Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Дарақылық мінезді тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дарақылық мінезді тәрбиелеу

Жеңілтек,  орашолақты  жан,  әңгіліктен, 

өркөкіректен,  өзбілермандықтан  пайда  бо-

латын  дарақылық  мінез  жеке  тұлғаның 

беделін түсіреді.

«Сабыр  түбі  –  сары  алтын»  деп, 

қазақ  халқы  әр  нәрсеге  сабырмен  қарап, 

жеңілтектенбей, желпінбей сөйлеп, қисынды 

қимыл  жасауды  талап  етеді.  «Желбуаздық 

–  жетесіздік»  деп,  дарақыланбай  сөйлеу 

әдептілікті көрсететінін білдіреді.

Дарақылық  мінез  іс-әрекеттегі  орашо-

лақтықты  тудырады.  Дарақыланған  адам 

өз  іс-әрекетінің  жүйесін  бұзып,  «инесін 

шығарады». Дарақының іс-қимылы жүйесіз, 

орашолақ  болады  да,  нәтижесі  толымды 

болмайды. «Іс істесең, ретін тап» деп, халық 

ондай оспадарлықты қатты санайды.

Дарақылық  мінез,  көбінесе,  өркөкі-

ректіктен  пайда  болады.  Өркөкіректеніп, 

өжетсініп,  қиқарланып,  қақылдап  әдеп 

бұзған  дарақы  жалы  ұжымдық,  әлеуметтік 

іс-әрекетке де кесірін тигізеді. «Қырық кісі 

бір  жақ,  қыңыр  кісі  бір  жақ»  деп,  халық 

дарақылық мінездің кесірлігін кесіп айтып, 

ол мінезден аулақ болуды талап етеді.

«Өзім  білем»  деп,  өзбілермандыққа 

салынған  адам  дарақылығын  танытып, 

«көпке  түкіріп»,  көптен  қарғыс  алады. 

«Көпті жамандама, көмусіз қаласың» дейді 

халық.

Дарақылық  мінез  –  даңғойлықтың 



нәтижесі.  «Ойламай  сөйлеген  опық  жейді» 

деп,  халық  даңғойлық  сөзбен,  даңғаза  іс-

әрекеттің түбі – теріс екенін еске салады.

Дарақылық  мінезді  өзара  сын,  ескерту, 

кеңесу,  әңгіме  әдісін  қолдану,  мойындату 

арқылы тәрбиелеуге болады.



Екіжүзділік мінезді тәрбиелеу

Қулықпен,  қараниеттілікпен,  зымия-

ндылықпен,  жағымпаздықпен,  арамдықпен, 

азғындықпен көрінетін бұл құйтұрқы мінез 

ердің есін аударады.

Қулық  жасап,  құлқын  бұзып,  адамды 

алдап,  екіжүзді  адам  ел  бүлдіреді.  «Бойы 

–  бұлғаң,  сөзі  –  жылмаң  кімді  көрсем  мен 

содан  бетті  бастым,  қатты  састым,  тұра 

қаштым жалмажан» деп, Абай дана екіжүзді 

адамның  мінезі  адамзатқа  қауіпті  екенін 

басып айтады.

Зымияндық  пен  қулығын  білдірмей, 

құрдай  жорғалап,  құрметтенгісіп,  екі  жүзді 

елпеңдей ерді жолдан тайдырады. «Екі сөзді 

–  ердің  жауы,  екіжүзді  –  елдің  жауы»  деп, 

халық даналығы екіжүзділіктен сақ болуды 

уағыздайды.

Екіжүзді адам – қараниетті. Ол ешкімге, 


23

22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жақсылық  ойламайды,  жамандық  ойлап, 

жамандық  тілейді,  жамандық  істейді.  Ол 

біреуге  қанша  жамандық  жасаса,  сонша 

залалын  тартады.  «Жамандық  ойлама 

досыңа,  келеді  басыңа»  дейді  тәжірибелі 

қазақ  халқы.  Аққа  қара  жауып,  күнәсізге 

күйе жағып, екіжүзді «сойқан» – ердің жауы, 

елдің қасіреті болады.

Екіжүзді  адам,  көбінесе,  жағымпаз  бо-

лады. «Екісөздінің сөзіне сенбе, екіжүздінің 

өзіне сенбе» дейді халық. Жарбаңдай жағым-

паздықты  халық  қалт  етпей  таниды,  одан 

қашық жүруді уағыздайды. 

Арамдық ойын іске асыру үшін, жағымпаз 

аңқауды  алдап,  момынды  жүгіндеп,  әуреге 

салады, оны қасіретке ұшыратады. Аңқауды 

арамза жеңіп, ердің татулығын бұзады. 

Екіжүзді адам абыройдан жұрдай болып, 

азғындық  жасағаны  үшін  өмірден  «өз 

соққысын» алады.

Екіжүзді  адам  арын  сатып,  адамдығы 

қалмай, басқаларды ұятқа қалдырады. Онда 

қазақи болмайды.

Екіжүзді  мінезді  әділ  сынап,  әдептілікті 

талап етіп, әңгілігін әшкерелеп, тағылыммен 

тәрбиелеу керек.

Еріншектік мінезді тәрбиелеу

Немқұрайдылықтан, 

жауапсыздықтан, 

сал  ғырттықтан,  салақтықтан,  сана сыз -

дықтан, 

мақсатсықдықтан, 

намыс сыз-

дық  тан  пайда  болатын  бұл  мінез  ер 

жігітті  бақытсыздыққа  ұшыратып,  бағын 

тайдырады.

Өз ісіне немқұрайдылықпен жеңіл–желпі 

қарайтын  адам  ерініп,  «ертеңі»  таусылмай, 

тіршілігінің  берекетін  кетіріп,  «ісі  өнбей», 

«көңілі тынбай» көп кесірге ұшырайды.

Еріншектік,  көбінесе,  жауапсыздықтан 

пайда  болады.  «Жетім  адамға  бас  кесір  – 

еріншектік,  ортаншы  кесір  –  ұйқышылдық, 

кенже  кесір  –  кедейлік»  деп,  Төле  би 

еріншектіктің  «бас  кесерлік»  зияны  бар 

екенін қатты ескертеді. Өз өміріне, тірлігіне 

жауапсыздықпен  қараған  адам  қасірет 

шегеді.


Салғырттық  –  еріншектіктің  салдары. 

Санасыз адам салғырттықпен езіліп, еріншек 

болып,  есінен  айырылады.  Есалаңдық 

еңбектен  бездіреді  де,  ер  азаматты  қор 

қылады.

Салақтықтан «салы суға кетіп», еріншек 



адам  көк  тіршілігін  істей  алмай,  көп 

нәрседен құр қалады. «Күллі адам баласын 

қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі – надандық, 

екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық» 

деп білесің, содан қашпақ керек», дейді Абай 

дана. Салақтықта санасыздықтан туады.

Алдына  мақсат  қоя  білмейтін  адам 

еріншектің  «езілмесіне»  түсіп  кетеді. 

Мақсатсыз  әрекет,  үмітсіз  іс  жемісі 

болмайды.  «Көндің  бе  қиынға  төзуге,  Сен 

күнде  есеп  бер  өзіңе»  деп  әр  адам  алдына 

арымен аптап мақсат қоя білу керек.

Еріншектік 

намыссыздықтан 

пайда 

болады. 


Намыссыз 

адам 


«қатардан 

қалмайын» деп ойламайды да, опық жейді, 

бірақ намыстанбайды.

Еріншектік  мінезді  еңбекке  баулу, 

тапсырмаларды орындату, талап ету, мәжбүр 

ету  тәсілдері  арқылы  тәрбиелеуге  болады. 

Әсіресе,  еріншектікті  әшкерлейтін  көркем 

шығармаларды  оқытып,  талдау  пайдалы 

болады.

Жағымпаздық мінезді тәрбиелеу

Жандайшаптық,  жәдігөйлік,  жарамсақ-

тық,  жалпандық,  жалғандық,  жанкештік 

арқылы  пайда  болатын  бұл  қатұрғы  мінез 

адал  адамның  арына  нұқсан  келтіреді, 

жақсының жанына кесір болады.

Өзінен  қызметі  үлкен,  дәрежесі  жоғары 

адамға  жандайшаптық  әрекетпен  оның  іс-

әрекетіне  көмек  бергенсіп,  көңілін  аулап, 

амалдап  алдаусыратып,  арам  пиғылын  іске 

асыратын  адам  жеке  тұлғаға  ғана  емес, 

ұжымға,  қоғамға  зиян  келтіреді.  «Жаман 

бастықтың жағымпаз қасынан кетпейді, оны 

жолдан тайдырып, ептейді» дейді халық.

Жағымпаз  адам  Жәдігөй  болады.  Ол 

ақылсыз    басшыны  алдаудың  амалдарын 

жақсы  біліп,  жанын  жалдап  отырғызып 

кетеді.  Жәдігөй  жағынудың  басын  өтірік 

мақтаудан  бастайды.  Өтірік  мақтағаны, 

андығаны  баққаны  деп  Абай  дана  өтірік 

мақтағанға  «семіретін»  ақымақ  басшыны 

қатты  сынайды.  «Жағымпаздың  мақтағаны 

ішіне қулық сақтағаны» дейді халық.

Жарамсақтықпен  көңіл  аулап  жалпан-

дықпен жағынып арам ниетті жағымпаз адал 

адамның  ақылын  аулап,  есін  есенгіретіп, 

қасіретті қателікке ұғындырады.

Жалқаулық  жасанды  әрекеттер  арқылы 

жағымпаз  көз  аудап  көрікті  ойды  бұзады. 

«Бойы  бұлғаң,  сөзі  жылмаң,  Кімді  көрсем, 

мен  содан  бетті  бастым,  қатты  састым, 

тұра  қаштым  жалма-жан»  деп  Абай  дана 

«жасанды  қылық  жарға  жығатынын»  өлең 

арқылы суреттейді.

Жағымпаздық жанкештіктен туады. Адал 

адамда  ақылдан  тайдырып,  алдау  үшін, 

жағымпаз  «міне-жаным,  міне  –  иманым» 

деп, «сүттен ақ судан таза» болып көрінеді 

де  көрінеді,  «бүтінде  бүлдіреді,  ойды 

ойрандайды»  «сызатқа»  тұзақ    құрып, 

өз  мақсатына  жетеді.  Жағымпаздық 

мінез  салауатты,  саналы,  әділетті  басшы 

шындықты «шымбайына батырып» тәрбие-

лей алады.



Жалқаулық мінезді тәрбиелеу

Ерітуден,  осалаңдықтан,  жатағандықтан, 

жан аяулықтан, жатыпішерліктен, жауапсыз-

дықтан,  топастықтан  пайда  болатын  бұл 

мінез – еріншектіктің асқынған түрі.

Жалқаулық  ерінуден  пайда  болады. 

«Еріншектік  ердің  жауы»,  ол  күрделеніп, 

әдетке  айналып,  жалқаулыққа  жадыланып 

қалғанын өзіде білмейді.

Ер жігітте еселі ісін елемейтін есалаңдық 

пайда болады да, өз ісін өлтіреді. Істің түрі 

көбейіп,  түңілдіреді  де,  жалқаулық  жанды 

езіп,  мақсат-мүдде,  ар-намыс  жоғалып 

кетеді. «Жалқауға жан жуымас» деп халық, 

оның  көптен  тыс  қалып,  көріксіз  өмір 

сүретініне өкінеді.

Жалқау  адам  «жатаған»  болады.  «Жат-

қанды  ешкім  ұрмайды,  –  жатуға  тағы  бол-

майды» дейді Абай дана. Жалқау-ұйқышыл 

«Нас  басқанды  ұйқы  басады»  дейді  халық. 

Жалқаулық-настық,  «нас  басқан»  адам 

ертеңін ойламайды.

Жан  аяғыш  жалқау  ұжымдық  істе 

«қолының ұшынтигізіп», қопарып еш нәрсе 

істемей,  әдеп  сақтамай,  әріптестерін  ұятқа 

қалдырады.

Басқаның  табысын  пайдаланып,  жатып 

ішер болған жалқау, «көзге түскен сүйелдей» 

көпке жек көрінішті болады. «Жатып ішер» 

жалқау ұжым абыройын төгеді.

Жауапсыздықтан пайда болған жалқаулық 

– елге қырсық. Өз өмірін, отбасына, Отанына 

зиян келтірген жауапсыз жан қылмыскер.

Тоғымарлық  пен  топастық  жалқаулық 

мінезді  қалыптастырып  қасіретке  ұшы-

ратады.


Жалқаулық  мінезді  сынау,  талап  ету, 

мәжбүр ету, дәлелдеу тәсілдерімен тәрбиелеу 

керек.

Жасқаншақтық мінезді тәрбиелеу

Именуден, жасқанудан, батылсыздықтан, 

сескенуден, секем алудан пайда болатын бұл 

мінез  ер  азаматтың  езгісін  шығарып,  ерлік 

бейнесін жасытады.

Үлкеннен,  күштіден,  бастыдан  именіп 

жасқаншақ  адам  жарқын  іс-әрекет  жасай 

алмайды.  «Жақсы  істен  жасқанба»деп 

халық жақсылыққа жан арқылы керек екенін 

уағыздайды.

Жасқаншақтық мінез, көбінесе, жас қану-

дан  пайда  болатынын  еске  салып,  халық 

«Жасқанған жақсыдан құры болады» дейді. 

Жасқаншақтық  өзіне-өзі  сенбегендіктен 

пайда  болады.  Әрбір  адамда  сенім  деген 

қозғаушы күш болуға тиіс.

Ынжық  әрекет,  ырықсыз  тірлік  жас-

қантып,  жеке  тұлғаның  тұғырлық  кейпін 

бұзып, кескінсіздік бейнесін көрсетеді. Ын-

жық  адам  өзінің  сыбағасынан  құр  қалып, 

өкінеді. 

Әр  іске  батылдығы  жетпеген  адам 

қорқақтап,  қолайсызданып  іс-әрекетінде 

тын дырымсыз болады. «Қорқаққа қос көрін-

ер» деп халық, «көз – қорқақ, қол – батыр», 

бастаған істе «тәуекел» болуын уағыздайды.

Әр  нәрседен  сескену,  «секем  алу» 

жасқантып,  жарқын  әрекет  жасауға  кесірін 

тигізеді. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, 


25

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

бекер  мал  шашпақ  –  бес  дұшпанның 

білсеңіз» деп Абай дана мақтаншақты «бес 

дұшпанның» бірі деп көрсетеді. Жасқаншақ 

адамда  сенім  құдіреті  болмайды.  Сенім 

бомаған жерде «өнім» болмайды да, адамның 

асыл қасиеттерін жойып жібереді.

«Жасқаншақ  жігіт  оңбайды,  жақсылық 

оған  қонбайды»,  «жасқаншақ  болма, 

жалынды  бол,  жалпы  жұртқа  мәлім  бол», 

«жасқаншақтық – жанға қайғы», «жасқаншақ 

адам  жау  жеңбес»  деп,  халық  жастарды 

жасқаншақ  болмауға тәрбиелейді. Жасқану 

– жас жалынның жан дүниесін бүлдіреді де, 

адами  қасиеттерін  қалыптастыруы  кедергі 

жасайды. 

Жасқаншақтық  мінезді  сендіру,  батыл-

дандыру, тәсілдері арқылы тәрбиелік жүйе-

мен тәлім беруге болады.

Жасықтық мінезді тәрбиелеу

Момындық,  икемсіздік,  ынжықтық, 

ымырашылдық,  көнбестік,  жасықтықтан 

пайда  болатын  бұл  мінез  адамды  көп 

нәрседен құрғалдырады.

Момындық ақылға байланысты болмаса, 

ол  адамды  жасытып,  айтатын  сөзін  айта 

алмай,  қылатын  тірлігін  істей  алмай, 

тындырымсыз  істе,  тиянақсызойда  көп 

кемшілік  жібергенін  байқамай  қалады  да, 

жасиды,  «Жастың  жасықтығы  –  өмірден 

қашықтығы»  деп,  халық  тәжірибесіздігі, 

өмірмен  араласпағандығы  зиян  екенін 

айтады.


Іс-әрекетке  икемсіздік  еңбексіздіктен 

пайда  болады  да,  адамды  жасытады. 

«Байыпты еңбек, бәрін де жеңбек» деп, халық 

еңбекшіл адам икемсіз болмайтынын ашық 

айтады.  Икемсіз,  көбінесе,  жалқаулықтың 

кесірінен  пайда  болады  да,  адамның 

«абыройын» төгеді.

Еңбекке икемсіз адам ынжық болады да, 

үйренуге үлгі алуға талжынбайды. «Жасық 

жігіт – пасық жігіт» деп, халық жасықтықтың 

өзі пасықтықтан пайда болатынын дәлелдеп, 

пасық болмауды уағыздайды.

Жасық адам ымырашыл болады. Ол кім не 

айтса,  соған  көніп,  істің  байыбына бармай, 

бағдарсыз  тірлік  жасап,  оның  қасіретін 

көреді.  «Жасық  адамды  жау  алады»  деп, 

халық жасықтықтың кесірін кесіп айтады. 

Жасықтықтың  бір  белгісі  –  көнбестік. 

Қандай іс болса да, оның қиындығын жеңбей, 

келеңсіздік пен кесірлікке көніп, жасық адам 

жарық дүниеде «жарымайды».

Жасықтық мінез – психологиядағы елеу-

сіз,  езілме  құбылыс.  Ол,  көбінесе,  көзге 

«момындықты» көрсетеді де, «имандылық» 

әлпетте  басқалардың  көзін  алдап,  көңіліне 

кірбең туғызады.

Жасықтық мінезді сынау, мінеу, талап ету, 

мойындату  тәсілдері  арқылы  тәрбиелеуге 

болады.

Залымдық мінезді тәрбиелеу

Пайдакүнемдік,  тәкаппарлықты,  қуа-

кер  лікті  айлакерлікті,  әділетсіздікті,  қас-

күнемдікті  көрсететін  залымдық  мінез, 

көбінесіне, билік иесінде болады.

Тек  пайда  көруді  ойлап,  «тікбақайлық», 

«есекқулық  жасайтын  адам,  ақшаға  арын 

сатып, ақылын байлыққа жұмсап, басқаның 

қанын  сорып,  малын  тонайды».  Әсіресе, 

«нарықтық үнем» заманында пайдакүнемдік 

әдетке айналады.

Залым  адам  тәкаппар  болады.  Ол 

өзінің  шенін  пұлдап,  билігін  қолданып, 

пайда  табудан  басқаны  ойламайды.  Онда 

адамгершілік,  имандылық  болмайды.  «За-

лымға болсаң кіріптар, өзің көріңе кіріп бар» 

–  деп,  халық  залымның  қатігездігін  айтып, 

қараниеттігін қатты сынайды.

Залымдыққа  қулық-сұмдықты  пайдалан-

ып,  залым  адам  алудың  амалын  табуды 

көздейді.  Парақорлық  ниетімен  неше 

түрлі  қулық  әрекет  жасап,  жеке  тұлғаның 

желкесіне мініп алуға тырысады. «Күші көп 

залымға, кісі деп жалынба» дейді халық.

Залым адам айлакерлікпен кісіні кіріптар 

етуге  тырысады  да,  оның  барын  жоқ  деп, 

ағын  қара  деп,  әбігерге  салады.  «Басыңды 

имесең,  басыңды  кесем»  деген  ниетін 

білдіреді. «Залымға нана берме, алдына бара 

берме» деп, халық залымнан бездіреді.

Залымдық,  әдептілікке  қайшы  келеді. 

Залым  тұлға  ешқашанда  әділдік  жолын 

көздемейді. Сөз айтуда өз пайдасын ойлап, 

не  асыра  мақтап,  не  асыра  даттап,  өз 

мақсатына  жетуге  тырысады.  «Ісің  түссе 

залымға кіріптар боп жалынба» дейді халық.

Залым  мінезді  адам,  біреуге  қастық 

ойлауға бейім болады. Қастекі әрекетпен ол 

басқаның  жақсылығын  жасырады,  ешкімге 

жақсылықты қимайды.

Залым  мінезді  дәлелдеу,  мойындату 

арқылы тәрбиеленеді.



Зұлымдық мінезді тәрбиелеу

Көреалмастық,  қаскүнемдік,  қастандық, 

айлакерлік, 

қараниеттілік, 

азғындық, 

пәлеқорлық  арқылы  пайда  болытын  бұл 

мінез  жеке  адамға  ғана  емес,  қоғамға, 

әлеуметке кесірін тигізеді.

Зұлым адам басқаның жақсылығын көре 

алмай, жақсыны жоққа шығарып, жарқынды 

жақтырмай, жан біткенді жамандап, дүниені 

тарылтып жүреді. Оған ешкім жақпайды.

Зұлым  адам  қаскүнем  болады.  «Етекті 

тартып,  аяқты  шалып,    жақсының  жауы» 

болады.  «Зұлым  қырт  –  жұлым  құрт»  деп, 

халық зұлымды танып, талақ етеді. Саналы 

адамдар  сақтанса  да,  зұлым  адамдар 

қаскүнемдігін қоймайды. 

Зұлым  адам  қалай  етсе  де,  қастандық 

жасаудың  амалын  тауып,  сүйкенгенін 

сүріндіреді.  Біреуді  мұқатса,  сүріндірсе 

мәз  болып,  (көңілі  уақытша)  жай  табады. 

Ол  қастандықты  мықтылық  деп  ұғады. 

Адамгершілік  пен  ар-ұят  ода  болмайды  да, 

қиянат жасап, қылмыс өрбітеді.

Зұлым  адам  айлакер  болады,  жамандық 

жасауға,  жанын  жаулап,  арамдықтың 

амалын  табады.  Ол  –  жалақор,  пәлеқор, 

қастек болып, алға басқанның «албастысы» 

болады. Жеке тұлғаның өсуіне кесір кедергі 

жасайды.

Қара ниетті, қаскүнем адам «теріс ойлап» 

жақсылыққа  жамандық  жасайды.  Әрбір 

адамның  жақсылығымен  жамандығы  бар. 

Ал зұлым адам тек жамандықты көріп, көрге 

кіргенше «көрсоқырлығын» тия алмайды.

Азғындық жасап, адамзатқа тек жамандық 

жасап,  дағдыланған  зұлым  адам,  қоғамға, 

әлеуметке әділетсіздік жасап, әділетсіздікпен 

халықтың тәлімдік қағидасына зиян келтіреді

Пәлеқорлық іс-әрекеттерімен зұлым адам,  

қоғамды  білдіреді.  «Басшы  болса  зұлым, 

қор  қылар  елдің  үнін»  деп,  халық,  әсіресе 

басшының  зұлымдығы  өте  қауіпті  екенін 

ескертеді.

Зұлымдық  мінезді  сынау,  дәлелдеу, 

мойындау, жазалау арқылы тәрбиелеу керек.

Зымияндық мінезді тәрбиелеу

Қитұрқылық,  екісөзділік,  қаскүнемдік, 

қараниеттілік, 

ішмерездік, 

кекшілдік, 

қаныпезерлік  арқылы  пайда  болатын  бұл 

мінез – қауіпті мінез.

Зымиян  адам  «амалын  тауып»  жаман-

дық  жасауға  бейім  болады.  Іштарлық 

көреалмастық  ниетпен  жолдасын  жолдан 

тайдырады.

Екіленіп,  екісөзді  болып,  өз  пайдасын 

ойлап зымияндықпен  «тақырға» отырғызып 

кетеді. «Екі сөзді – елдің жауы»

Зымиян  адам,  көбінесе,  қаскүнеділігін 

қадірлі  адамдарға  жасап,  өз  мақсатына 

жеткендей  болады.  Өйтпесе  мұңданады, 

қабағын ашпайды.

Ол  жақсылыққа  жамандық  ойлап,  аз-

ғындайды.  Бәсекеден  бәле  іздеп  тауып, 

ойламағанға ор қазады.

Ол 


іштарлықпен 

жақынына 

да, 

жамағайынға  да  жамандық  ойлап,  қыз-



ғаныштың қызыл отына жанады.

Зымиян адам – кекшіл, күншіл, жоқ жерден 

кінә  тағып,  жұрттың  басын  қатырады.Ол 

кесірліде ешқандай кешірім болмайды.

Ол зымияндықпен қылмыс жасап, азабын 

өзі тартады.

Зымияндық  мінезді  дәлелдеу,  жазалау, 

талап  қою,  талқылау,  тақылетіне  келтіру 

тәсілдерімен тәрбиелеу керек.

Кербездік мінезді тәрбиелеу

Өзгешелік,  кірпияздық,  кісімсіну,  әсем-

паздық,  сәнқойлық,  жасандылық,  жа рам-

паздық  арқылы  пайда  болатын  кербездік 

мінез  жеке  тұлғаның  жасанды  бейнесін 


27

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Ж.Е. Ішпекбаев – 

Абай атындағы

ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері

жөніндегі проректоры,

 саяси ғылымдарының кандидаты

доцент, Ханьшань педагогикалық

 университетінің құрметті профессоры

көрсетіп оның өзгешелік сипатын білдіреді.

Кербез  адам  көпшілікке  өзін  өзгеше 

етіп  көрсетуге  тырысып,  жүріс  –  тұрысын, 

сөйлеуін, қарым – қатынасын «өз білгенінше» 

әсемдеуге бейім болады. Өзгешелікті өзінің 

ұғымына сәйкес жасағандықтан, оның ақыл 

–  санасына  сай  әсемденуі  де  түрлі  болады. 

(Кейде «күлкілі» болады).

Өзін  өзгеше  бағалайтын  адам  басқаны 

бағаламай,  жаны  сүймей,  жақтырмай  кір-

пияздық  көрсетіп,  ұнамсыз  әрекеттерін 

байяулатыпр  қояды  да,  «жеккөрінішті» 

болады.


Кербез  адам,  көбінесе,  өзін  басқалардан 

артық  санап,  алжасады  да,  орынсыз 

қимыл  жасап,  орайсыз  сөз  айтып,  дауыс 

ырғағын  «далбасалап»,  танауын  көтеріп, 

тағлымсыздығын  көрсетеді.  Ол  болмысын 

өзі де байқамайды.

«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, 

арқалаң»  деп  Абай  дана  кербез  мінездің 

«кесірін» кесіп айтады. Әсемпаз болам деп, 

кербез адам кейде әсемдікті, жарасымдықты 

бұзып,  тағамын  жоғалтып  алады  да,  «жаңа 

сән»  деп  жағымсыз  «сәнмен»  көрініп, 

жұртты ренжітеді.

«Сәнқойлық» пен кербездік сәйкес келмей 

сәнді  бұзады.  Әрине,  кербездікке  жанын 

салған адам өзін жақсы көрсетуге тырысады 

да, бірақ ол көптің көңілінен шыға бермейді. 

«Сәнқой  сәнді  бұзады,  әнді  бұзады»  дейді 

ел.

Кербездік,  көбінесе,  жасанды  болатын-



дықтан,  сол  «жасаушы»  тұлғаның  талға-

мына, ақыл – санысына байланысты әр түрлі 

дәрежеде болады. 

Өзін-өзі «жаратып», кербез адам келеңсіз 

әрекеттер  жасайды  да,  мүмкін  оны  өзі 

байқамайды.

Кербездік  кесір  мінез  емес.  Кербездіктің 

кемісін  достық  сынап,  әсем  әзіл  арқылы 

мінеп, түзеуге болады.

Көзқамандық мінезді тәрбиелеу

Елбезерліктен,  туажаттықтан,  жаута -

нымас  тықтан,  кесепаттықтан,  қаныпе-

зерліктен,  опасыздық тан,  отансыздықтан 

пайда болатын бұл мінез – кесірлі мінез.

Көзқаман  (көзуман)  адам  –  тегін 

білмейтін, басқа елде тәрбиеленіп, сол елдің 

болмысын  қабылдап,  ататекті  менсінбейтін 

тұлға.  Ол  ататегін  ардақтауды  білмейді, 

қайта  қорлайды,  өзін  «өркениетті»  елде 

өскенмін деп ойлайды.

Көзқаман  (ататекті  көрмеген)  адам, 

ата  жұртын  көргісі  де  келмейді.  «Қанына 

тартпағанның  қары  сынсын»  дейді  қазақ. 

Туажат  болып,  халқының  қадірін,  қасиетін 

білмеген  тұлға,  оның  әдет-ғұрпын,  салт-

дәстүрін  «ескілік»,  «қараңғылықтың  қал-

дығы» деп масқаралайды.

Жаутанымастық  әдетпен  көзқаман  адам 

жақсылық  ойламай,  жауына  жалбырынып, 

дұшпанының  сойылын  соғып,  еліне 

(ататегіне) қарсы шығуы мүмкін. «Ер туған 

жеріне, ит – тойған жеріне» деп, халық ата 

жерінде тұрмайтын «ердің» теңеуі «ит» деп 

көрсетеді

Көзқаман адам кесепаттық мінез көрсетіп, 

кесірленіп,  ататектік  әдебиетті,  мәдени  іс-

әрекеттерді  жек  көреді,  жамандайды,  жаны 

қасаяды.

Көзқаман тұлға ататегіне қастандық жасап, 

қаныпезер  болудан  тайынбайды,  тарихты 

балағаттайды.  «Ататегін  сыйламаған  арам 

өледі» деп халық оны қарғайды.

Жалпы адами қасиеттерді аяққа басатын 

опасыздар осы көзқамандардан шығады. 

Отансыздықтан  пайда  болатын  көқа-

мандық  туралы  халық:  «Опасызда  Отан 

жоқ», «Жақсыда кек жоқ, Жаманда тек жоқ» 

– деп, ол мінезді ашына айқындайды.

Көзқамандық 

(отансыздық) 

мінезді 


тәрбиелеу  қиын.  Ол  үшін  таныту,  ұлттық 

құндылықтарды  бойына  сіңіру  тәсілдерін 

қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет