Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


БІЛІМДІ ДЕ, ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

БІЛІМДІ ДЕ, ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бураханова Қ.С.– 

аға оқытушы, 

C.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Білім  мен  тәрбие  негізі  тіл  болғандық-

тан,  бұл  екеуі  болашақ  ұрпақты  қалыптас-

тыру да ерекше орын алады. Еліміздің білім 

беру  саласында  жүріп  жатқан  реформалар-

дың  ең  басты  мақсаты  –  Елбасымыз 

айтқандай,  елдің  өресі  биік,  дүниетанымы 

кең,  кемел  ойлы  ертеңгі  азаматтарын 

өсіріп шығару үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық 

рухани  қазынаны  меңгерте  отырып,  оны 

әлемдік  озық  ой-пікірмен  ұштастырып, 

мүмкіндігіне қарай сапалы білім мен өне ге-

лі мемлекеттік тілде беруге күш салу бо лып 

табылады.  Білім  мен  тәрбиені  мемлекет-

тік  тіл  арқылы  беру  болашақ  ұрпақ  үшін 

маңызды  болып  табылады.  Өз  тілін  білген 

адам  дінін  де,  тарихын  да,  мәдениетін 

білу  арқылы  тәрбиеленеді.  Қазақстанның 

болашағы  жастар  болғандықтан,  болашақ 

ұрпаққа  тек  қана  білім  беріп  қоймай, 

оларға мектепте де, жоғары оқу орнында да 

тәрбие  бере  беру  керек.  Қазіргі  жастардың 

дүниетанымы  кең,  өзіндік  көзқарастары 

қалыптасқан.  Тек  оларға  әрі  қарай  да  жан-

жақты  дамуға  мүмкіндік  жасап,  үлес  қосу 

керек. Әсіресе жастарға тәрбие беруде қазақ 

тілі, тарих пәндерінің орны ерекше. Оларға 

өз  тарихтарын  білуге,  оны  ұмытпауға, 

отансүйгіштікке  тәрбиелеуге  байланысты 

қазақ  тілі  оқулықтарында  да  көптеген 

тапсырмалар берілген. Сондай-ақ оқытушы 

білім  мен  тәрбие  беруге  байланысты  әдіс-

тәсілдерді ұтымды пайдалану керек.

Тәрбие  барлық  ғылым  саласында  қоз-

ғалып  отыратын  басты  мәселе.  Бұл  туралы 

ғалым, ойшылдарымыз да аз айтқан жоқ.

Мәдениет  пен  білім  беру  және  денсау-

лық  сақтау  минстрлігі  білім  берумен  қатар 

тәрбие  жұмысын  ұтымды  ұйымдастыруды 

талап  етіп  отыр.  Осыған  байланысты 

қазір  жоғары  оқу  орындарында  тәрбиеге 

байланысты  көптеген  іс-шаралар,  жұмыс-

тар  атқарылып  жатыр.  Бұған  студенттердің 

де  ерекше  белсенділіктерін  байқауға 

болады.  Бұл  арқылы  біз  қоғамда  саналы 

азамат қалыптастыра аламыз. Жастар бола-

шақта  өз  орындарын  табуы  үшін  олар 

қиын  жағдайларда  тез  шешім  қабылдай 

алатын  және  өзіне,  күшіне  сенімді,  іскер 

болуы керек. Яғни жеке бастың білімділігі, 

оның  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарауы, 

жаңа  технологияны  жақсы  меңгеруі, 

қиын  жағдайларда  өзін-өзі  алып  шығуы, 

шешім  қабылдай  алуы,  шешуші  факторлар 

болып  табылады.  Осы  аталған  факторлар 

жеке  тұлғаның  қалыптасуында  үлкен  рөл 

атқарады.  Оқытушы  жастарды  тәрбиелеуде 

осы  сапаларды  жастардың  бойынан 

көретіндей  мүмкіндіктер  жасау  керек. 

Сон дай-ақ  жігерлі,  еңбекқор  жастарды 

тәрбиелеуге  байланысты  оларды  еңбекке 

баулу.  Еңбек  –  материалдық  және  рухани 

байлықтың  негізгі  көзі  болып  саналады. 

Еңбекке  тәрбиелеу-адамның  еңбек  етуге 

деген мақсатының қалыптасуына әсер етеді 


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

112


және  ол  өзі  үшін  ғана  емес,  өз  жақындары 

үшін, Отаны үшін де еңбек етуі керек. 

Жоғарғы  оқу  орындарындағы  еңбекке 

тәрбиелеудің  басты  мақсаты  –  болашақ 

мамандардың  еңбек  етуге,  адалдыққа, 

мейірімділікке,  өз  ісіне  мығымдылығына 

баулу.  Сонымен  қатар  қазір  жоғары  оқу 

орындарында  студенттердің  еңбекқор лық-

қа,  ізденімпаздылыққа,  тапқырлыққа  деген 

тал пыныстарын арттыру үшін оқытушы  ның 

жетекшілігімен өзіндік жұмыстарды кө бей-

ту  ұсынылуда.  Оқу,  білім  алу  –  студенттің 

ең басты еңбегі. Бұл оның еңбек тәрбиесінің 

басты  түрі  болып  табылады.  Оқытушының 

басты міндеттерінің бірі – студенттің білім 

алуға,  шығармашылықпен  айналысуға, 

қоғам дық  жұмысқа  араласуына  мүмкіндік 

жасап,  белсенділігін,  қызығушылығын 

арттыру. Оларға адам тек қана материалдық 

жағынан  ғана  емес,  рухани  жағынан  да 

бай  болу  керектігін  түсіндіру.  Рухани 

құндылықтардың 

құнсыздануы, 

теріс 


көзқарастардың  белең  алуы,  әділеттілікті 

барлығына сенбеушілік, жеке өмірлерін дегі 

мақсатсыздық  адамның  моральдық  төмен-

деуіне  әкеледі.С.Рахметова  «Оқыту  мен 

тәрбие  бір-бірінен  ажыратуға  келмейтін, 

тұтас  бір  процесс  болғандықтан,  оқытудың 

тәрбиелік  мәнінің  өзі  ақыл-ой  тәрбиесіне 

жатады»  –  деп,  педагогиканың  өзі  тәрбие 

берудегі басты жолдың бірі әрі екеуінің бір-

бірімен тығыз байланысты екенін айтады. 

Тәрбие дегеніміз – адам қай жерде жүрсе 

де  өз  орнын  таба  алатын,  өз  мүмкіндігін 

көрсете  білетін,  ойын  ашық  айтып, 

тыңдай  алатын,  ықпал  ету,  көмек  көрсету, 

жанашырлық  таныту  сияқты  т.б.  адами 

мүмкіндіктерге  ғана  қол  жеткізу  емес, 

сондай-ақ,  өзі  өмір  сүрер  ортада  тұлға 

ретінде  танылып,  бақытты  отбасын  құра 

білетін тұлға дайындау.

Болашақ  жастарға  білім,  тәрбие  беруде 

осындай теріс әрекеттерден аулақ болуға үй-

рету қажет. Тәрбиелі тұлға болу да адамның 

әрекеттеріне  еркіндігі  мен  жауапкершілігі-

не де байланысты қалыптасады. Сондықтан 

адам  өзін  қоғамдық  орындарда  өзін-өзі 

дұрыс  ұстай  білуі  керек.  Яғни  әдептілікке, 

имандылыққа  үйрету.  Ислам  дінінің  өзі 

тұнып  тұрған  білім,  тәрбие,  тазалық. 

Осының  бәрін  ұштастырып,  болашақ  ұр-

пақтың бойына сіңіру керек. Бұның барлығы 

үлкен  еңбекті  қажет  етеді.  Бұл  ата-ана  мен 

оқытушылардың  алдына  тұрған  үлкен 

міндет. Өз міндетін дұрыс білген адам ғана 

бұл жолда жеңіске, жетістікке жетеді. 

Еліміздің  әлемдегі  бәсекелестікке  қа-

білет ті  елу  елдің  қатарына  қосылуы  үшін 

елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керек. Сана 

сезімі жақсы жетілген адам ғана өмірдің сан 

түрлі  құбылыстарын  таразыға  салып,  оның 

әр түрлі ағымына төтеп бере алады. Өзіндік 

ойы, мақсаты, бағыты бар адам кез келгеннің 

жетегіне ермейді. 

Білім  беру  жүйесінің  құрылымы  мен  маз-

мұнын ұлттық деңгейде құрып, білімді ұрпақ 

тәрбиелеу – бүгінгі буын үлесіндегі ұлы іс. 

Елдің, мемлекеттің, ұлттың, жалпы адам-

зат баласының келешегі қазіргі уақытта са-

на лы  тәрбие,  терең  білім  алып  жатқан  жас 

ұрпаққа тәуелді.

Адам  баласы  жаратылғалы  бері  үнемі 

үздіксіз  дамып,  кемелденіп  келе  жатқан 

рухани  дүние  –  тәрбие  екені  әмбеге  аян. 

Өркениеттер  тарихына  ой  жіберсеңіз, 

қай  халықтың  да  ұлттық  тәлім-тәрбиесі, 

тағлымы бар екеніне көз жеткізесіз. 

Қорыта  келгенде,  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  білім  беруді  дамыту  тұжы-

рым дамасында  білім  мен  тәрбие  мәселесі-

нің маңыздылығы айрықша атап көрсетілуі 

тегіннен тегін емес екені анық. Білімді ұрпақ 

– қашанда ел ертеңінің тізгінін ұстаушы.

Қолданылған әдебиеттер:

1.  Н.Ә.Назарбаев Азаматтық форум. – Астана. 2005 қыркүйек.

2.  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1998.

3.  Қ.Исламова Студенттің таным-белсенділігін арттыру. – Мектеп 2005, №1.

4.  Рахметова  С.  Бастауыш  класс  оқушыларының  тілін  дамытудың  ғылыми-

әдістемелік негіздері. – Алматы, 1994. 

5.  С.Пірәлиев  Жоғары  оқу  орындарындағы  оқу-тәрбие  процесінде  болашақ 

мұғалімдердің кәсіби бейімделуі. // Қазақстан жоғары мектебі, №2 2001ж.

6.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

7.  ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егеменді 

Қазақстан, – 2003. 26желтоқсан, – №322-333 

Резюме

В статье рассматриваются воспитательные работы проводимые в Высших учебных 

заведениях.

Summary

In the article discusses educational works spent in higher educational institutions.

ҚЫЗ БАЛА – БОЛАШАҚ АНА

Умирбекова С.Т. – 

магистр, оқытушы,

ҚазМемҚызПУ 

Атыраудан  Алтайға,  Оралдан  Алатауға 

дейінгі  ұланғайыр  өңірдің  тауын  жайлап, 

құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, 

елі  бай»  дейтін  қағидадан  аумай,  сайын 

даласының  салқар  ұлындай  мамыражай 

күй  кешсе,  оның  бәрі  айналып  келгенде, 

ұлтымыздан  сіңген  қасиет,  ұстанған  салт-

дәстүрлерінің  қайтарымы  деп  түсінгеніміз 

жөн.  Өйткені  ұрпақ  жалғастығын  бәрінен 

жоғары  қою,  өле-өлгенеше  баласына  қам-

қорлық  көрсету  әлемінің  бірқатар  елдерін-

дегі  дәстүр.  Ұлттық  салт-дәстүрімізді  білу, 

оның астарын түсініп, атадан балаға мирас 

ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін 

ауадай  қажет.  «Қыз  тәрбиелей  отырып  – 

ұлтты  тәрбиелейміз»  деген  қанатты  сөздің 

өзі  қыз  бала  тәрбиесінің  қаншалықты 

маңызды екенін білдіреді. 

Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенді лік 

нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. 

Қатты  күлмеу,  айқалап  сөйлемеу,  үлкеннің 

жолын  кеспеу,  ыдыс-аяқты  сылдырлатпау, 

алдымен  кіріп,  артымен  шығу,  есікті  теуіп 

ашпау,  босағаны  кермеу,  үлкендерден  жо-

ғары  отырмау  тәрізді  тіпті  қыз  баланың 

отырысына,  жүрісіне,  киім  киісіне,  дауыс 

ырғағына дейін мән берілды. Мейірім бала 

кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. 

Әрбір  қыз  балаға  ата-анасын,  туыстарын, 

ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, 

болашақта  одан  елін,  жерін,  халқын  сүйе-

тін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын 

жақсы  көретін  қамқор  ана,  қайратты  жан, 

нәзік ару шығатыны сөзсіз.

Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен 

сын еді. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін 

көрсетеді. Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол 

адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп 

тәрбиелейді. Жүн түт, жіп иіру, шекпен тоқу, 

кесте  тігу,  құрақ  құрау,  кілем  тоқу,  көрпе 

көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға 

бармай  тұрып  –  ақ  үйреткен.  Сондықтан 

ертеңгі  ана,  бүгінгі  қыздарымызды  тәр-

бие леу  ананың  және  барша  қауымның 

міндеті.  «Қыз»  ең  қасиетті  сөз.  Қасиетті 

болатыны  бүкіл  адамзат  қыздан  тарайды: 

қыз  келін  болады,  келін  анаға  айналады, 

ал  ана  әже  деген  зор  дәрежеге  жетеді.Осы 

үшеуі  арқылы  ұрпақ  өсіріп,  ұлт  қатарын 

көбейтеді.  Қыз  абыройы  –  болашақ 

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

113


115

114


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

отбасының,  босағаның  беріктігіне  қатысты 

мәселе.  “Қыздың  жолы  жіңішке”  деп, 

оның  абыройын  сақтауын  қатаң  қадағалап 

отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-

парасатына,  инабаттылығына,  махаббатты 

жоғары  бағалауына  байланысты.  Әр  әке-

шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының 

абыройлы  болуына  ерекше  мән  беріп,  қа-

дағалайды,  әсіресе  қыз  тәрбиесіне  анасы 

жауапты.  Халқымыз  бойжеткен  қыздың 

алдына  келешектегі  өмірлік  міндеттерін 

қойып,  орындап  отыруды  қыздық  абыройы 

деп  санаған.  Олар:  ізетті  болу,  әсем  киіну, 

әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, 

қабаң  шытпай  жүру,  үлкендердің  алды нан 

кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ 

тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін 

құрметтеу,  ана  тілін  ардақтау,  орынсыз  сөз 

айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, 

кілем  тоқып,  кесте  тіге  білу,  т.б.  секілді 

мінез-құлықтық  қасиеттер  мен  дағды 

икемділіктері. 

Қыздың  намыс  мен  ары,  адамгершілігі 

оның  оқуға,  қоғамдық  пайдалы  істерге, 

отбасына,  құрбы-құрдастары  мен  ұжымға 

қарым-қатынасына  байланысты.  Әрбір  қыз 

ба лаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей 

білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, 

халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтай тын, 

балаларын  жанындай  көретін  қамқор  ана, 

қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз 

баланың  бойына  сыпайлық,  мейірбандық, 

адалдық,  сезімталдық  және  еңбекқорлық 

сияқты  қасиеттерді  кішкентайынан  бастап 

дарытуды  халқымыз  өте  ежелден  қолға 

алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар 

таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, 

ұстамдылықпен  қарап,  оның  маңызын 

санасымен  аңғарып,  жүрегімен  түйсінген. 

Бұл  істе  ұшқалақтыққа,  орынсыз  тәуекелге 

жол беруді өмірлік қауіп санаған. 

Қалыңдық  үшін  де  болашақ  күйеуінің 

мінез-құлқы, ой-өрісі мен мәдениеті, білімі 

мен  инабаттылық  болмысы,  жақсы-жаман 

әдеттері жайында жақсы білу өте маңызды. 

Бүкіл  зиялы  қауымның  міндеті  –  бір 

жағынан, бұл мәселелерді тереңірек зерттеу, 

оларға жаңаша қарау болса, екінші жағынан, 

оларды  тәрбие  жұмысына,  әсіресе,  жастар 

тәрбиесіне пайдалана білу.

Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында 

дөрекі  сөйлемей,  ізетті  болып,  ер-тұрманы 

әшекейленген  сұлу  жорғаларды  қыздары-

на,  қарындастарына  мінгізіп,  киімінің 

әсем  –  сәндісін,  әшекейлі  бұйымдардың 

жақсысын  қыздарына  арнап,  жиын-тойлар-

да  қыз  баланы  әр  уақытта  сыйлы  орынға 

отырғызған.  Жаңа  түскен  жеңгелері  де 

қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркемай», 

«Шырайлым» деп еркелеткен. Ар-намысын 

жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында 

әрдайым абыройлы сыйлы.

«Қыз өссе 

– 

елдің көркі» – дегендей Ел, 



сәні,  елдің  көркі  қыздардың  шырайланаты-

ны  шындық.  Халқымыздың  қыз  балаға  де-

ген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды 

төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық 

қыздарын  бақыт  құсына  балап,  әлпештеп, 

аялаған.  Қыз  баланың  тәрбиесі  ата-анаға 

да  үлкен  сын.  Қыздарымыздың  асыл  қа-

сиеті-жан  дүниесі  нәзік,  адал  махаббат 

иесі  болғандығын,  дәулетке,  байлыққа 

қызықпағанымен  жыр-дастандардан  біле-

міз.  Қыз  баланың  әдептілігі  сөйлеген 

сөзінен,  істеген  ісінен,  мінез-құлқынан, 

әр  түрлі  жағдайда  өзін-өзі  ұстай  білуінен, 

жолдас-жораларымен  және  жай  былайша 

адамдармен  арақатынасынан,  жалпы  бар-

лық  жүріс-тұрысынан  көріп  тұрады.  Қыз 

баланы  әдепсіздігі  оның  бақытты  болуына, 

өсіп  өнуіне  үлкен  нұсқан  келтіреді.  Қыз 

баланың  шашын  қырқуы,  кісінің  бетіне 

тік  қарау,  ер  адамның  алдын  бұландап 

кесіп  өтуі,  қыдырымпаз,  сауықшыл  болуы 

үлкен  мін  болып  саналады.  Сондықтан 

«қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға 

қырағы  қарайды.  Қызды  жанының  нәзік 

сезімталдығы,  үй  тірлігіне  жақындығы, 

ертеңгі  ана  болу  ерекшелігі  тәрбиеде  ұл 

балаға  қарағанда  біраз  өзгеше  қарым-

қатынасты  қажет  ететіні  анық.  Сондықтан, 

қыз  ибасы,  қыз  әдебі  дегенге  жеңіл-желпі 

қарауға мүлдем болмайды. Қыз баланың тым 

әлем-жәлем  киініп,  көзге  түсуге  тырысуы, 

орынсыз  боянып-сылануы  ерсі.  Сонымен 

қатар,  өзінің  сырт  пішініне,  киім  сәніне 

немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. 

Бұл  оның  тәрбиесінің  жетімсіздігі,  төмен-

дігі.


Ерке  қыз,  иманды  әйел,  қасиетті  ана 

солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, 

ақын  қыздары,  ақылды  қыздары  ұлтты 

тәрбиеледі.  Қазіргі  заман  қыз  бала  тәрбие-

сі не ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, 

қыз  баланы  тәрбиелеу  деген  сөз  –  ұлтты 

тәрбиелеу  деген  сөз.  Отбасы  –  қоғамның 

бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – 

әйел  адам.  Бесігінде  жақсы  тәрбие  алған, 

үлгі-өнеге  көрген  қыз  бала  бойжеткенде 

сол  әдетін  сақтайды.  Қазіргі  заман  қыз 

бала  тәрбиесіне  ерекше  мән  беруді  қажет 

етеді.  Себебі,  қыз  баланы  тәрбиелеу  деген 

сөз  –  ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз.  Отбасы 

–  қоғамның  бір  бөлшегі.  Ал  отбасының 

алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы 

тәрбие  алған,  үлгі-өнеге  көрген  қыз  бала 

бойжеткенде сол әдетін сақтайды.

Қорыта  келе  қыз  баланың  тәрбиесін 

үлкен  жауапкершілікке  алуымыз  керек. 

Өз  ұлтының  намысын  жоғары  қоя  білетін, 

елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты бау лы ту, 

тәрбиелеу.

Әдебиеттер тізімі

1. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. – Алматы, 1990.

2. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. – Алматы, 1993.

3. Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. – Алматы, 1992.



Резюме

В статье рассматривается смысл, что девочка – в перспективе будущая мать.

Summary

In the article discusses sense, the girl – in the perspective the future mother.

117

116


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ҚАЗАҚТЫң ӘН ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫң ЭСТЕТИКАЛЫҚ 

МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Белғозиева Ұ. – 

магистрант,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әр  халықтың  ұлттық  мәдениеті  ертеден 

келе  жатқан  өзіне  тән  өнері,  әдеп-ғұрпы, 

салт-дәстүрлері негізінде жетілетіні белгілі. 

Олай  болса,  ғасырлар  сынынан  еленіп, 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 

халықтың  дәстүрлі  көркем  мәдениетінің 

түрлерін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-

тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жастарды 

тәрбиелеудің қажеттілігі мол.

Осындай  қажетіліктің  бірі  –  қазақтың 

дәстүрлі  көркем  мәдениетінің  тәрбиелік 

мүмкіндіктерін  жас  ұрпақтың  эстетикалық 

тәрбиесінде  пән  сабақтарында  тиімді 

пайдалана  білу  болып  табылады.  Бұл 

мәселенің нәтижелі жүзеге асырылуы бола-

шақ  мұғалімдерінен  қазақтың  дәстүрлі 

мәдениеті  бойынша  білім  сапасын  және 

оны  оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру 

процесінде  пайдалана  білу  іскерілігі  мен 

дағдыларын талап етіледі.

Халықтың  көркем  шығармашылықта 

жә не  қазақтардың  эстетикалық  құнды  ма-

тер иал  дарында  үлкен  тарихи  шындық 

бар.  Халықтың  бай  тарихын,  мәдени  құ-

бы лыстарының  сан  қилы  ерекшеліктерін 

білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру 

мүмкін емес. Бүгінгі білім жүйесіндегі өнер-

дің басты мақсаты – ол адам баласының бар-

лық  іс-әрекетіндегі  сергек  сезімталдықты, 

әдемілік пен әсемдікті, талғамды тәрбиелеу.

Сонымен  қатар  эстетикалық-рухани  тәр-

биенің  ішінде  өнерге  үлкен  зейін  аударып, 

оны  қоғам  дамуымен  тығыз  байланыста 

қарастырады. Баланың сана-сезімінің қа лып-

тасуындағы негізгі құралдардың бірі – өнер. 

Өнердегі ән мен күй, өлең мен музыка, су рет 

пен  бейнелеу  –  қазақ  халқының  өмірі  мен 

тұрмысында ерте заманнан келе жатқан бе-

рік орын алып, олардың сенімді де айнымас 

серігіне айналған дүниелер. Өнердің мақ са   ты 

– адамдардың көңіл-күйіне әсер етіп, олар-

ға рухани қорек беру, эстетикалық ғажай ып 

рахат  шәрбатынан  сусындатып,  жағым ды, 

этикалық  қасиеттердің  қалыптасуына  жағ-

дай жасау. Әсіресе, өнердің мән мағынасын 

қазақ  халық  композиторларының  мұралары 

арқылы  қалыптастыру  негізгі  орын  алады. 

Себебі,  ұлттық  белгі  осы  ұлттық  эс тети ка 

арқылы айқындалады.

Эстетикалық  тәрбиеде  өнердің  алатын 

орны  ерекше.  Эстетикалық  көзқарасты 

тәр  биелеудің  негізгі  құралы  –  өнер.  Ол 

шындықты  көркем,  сезімді  қабылданатын 

бейнелер  арқылы  адам  санасына,  сезіміне 

әсер етіп, оның көзқарасын қалып тастыру  ға 

жәрдем етеді. 

Ұлттық  өнер,  әдебиет  –  адамдардың  эс-

тетикалық мәдениетін, түрлі рухани қажет-

тіліктерін  толыққанды  қанағаттан  дыра  ала-

тын шығармашылық салалары.

Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақтың  рухани-эс-

тетикалық дамуын қамтамасыз ету негізінен, 

көркем  өнер  түрлері,  яғни  әдебиет,  тарих, 

әдеп, музыка, т.б. арқылы білім мен тәрбие 

беру жүйесінде жүзеге асырылады.

Қазақ  халқы  өнердің  қай  түрі  болсын 

жоғары  бағалап,  оларды  қадірлей  білуге 

балаларды  жастайынан  баулып,  қызықты-

рып  отырғандығын  тарих  бүгінгі  ұрпаққа 

жеткізіп  отыр.  Осының  дәлелі  іспеттес 

сол  өнерге  байланысты  көптеген  мақал-

мәтелдер  де  баршылық:  «Өнерді  үйрен  де 

жирен», «Жігітке жеті өнер де аз», «Өнерлі 

өрге  жүзер»,  «Шебердің  қолы  ортақ», 

т.б.  Фольклордың,  ұлттық  өнеріміздің, 

мәдениетіміз  бен  дәстүріміздің  алдыңғы 

қатарлы  тамаша  үлгілерін  сан  ғасырлық 

тарихы  бар  бабаларымыздың  бізге  мұра 

етіп  қалдырған  рухани  мол  дүниелерін, 

тіліміздің зор байлығын оқушыларымыздың 

жан  дүниесіне  сіңіру,  сол  арқылы  әсемдік 

руханиятқа,  өркениеттің  өріне  шығып, 

одан нәр алу – бүгінгі күн талаптарының ең 

маңыздысының бірі.

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан 

бері  қалыптасқан  халқымыздың  қазынасы, 

фольклордың    музыкалық  саласының 

бір  тармағын  құрайды.  Фольклор  деген 

сөз  ағылшын  тілінен  алынған,  ол  «халық 

даналығы,  халық  білімі,  халықтың  ауызша 

шығарған  туындылары»  деген  мағынаны 

білдіреді. 

Фольклор 

шығармалары 

халықтың  әр  дәуіріндегі  тұрмыс-салтымен, 

наным-сенімімен,  күнделікті  тіршілігімен 

тығыз  байланыста  туады.  Оларда  өмірде 

болып өткеннің ғана емес, халықтың «осы-

лай  болса  екен»  деген  арман  үміттері  де 

бейнеленіп,  табиғат,  өмір  құбылыстары на 

баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, 

тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық 

музыкасының  ең  бір  бай  арнасы  болып 

табылады. Көне заманнан  келе жатқан ән-

күй туралы халықтың аузында қалыптас қан 

көптеген  мақал-мәтелдер,  аңыздар,  жыр лар 

осының айғағы. 

XIX  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  басында 

қоғам дамуымен сабақтастықта дамып келе 

жатқан рухани-эстетикалық тәрбие идеялары 

біз  зерттеуімізге  нысан  етіп  алып  отырған 

ұлттық  поэзия  тарихында  бір  басында 

ақындық – әншілік, композиторлық – орын-

даушылық,  жыршылық  –  әңгімешілдік, 

импровизаторлық  –  ойыншылық  өнерді 

аса  сәтті  тоғыстырған  әнші  ақындардың, 

сал-серілердің  өрелі  өнерпаздың  табиғаты 

айрықша 

мәнділігімен 

ерекшеленеді. 

Осын дай  біртұтас  киелі  өнердің  көрнекті 

қайраткерлері Біржан сал, Ақан сері, Абай, 

Мұхит,  Балуан  Шолақ,  Жаяу  Мұса,  Мәди, 

Үкілі  Ыбырай,  Құлтума,  Сары,  Майра, 

Естай, Нартай, Кенен, Арыстанбай, Қанапия, 

Құлтума,  Доскей,  Шашубай,  Майасар, 

Тайжан, Болман, Кенішбай, Қалқа, Иса т.б. 

ұлттық  өнеріміздің  негізін  салды.  Халық 

композиторлары ұғымы – халықтан шыққан, 

өз өнерлері арқылы сол халықтың мәдениетін 

әлемдік  биіктерге  көтеретін  тұлға.  Халық 

композиторлары  мұраларын  зерттеу  бары-

сында  байқағанымыз  әр  аймақтың  халық 

әндерін орындауға, айтылуына байланысты 

өзіндік ерекшеліктері бар. 

Халық  композиторлары  ұғымы  –  халық-

тан  шыққан,  өз  өнерлері  арқылы  сол 

халықтың  мәдениетін  әлемдік  биіктерге 

көтеретін  тұлға.  Халық  композиторлары 

мұраларын  зерттеу  барысында  бай-

қағанымыз  әр  аймақтың  халық  әндерін 

орындауға,  айтылуына  байланысты  өзіндік 

ерекшеліктері бар. 

Ер азамат бойындағы елдi қорғау сезiмi-

нiң  құқықтық  тұрғыдан  қамтамасыз  етiл-

меуi  ұлт  зиялысының  сал-серiлiк  жолына 

түсiп,  отаршылдардың  түрлi  қыспағына 

түскен  камкөңiл  халықтың  көңiлiн  көтерiп, 

ұмыт  болуға  айналған  тәуелсiздiкке 

қайтадан  қозғау  салатын  ұлттық  сананы 

басқаша  қалыптастыруға  әрекет  жасаса, 

оны  өз  уақытындағы  батыл  қадамға  бала-

май  болмайды.  Осы  тұрғыда  зерттеу  Ақан 

Серi, Мәди Бапиұлы, Сегiз Серi, Бiржан Сал,  

Үкілі  Ыбырай  т.б.  өнер  иелерiнiң  өнердегi 

өмiр  жолынан  терең  мағлұмат  берiп,  қазақ 

елi бастан кешкен сал-серiлiк дәуiрдiң қилы 

кезеңiн  жан-жақты  зерттеу  сөзсiз  қажет 

екендігі мәлім. Қазақ сал-серiлерiнiң өмiрiн 

кiтап  етiп  шығару,  өнер  адамының  тағды-

рын жинақтап, бiр iзге түсiрумен бiрге, ХIХ 

–  ХХ  ғасырдағы  «бал  көмей,  жез  таңдай, 

нәзiк  сезiмдi  тапқыр  ойлы  әншi-жыршы 

ақындардың»  өмiр  сүрген  ортасын  талдау 

қазақ  ұлтының  тарихына  ой  жүгiртуге 

мүмкiндiк береді.

Музыка  зерттеуші  ғалым  М.Ахметова 

қа зақ  халық  әндерінің  орындалуына  бай-

ланысты халық әндерін төрт аймаққа бөліп 

қарастырады:

Сарыарқаның  халық  әндері  (Біржан  сал, 

Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, 

Естай, т.б.) 

Батыс халық  әндері, (Мұхит, Нартай, Ша-

шу бай, т.б.) 

Жетісу  халық  әндері  (Жамбыл,  Кенен, 

Сүйін бай, т.б.) 



119

118


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Шығыстың халық әндері (Абай, Әсет, т.б. 

) [1].

Бір  ұлттың  заманалар  мен  дәуірлер  сы-



рын  шерткен  көркем  Бір  ұлттың  замана-

лар  мен  дәуірлер  сырын  шерткен  көркем 

шежірелерінің  өнегелі  өмірі  мен  өрісті 

өнерін  тұтастай  сөйлетіп  баяндау,  талдап 

таразылау,  жүйелеп  зерттеу  мүмкін  емес. 

Қашанда  үздік  туған  хас  талант  мұрасы, 

рухы,  жарқын  бейнесі  толқын-толқын 

буындардың  жүрегін  толқытып,  бойын 

балқытып,  қиялын  шарықтатып,  болашақ 

биігіне бірге адымдап, бірге жасайды. Әр кім 

дүниетанымына,  рухани  болмысына,  ұғым-

түсінігіне  орай  өзінше  нәр-қорек  тауып, 

эстетикалық  ләззатқа  ой  сәулесіне  бөленіп, 

адам зат пен ғаламзаттың құпиясына үңіле ді, 

белгілі бір өзіндік ой-пікірлер түйеді. 

Эстетикалық  құндылықтардың  әр  түрлі 

формалары  мазмұнның  ерекшеліктерімен, 

эстетика  категорияларымен,  атап  айтқанда 

сұлулық,  әсемдік,  асқақтықпен  анық-

талады.  Бұларға  қарама-қарсы  эстетика-

лық  құндылықтарды  анықтайтындарға  кө-

ріксіздік, ұсқынсыздық жатады.

Қазақ  халқы  қоғамдық  даму  үрдісінде 

бала тәрбиесіне аса мән беріп, оның мақсаты 

мен  міндеттерін,  іске  асыру  жолдарын  өз 

мүддесіне  сай  өзінше  шешуге  тырысып 

отырған.  Әрине  бұл  үрдісте  оның  қажетті 

жақтарының  бірі,  ең  алдымен  баланың 

сезімдерін тәрбиелеу болып табылған.

Адамгершілік эстетикалық тәрбие үдері-

сі нің  ұтымды  болуы,  әр  түрлі  мәде ниет 

шеңберінде  жасалған  өнер  шығармалар-

ын  қолданылумен  байланысты.  Еліміздің 

поэзиясының,  фольклорының,  музыка сы-

ның,  көркем  әдебиетінің,  кескіндемесінің 

тәрбиелік құзыреттілігі тілді оқу барысында 

және  тартысты  талдауды  ұйымдастыру 

барысында  орасан  зор,  яғни,  бұл  жағдай, 

адамгершілік  пен  эстетикалық  мұраттық 

құбылыстарға  деген  оқушылардың  жеке 

даралық 

қатынастарын 

қалыптасты-

рып,  қо ғам  жасап  шығарған  адамгерші лік 

эстетикалық  құндылықтарға,  идеялар ға, 

прин     циптерге, мұраттарға жетуді қамтам    сыз 

етеді.

Ақын-жыраулардың  шығармашылығын 



талдау олардың өз заманы үшін белгілі бір 

деңгейде рухани көсем ролін атқарғаны, өз 

руластарының  моралдық  бағдарына  жауап 

бергені көрінеді.

Жыраулар поэзиясы әрекет еткен кеңістік 

өзінің  барлық  тәжірибесін  сөз  арқылы 

бейнелеуге  тырысатын  көшпенділердің 

эстетикалық  ойлауының  ерекше  типіне 

негізделді. Негізінен жыраулар қалыптасқан 

этникалық  қауымдастықты  (қазақтардың) 

біріктіру  идеясын  қалыптастыру  функ-

ция сын  атқарды.  Сонымен  қатар  жырау-

лар  поэзиясының  этикалық  және  эс-

тетикалық  құндылықтар  мен  символдар 

қалыптастырудағы ролі ерекше болды.

Жыраулар  өз  шығармаларына  рух  арис-

тократизмі  мен  даңқты  өзек  етті.  Оның 

символдары  ретінде  бостандық,  еркіндік, 

адамгершілік,  батырлық,  сөзге  беріктік 

алынады. 

Ақын-жыраулар  шығармаларын  бірнеше 

аспектіде  қарастыруға  болады.  Өйткені 

жыраулар  поэзиясының  ауқымы  дәстүрлі 

поэзия  ауқымына  қарағанда  кеңірек  болып 

келеді.  Мәдени-философиялық  аспек тіде 

қазақ  мәдениетіндегі  гуманистік  прин-

циптердің  қалыптасу  мәселесінің  жы-

раулар  шығармашылығындағы  көрінісі 

қарастырылады.  Бұл  жерде  сонымен  қатар 

мәдениеттегі  даралық  мәселесіне,  оның 

ішінде  мәдениеттің  рухани  дәстүрлеріндегі 

даралықтың  және  даралық  сананың 

көрінісі  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөліне ді. 

Жыраулар 

поэзиясының 

әлеуметтік-

тарихи  аспектіде  қарастырылуы  адам 

дара лығының  қалыптасуының  әлеуметтік 

тұжырымдарын  қарастырады.  Бұл  жерде 

индивидтің  адамгершілігі,  оның  этикалық 

жауапкершілігі туралы сөз болады.

Жалпы, қазақ қауымында (басқа да түркі 

тілдес қауымдастықтардағы сияқты) жырау 

бейнесі  ерекше  құрметке  ие  болған,  олар-

дың дарынын «Тәңірдің сыйы» деп есептеп, 

қауым  толығымен  мойындаған.  Сондықтан 

да  жыраулардың  ерекше  белгісі  –  ымыраға 

көнбестігі, айтқан сөзі үшін жауапкершілігі, 

халықтың  алдындағы  ашықтығы  болып 

табылады.  Өз  шығармаларында  еркіндік, 

бостандық,  теңдік  идеяларын  ұстана 

отырып,  олар  өз  заманының  тәрбие  мақса-

тын анықтады.

Қазақ  халқының  өзіндік  дүниетаны-

мының,  өмірлік  принциптерінің  қалып-

тасуына  жыраулар  поэзиясының  әсері  өте 

көп болды. 

XVIII  ғасырдағы  қазақ  қоғамындағы 

қатынастар  көптеген  патриархалдық-рулық 

байланыстардан  көрінеді.  Төре  тұқымы 

(Шыңғыс  ханның  ұрпақтары)  ірі  тайпалық 

одақтарға,  жүздерге  билік  жүргізді,  ал  ру 

ішінен  шыққан  беделді  адамдар,  билер 

олардың  кеңесшілері  ролін  атқарды.  Олар-

дың қолында сот билігі болды, негізінен би-

лер дің қарауына құн өндіру, барымта ларды 

шешу,  көші-қон  жолдары  мен  орындарын 

анықтау,  руаралық  қақтығыстарды  шешу 

мәселелері  ұсынылды.  Ауылдық  қауымда 

патриархалдық-рулық  қатынастар  мен  дәс-

түрлер сақталды. Олар мәдениетте де өзінің 

ерекше  орнын  алды.  Сондықтан  да  қазақ 

қоғамында  фольклордың,  ауыз  әдебиетінің 

орын ерекше болды.

XVIII  ғасырда  қазақ  даласында  болған 

адамдар,  саяхатшылар  сол  кезеңде  фоль-

клормен  қатар  суырып  салма  ақындардың 

ауызша-ақындық  дәстүрлерінің,  өзіндік 

«ауызша  әдебиеттің»  болғандығын,  оның 

кәсібилік  деңгейге  көтерілгенін  атап 

көрсетті. Бұл әдебиеттің өкілдері жыраулар 

мен ақындар болып табылды.

Аталмыш  кезеңдегі  ақын-жыраулардың 

шығармаларының  тақырыптары  да  әр 

алуан.  Олардың  қамтыған  аумағы  –  саяси 

мәселелерден бастап (елшілік жіберу, әскери 

жорықтарға  шығу,  бейбіт  келісімдер  жасау, 

көршілермен 

дипломатиялық 

қатынас 


жасау,  т.с.с.)  күнделікті  тұрмыста  тәлім-

тәрбиелік  мәні  бар  мәселелерге  дейін  өз 

шығармаларына  арқау  етті.  Сол  сияқты 

жыраулар  шығармаларының  жанры  өзіндік 

ерекшеліктерімен  де  көзге  түседі  –  бұл 

негізінен  тоғау  түрінде  болды.  Толғаудың 

басқа  фольклорлық  жанрлардан  ерекшелігі 

–  онда  әртүрлі  мәселелерге  ой  жүгіртіп, 

талдаумен  қатар,  үлгі  көрсету,  өсиет  айту 

орын алды. 

Толғау  тарихы  жыраулық  поэзияға  тіке-

лей қатысты. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, 

Ақтамберді,  Үмбетей,  Бұқар  т.б.  бейнелеу 

тәсіліне  насихаттық,  өсиеттік  сарын,  мә-

селені  жан-жақты  терең  толғап  айтатын 

ойшылдық  әсіресе  тән  болған.  Толғауда 

маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-фи ло-

софиялық  тақырыптар,  азаматтық  әуендер 

кеңінен  орын  алады.  Әрбір  даму  кезеңінде 

толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі 

жағынан да бірталай өзгеріп, жаңаша си пат 

алды.


Халықтың  жадында  көптеген  тол-

ғау лар  сақталып  қалған.  XVІІІ  ғасырда 

шығармашылығы  кеңінен  танылған  жы-

рау лар  қатарынан  Бұқар,  Тәтіқара,  Үмбе-

тей  жырауларды  көреміз.  Бұл  үш  жырау 

да  Абылай  ханның  қасында  болып, 

кеңесшілік  қызмет  атқарған.  Олардың 

толғауларының  басым  бөлігінің  мазмұны 

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» 

кейінгі  елді  біріктіру  саясатымен  тығыз 

байланысты. Жорыққа шығар алдында олар 

өз  толғаулары  арқылы  халықтың  патриот-

тық сезімін оятып, өз ұрпағы, елі, жері үшін 

жауапкершіліктерін  естеріне  салу  арқылы 

шабыттандырып, рухын көтеріп отырды [2].

Өзінің 


толғауларында 

эстетикалық 

тал ғам ның  жоғары  деңгейін  көрсете 

отырып  Бұқар  жырау  эстетикалық  тәрбие 

туралы  құнды  ойлар  айтады.  Бұқар 

жыраудың  шығармаларын  талдау  арқылы 

олардағы  эстетикалық  ойлардың  негізгі 

өзегі  –  үйлесімге  ұмтылу,  жақсылық 

пен  жамандықтың  арақатынасы,  тұрмыс 

эстетикасы  болып  табылатыны  көрінеді. 

Сонымен  қатар  жырау  толғауларында 

трагедиялық сарын басым жатыр.

Өз  шығармалары  арқылы  жырау  жан 

сұлулығы  мен  тән  сұлулығының  гар-

мониясына  үндейді,  әсемдікке  ұмтылуға 

шақырады. 

Бейнелерді, 

кейіпкерлерді 

көркем  сипаттау  арқылы  сөз  өнерінің 

жоғары  үлгісін  көрсеткен  Бұқар  жыраудың 



121

120


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ТАРИХ ҚАЛТАРЫСЫНАН

шығармаларының  эстетикалық-тәрбиелік 

маңызы осында.

ХІХ  ғасырдағы  қазақтың  бір  туар  сал 

серілері Біржан, Ақан, Естай, Мәди, Мұхит, 

Балуан  Шолақ,  Майралардың  өнерінде  ор-

ын алған қаздай дауысының  күші мен реңі-

нің  сұлулығы,  жылдар  бойы  қалыптасқан 

орындаушылық жеке мәнері жүйеленген ән 

айту  үрдісі  мен  мәнерлі  орындаушылығы, 

өзінің  құрылымдық  сапа-сына,  әншілік 

параметрлеріне  сай  алатын  орны  мен 

мағыналылығына,  тарихи  құндылығына 

эмо ция мен драматизмге толы дамыған тер-

ме мен желдірмелер, ұзақ кан-тиленалар, нә-

зік фиоритуралар, каденциялар және жалпы 

орындаушылықтың  өте  жоғары  деңгейі  – 

осының  бәрі  қазақ  даласындағы  жоғарғы 

кәсіби  ән  мектебінің  қалыптасуының  ай-

ғағы.


Қазақ  ақындарының  шығармаларында, 

әсіресе,  ән  шығару  тәжірибесінде  бір 

әннің  бірнеше  нұсқасының  болуы  жиі 

кездеседі.  Мәселен  Ақанның  лирикалық 

әні  «Мақпалдың»  алты  нұсқасы  бар, 

«Құлагердің» 

төрт 

нұсқасы 


бары 

кеңінен  мәлім.  Жаяу  Мұсаның  махаббат 

тақырыбындағы  «Шолпан»,  «Гауһар-қыз», 

«Көгершін»  әндерінің  барлық  нұсқаулары 

жиі  айтылады.  Жаңа  шығармалар  ауыз-

дан  ауызға  тараған  кезде    кейбір  өз-

герістерге  ұшырайтыны  былай  тұрсын, 

орындаушылардың  тарапынан    оған  өзін-

дік  қосуларын  енгізетіні    де  болады.  ХІХ 

ғасырдағы  ақындық  өнердің  даму  тарихы, 

оның  қалыптасу  тарихы,  ұлттық  аудитория 

тарихы  бір-бірімен  өте  тығыз  байланысты. 

Ақынның  әрбір  жаңа  шығармасы  халық 

арасындағы  орындаушыларға    автордың  өз 

аузынан  тарайды,  мұның  бәрі  тәжірибелі 

тыңдарман  қауымның  қатысуымен,  солар 

арқылы  жүзеге  асады,  есте  сақталады, 

ауыздан-ауызға жалғасады [3].

Ақын  компазиторлардың  шығармашы-

лығы қазақ халқының жүздеген жылдар бойы 

дамыған  ән  ақындық  дәстүрдің  саласында 

жалғасын тапты. Осы дәстүрдің шеңберінде 

ұлттық ой сана мен ұлттық мінезді келтіре-

тін бейнелеу жүйесі, тақырыптары, тіл ерек-

шеліктері  қалыптасты.  Қазақтың  ұлттық 

музыка  қорының  ішінде  ән  жанры  ерекше 

орын  алады.  «Ән  –  өмір  шежіресі,  өмірдің 

сәулесі,  музыка    мектебінің    негізі,  іреге-

тасы, ха лықтың  игілігімен ақыл  парасаты»  

бол   ды.



САРЫШУАШ ЖЫРАУ­ӘУЛИЕ

Тарих бетінде жазылмай қалса да халық жадында сақталған тұлғалар бар. Сондай тарихи 

тағылымы мен тәлім-тәрбиелік маңызы зор жырлары өнеге, қазақ-қалмақтың жаугершілігі 

заманында  өмір  сүрген  тұлға,  Қабанбай  батыр  замандасы  –  Сарышуаш  әулие-жырау. 

«Ұлттық тәрбие» ғылыми-көпшілік бағыттағы журналдың құрметті алқа мүшесі, жазушы-

дәрігер,  фантаст,  драматург,  Медицина  және  Педагогика  ғылымдарының  докторы,  КСРО 

денсаулық сақтау ісінің үздігі, ЗАЙСАН ауданының құрметті азаматы, Махамбет атындағы 

сыйлықтың лауреаты, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы, академик, 

профессор  Совет-Хан    Ғаббасов  тарих  қалтарысынан  сусындаған  бұл  жырды  оқырман 

қауым назарына ұсынып отыр.

Жылқыда қылаң, боз едің.

Батырлық, ерлік дегенде,

Жайылған жұртқа сөз едің.

Қайғы шеккен еліңнің,

Жылағанын жұбатып,

Қисайған көшін түзедің.

Айтып, айтпай не керек,

Күндерден күн озғанда,

Жатырмысың, есіл ер,

Тәңіріден тілеп тез өлім.

Қабанбай науқас дегенде,

Үш күн, үш түн ұйықтамай,

Өртенді, күйіп өзегім.

Сонда-дағы жарқыным,

Қусырма жақты сарнатқан,

Айтсам ба деп келіп ем,

Көңілге демеу – сөз емін.

Дулатқа салдым бір хабар,

Албанға жетті бір шабар.

Үйсіннің жиып кісісін,

Арыздасып қалсам деп,

Арқаға тарттым бір сапар.

Ат жалын жартып мінгелі,

Жорықта талай жүрістім.

Қалмақтағы Қалден хан,

Қалден ханмен ұрыстың.

Ақиған, астам ноянын

Ағып өтіп құлаттың.

Солқылдаған мырзасын,

Соғып өтіп сұлаттың.

Ат шашадан қан ақты.

Қан шашырап таң атты.

Қанға ұйып, күн батты.

Жамандарға жан тәтті,



Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Ахметова М. Қазақ әндері. Музыкалық зерттеу. – Алматы: Жазушы. 1970. – 84 б.

2.  Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы. 1991. – 432 б.

3.  Балабеков Б. “Ән сапары”. – Алматы: “Жазушы”, 1975. – 7 б. 

4.  Қарамолдаев  Г.Ж.,  Белғозиева  Ұ.Б.  Халық  композиторлары  мұралары  арқылы 

тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. – Алматы. 2010. – 74 б.



Резюме

В статье рассматриваються роль народных казахских песен в эстетическом воспитание 

учащихся.

Summary

In the article discusses role of the national Kazakh songs in the aesthetic education of the 

students.

Қабанбай батыр, көзелім!

Қарақұлының  Мұхаметшесі  (Мұхамет-

жан)  деген  қария  1953  жылы  бір 

кездескенімде: «Қарағым, бұрынғы даналар 

айтқан  сөз  еді,  ата-бабаларымыз  бізге 

жаттатты, енді сендер жазып алып сақтаңдар, 

түбі  бір  кәдеге  жарар,  «асыл  пышақ  қап 

түбінде жатпас», – деп бір тоқтап, одан әрі 

былай  дегені  есімде,  –  қазақ-қалмақтың 

жаугершілігі заманында үйсінде Сарышуаш 

жырау деген көріпкел әулие өтіпті. Жақынды 

жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты 

алыссың  деп  бетінен  қақпайды  екен.  Бидің 

әділіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген 

елі алдынан батасын алып тарасатын болған. 

Қабанбай  батырдың  науқасы  сал  тартып 

жатыр  дегенді  естіп,  Сарышуаш  шешен 

елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрауға 

барады. Сонда осы толғауды айтады» – деп 

әңгімелеп  еді.  Сұңғыла  қария  1964-1965 

жылдары шамасында Жансүгіров селосында 

(Талдықорған  облысы  Ақсу  ауданы)  100 

жасқа  тақап  барып  дүние  салды.  Әңгімеге 

Бүркітбек,  Бұқпантай  деген  ақсақалдар 

да  қатысып,  толғаудың  кейбір  тұстарын 

толықтырып отырып еді.

Әбдікәрім ХАСЕНОВ, 

тарих ғылымдарының кандидаты ( 

жазып алушы)

 Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Жақсы мен жайсаң жиналса,



123

122


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ТАРИХ ҚАЛТАРЫСЫНАН

Сараң байға мал тәтті,

Үйінен шықпай бұғысты.

Зарпыңа шыдамай,

Телімі шығып, тентіреп,

Аңыраған көп қалмақ,

Жөңкенің арғы бетіне,

Ереннің күнгей шетіне,

Қонысын тастап, ығысты.

Қол ағасы ер Қабаң,

Құжынаған Қытайы,

Қаптап топан суындай,

Жердің жүзін басқанда,

Заман ақыр болды деп,

Жан-жағына алақтап,

Хан Абылай сасқанда,

Бастырман деп жерімді,

Бермеймін деп елімді,

Есенгелді, ер Шоңай,

Ат шапшытып аспанға,

Жекпе-жекке шақырып,

Айбат шегіп, ақырып,

Кес-кестеп алдын тосқанда,

Қой дегенге қоймаған,

Жау бетінде ойнаған,

Қанды балта Тауасар,

«Қаптағайлап» қасақайып,

Шөбіне шауып барғанда,

Жылан жеп, жуа сасыған,

Күш-қайраты тасыған,

Когүн деген бір заңғар,

Кезегіне алғанда...

Үркер мен айдай тоғысып,

Қылыш, найза қағысып,

Жекпе-жек ұрыс салғанда,

Бұдан да жан қалмас деп,

Қалың қазақ қайғырып,

Күдер үзіп қалғанда...

Батагөйі ер Таңат,

Төске шапқан өр Таңат,

Ат қоюға оқталып,

Сабыр ғып, тағы тоқталып,

Бір суырып қылышын,

Қынына қайта салғанда,

Қытай, қазақ демігіп,

Қараумен көзі талғанда,

Жасаған ием жар болып,

Қапысына келтіріп,

Ер Когүнді өлтіріп,

Тауасар сынды батырың,

Басын кесіп алғанда,

Матайдағы Майлыбай,

Қасқарауда Молдабай,

Дулаттағы ер Бөкей,

Тәттібай мен Олжабай,

Керейдегі ер Жабай.

Көкжарлы Барақ, Тұрсыметбай,

Көтеріліп көп қазақ,

Ата аруағын шақырып,

Айқай-сүрең салғанда,

Қаракерей Қабанбай,

Ту түбінде тұрғансың...

Қу дауысты Құттыбай,

Бұқар жырау, Сарышуаш,

Кеңесіне мойын бұрғансың,

Шамырқанып, шамданып,

Қубасқа қамшы ұрғансың.

Қалың тобын қақ жарып,

Дұшпанды қойдай қырғансың.

Зарпыңа шыдамай,

Телім боп кәпір жосқанда,

Батырдың қарты Бөгенбай,

Қайратқа қайрат қосқанда.

Өткен күнде белгі жоқ,

Көнелерге қанықтай,

Балаларға танықтай.

Сол ерлерді көргенмін,

Жазмыштан озмыш жоқ деген,

Салғанына тәңірінің

Әу бастан-ақ көнгенмін.

......................................

Арғы атасы Сейілхан,

Сейілханнан тараған,

Сегіз арыс түрікпен,

Қызылбастан қыз даулап,

Балқан таудың басынан,

Арлы-берлі үріккен.

Қабанбайлап шапқанға,

Кақ айрылып жол берген,

Қабанбайдан келдім дегенге,

Атынан түсіп қол берген,

Жиделі-Байсын жайлаған.

Келелеп түйе айдаған.

Тоқсан баулы өзбек-сарт.

Самарқаны сансыз бап,

Бұқара-Шәріп арасы,

Қабанбай десе тақ ұрған,

Найза ұстаған баласы.

Дұғасынан тастамай,

Бата оқыған бабасы!

Ер Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Байсалменен ойласам,

Қайратыңа бақ тұрған,

Абылай сынды төреңіз,

Қасыңа әкеп тақ құрған –

Тоғыз таңба Найманнан,

Тоғыз құйрық ту алып,

Тоғыз түмен қол шықса,

Қол ағасы – Қабанбай!

Алты шекті Арғыннан!

Алты құйрық ту алып,

Алты түмен қол шықса,

Қол ағасы – Қабанбай!

Тоқсан баулы өзбек пен,

Қол құйрықты, қыл жалау

Қанды телпек, сексен шоқ,

Қалмаққа жорық – жол шықса.

Күн көзіне сыймаған,

Ай жүзінде айылын жимаған,

Алаштың ауыр қолына,

Ағалыққа ұнаған –

Дарабозым – Қабанбай!

Қарындасқа қайырым,

Ата-баба ісі еп,

Көтеріліп күллі алаш

Ат құлағын теңесе,

Қаракерей Қабанбай,

Қол бастарлық кісі деп,

Өзіңді аға тұтынған,

Жұртыңа тіле амандық.

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің!

Бұл науқастан сауықсаң, –

Еркелігін кешірген,

Ақ сүтін беріп өсірген, –

Қуанатын өз елің!

Бұл науқастан оңалмай,

Бақиға бет бұрсаң, –

Жау тиді десе жат алмай,

О шетіне бір шыққан,

Бұ шетіне бір шыққан,

Көкіректі кек кернеп,

Көз жасыңды мың сыққан –

Жылайтын тағы өз елің!

Ажалға берсін сабырлық,

Тәңіріден соны тіледім.

Айырылған соң тең-тұстан,

Мен қартыңда сән бар ма?!

Кеудеңнен ұшса шыбының,

Денеде сасық мән бар ма?!

Қолымнан сусын ұсынып,

Басыңда өзім тұрайын,

Мінежат қып құдайға,

Жаныңды қый деп сұрайын!

 

Сарышуаш



 әулие-жырау,1768ж, 

Қабекеңнің замандасы



Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мінді 

интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі 

болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады

Мұхтар Әуезов.

124

Құрметті оқырмандар!

«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім-

шесінен жаздырып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.

«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік 

тың ой қосуға асығыңыз, ағайын!

Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25 үй, 24 

каб. Тел: 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru

050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13

Абай атындағы ҚазҰПУ

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды

Издательство «Ұлағат»   Казахского национального педагогического  

университета имени Абая

Тікелей репродукциялық әдіспен басылады

Печатается методом прямого репродуцирования



Жауапты редактор/Ответственный редактор – Жанар Сейсенбаева

Жауапты хатшы/Ответственный секретарь – Анар Құрманғали

 Беттеген/Верстка – Анар Құрманғали

Редакция мекен­жайы:

050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25 үй, 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру

ҒЗИ, каб. 24.

Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 8 (702) 951-87-61,

электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru

Басылымға жіберілді: 09.11.2012 ж. Пішімі 60х84 

1

/



8

Қағазы сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі 15.6 б.т.  



Таралымы 500. Тапсырыс №356. 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Пірәлиев  С.Ж.,    Нуриев  М.А.,  Сейсенбаева  Ж.А.,  Садыкова  А.Е.,  Құрманғали  А.К. 

Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институтының 2009-

2012 жылдар аралығында жасалынған жұмыстарына қысқаша есеп.......................................6 

Иманбаева С.Т. Шәмша  Көпбаева  еңбектеріндегі  ұлттық  құндылық   мәселелері................29

Кулсариева А.Т. Корпоративная культура университета........................................................34

Пірәлиев С.Ж., Иманбаева С.Т., хан Н.Н., Калиева С.И., Шолпанқұлова Г.К., Берик-

ханова А.Е. Ұлттық тәрбие негіздері (бағдарлама)..................................................................38 

Аташ Б.М., Джилысбаев Д.Д.  Н.Назарбаевтың   инновациялық-ағартушылық  идеялдары-

ның мәдени-әлеуметтік  және  перспективалық  көріністері...................................................46



Жұматаева Е. Қазақстандықтардың жарқын болашағына бағдар.........................................49

Молдабеков Ж. Ж. Білімдарлық – қоғамға қуат, ұрпаққа шуақ.............................................53

Көпжасар Нәрібаев Ұлтымыздың ұлы тұлғасы.......................................................................61

Нуриев  М.А.,  Сейсенбаева  Ж.А.,  Садыкова  А.Е.,  Маханова  Н.Б.  Білім  –  заман  тала-

бы...................................................................................................................................................65



Совет­ хан  Ғаббасов Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі..............................................................69

Әдібай Табылдиев Ұлттық тәрбиедегі теріс мінезді тәрбиелеу тәсілдері............................73

Ізтілеуова С.Д. Конфуций және адам тәрбиесі.........................................................................78

«Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты дискуссиялық клуб 

отырысынан..................................................................................................................................81



Әлімов А.х. Жоғары  мектептің  оқу  үдерісінде  тұлға  қалыптастыру  мәселесі..................97

Манас  Рыскүл    Бастауыш    сынып    оқушыларының  адамгершілік  сапаларын  қалыптас-

тыруда  ізгілендіру  технологиясының  мүмкіндіктері...........................................................103



Исхан Б. Ж., Оспанова Б. Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің тәрбиелік  мазмұнын  артыру-

дағы АҚТ-ның рөлі....................................................................................................................107



Бураханова Қ.С. Білімді де, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру..................................................111 

Умирбекова С.Т. Қыз бала – болашақ ана..............................................................................113

Белғозиева Ұ. Қазақтың  ән  өнері  арқылы  тұлғаның  эстетикалық   мәдениетін   қалыптас -

тыру..............................................................................................................................................116



Сарышуаш жырау­әулие (жазылмаған тарих)......................................................................121

Мақалаларды журналға басып 

шығарудағы талаптары

Мақаланы  «Ұлттық  тәрбие»  журналына  тапсыру 

үшін журналдың жауапты хатшысына қағаз түрінде ба-

сылып шыққан файл көшірмесімен кез келген электрон-

ды таратушыда өткізу керек. Дискетадағы ақпарат қағаз 

түрінде басылып шыққан ақпаратқа сай келуі кажет.

Мәтін  Microsoft  Word  мәтіндік  редакторда,  Timas 

New  Roman  шрифтпен,  шрифтің  өлшемі  №  12  терілуі 

қажет.  Мақаланың  көлемі  5-беттен  кем  болмауы  тиіс. 

Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты 



 

2 см, сол жағы 





 

3 см, оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара 

(одинарный).

Мақала  автордың  аты-жөні,  қызметі,  ғылыми  лауа-

зымы, мақаланың атын көрсетумен басталады, мақала-

ның  соңында  екі  тілде  түйін  беріледі  (егер  мақала 

қазақ тілінде жазылса, онда түйін орыс және ағылшын 

тілдерінде, егер мақала орыс тілінде жазылса, онда түй-

ін  қазақ  және  ағылшын  тілдерінде  жазылады  т.с.с.). 

Мақала терілгеннен кейін автор өзі тексеріп, қателерін 

тү зеп, соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала мазмұнына 

автор өзі жауап береді.

Әдебиеттерге  сілтеме  міндетті  түрде  жасалсын. 

Олар мәтінде аталуына қарай таяқшада сан түрінде көр-

се тіледі. Мақаланың соңында берілетін әдебиеттер тізі-

мінде  алдымен  автордың  аты-жөні,  мақаланың  немесе 

кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері 

көрсетіледі.

Мақаланың соңында қызмет және үй телефон нөмір-

лерін көрсетулеріңіз қажет. 

Түп  нұсқалар,  қойылған  талаптарға  сай  келмеген 

жағ дайда баспаға қабылданбайды. Мақалалар кері қай-

тарылмайды және өңделмейді.

Мақаланы  баспаға  шығару  ақысы  университеттің 

кассасына  төленеді  немесе  банк  арқылы  төлеуге  бола-

ды.  *Қойылған  талаптарға  сәйкес  мақаланы  журналға 

шығару бағасы 1500 теңге. 

Бір  жылға  жазылу  бағасы  3104  теңге.  Журналға 

жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жыл бойына 

жүреді. Индекс 74310

Требования к оформлению статей, 

публикуемых в журнале

Материалы  для  журнала  «Ұлттық  тәрбие»  сдаются 

ответственному  секретарю  журнала  в  распечатанном 

виде с приложением копии файла на любом электрон-

ном носителе. Информация на электронном носителе и 

в распечаттаном виде должна быть идентичной.

Набор должен быть произведен в текстовом редакто-

ре Microsoft Word шрифтом Times New Roman, кегль – 

12. Статья должна быть не менее 5 страниц. Параметры 

страницы: верхнее – 2 см, нижнее – 2 см, слева – 3 см, 

справа – 1,5 см. Междустрочный интервал – одинарный.

Статья должна начинаться с указания ФИО автора, 

занимаемой должности, ученой степени, названия ста-

тьи. В конце статьи обязательно наличие резюме на двух 

языках (если статья написана на казахском языке, то ре-

зюме должно быть написано на русском и английском, а 

если статья написано русском языке, то резюме следует 

писать на казахском и английском). Текст должен быть 

тщательным образом выверен и отредактирован автором 

после набора. Автор сам отвечает за содержание статьи.

Ссылки  на  литературные  источники  обязательны. 

Они даются в тексте цифрами в сносках по мере упо-

минания. В списке литературы, который дается в конце 

статьи, вслед за фамилией и инициалами автора идут на-

звание статьи или книги, а затем остальные выходные 

данные. 


В конце статьи необходимо указать номер служебно-

го и домашнего телефона. 

Оригиналы, оформление которых не будет соответ-

ствовать указанном требованием, к публикации не при-

нимаются. Статьи не возврашаются и не рецензируются. 

Материалы, поступившие в редакцию, в дальнейшем 

не будут использоваться в других изданиях.

Оплата за публикацию вносится в кассу университе-

та, либо производится по безналичному расчету. *Стои-

мость статьи в журнал 1500 тенге.



Подписная  цена  за  год  3104  тенге.  Подписка  на 

журнал  проводится  в  течение  года  в  отделах  «Казпоч-

та». Индекс 74310

*Реквизиты: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ

ИИН KZ178560000000086696

БИН 031 240 004 969

РНН 600900529562

АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»

МФО 190501719, код 16

Свидетельство о постановке на учет по НДС:



Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04

Ескерту:

Жекелеген авторлардың журналда жарияланған 

мақалаларындағы пікір­ұсыныстары редакцияның 

түбегейлі көзқарасын білдірмейді. 

Мазмұнды, әрі мағыналы жазылған мақалалар ре-

дакцияда қара лып, ақысыз жарияланатын болады.

Примечание:

Мнения и предложения авторов статей опублико-

ванных в журнале могут не совпадать со взглядами 

и мнением редакции. 

Лучшие статьи по мнению редакции будут печатать-

ся в журнале бесплатно.

Document Outline

  • ref1
  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет