Ең алдымен “Психология” сөзінің этимологиясынан бастайық. “Психология” термині грек тілінен аударғанда psyche (жан) және logos (сөз, білім, ғылым), “жан туралы білім” немесе “жан туралы ғылым” дегенді білдіреді.
Психология тарихында адамның ішкі дүние құбылыстары жан немесе жан құбылыстары ұғымын білдірді.Тарихшылар “Психология” ұғымының шығуы жайлы әртүрлі пікірлер айтты. Кейбіреулері “психология” сөзінің авторы Меланхтон пікірлесі Лютер Ф. деп санаса, енді біреулері – философ Гоклениус деп санайды. “Психология” сөзі ғылыми әдебиетте XVIII ғасырда пайда болған. Философиялық тілге бұл терминді ең алғаш неміс философы Христиан Вольф өзінің 1732–1734 жылдары жарыққа шығарылған “Рациональная психология” және “Эмпирическая психология” еңбектерінде енгізген болатын.
Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстар туралы түсініктер атақты философтар Гераклит, Демокрит, Анаксагор, Гиппократ, Сократ, Платон және Аристотель еңбектерінде берілді.
Жан туралы алғашқы философиялық түсінікті (шамамен б.з.б. 520–460 ж.ж.) Гераклит Эфесский айтқан. Антикалық философияға дүниеге космоцентрлік көзқараспен қарау тән. Гераклит Космосты мәңгі от бейнесінде, ал жанды (“психея”) оттың ұшқындары бей–несінде түсіндірді. Антикалық көзқарастар Космос құрылғысы мен адам дүниесінің ұқсастығы туралы түсініктерге негізделді. Сондықтан да Гераклит “шағын дүние (микрокосм) жан барлық әлем дүниесі макрокосмға ұқсас”, – деп тұжырымдады.
Келесі грек ойшылы Демокрит (б.з.б. 430–370) пікірінше, жан – шар тәрізді от атомдарынан тұратын материалды зат. Демокрит барлық жан құбылыстарын физикалық және механикалық себептермен түсіндіруге тырысты.
Анаксагор (б.з.б. 500–428 ж.ж.) дүние түрлі сансыз бөлшектерден тұрады деп санады. Олардың қозғалысы ақылмен реттеледі. Ақыл термині (“нус”) табиғат және адам мінез-құлқы үрдістерінің тәртібі мен заңдылықтарын сипаттайтын ежелгі гректік философиясының басты категориясы болды.
Гиппократ (шамамен б.з.б. 460–377 ж.ж.) есімімен темперамент және оның түрлері туралы ілімді байланыстырады. Гиппократтың ойынша, организмдегі темпераменттердің әр түрлілігі төрт түрлі сұйық заттардың (қан, шырын, сары өт және қара өт) бір-бірінен аз-көптігіне байланысты. Мәселен, организмде қан пропорциясы басым болса, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флегматик, ал, қара өт басым болса меланхолик, сары өт басым болса, холерик темпераменті деп аталған.
Қазіргі психологияда психологиялық танымның объектісі адам пси¬хикасы, яғни көптеген субъективті құбылыстардан тұратын пси¬хо¬логиялық процестер, қасиеттер мен жай-күйлерінің жиынтығы болып табылады. Олар: а) когнитивті (танымдық процестер): түйсіну, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу; Адам бұл процестер көме¬гі¬мен қоршаған орта мен ішкі дүниесін таниды. ә) Адамның пси¬хи¬ка¬лық өмірінде эмоциялық құбылыстар маңызды рөл атқарады. Олар арқылы адам сыртқы және ішкі ортада өтетін заттар мен құбылыстар¬ға өз қатынасын білдіреді.