Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Пайдалынылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата15.03.2017
өлшемі3,06 Mb.
#9786
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім,1998. – Б. 1-4.

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы,2004.

3.  Бердібеков  С.К.,  Досжанов  Г.Ә.  Мектепте  азаматтық  білім  беру  жүйесі.  –  Алматы:  Білім, 

2001. – 192. 

4. Табылдиев Ә. Тағылым. – Алматы: Рауан, 1995. – 240 б.



Резюме

В данной статье рассматривается научная основа воспитания здорового образа жиз-

ни учащихся.

Summary

This article discusses the scientific basis for raising a healthy lifestyle of students.

115

114


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

ТӘРБИЕ БЕРУ – ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ІС

Е.С. Қасенов – 

ф.ғ.к.,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, 

Ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзат  дамуының  ба-

ғыт-бағдарын  айқындайтын  бірден  –  бір 

айрықша құбылыс. Әрбір мемлекеттің даму-

ын дағы өзгерістер мен жаңалықтар, адамзат 

мінез-құлқындағы  кемшіліктер  мен  келең-

сіздіктердің бәрі тегіс ұрпақ тәрбиесіне келіп 

тіреледі.  Осы  ретте  ең  алдымен  ата-баба­

мыздан  қалған  ұлттық  мәдениет,  ұлттық 

салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  тіпті  ұлттық  музы­

ка  негізінде  келешек  ұрпақты  тәрбиелеуміз 

қажет.  Басқаша  айтқанда,  ұрпақтан  ұрпаққа 

мұра болып, ғасырлардан келе жатқан халқы-

мыздың  тәрбие  беру  жолы  бүгінгі  ұрпақ 

тәрбиелеу үдерісінде кеңінен орын алуы тиіс. 

Бұл – мемлекет келешегінің мызғымас кепілі.

Келешек тірегі бүгінгі жас ұрпақты жан-

жақты,  ақыл-парасаты  мол,  ізетті,  кіші-

пейіл,  мәдениетті  азамат  етіп  тәрбиелеу  – 

ата-ананың,  мұғалімнің,  мектептің,  барша 

адам баласының қоғам алдындағы борышы. 

Осымен  байланысты  Қазақстан  Рес пуб ли-

касының  этникалық  мәдени  білім  тұжы-

рымдамасында:  «Тәрбиенің  түп  мақса ты  – 

қоғамның нарықтық қарым-қаты насқа көшу 

кезінде  саяси–экономикалық  және  рухани 

дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын  өмірге 

икемделген,  білікті,  жан-жақты  мәдениетті 

жеке  тұлғаны  тәрбиелеу»  –  деп  өнер  мен 

мәдениетті  дамытуға  ерекше  мән  берілген. 

Себебі,  тәрбие  мәселесі  алдыңғы  кезекке 

қойылмайынша,  мемлекет  дамуы  барынша 

тежелетіні анық. 

«Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбие-

ленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажетіне 

пайдалы  азамат  шықпайды»  (М.Шоқай)

Сондықтан  жаңа  заман  талаптары  мен 

міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай 

тұлғаны  қалыптастыру  мәселесі  –  бүгінгі 

таңдағы  еңселі  мемлекетіміз  алдындағы 

өзекті  мәселенің  бірі.  Демек,  тәрбие  беру 

–  қоғамдық  құбылыс,  жалпыадамзаттық 

іс. Себебі, бүтін бір ұлт, тұтас мемлекеттің 

келешегі  жас  ұрпақ  қолында.  Ал  бүгінгі 

таңдағы Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия 

мәдениеттерінің  өзара  тоғысуы  кезіндегі 

ұрпақ  тәрбиесін  оңтайлы  жүргізу  үшін 

қандай  мақсат  қойылуы,  нендей  міндеттер 

іске  асырылуы  қажет  деген  сауалдар  ту­

ындауда.  Біздің  ойымызша,  жас  ұрпақты 

тәрбиелеудің  мақсаты  –  ұлттың  рухани 

және материалдық құндылықтарын бағалай 

біле тін,  ана  тілінің  қадірін  арттырып,  да­

муына  үлес  қосатын  жан-жақты  білімді, 

дені  сау,  рухани  дәрежесі  биік,  мәдениетті, 

парасатты,  ар-ожданы  жоғары  ұлтжанды 

азамат  тәрбиелеу.  Бұл  мақсатты  орындау 

үшін  халқымыздың  сан  ғасырларғы  ұрпақ 

тәрбиесіне  қатысты  тәжірибесіне  сүйене 

отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру­

ымыз қажет:

- әлемдік және отандық мәдениеттің же-

тіс тіктерін тәрбие жоспарларына енгізу;

-  ғылымның  соны  жетістіктері  мен  ұлт­

тық  құндылықтар  негізінде  жеке  адамды 

тәрбиелеуге, дамытуға және кәсіби шыңдауға 

бағытталған қажетті жағдайлар туғызу;

-  жастарға  берілетін  білім  мен  тәрбие 

берудің тиімді жолдарын нақтылы анықтау;

- ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ар нал-

ған  тәрбие  жоспарларын  гендерлік  ерек-

шеліктерге сәйкес құру; 

- кез келген саладағы барлық буынға тәр-

бие беру ісін тек ана тілі негізінде жүргізу;

-  тәрбиелік  іс-әрекет  мазмұнын  ұлттық 

мүддеге сай құру;

-  әрбір  жүргізілетін  тәрбиелік  шаралар­

ды  ұлттық  мәдениетті  насихаттайтын  дең-

гейде  ұйымдастыру.  Міне,  осы  айтылған 

міндеттерді  оңтайлы  шешудің  жолдарын 

қарастыру  мен  тиімді  шешу  арқылы  әрбір 

тұлғаны  жан-жақты  білімді,  саналы  азамат 

етіп  тәрбиелеуге  болады.  Бұл  айтылғандар, 

яғни  ұлттық  тәрбие  беруге  қатысты  мін-

деттерді  жүзеге  асыру  арқылы  бүкіл  қазақ 

халқына тән ұлттық ерекшелік қалыптасады. 

Ұлттық  тәрбиеміздің  ерекшелігі  –  ұлттың 

әлеу меттік, экономикалық тұрмыс-тіршілі гі-

нің талабынан туындайды. 

Жалпы  «жастарға  ұлттық  тәрбие 



беру»  деген  ұғымды  жастар  бойында  ізгі 

қасиеттерді ұлттық ерекшелікке сай қалып-

тастыру  деп  ұғынуымыз  керек.  Бас қаша 

айт қанда,  ұлттық  тәрбие  беру  –  халықтың 

ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған 

озық  тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жас 

ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған 

ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, 

өмірге  деген  көзқарасын  және  соған  сай 

мінез-құлқын  қалыптастыру.  Бұл  орайда 

біз  жас  ұрпақтың  іс-әрекеті,  сезімі  мен  ой­

лау ерекшеліктері, оның өмір сүріп отырған 

қоғамдық  тарихи  жағдайларына  тәуелді 

болатындығын  міндетті  түрде  ескере  оты­

рып, әр баланың өзіне тән санасы, еркі, шы-

ғар машылық  қарым-қабілетіне  сай  ұтым ды 

әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн.

Қазіргі  ел  жастарының  ұлттық  сана  се-

зімін,  имандылық  қадір-қасиетін  қалыптас  -

тыруда қазақ ұлтының төл мәде ние ті, салт-

дәстүрлері,  әдеті,  әдеп-ғұрпы  негізіндегі 

түрлі  қосымша  арнайы  пәндерді,  курс тар-

ды  енгізу  –  жастарға  ұлттық  тәрбие  бе ру-

дің  бірден-бір  оңтайлы  жолына  айналар 

еді.  Ал  ол  курстар  мен  арнайы  пәндердің 

жоспарлары  жоғарыда  аталған  міндеттерді 

көздей  отырып  құрылса,  ұлттық  тәрбие 

беру ісінің жолға қойылғаны дер едік. Шын 

мәнінде,  жалпы  кәсіби  білім  беретін  пән-

дердің  тәрбиелік  мазмұнын  күшейтумен 

қатар, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша ар­

найы пәндер мен курстардың қолға алынуы 

жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын 

арттырады, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке 

бас қасиеттерін дамытады, оны қоғам тала­

бына сай іске асыруға көмектеседі.

Тәрбие  беру  –  үздіксіз  жүргізілетін  күр-

делі  үдеріс.  Мұнда  балаға  табиғаттан  бе-

ріл  ген  тума  қасиеттері,  қоғамдағы  саяси-

әлеу мет тік  жағдай,  іс-әрекет  пен  қарым-

қатынас сияқты негізгі күштеріміздің өзара 

ұтымды  байланысы  және  сәйкестігі  сана­

лы  азаматтық  көзқарастың  қалыптасуына 

мүмкіндік  береді.  Сондықтан  қоғам  да-

муы ның  белгілі  сатысында  тәрбие  беру 

қағидаларын анықтау да ең басты мәселенің 

бірі болып табылады. Бүгінгі күннің талабы­

на сай берілетін ұлттық тәрбиенің мазмұнын 

қалайтын негізгі қағидалар қатарында мына­

ларды көрсетуге болады:

1.  Ұлттық  тәрбиенің  мазмұны  адамгер-

шілік,  имандылық,  ізгілік,  Отаншылдыққа 

негізделеді;

2. Ұлттық тәрбие – ұлттық мәдениетті қа-

лыптастырудағы басты арна; 

3. Халқымыздың педагогикалық құнды ой-

пікірлері – ұлттық тәрбие жүйесінің тірегі;

4.  Ұлттық  тәрбие  беру  жүйесінің  негізгі 

тіні – ана тілі;

5. «Отбасы (ата-ана) – балабақша – мек-

теп – мұғалім» сабақтастығы ұлттық тәрбие 

жүйесінің  өзегі  болып  табылады.Бұл  қағи-

да ларды  ұлттық  тәрбие  беруде  үнемі  бас-

шылыққа алып отыруымыз қажет. 

Жалпы ұлттық тәрбие жайында зерделеген 

пікірімізді  жинақтай  келе  байқағанымызды 

сөз етсек: халқымыздың сан ғасырлық өмір 

елегінен  өткен  тәжірибесі  ұлттық  тәрбие 

беру  ісіне  мол  үлес  қосқанын  байқатады. 

Сон дықтан ана тіліміздің ерекшелігіне сүйе-

не  отырып,  әр  түрлі  әдіс-тәсіл  қолдану  ар-

қылы тәрбие мақсатына сай білім мен тәрбие 

беру  басты  борышымыз.  Демек,  тәрбие 

халқымыздың  тұрмыс  жағдайы  дүниеге 

келтірген өнеге мектебі деуге болады. 

Түйіндей айтсақ, жас ұрпақты тәрбиелеу 

ісі  –  жалпыадамзаттық  іс.  Сондықтан  жүк-

тің  жеңілдігі  жұмыла  көтеруде  екендігін 

ескеріп, бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық мүддеге 

сай тәрбие беруде баршамыз біріге күш сал-

ға нымыз абзал. Әсіресе, ұлттық тәрбие маз-

мұнын ұлттық мүддеге сай құрып, жастарға 

ұлттық  мәдениет  пен  өнер  негізінде  жан-

жақты жүзеге асырсақ еңбегіміздің еш кет-

пегені.


Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы «национального воспитания» и пути ее 

решения. 

Summary

In given article are considered problems “national education” and way of its decision.

117

116


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

«ЖАРАПАЗАН» ЖЫРЫНЫң АРҒЫ ТЕГІ МЕН ТИПОЛОГИЯСЫ

ақеділ Тойшанұлы – 

фольклортанушы, ф.ғ.к.,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының Фольклортану бөлімінің 

жетекші ғылыми қызметкері

Жарапазан  –  маусымдық-күнтізбелік 

ғұрып  фольклорына  жататын  түрік  халық-

тарына көп таралған байырғы жанр. Ахмет 

Байтұрсынұлы:  «Жарапазан  рамазан  деген 

сөзден  шыққан,  ораза  уақытында  балалар, 

боз ба лалар  түнде  үйдің  тысында  тұрып, 

жара пазан  өлеңін  айтады.  Ораза  ұстаған 

адам дар,  сауап  болады  деп,  жарапазан  айт-

қандарға  құрт,  май,  ірімшік,  бір  шаршы 

шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. 

Жара пазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел 

аралап,  күндіз  жүріп  айтатын  үлкен  адам­

дар болады. Жарапазан айтатын екеу болып 

жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екін-

шісі қостаушы болады», – деп жазады.

Жарапазан айтудың кең ауқымда алғанда 

жүйе-жүлгесі  мынадай:  әдетте  рамазан  ай­

ында ауыл аралап өлең айтушы (жарапазан­

шы) үй иелерінен сыйлық дәметеді, тіленеді, 

талап  етеді,  алдымен  олардың  үйін  (әрбір 

жабдығын,  жиһазын  санамалап)  мақтайды, 

қарымына тарту-таралғы алады, содан кейін 

бата береді, сонымен бірге күнәһар жандар­

ды  о  дүниеде  тозақта  небір  қиыншылық, 

ауыр жаза күтіп тұрғанын ескертіп, сауапты 

мол жасау парыз деп діни уағыз-насихат ай­

тады. Демек, жарапазан айтудың құрылым-

түзімі былай деуге негіз бар: 1) Үйді мақтау; 

2) Діни насихат айту; 3) Сыйлық алу; 4) Бата 

беру. 


Жарапазан айтушының баспананы мадақ-

тауы былай:



Үйің-үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен,

Саба көркі – бие екен,

Сандық көркі – түйе екен.

Әшекейлеп сырлаған,

Ақ сарайдай үйі бар.

Ақ бөкендей қойы бар,

Қара сақал кермиық,

Қандай байдың үйі екен?

Айтамын жарапазан үйіңізге,

Ұстаған үй айнала шиіңізге.

Қой берсең, қозы берсең, көпсінбеймін,

Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.

Айтамыз жарапазан үйіңізге,

Туырлық үй айнала шиіңізге.

Осы үйдің шаңырағы шап-шақ екен,

Жеңгеміз осы үйдегі аппақ екен...

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.

Жарамазан  «Жа-Рамазан»,  яғни  арапша 

«рамазан келді» деген сөзден шығуы ықти-

мал деген болжам бар. Сонымен бірге жар, 

жарлау,  жарғы,  жар-жар  деген  сөздердің 

түрік-моңғол  халықтарындағы  түпкі  мағы-

на сы заң, салт, кәде-ырым деген ортақ мәнде 

кездесуі – бұл атаудың арғы тамыры тереңде 

екендігін  білдіреді.  Әйткенмен  дәл  осы 

орай да  түрікмендердің  жарамазанды  «Я, 

Ремезан»  деп  атауын  ескерген  өте  орынды 

әрі бұл шындыққа жақын пікірді туындата­

ды. Қазақ та бұрынғы заманда осы жырдың 

қайырмасын көтеріңкі көңіл күймен «Иә, ра­

мазан!»  деп  аяқтап  келіп,  кейіннен  бұл  сөз 

дыбыс үндестігіне сәйкес жарамазанға айна­

лып кетуі әбден мүмкін деген байлам жасай­

мыз.


Қасиетті  ораза  айында  дінді  насихаттап 

өлең  айту  сауап  деп  түсінген  жарапазан­

шылар  өнер  арқылы  ораза  ұстаушылардың 

көңілін көтерген, қайыр-зекетін де алған. 



Ассалаумағалайкум ақтан келдік,

Ай туып, күні шыққан жақтан келдік.

Айтты деп жарапазан сөкпеңіздер,

Пайғамбар жолын қуған адам едік.

Қайырмасы:

Мұхаммет үмметі айтқан жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза, иман.

Айтайық жарапазан еліңізге,

Байлай көр барша орамал белімізге.

Байласаң барша орамал белімізге,

Баралық мақтай-мақтай елімізге. 

Мінгені пайғамбардың, ау, қара інген,

Астынан жануардың тау көрінген.

Ораза, намазыңды тұтпай барсаң,

Барғанда ақиретте дәу көрінген.

Мінгені пайғамбардың ақ атан-ды,

Әр үйде мұндай тұрсақ таң атады.

Ақ атан арқасының жауыры бар,

Баратын тағы талай ауылым бар.

 

Мұхаммет Расул Алла, хақ пайғамбар,

Атыңнан айналайын Қали Қайдар.

Көптеген зерттеушілер жарапазанды діни 

салттан туған өлең түріне жатқызса, бір ғана 

Х.Досмұхамедұлы тосын пікір білдірген. Ол 

«Бұл жырлар жартылай діни сипатты: жара­

мазаншылар  өз  өлеңдерінде  шариғатқа  иек 

арта  отырып,  қайыр-садақа,  сый  сұрай ды. 

Әдебиеттің  бұл  түрі  орыстардың  «Колядо-

ваниесін» еске түсіреді» деп жазады. Халық 

мұрасының майталман білгірінің бұл пікірі 

тіпті  бекер  емес,  себебі  біріншіден,  ислам 

дінін  қабылдамаған  бауырлас  телеуіттерде 

де үй иелерінен сыйлық сұрап айтатын мұн-

дай  өлеңнің  түрі  бар,  оны  «урей»    (қай ыр-

масына  байланысты)  деп  атаған,  мәтіні 

қазақтағы  осы  өлеңмен  мәндес,  екінші ден, 

жарамазан  жырында  туысқан  емес  славян 

халықтарының  колядасымен  де  типоло гия-

лық ұқсастық бар, демек бұл есте жоқ ескі 

заманнан  бері  келе  жатқан  ең  бір  байырғы 

жанр деп  түйін жасауға негіз бар. Мысалы, 

телеуіт мәтіні былай:

 

Айга тиккен уйуңду, урей!                  

Алтын мынан курчазын, урей!            

Ааң ичинде эйекем,урей!                      

Тетон пеш йаш йажасын, урей!

Кунге тиккен уйуңду, урей!                  

Кумуш мынан курчазын, урей!              

Ааң ичинде тастем,урей!                        

Тетон ташты йажасын, урей!

Айға тікен үйіңді, урей!

Алтын менен құрсасын, урей!

Оның ішінде әйекем, урей!

Жетпіс бес жас жасасын, урей!

Күнге тіккен үйіңді, урей!

Күміс пенен құрсасын, урей! 

Оның ішінде жездекем, урей!

Жетпіс жасты жасасын, урей!

Егер  үй  иелері  сыйлық  бермесе,  оларды 

телеуіт балалары былай деп қалжыңдап қар-

ғап, бопсалайтын:



Эм айга тиккен уйуңду, урей!              

Айулар келип тырмасын, урей!             

Эм кунге тиккен уйуңду, урей!             

Кормостор келип тырмасын, урей!

Айға тіккен үйіңді, урей! 

Аюлар келіп тырнасын, урей!

Күнге тіккен үйіңді, урей!

Жын-пері келіп тырнасын, урей!

Жалпы, жарамазанның әу бастағы қыз ме-

ті  мен  мәні  –  шаңырақ  иелеріне  құт-ырыз-

дықты  әсерлі  ақ  тілек,  әдемі  алғыс-бата 

арқылы  шақыру,  олардан  жұт-қырсықты 

қаһар лы сөз сиқырымен қуып тастау мақ са-

тында  жасалатын  магиялық  шаралар  кеше-

нінен туындағаны анық болып отыр. Сол се­

бептен де оның мәтінінде алғыс пен қарғыс 

жиі кездеседі. Мәселен, «Кірсін дәулет, шық-

сын бейнет», «Бай үйіне берекет, қаша берсін 

бәлекет»,  «Кірсін  дәулет  есіктен,  шықсын 

бейнет  тесіктен»,  «Келгенде  қайыр-зекет 

бере алмасаң, жібермес ақыретте менің на­

зам»,  «Асырсын-ау,  асырсын,  жаман дығын 

жасырсын,  осы  үйге  қастық  қылған  адам­

ды,  қара  таспен  бастырсын!»  т.с.с.  Түрік-

мен  үлгісінде  де  алғыс-қарғыс  қатар  қол-

данылады:

Гаража чатмаң өй болсун, 

Гапыңызда той болсун.

Көп берениң оглы болсун

Аз берениң гызы болсун, Я, Ремезан!

Қараша күрең үй болсын,

Үйіңізде той болсын.


119

118


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Көп бергенге ұл тусын,

Аз бергенге қыз тусын. 

Арап-парсы елінде жарамазан жыры жоқ, 

ал  оның  түрік  тектес  көптеген  халықтарда 

ортақ  болуының  бір  сыры  –  осы  ежелгі 

жанрдың исламға дейінгі мәдениетте ел өмі-

рінде  әбден  белгілі  болғандығының  дәлелі 

секілді.  Бұл  жайында  М.Әуезов  «...қазақ 

жарамазандарының  көбін  алсақ...  күшті 

сопылық,  өрескел  тақуалықты  айтып,  өзге 

жұрттың дін өлеңі сияқты үнемі сәжде, үнемі 

дұға,  ұдайы  күнәкер  болуды  айтып,  көп 

тәубамен жалбарына беретін сөздер жоқ деу­

ге болады. Бұл жағынан қарағанда қазақтың 

көп  жарамазаны  баяғы  ақы  сұрап  айтатын 

мақтау  өлеңдеріне  жақын  келеді»  деп  жа­

зады.  Ғалым  Б.Кенжебаев  «Жарамазанда 

ескі  дін  қалдықтары  да  көп.  Бақсылардың 

сарын айтқанда көкке, тәңіріге, аруаққа жа­

лынумен  бірге  «аллаға»,  «пайғамбарға», 

«әулиеге»  сыйынғаны  сияқты  жарамазан­

шы  да  екі  діннің  салтын  қатар  айтады. 

Жара мазаншының  бір  өлеңі  ислам  дінін 

дәріптейтін мақтау өлең болып келсе, екінші 

өлең ескі дін турасында айтылатын, Наурыз 

үстінде, қонақасы бергенде айтылатын бата 

сияқты  болдып  келеді»  деп  осы  жанрдың 

бойындағы көне қабаттарға назар аударады.  

М.Әуезовтың  жарапазанды  «ақы  сұрап 

айтатын мақтау өлеңге» ұқсатып отыруы бе­

кер  емес.  «Қырғыз  адабиятының  тарихын­

да»  жарамазанның  жылқышылар  айтатын 

шырылдаңға, төкме ақындар айтатын мақтау 

өлеңге  ұқсастығына  мән  береді.  «Шырыл-

даң» менен «жарамазан» жана мактоо ырла-

рынын  окшоштугу  –  бул  үч  түр  тең  башка 

бирөөлөрдөн буюм, мал өндүрүп алууга ба­

гытталгандыгы», – деп жазады [47-б].

Сонымен бірге автор:

«Адыр-адыр тоолардан,

Айгыр минип биз келдик.

Айгыр оозун тарта албай,

Бай үйүнө туш келдик...

Будур-будур жерлерден,

Бука минип биз келдик.

Бука оозун тарта албай,

Бул үйгө биз туш келдик», – 

деген шумақтар шырылдаң мен жарама зан-

да қатар айтыла беретінін жазады. Шырыл-

даңның  ішінде  «Жарамазан  жаркоолдап, 

Шы рылдаңды шылтоолап» деген жолдар бар 

екендігіне де назар аударған. Әдетте шырыл-

даң айтатын жылқышылар да үй иелерінен 

ақы-сыйын алған соң, жырын бата берумен 

аяқтаған. 

Бұдан  шығатын  қорытынды  мынау: 

фоль клорда  ешқандай  жанр  химиялық  та-

за  күйінде  ешқашан  болмайды,  бір  жанр 

келе сі  жанрға  тасымалданып,  дәуір  тала-

бы на  сай  ұдайы  өңделіп-жөнделіп,  өзге-

ріп  өмір  сүре  береді,  бұл  елеулі  белгі  – 

халық  шығармашылығының  табиғаты  мен 

поэтикалық  ерекшелігіне  тән  заңды  құбы-

лыс, осынау ауқымды мәселенің шиелен ген 

түйінін  жанр  аралық  байланыстар  жүйесі 

негізінде  зерттеу  жүргізсек,  шатас тыр май 

шешуге,  қыр-сырын  етене  тануға  қолайлы 

жағдай  туады.  Сонымен,  ежелгі  түрік 

халықтарының  үйді,  үй  иелерін  мақтап, 

олардан  сыйлық  талап  етіп  айтатын  ма гия-

лық  көне  жыры  кейіннен  ислам  діні  дәуі-

рінде жаңаша түрленіп,  жарапазан жанрына 

айналған деген уәж айтамыз.

Әлбетте қазіргі жарапазан исламның шар -

тына  толық  бейімделген  қалыпта  дін  сал-

ты ның  жыры  болып  өмір  сүріп  отыр  деуге 

болады. Бұл құбылыстың себебін М.Әуезов 

«Қазақ  ортасына  ісләм  дінінің  тарауы на 

көбінесе  қазақтың  ақындықты  сүюі  себеп 

болды  деген  дұрыс  пікір.  Елге  не  жайыл-

са да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өл-

шеуі нің  біріне  түскен  соң  ғана  жайылатын 

болған. Өлеңсіз, әңгімесіз сұлу сөзсіз келген 

құрғақ  үгіт  болса,  ондайды  ел  тыңдамаған 

да,  ұқпаған,  ықылас  қоймайтын  болған. 

Сон  дықтан  мұсылманшылық  дін  де  қазақ 

елі нің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып 

келген... Жарапазан өлеңі де сондайлық дін 

мағы насы мен дін үгіті болып шығып, бері 

келген  соң  қыдырма  жарамазаншылар  әнге 

салып айтатын болды» деп түсіндіреді.

Демек,  жарапазан  әу  баста  маусымдық-

күнтізбелік  ғұрыпқа  қатысты  түрік  халық-

тарының бірлігі дәуірінде әлдеқашан пайда 

болып  қалыптасып,  кейіннен  ислам  дінінің 

қағидаларымен етене тоғысқан аса байырғы 

синкретті жанр екендігі байқалады. 

Әзербайжан мен түрікмендер наурыз кел-

генде  яремезан,  тәжіктер  «бойчечак»  (бәй-

шешек  )  гүлі  өнгенде  «колядка»  айтатын 

болған деген пікір кездеседі. Бұл деректер­

ден осы жанрдың түп төркіні бағзы дәуірде 

көктемде күн мен түн теңескен табиғаттың 

жаңғыру, түлеу мейрамымен сыбайлас пай­

да  болғанын  аңғаруға  болады.  Түрікмен 

жарамазанын  зерттеген  В.М.Беляев  (1962), 

Х.Г.Короглы  (1976),  Ш.Гуллыев  (2003) 

секілді  ғалымдар  бірауыздан  осы  мағы-

нада  тұжырым  жасаған.  Қазақ  ғалымы 

Р.Әлмұханова да бұл пікірді қолдаған. Осы 

пайымдауды  «Қазақ  музыкасының  антоло­

гиясы» еңбегінде жарияланған Наурыз мей­

рамында  айтылатын  жәдит-жарапазанның 

мәтіні де дәлелдей түсетіндей. Бұл жара па-

занның ерекше түрін музыкатанушылар 1985 

жылы  1929  жылы  туған  Шығыс  Қазақстан 

облысы  Катонқарағай  ауданының  тұрғыны 

Ұ.Ақшаловадан жазып алып «Жаңа жылдық 

құттықтаудың сирек түрі. Алдымен ұлыстың 

ұлы  күні  –  Наурызда  айтылған,  кейіннен 

рамазан  айында  айтылатын  болған»  деп 

түсінік берген екен. Үлгіде мынадай сөздер 

кездеседі:

Айтайын жарапазан есігіңе-ау,

Сәби бітсін осы үйдің бесігіне-ау.

Жарапазан тек қана дін жолы емес,

Бұйыртсын деп айтайын несібіңе-ау...

Ескі жыл кетіп қалған есіркейді-ау,

Жаңа жыл жетіп келген нені істейді-ау.

Жаңа жыл жетіп келген жүкпен келер,

Жұбайлар жаңа-жаңа жұппен келер.

Әдетте қалыптасқан салт бойынша жара­

пазаншылар  сыйлық  алғаннан  кейін  өлеңін 

батамен аяқтайды:

 

Балалардың мінгені,

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Байдың көңілі жай болсын.

Ай жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын.

Күн жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын…

Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,

Бозторғайдай төлшіл бол.

Бәйтеректей бүрлі бол,

Пайғамбардай нұрлы бол.

Бисмилла, аллаһу акбар!

Жарапазан  тәуелсіздік  кезеңде  қоғамда 

діни  бостандықтың  оралуына  байланыс-

ты  ел  арасында  қайтадан  көрініс  тауып 

отыр.  Ауылдық  жерлерде,  жүргіншілер 

пойызында  жарапазан  айтушылар  әредік-

әредік кездесуде, сонымен бірге оны белгілі 

әншілер  де  сахнада    орындап  жүр.  Тіпті 

ұялы  байланысқа  SMS  арқылы  жарапазан 

жолдап,  бірлік  сұрайтын  жарапазаншылар 

да  кездесуі  –  осы  жанрдың  жаңа  заманға 

бейімделуге мүмкіндігі бар екендігін таны­

тады. Мысалы:

Айтамын жарапазан «соткаңызға», 

Сөзіме құлақ салшы тоқтаңыз да. 

Ақ тауық, қара тауық қырман шашар, 

Осы үйде жомарт жан бар теңге шашар.

Алып шық, алып шық, 

Сары табаққа салып шық. 

Сары табаққа сыймаса,  

500 теңге менің «соткама» салып шық.

Мінгенім астымызға сары атанды,  

Әр үйде бұлай тұрсақ таң атады.  

Әкеліп 500 бірлік ықыласпен, 

Қол жайып, Құдай үшін ал батамды...

 

Батам-батам батпасын, 

Батам жерге жатпасын. 

Оразаң қабыл болып

Құдай сені сараңдықтан сақтасын!

Жарамазан  атауын  кейбір  өңірде  жара-

па зан,  жарамаздан,  жәдит-жарапазан,  тіпті 

саһар  деп  те  атайтын  болған.  Мәселен, 

Көкше тау облысының шығыс аудандарында 

саһар айту дәстүрге айналған.



Саһар айтқан балалар,

Елден елді аралар.

Саһаршы бала жатпайды,

Айтудан күнә таппайды.

Тәтесі жүзік берсе егер,

Саһаршы бала тоқтайды...

121

120


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТ ТІЛІ

Саһар айтып біз мұнда,

Үйде тұрып, сіз тыңда.

Ататұғын таң келді-ау,

Беретін болсаң қимылда.

Мұндағы саһар деген сөз сәре (таң сәрі) 

деген  мағынаны  білдіреді.  Мәселен,  ҚХР 

Шыңжан  Тарбағатай  өңірінің  қазақтары 

«сәре  ішу»  дегенді  «саһар  ішу»  деп  қол-

данған. Бұл сөз жайында белгілі тілші ғалым 

Н.Уәли «Таң сөзімен тіркесе айтылатын сәрі 

(«таң  сәрі»)  –  осы  сахар  сөзінің  дыбыстық 

өзгеріске ұшыраған түрі. (сахар – сәр-сәрі). 

Діни  салтқа  байланысты  сахар,  сәре  сөзі 

«таң  ертеңгі  тамақ»  дегенді  білдіреді.  Ора­

за тұтқан діндар адамдар сәресін (сахарын) 

құлқын  сәріден  ішеді»  деп  жазады.  Демек, 

ауыз бекіткендер саһар ішкен мезгілде айты­

латын жарапазанның түрін саһар, ал оны ай­

тушыны саһаршы деп атау да қалыптасқаны 

байқалады.

  Жарамазанды  ораза  айында  кейде  ел 

сәре сін  ішкен  елең-алаңда,  кейде  күндіз, 

кө  бін  де  ауызашардан  соң  кешкі  алагеуімде 

ора  за  ұстаушылардың  көңілін  көтеру,  бой­

ын сергіту, уақытын өнегелі насихатпен өр-

нек теп  өткізу  мақсатында  қыдырма  жара-

па заншылар  айтатын  болған.  Жарамазан 

белгілі  дәрежеде  өнерпаз  жандарды  табыс 

табуға ынталандыратын фольклорлық театр-

дың  мәуелі  бұтағына  айналған  кәсіби  де 

өміршең жанр болған деуге толық негіз бар. 

Жарапазаншының  табысы  туралы  белгілі 

ғалым Ә.Қоңыратбаев «Ораза айында үлкен 

айтушылар  жарапазан  айтып,  түйе  алса, 

кіші гірім  айтушылар  үй  жағалап,  әйелдер-

ден ауыз ашарға құрт, май, ірімшік, сұраған» 

деп жазады.

Қырғыздар жарапазанды жарамазан, кей­

де рамазан, түріктер рамазан манисі (жыры) 

деп  атаған.  Қазақ  пен  қырғыз  өлеңінде  бә-

лен дей айырма байқалмайды:



Рамазан айтып келдім ешігіңе,

Құдайым бір ұл берсін бешігіңе.

Кел-кел, балдар, келгелі,

Байға бата бергелі.

Байдың көңілі ашылсын,

Жүзге келіп қарысын.

Бұл үйден түтін шығад,

Қаттамасы (шелпегі) бүтін шығад.

Сап қазанға салып шығад,

Сабағынан қармап шығад.

Ассалаумағалейкум жатқан байлар,

Алтын менен күмішке батқан байлар.

Айғырыңның бұтында алтын таға,

Аман-ешен жаталық бала-шаға.

Тақ-тақ соқы, тақ соқы, 

Тақылдатпа жеңешем.

Ораза тұтқан балдарды,

Қақылдатпа жеңешем.

Қыр-қыр қораз, қыр қораз,  қырман шашад,

Қыз алмаған жігіттер теңге шашад.

Теңгелері тешіктен ырғып қашад,

Бізге ұқсаған бозбала алып қашад.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет