазіргі  қолданылуы  және  жастардың 
киім  кию  біліктілігін  қалыптастырудағы  рөлі.  
Зергерлік  бұйымдар,  ондағы  ою-өрнектердің 
мәні  мен  мағынасы,  тәрбиелік  рөлі.  Тоқыма 
бұйымдар,  оларды  дайындау,  өңдеу,  пайдалану. 
Кесте тігу, киіз басу өнері, оның жасөспірімдерді 
әсемдікке,  ұқыптылыққа,    еңбексүйгіштікке, 
төзімділікке    баулудағы  рөлі.  Қазақтың  ұлттық 
өю-өрнектерін  пайдаланып  киім  тігу,  оның 
жас  ұрпақтың  сән  өнерін  қалыптастырудағы 
мүмкіндіктері. 
3.5  Денсаулық – зор байлық
Білім алушылардың жеке бас гигиенасы. Жас 
ерекшеліктеріне байланысты қыз гигиенасы, ұл 
гигиенасы.  Дене күтімі мен дене шынықтыру – 
денсаулық кепілі. Ұйқы, оның адам денсаулығын 
бекітудегі  рөлі.    Демалысты  ұйымдастыра  білу 
шеберлігі.  Ұйықтайтын,  дем  алатын,  ас  ішетін 
бөлме тазалығы. Ас – адамның арқауы. Қазақтың 
ұлттық  тамақ  түрлері,  оларды  пайдалану  реті 
мен оның  адам денсаулығына әсері.  Ас дайын-
дау тәртібі. Ас мәзірі. Ас ішу  әдебі. 
3.6  Ізденушілік шеберлігі
Қызығушылық  аясының  кеңдігі  –  жас 
ұрпақтың  тәрбиелілігінің  белгісі.  «Іздеген 
жетер  мұратқа»  мақалының  мән-мағынасы, 
тәрбиелік  мәні.  Ізденімпаздық  қасиетін  дамыту 
мүмкіндіктері: сөзжұмбақ, сөзтізбек  шешу, сұрақ 
жауап  ойындары,  бейнесөздер  құрастыру,  оны 
шешу.  «Алғашқылар,  біріншілер,  тұңғыштар», 
«Бұл кім? Бұл не?», «Не?, Қашан?, Қайда?» сұрақ 
жауап ойындарының мәні мен мағынасы, оның 
жас ұрпақтың ізденімпаздығын, шығармашылық 
құзыреттілігін  қалыптастырудағы  рөлі.  Мек-
теп  кітапханасынан,  әдеби  құралдардан, 
информациялық  ақпарат  құралдарынан  қажетті 
материалдар  іздеу  тәртібі.  Ізденіс    нәтижесін 
тиімді пайдалана білу қабілеттілігі. 
3.7 Табиғатты аялау 
Жер, су, ауа тазалығы – табиғат байлығының 
кепілі.  Қоршаған  орта  табиғатын  қорғау 
мақсатындағы  ата-баба  дәстүрлері.    Жергілікті 
жердің  табиғи  ерекшеліктері,  оны  қорғауға 
қатысты  әрекет  түрлері.  Қоршаған  орта 
тазалығы.    Көгалдандыру  жұмыстарында    ата-
баба  дәстүрлерін  пайдалану.    Жер  мен  судың 
ластануының  денсаулыққа  әсері.  Табиғатта  се-
руендеу  тәртібі  /ауа  райына  лайық  киіну,  серу-
енге  лайық  тамақ,  ыдыс  аяқ  дайындау,    серуен 
соңында  отырған  орын  тазалығын  қамтамасыз 
ету/.
Жасыл ел бағдарламасын жүзеге асырудағы 
жас жеткіншектердің  үлесі.
Жергілікті  жерлердегі  табиғатты  қорғауға 
бағытталған ұйымдар және  олардың жұмысы.
3.8 Еңбек – ер атандырады
Қазақтың еңбек тәрбиесі туралы, ұқыптылық, 
үнемшілдік,    еңбекқорлық  қасиеттерін  қалып-
тастыруға мүмкіндік жасайтын мақал-мәтелдері, 
олардың тәрбиелік мәні: «Еңбек түбі зейнет», «Ел 
үшін еңбек етсең, халқың сүймек», «Ер дәулеті 
еңбек»,      «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның 
тіленбей» т.б.  Қазақ халқының  дәстүрлі еңбек 
түрлері,  олардың  қазіргі  сипаты,  ондағы  еңбек 
әрекетінің өзгерістері,  қазіргі өмірге бейімділігі, 
тәрбиелік мәні.
3.9 Адами қасиеттер
Бақыт деген не? Адам бақыты туралы қазақ 
ойшылдарының пікірлері. Махаббат. Ана махаб-
баты,  бала  махаббаты.  Жолдастық.  Жолдастың 
өмірдегі  орны.  Сүйіспеншілік  сезімі,  оның 
өмірдегі орны.  Дос құпиясын сақтай білу.  Жол-
дасты  қалай  таңдау  керек?  Достық,  жолдастық 
қарым-қатынас белгілері.
4. БАҒДАРЛЫ МЕКТЕПТЕГІ ҰЛТТЫҚ 
ТӘРБИЕ 
4.1. 
Қазақ 
халқының 
ұлттық 
құндылықтары
Тіл  –  ұлттың  ары.  Мемлекеттік  тілді  білу 
–  парызың.  Қазақстандағы  ресми  тіл.  Халық-
аралық  қатынастар  тілі.  Әлемдік  тіл  –  әлемдік 
деңгейге шығар жол. Қос тілділік – өркениетке 
жетелейтін  баспалдақ.  Үш  тұғырлы  тіл  – 
жаһанданудың кепілі. 
Діл.  Қазақ  халқының  өзіне  тән  -  ұлттық 
ділінің  ерекшеліктері:  Мінез-құлқы,  намы-
сты  қолдан  бермеушілігі,  рухты  биік  ұстауы, 
батырлығы,  сабырлылығы,  ақкөңілділігі  мен 
аңғалдығы,  бауырмалдылығы,  көпшілдігі  мен 
қонақжайлылығы т.б.
Қазақ халқының ділі – оның әдет-ғұрпында 

19
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ойын-сауықтары,  ырымдары  мен  тыйымда-
ры,  түс  жоруы,  жыл  қайыруы  мен  мал  бағудан 
туындаған  астрономиялық  көзқарастары  т.б. 
Қазақ  халқының  көшпелі  тұрмыс  өміріндегі 
қолөнері және оның тәрбиелік мәні құрақ құрау, 
текемет, киіз басу, сәнді тоқыма тоқу, кесте тігу, 
ою, өрнек өнеріндегі бейнелері.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр. «Үйлену – оңай, 
үй  болу  –  қиын»  мақалының  мән-мағынасы. 
Отбасын  құруға  байланысты  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлер  құда  түсу,  қалың  мал,  құдағи  таныс, 
қалыңдық ойнау, өлі-тірі беру, есік-төр көрсету, 
батаяқ  байлау,  ақтық,  шаңыраққа  мінгізу,  ақ 
қастық,  үкі  тағу,  отқа  май  тамызу,  жол  кеспеу, 
арқан  керу,  ақ  алып  шығу,  домалақ  қалыңмал, 
есікті қатты жаппау, неке қияр ғұрпы, неке шар-
ты, ат тергеу, табақ тарту, жар-жар айту, беташар 
т.б.   
Қазақ  халқының  қонақжайлылығы.  Қонақ 
күту. Қонаққа табақ тарта білу. Қонақ кәде.
Дін. Ежелгі қазақ даласындағы халықтардың 
ұстанған діни наным-сенімдері көкбөріге табыну, 
ата-баба әруағына, отқа, суға, жерге т.б. Әлемдік 
негізгі діндер: Ислам діні, Христиан діні, Будда 
діні. Діннің адам психологиясына әсері (пайда, 
зияны).
Қазіргі кездегі түрлі діни ағымдар және жа-
стар.
4.2 
 
Қазақстандағы 
ұлтаралық 
қатынастар
Халықтар  достастығы  және  оның  маңызы. 
Дипломатиялық  қатынастар.    Сауда-саттық  
қарым-қатынастары.  Ресми  қарым-қатынас. 
Бейресми  қарым-қатынастар.  Бұл  қарым-
қатынастардың 
қазіргі 
заман 
азаматын 
тәрбиелеудегі маңызы.
4.3  Еліміздің мақтан тұтар азаматтары
Менің  пірім.  Атақты  адамдар  өмір  жолы, 
еңбегі,  жетістіктері,  өсиеті,  оларға  еліктеу. 
Мысалы:  Құрманғазы  Сағырбаев,  Қажымұқан 
Мұңайтпасов,  Ыбырай  Жақаев,  Бауыржан 
Момышұлы, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаха-
нов, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, 
Шәкен  Айманов,  М.Өтелбаев,  Т.Әубәкіров, 
А.Жұмаділдаев,  Қ.Рысқұлбеков,  Б.Саттарханов 
т.б. Сіздің қалыптасуыңызға әсер еткен адамдар. 
Зиялылық. Зиялылыққа  тәрбиелеу жолдары.
4.4 Салауатты өмір салты
Салауатты  өмір  салтын  құру  және  оған 
тәрбиелеу.  Салауатты  өмір  салтының  рухани-
имандылық,  әлеуметтік-экономикалық  және 
қоғамдық-саяси негіздері.  
Қазіргі  қоғамдағы  қауіпті  дерт  және  олар-
ды  болдырмау  жолдары.  Олардың  түрлері: 
темекі шегу, анаша шегу, арақ ішу, жезөкшелік, 
жұқпалы аурулар (СПИД, мерез, сөз, трихомани-
ат  т.б.).  Тастанды  балалар.  Ата-анасын  қарттар 
үйіне өткізу проблемалары, оны болдырмаудағы 
қазақ  халқының    дәстүрлі  әрекеттері.  Қарияға 
деген құрмет. 
4.5    Зерттеушілік  қабілеттерді  дамыту 
және оның түрлері
Зерттеу 
мәдениеті. 
Шығармашылық 
қабілет. Ізденушілік қабілет. Өзіндік жұмыстар. 
Шығармашылық  іс-әрекетті  қалыптастыруға 
бағытталған жұмыстың түрлері мен бағыттары.
4.6      Сұлулық  әлемі  және  сұлулық 
құпиясы
 Әсемдік. Сымбаттылық. Сүйкімділік. Дене 
күтімі.  Бет  күтімі.  Киіне  білу.  Ас  ішу.  Гигиена 
т.б.    Қазақ  халқының  әдет-ғұрпындағы  әсемдік 
пен сұлулық сырларының көрінісі.  
4.7  Еңбек етсең – емерсің
Еңбек тәрбиесінің маңызы, оның  спортпен 
бірлігі қазақ халқының ұл баласының ертеден ат 
жалында  ойнауы,  ұлттық  ойындарға  мән  беруі 
т.б.,  Кәсіпкер  әдебі.  Кәсіпкердің  ұлтжандылық, 
қайырымдылық қасиеттерінің маңызы.
4.8 Ұл тәрбиесі
Жеті ата. Шежірені білу. Ұлдың отбасындағы 
орны. Ұл қандай болуы керек? Оған келешекте 
жүктелетін  міндеттер.  Жыныстық  тәрбие.  От-
басын құру. Жар таңдау. Айттыру. Отбасын жо-
спарлау.  Отбасының  адам  өміріндегі  маңызы. 
Күйеу бала әдебі.
4.9  Қыз бала тәрбиесі
«Қызға  қырық  үйден  тыю»  мақалының 
мағынасы. Қыз баланың отбасындағы орны. Қыз 
қылығымен  тартымды.  Бойжеткен  қыздың  ги-
гиенасы. Қыз абыройы. Қыз бала – болашақ ана. 
Қыз балаға ерте жастан жыныстық тәрбие беру.  
Қазақ халқының ертеден қыз баланы қонақ деп 
құрметтеуі.  Қыз  бала  –  болашақ  келін.  Келін  – 
отбасының ұйытқысы, ақ босағаның аруы, үлкен 
шаңырақтың береке-құты. 
4.10  Бақыт деген не?
Бақыттың  мәні.    Шынайы  бақыт  деген  не?. 
Адамға  бақытты  болу  үшін  не  керек?  Бақыт 
пен  байлық  бір-бірімен  байланысты  ма?  Ел 
бақыты. Ер бақыты. Ана бақыты. Бала бақыты. 
Баянды  бақыт.  Жолдастық.  Жолдасты  таңдау. 
Жолдастықтың  адам  өміріндегі  маңызы.  

20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сүйіспеншілік. Сүйіспеншіліктің адам өміріндегі 
маңызы.
 Сұлу, сұлу емес – сүйген сұлу. Ұнату. Жақсы 
көру. Махаббат. Сүю. Қимастық сезімдері т.б. 
5.  ЖОО –да ұлттық тәрбие беру
5.1  Ұлттық  тәрбиенің  теориялық 
негіздері
1. Ұлт.  Ұлттың қалыптасуы 
2.  Ұлттық  тәрбие  көздері  тіл,  тарих, 
мәдениет, салт-дәстүр, дін, діл 
3.  «Ұлттық  тәрбие»  пәнінің  негізгі 
мазмұны, оның алғышарттары
4.  «Ұлттық  тәрбие»  пәнінің  басқа 
пәндермен байланысы
Ұлт  туралы  жалпы  түсінік.  Ұлттың 
қалыптасуына, дамуына әсер ететін факторлар. 
Ұлттың  дамуындағы  ұлттық  тәрбиенің  рөлі. 
Қазақстанның  дамуындағы    әлеуметтік-рухани 
тәрбие беру жолдары.
Ұлттық  тәрбие  көздері 

  тіл,  тарих,  дін, 
мәдениет,  салт-дәстүр,  діл. 
Ұлттың  ыдыра-
мас  тұтастығы,  мызғымас  бірлігі  ұлт  тілімен 
тығыз  байланысты.  Ұлт  тілі  –  халықтың 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  асыл  қазынасы, 
рухани 
құндылықтарды 
ұрпақтан-ұрпаққа 
сақтап жеткізуші формасы. Әдебиетте шығарма 
кейіпкерлері  арқылы  олардың  тілін,  ойын,  іс-
әрекеттерін,  мінез-құлқын,  ұлттық  қасиеттерін 
көрсету  арқылы  үлгі  ретінде  баяндаса,  содан 
кейін  оны  көркемдеп  көрсету  арқылы  жеке 
тұлғаның адамдық қасиеттерін қалыптастырып, 
сана сезімін арттыра түседі. Ұлттық тәрбие – ел 
тарихының  ажырамас  бөлігі.  Ұлттық  тәрбиеде 
ұлт тарихын оқытуда мақсат – саналы тұлға тәні 
мен жаны сау ұрпақты өз елінің тағылымдарын 
мақтан тұтатын жастар тәрбиелеу.
Діни  негіздегі  тәлім-тәрбиенің  негізі,  ең 
алдымен,  отбасынан  бастау  алып,  білім  беру 
жүйесінің  алғашқы  сатыларында  (балабақша, 
мектеп)  балаларға  жан-жақты  тәрбие  беруде 
діни  сананы  жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы 
қоғамдық  сананың  бір  бөлігі  ретінде  орынды 
пайдалану қажет. Ұлттық тәрбие берудегі діннің 
алатын орны.
Ағартушылық  сипатты  насихаттай  отырып, 
имандылық  пен  діни  тазалық,  адамгершілік, 
бірлік,  татулық  білімділікті  негізгі  мақсат  ету 
қажет. Қандай дін өкілі болмасын адам болмысын 
жақсылыққа  жетелейтінін  ұғындыра  отырып, 
ғылым мен діннің үйлесімділігін айқындап таны-
ту. 
Дін түрлері. Мұның себебі, әлемді жаратушы 
әр түрлі жолмен тану деген сөз. 
Ұлттық тәрбиені 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпты  дәріптеп  оқыту 
арқылы  білім  алушының  бойына  күнделікті 
өмір  тұрғысындағы  тәрбие  нақыштарының 
сан  белесінен  хабардар  етеміз.  Сол  дәстүр 
нақыштарымен,  әдет-ғұрыптардың  бүгінгі 
таңдағы  рөлін  айқындай  отырып,  жастардың 
халық  үрдістеріне  деген  сүйіспеншілігін  ояту-
ды  мақсат  етуді  негіздеу.  Жалпы,  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып адам психологиясымен етене байла-
нысып, замана жаңаруына сай өзгеріп отыратын 
құбылыс.
«Ұлттық  тәрбие»  пәнінің  басқа  пәндермен 
байланысы.  Ұлттық  тәрбиені  тек  жеке  пән 
ретінде  ғана  емес,  басқа  пәндермен  байланы-
стыра  тәрбиелік  тұрғыдан  жастарға  үлгі-өнеге 
болатындай оқытуды қарастыру. Әрбір жас пән 
арқылы  өмірге  шынайы  қарауға  тәрбиеленеді. 
Сондықтан  да,  пәнді  оқыта  отырып  жастарды 
адами  құндылық  қасиеттерін  дамытып,  оны 
өмірден, адамдар қарым-қатынас қылықтарынан, 
еңбек  іс-әрекеттерінен,  еңбек  нәтижесінен 
көретіндей  етіп,  сол  дарытқан  қасиеттерді 
күнделікті өмірде жасау ынтасы мен көрінісінен, 
іскерлігінен байқауға тәрбиелеу көзделеді.  
5.2  Ұлттық тәрбиенің тарихи тамырлары
1. Халық фольклорындағы тағылымдар
2. Ұлттық және әлемдік өнер тәлімі
3. Қазақ ойшылдарының ұлттық тәрбие-
дегі ой-пікірлері
Қазақ халқының ауыз әдебиеті (фольклоры) 
сонау  ерте  замандардан  бастау  алады.  Халық 
есінде  ұмытылмай,  ғасырдан  ғасырға  созылып, 
сақталып  келген  көне  мұраларымыздың  жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  алар  орны  ерекше.  Сан 
кезеңдерді көктей өтіп, ұлттың рухани арқауына 
айналған ауыз әдебиетінің жастарды ұлтжанды, 
Отанын,  елін  сүйетін  азамат  етіп  тәрбиелеуде 
маңызы  зор.  Осы  арқылы  біз  ауыз  әдебиетінің 
түрлері:  айтыс,  шешендік  сөздер,  батырлар 
жыры, тарихи жырлар, эпостық, лирикалық жыр-
лар, ертегі, аңыз-әңгімелер, бесік жыры, толғау, 
мақал-мәтелдер  тағы  басқа  түрлерінде  көптеп 
берілген  тағылымдар  арқылы  оның  тәрбиелік 
маңызын  түсіндіріп,  талдау  арқылы  жас  ұрпақ 
тәрбиелеу жағын қарастырамыз. 
5.3  Ұлттық  тәрбие  –  адами-мәдени  даму 
негізі
1. Жалпыадамзаттық құндылықтар

21
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
2. Ұлттық-мәдени құндылықтар
3. Денсаулық құндылықтары
4. Табиғат құндылықтары
Тұлға 
мәдениетінің 
негізі 
оның 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  қатынасынан 
көрінеді. 
Ұлттық 
мәдени 
құндылықтар 
дегеніміз  –  белгілі  бір  ұлтқа  тән  ата-бабаның 
ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және 
материалдық құндылықтары. Жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  жастарға  түсіндіре,  оны 
танудың негізі қоғамға бағытталған идеялардың, 
сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық 
және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  байла-
ныстыра  білуге;  қоғамға  және  басқа  адамдарға 
болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін 
зерттеп  тануға;  азамат  құқы  мен  міндеттерінің 
бірлігін  түсінуге;  азаматтық  мінез-құлық 
пен  сезімдерді  тәрбиелеуге;  пікір  жүргізу 
еркіндігінің  дамуы  мен  көңіл-күй  ортақтығын 
сезінуге  және  т.б.  орайлас  екендігін  айту. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  иядеяларының 
негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі 
сапалық  қасиеттерін  қалыптастыру  көзделген. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  жүйесін 
қарастыра  отырып:  а)  өзін-өзі  тануға:  махаб­
бат,  денсаулық,  еркіндік,  бақыт,  еңбек,  тән 
мен жан үндестігі;  ә) өзгелерді тануға: отба­
сы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, 
диалог,  өзара  түсіністік,  ынтымақтастық; 
б)  әлемді  тануға:  табиғат,  Отан,  әлем, 
өмір,  Бүкіл  әлеммен  үндестік,  сенім,  үміт;  в) 
адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, 
жер  адамзаттың  ортақ  үйі,  шығармашылық, 
мәдениет, адамзатпен бірігуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының халықтарының 
өміріндегі  тарихи  оқиғаларына,  қоғам  мен 
мемлекеттің  дамуына  ықпал  ететін  мәдени 
мұраларды  көненің  көзіндей  сақтап,  оны 
маңызын  жастарға  түсіндіру    арқылы  бағалай 
білуге  шақыру  қарастырылады.  Жастардың 
ұлттық  құндылықтарға  бағдарланған  тұлғалық 
болмысын қалыптастыру жолдары. 
Көп  этнос  пен  диаспора  тұратын  елде 
ұлтаралық  мәселе  тұратыны  заңдылық. 
Ұлтаралық құндылықтың ең бастысы – татулық 
пен  бірлікте.  Бірлігі  жарасқан  елдің  болашағы 
зор  екендігін  түсіндіре  отырып,  жас  ұрпақты 
ауызбіршілікке,  өзара  сыйластыққа  баулу 
қарастырылған.
Денсаулық.  Бірінші  байлық  –  денсаулық, 
өмір  өзегі.    Ұзақ  өмір.  Мәнді,  мазмұнды  өмір. 
Денсаулықты  нығайту.  Денсаулыққа  зиян-
ды,  пайдалы  әрекеттер.  Салауатты  өмір  сал-
ты.  Адам  өміріне  зиянды  әрекеттерден  аулақ 
болу:  нашақорлық,  ішімдік  ішу,  шылым  шегу, 
СПИД  және  т.б.  Адамның  саналы  да,  жарқын 
тәрбиелі  өмір  сүруі  үшін  алдымен  денсаулық 
қажет.  Салауатты  өмір  салтын  сақтай  отырып, 
әр  жастың  денсаулығын  қалай  күту  керектігі, 
оның  құндылықтары  жайлы  мағлұмат  беру. 
Денсаулықтың  алты
  аспектісіне    жеке-жеке 
тоқталып, мән-мағынасын түсіндіру: 
а) физикалық денсаулық; 
б)  психикалық  және  интеллектуалды 
денсаулық;
в) жеке денсаулық;
г) рухани денсаулық;
д) эмоционалды денсаулық;
е) әлеуметтік денсаулық;
 
Табиғат  құндылығын  түсіну.  Табиғаттың 
сұлулығы мен әсемдігін сезіне білу, табиғаттан 
үйлесімділік,  жарасымдылық  табу,  әсемдікке, 
сұлулықққа  талпыну.  Табиғатқа  қамқорлық 
жасау,  аяушылық,  жанашырлық  таныту,  күтіп-
баптау, өсіп-өнуіне көмектесу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет