Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

құралдар  жазуды  қолға  алған.  Осындай 

жұмыс  нәтижесінде  университеттің  оқу 

үрдісінде  кеңінен  қолданысқа  ие  болған 

оқу-әдістемелік  құралдар  сериясы  жарық 

көрді. Олардың қатарында «Ұлттық тәрбие: 

салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде», «Ұлттық 

тәрбиенің  этика-эстетикалық  негіздері», 

«Ұлттық  тәрбие:  таңдамалы  лекциялар», 

«Ұлттық  тәрбиенің  патриоттық  негізі», 

«Ұлттық  тәрбие:  Салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру» т.б.

Семинар  сабатары  мен  СОӨЖ,  СӨЖ 

тапсырмаларының  құрастырылуының  өзін-

де  практикалық  дағдыларды  дамытатын 

мынан дай  формалары  көп  пайдаланылады: 

ұлттық  тәрбиеге  байланысты  әдебиеттер 

бойынша  библиография  құру,  газет-

журналдардағы  мақалаларға  ұлтық  тәрбие 

тұрғысынан  аннотациялар  жазу,  Абайдың 

«Толық  адам»  тұжырымдамасы  бойынша 

«Толық  адам»    келбетінің  моделін  жасау, 

ұлттық  тәрбие  тезаурусын  құрастыру, 

«Ұлттық  бірлік  қажеттілігі»  туралы 

дебатар, 

пікірталастар 

ұйымдастыру, 

берілген тақырып бойынша сызба-нұсқалар 

құрастыру,  видеоматериалдар  көрсету,  Ин-

тер нет-материалдарымен  жұмыс,  шежіре 

құрастыру,  топтық  талқылау,  бағдарлама 

құрастыру,  эссе  жазу,  слайдтар  дайындау, 

презентацияларды  топтық  қорғау,  дәрігер-

лермен кездесу. деректі фильмдерді көрсету, 

телеарнадағы  берілетін  хабарларда  ұлттық 

тәрбие  туралы  айтылған  пікірлерді  талдау, 

бейне  материалдар  көру  және  оны  тал дау, 

т.б.

Осындай  әлеуметтік  маңызы  зор  оқу 



курсын іске асыруда университет әкімшілігі 

арқылы  арнайы  интерактивті  тақта, 



теледидар,  аудио  аппаратурамен  арнайы 

оқу кабинетері жабдықталған. Және сабақ 

кестесінде  де  Ұлттық  тәрбие  тақырыптары 

бойынша ҚР және ТМД кітаптары.

«Ұлттық  тәрбие»  сабағының  тағы  бір 

ерекшелігі  онда  Мемлекеттік  норматив-

ті  құжаттармен  жұмыс  істеу,  оларды 

ұжымдық түрде талқылау тәжірибесі жақсы 

қалыптасып  келеді.  Мысалы,  ЮНЕСКО-

ның  «Толеранттық  принципі  туралы 

декларациясы»,  ҚР  «Неке  және  отбасы» 

туралы  Заңы,  Қазақстан  Республиксының 

мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  заңы, 

жыл  сайынғы  Президент  жолдаулары, 

«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы, 

«Адам  құқығы  Декларациясы»,  «Ұлттық 

бірлік доктринасы» т.б. 

Болашақ  маман  тұлғасын  жан-жақты 

дамыту  мақсатында,  олардың  рухани-

адамгершілік 

тұрғысынан 

байыту 


мақсатында 

университетте 

Мекемтас 

Мырзахметұлының  басқаруымен  «Абай­



тану»  ғылыми­зерттеу  орталығы  қар­

қынды жұмыс істеп келеді. 

«Ұлттық  тәрбие»  пәні  құрамында 

«Абай тану»  арнайы  курсы  университеттің 

барлық  факультеттерінде  өткізіліп  келеді. 

Осы 


курстың 

әдістемелік 

жағынан 

қамтамасыз  етілуі  де  мақтауға  тұрарлық. 

Орталық  қызметкерлері  «Абайтану»  ар-

найы  курс  пен  семинар  сабақтарын 

өткізудің  бағдарламасын;  оқулығын;  хрес-

томатиясын;  арнайы  библиографиялық 

көрсеткішін  жасау  бағытында  жұмыс 

жүргізеді.  «Абайтану»  оқулығы  жоғарғы 

моралдық-рухани құндылықтарға ие, зиялы 

тұлға  қалыптасыру  бағытында  Абайдың 

гуманистік,  адамгершілік  идеяларына  ба-

сымдық беріле отырып жазылды.

«Абайтану  әліппесі»  (Абай  шығама-

ларын  мектепте  электронды  әдіспен 

оқыту).  Электронды  оқулық.  Мекемтас 

Мырзахметұлы. 

«Абайтану 

әліппесі». 

Тұлғаны  тәрбиелеуді  басқаруды  автомат-

тандырудың кешенді жүйесі. 4 СД дискіден 



тұрады. 

Сонымен  қатар,  «Ұлттық  тәрбие»  курсы 



тек  оқу  үрдісі  жағдайында  ғана  емес 

аудиториядан тыс жұмыстарда да жан-жақты  

жетілдіруде. Студенттердің ғылыми-зерттеу 

жұмыстары  да  осы  тақырып  көлемінде 

дамытылады.  Соңғы  жылдары  ұлттық 

тәрбие мәселелері бойынша студенттердің 



ғылыми-зерттеу  конференциялары  өт-

кі зіліп  келеді.  Жыл  сайынғы  ҚазҰПУ  –

де  студенттер  мен  магистранттарға  ар-

налған    ғылыми  конференция.  Онда  бар-

лық  факультеттерден  42  студент  тек  осы 

«Ұлттық  тәрбие»  мәселесіне  қатысты 

зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  арнайы 

мақтау грамоталрымен марапатталды. 

«Қазақстан  халықаралық  білім  беру 

кеңістігінде» 

тақырыбында 

өткізіл-


ген  Халықаралық  жас  ғалымдар  конфе-

ренциясында;

Ұлтық  тәрбие  мәселелерін  талқылау, 

жариялау  мақсатында  ашылған  «Ұлттық 

тәрбие»  журналы  жаңашыл  технологиялар 

мен  білім  мазмұны  ғылыми  зертеу 

институтының  директоры  М.А.  Нуриевтің 

басшылығымен  қарқынды  жұмыс  істеп 

келеді.

 

Ұлттық  тәрбие  кафедрасының  профес-



сорлық-оқытушылар  құрамы  тек  кафедра 

көлемінде  емес,  осы  ізгі  істі  жан-жақты 

тарату,  тәжірибеге  енгізу  үшін  университет 

көлемінде,  республика  көлемінде  көптеген 

іс-шараларға белсене қатысады. 

Кафедраның  білікті  ұстаздары  Б.С.  Сай-

дахметов,  п.ғ.д.,  доцент  С.Д.Ізтілеуова  т.б. 

университеттің тәрбие жетекшілеріне арнап 



97

96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

«Ұлттық  құндылықтарды  насихаттау 



мәселелері»,  «Абай, Шәкәрім шығармалары 

арқылы  жастарды  адамгершілікке  тәр-

биелеу»

 

тақырыптарында  шеберлік  сағат-

тарын өткізді. 

Кафедра  бойынша  тәрбие  жұмыстарына 

жауапты,  аға  оқытушы  Сайдахметов  Б.С. 

«Қазіргі  жастарды  тәрбиелеу:  әлеуметтік 

ынтымақтастық»  тақырыбында  Ақтөбе 

қаласында  өткізілген  (Қараша,  2011  ж.) 

Халықаралық  симпозиумға  қатысып,  онда 

ұлттық  тәрбие  туралы  3  сағатық  шеберлік 

сағатын өткізіп келді. 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ-де  ай  сайын 

студенттер  мен  профессорлық-оқытушылар 

құрамының қатысуымен «Тұлғалар дәрісі» 

атты атақты қоғам қайраткерлерімен, бедел-

ді  ғалымдармен,  өнер  майталмандарымен 

ұлттық тәрбие мәселелері жайлы кездесулер 

жүйелі  өткізіліп  отырды.  Осы  тәжірибені 

жалғастыра отырып 2012 жылы универси тет 

ішінде  «Тұлғатану»  орталығы  ашылды. 

Ол орталық  тарих ғ.д., профессор Мұқатова 

Дана Мұқатқызының басқаруымен көптеген 

игі істермен айналысып келеді. Студенттер-

ді ұлттық тарихымыздағы өнегелі тұлғалар-

мен  таныстырып  ұлттық  рухты  күшейту -

ге,  ұлттық  сана-сезімді  оятуға,  тәлім-тәр-

бие  беруге  бағытталуда.  Осы  орталықтың 

тәжірибесінде  Ы.Алтынсариннің,  М.Жұма-

баев тың,  Ж.Баласағұның,  т.б.  өмір баян-

дарымен  таныстырылып  үлгі-өнегелері 

көрсетілді. 

Сонымен қатар ұлттық тәрбие мәселеле-

рі  профессор-оқытушылар  арасында  да  үл-

кен  қызығушылық  танытатыны  байқалады. 

Және бұл пән тек осы кафедра оқытушылары 

үшін  емес,  басқа  да  кафедра  мұғалім-

деріне  қажетті  болып  есептеледі.  Әсіресе 

әлеуметтік-гуманитарық  бағытағы  пәндер 

арқылы  студент  жастарға  ұлттық  тәрбие 

беру  үрдісін  жетілдіре  беру  мүмкіндікте-

рі  ашылуда.  Осы  мақсатты  көздей  отыра 

Сайдахметов  Б.С.  университеттің  білімін 

жетілдіру  институты  арқылы  24-сағаттық 

курстың бағдарламасын дайындады. 

Кафедра  ұжымы  жүйелі  түрде  жұмыс 

істеп келе жатқан ұлттық тәрбие мәселелері 

бойынша  дискусиялық  клубтың  жұмы-

сына  белсене  қатысады.  Бұл  клубтың  жұ-

мыс  бағдарламасындағы  тақырыптардың 

барлығы  үздіксіз  ұлттық  тәрбие  беру 

идеясына байланысты құрылған. Сондықтан 

да  оның  мәжілістерінде  отбасындағы  ұлт-

тық тәрбие, бала бақшадағы ұлттық тәрбие, 

мектептегі ұлттық тәрбие, ЖОО ғы ұлттық 

тәрбие деп жеке-жеке бөлініп қарастыры лып 

келеді. 

Сонымен,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-де 

«Ұлттық  тәрбие»  курсының  ғылыми-әдіс-

темелік  қамтамасыз  етілуі  жан-жақты 

қарас тырылып,  студент  жастарды  жаңа 

қоғам  талабына  сай  тәрбиелеудегі  табысты 

тәжірибе  басқа  да  ЖОО  қолдануға  ұсыны-

лып отыр. 

«Жоғары  оқу  орындарында  ұлттық  тәр-

бие  беру  мәселелері»  тақырыбындағы  дис-

куссиялық  клуб  пікірсайысының  қорытын-

дысынан  мынандай  ұсыныстар  ұсынылып 

отыр:

1)  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  оқу 



орындарына  арналған  жалпыға  міндетті 

білім  беру  стандарттарының  типтік  оқу 

жоспарына «Ұлттық тәрбие негіздері» пәнін 

енгізу;


2)  Ұлттық  тәрбие  бойынша  оқу-әдіс-

темелік 


кешендер, 

оқулықтар, 

оқу-

әдіс темелік  құралдар  (соның  ішінде  – 



электрондық) дайындау және шығару;

3)  Республикадағы  белгілі  ғалымдардың 

шығармашылық  бірлестігі  негізінде  «Ұлт-

тық тәрбие» оқулығын дайындау.

4)  Ұлттық  тәрбие  беру  саласында  мақ-

сатқа  бағытталған  ғылыми  зерттеулер 

ұйымдастыру  және  олардың  нәтижелерін 

тәжірибелік іс-әрекетте қолдану;

5)  ЖОО-да  ұлттық  сана-сезімі  жоғары 

деңгейдегі  тұлғаның  дамуына  мүмкіндік 

туғызатын тәрбиелік-дамытушылық ортаны 

құру; 


6)  Барлық  пәндердің,  көбінесе  гумани-

тарлық  цикл  пәндерінің  тәрбиелік  бағыт-

тылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

гуманитарлық 

пәндер 

кафедрасының 



профессор - оқытушылар құрамымен (ПОҚ) 

бірлесе отырып, студенттердің ұлттық сана-

сезімін  қалыптастыру  мәселесіне  арналған 

іс-шаралар өткізу;

7) Ұлттық тәрбиеге сәйкес сайт ашу, оның 

үнемі толықтырылуын,  жарнамасының жүр-

гізілуін қадағалау; 

8)  Болашақта  Республиканың  ЖОО-

да  ұлттық  тәрбие  кафедрасын  ашу  және 

оны  құзыретті  мамандармен  қамтамасыз-

дандыру; 

9) Ұлттық тәрбие беру мәселелері бой ын-

ша білік тілікті жетілдіру курстары, тренинг-

тер, семинарлар, курстар, ғылыми-практика-

лық,  ғылыми-әдістемелік  конференция лар, 

дөңгелек  столдар  арқылы  ұлттық  тәрбие 

беру  мамандарын  жүйелі  дайындау  және 

қайта дайындауды ұйымдастыру;

10)  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  ұжымы 

дайындаған 

Қазақстан 

Республикасы 

сту дент  жастарына  ұлттық  тәрбие  беру 

тұжырымдамасын  негізге  ала  отырып, 

оны  жүзеге  асыру  бойынша  комиссия, 

комитеттер  немесе  үйлестіру  кеңестерін 

құру  (облыстық,  аймақтық,  аудандық  және 

т.б.);


11)  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

ұлттық тәрбиені насихаттау және жариялау;

12) Ұлттық тәрбие мәслесіне байланысты 

энциклопедиялық сөздік дайындау; 

13)  Нормативті-құқықтық  құжаттармен 

қамтамасыздандырылу шарттарын құру.

Республикалық  деңгейде  «Ұлттық  тәр-

бие  және  өзін-өзі  тану»  кафедрасының 

ұйымдастыруымен  өткізген  қазіргі  таңдағы 

ауқымы  өте  кең  ұлттық  тәрбие  мәселесіне 

қатысты келелі әңгімелер, пікірлер тәжірибе 

алмасуда  маңызы  өте  зор  болды.  Күллі 

ғалымдардың  тұщымды  ойлары  мен  ау-

қымды  пікірлерді  талқылаумен  өткен  осы 

пікірсайыстың ұлттық тәрбие беру мәселесі 

төңірегіне  ауқымды  тоқталып,  жоғарғы 

мектеп  қабырғасында  студент  жастарымыз 

ұлттық  тәрбиемізден  сусындасын  деген 

келелі  мәселе  бір  ізге  түсіп,  өз  шешімін 

тапты десек болады.



Анар Керімбайқызы

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІң ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

МӘСЕЛЕСІ

Әлімов А.Х. – 

доцент,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Бүгінгі  заман  адам  (тұлға)  рөлінің  Әлем 

дамуында, қоғам өмірінде алатын орны мен 

маңызының  күрт  өсуімен  ерекшеленеді. 

Қазіргі антропологиялық сипаттағы қоғамда 

ең  басты  құндылық  –  адам  капиталы,  яғни 

адамның  рухани,  зияткерлік  және  кәсіби 

әлеуеті. 

Мұндай  философиялық  ұстаным  бүгінгі 

күні  қабылданған  адам  капиталының  төрт 

негізгі қабілеттерімен (қасиеттерімен) тығыз 

байланысты:

1. Өмір сүре білу қабілеті.

Бұл  қасиет  адамдардың  өз  өмірін 

мейлінше  ұзартуға  барын  салып,  оны  өз 

ұрпақтарымен  жалғастыруға  ұмтылумен 

байланысты.  Адам  күнделікті  күйбеңнен 

жоғары тұрып, өзгерістер мен сынақтардан 

сүрінбей  өтіп,  саналы  да  салиқалы  өмір 

салтын құруға тырысады. 

2. Жұмыс жасау қабілеті.

Адамның  жұмыс  жасау  қабілеті  белгілі 

уақыт  ауқымында  өз  мүмкншіліктерінен 

тыс  деңгейде  тұтынушы  құнын  жасаумен 

байланысты.  Жұмыс  жасау  қабілеті  адам-


99

98

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ның ерікті психикалық процестерінің еріксіз 

психикалық процестерге (есте сақтау, зейін, 

ойлау,  түйсік,  көңіл-күй)  қатынасымен  өл-

шенеді.  Еріксіз  психикалық  процестердің 

басымдылығы  адамның  еңбек  әрекетін 

бәсеңдетіп, оны еңбекке жарамсыз жасайды.

3. Инновацияларға қабілеті.

Адамның  өз  өмірінің  құндылықтарын 

жүзеге  асыра  отырып,  аумалы-ауыспалы 

заманда  өзіне,  адамдарға,  өз  ісіне  деген 

сенімді  жоғалтпай,  инновациялық  өнім 

жасай  білуі.  Инновацияларға  қабілет  дәс-

түрлі  дүниетаным  мен  біреулер  қабыл-

дайтын,  ал  басқалар  қарсы  шығатын  жаңа 

өмір  дүниетанымы  арасындағы  қарама-

қайшылықтардан  туындаған  әлеуметтік 

пікірталастар мен тартыстарда көрінеді.

4. Үйренуге қабілеті.

Адамның білім, білік, дағдыларды игеріп, 

оларды  өмірдің  барлық  салаларында  үнемі 

туындайтын  жаңа  мәселелерді  шешуде 

қолдануы. Үйрену қабілеті игерілген білім, 

білік,  дағдылар  жиынтығының  мақсаттарға 

жету  жолында  қолданылатын  практикалық 

білім,  білік,  дағдыларға  қатынасымен 

анықталады (1, 5).

Әлемдік  білім  беру  жүйесі  де  бүгінгі 

күні  адам  капиталының  осы  төрт  негізгі 

қабілеттерін дамытуға бағытталуда. Осыған 

орай білім беру жүйесінің негізгі мақсаты же-

ке тұлғаны қалыптастырумен байланысты. 

Елбасы  Н.Назарбаев  Л.Н.Гумилев  атын-

дағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 

оқыған  «Инновациялар  мен  оқу-білімді 

жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына» 

атты  лекциясында  осы  мәселені  айқындай 

отырып, былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны 

функционалдық  әзірлеу  тұжырымдамасы-

нан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасы-

на көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама 

білім  берудің  дара лық  сипатын  көздейді, 

ол  әрбір  нақты  адамның  мүмкіндіктерін 

және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі 

дамытуға  қабілеттілігін  ескеруге  мүмкіндік 

береді» (2).

Бұл  мақсат  Қазақстан  Республикасының 

Білім  туралы  Заңында  жан-жақты  сипат-

талған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті 

–  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құнды-

лық тар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға жә-

не  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу 

үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық желілерге шығу» (3). 

Тұлға  қалыптастыру  мәселесі  адамзат 

тарихында  ылғи  да  өзекті  болып,  адамның 

басты  мақсаттарының  бірі  болғандығы 

тарихтан  белгілі.  Француз  жазушысы  әрі 

философы  Жан-Жак  Руссо  өзінің  «Эмиль, 

немесе  тәрбие  туралы»  атты  кітабында 

«Баланы  өмір  сүруге  үйрету  керек»  деп 

жазған  болатын,  өйткені  өмір  сүру  – 

адамның  ең  басты  мақсаты  мен  міндеті. 

Ал  өмір  сүру  дегеніміз  өмірдің  әрбір 

мезетін,  әрбір  көрінісін  толыққанды,  бар 

мүмкіншіліктеріңмен, мүшелеріңмен сезіну: 

дана  деп  көп  ғұмыр  сүрген  адамды  емес, 

өмірді  жан-жақты  сезіне  білген  адамды 

атамаймыз ба?! 

Сондықтан  да  шәкірт  оқу  орнының 

та балдырығынан  қандай  да  бір  ғылым 

иемденіп  қана  емес,  бірінші  кезекте  адам, 

тұлға болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен 

жанын өмірге және басқа адамдарға айқара 

ашқан,  жалған  қағидаларды  ұстанбайтын, 

дүниеге өзіндік көзқарасы бар тұлға болуы 

керек.  Адам  болу  дегеніміз  адамгершілік 

қағидалар  мен  құндылықтарды  ұстану, 

өмірдің  мәнін  өзіңнен  емес,  басқадан  көру, 

«Өзгелер үшін!» қағидасының «Өзің үшін!» 

ұстанымынан басым болуы. 

Адамзат  ғұламалары  ықылым  заман-

дардан  бері  осы  мәселені  ең  маңызды  деп 

түсінген.  Жан-Жак  Руссо  ХVІІІ  ғасырда 

«Бізде  физиктер,  геометрлер,  химиктер, 

астрономдар, ақындар, музыканттар, сурет-

шілер  бар,  алайда  бізде  азаматтар  жоқ» 

деп  налып  айтса,  бір  ғасырдан  кейін  орыс 

педагогы 

Н.И.Пирогов 

педагогикалық 

үдерістің  мақсаты  «біздерді  адам  қылу, 

саудагер,  теңізші,  солдат,  заңгерлерді 

тәрбиелеу  емес,  адам  мен  азамат  қалып-

тастыру»  деп  француз  философына  үн 

қосады.  Ғұлама  хәкім  Абайдың  да  негізгі 

этикалық  ұстанымы  (императивы)  «Адам 

бол!» еді ғой... Кезінде Махамбет те келесі-

дей  жырламап  па  еді:  «Толарсақтан  саз  ке-

шіп,  Тоқтамай  тартып  шығарға  Қас  үлек-

тен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл 

іске!..Қабырғасын  қаусатып,  Бір-біртіндеп 

сөксе  де,  Қабағын  шытпас  ер  керек  Біздің 

бүйт кен бұл іске!»

Сонымен бүгінде білім беру жүйесі тұлға 

тәрбиелеуге бағытталған және де мұнда ке-

шегі зияткерлі (парасатты, интеллектуалды) 

тұлға қалыптастыру мақсаты рефлексиялық 

тұлға  қалыптасатын  орта  құрастырумен 

алмастырылған.  Өйткені  дамыған  елдердің 

экономикалары нақты емес жағдайда жұмыс 

жасай білетін, проблеманы айқындай біліп, 

оны шешу жолдарын белгілеп, стратегия лық 

бағыттарды  айқындай  білетін  мамандар ды 

(яғни тұлғаларды) көптеп қажет етуде.

Басқаша  сөзбен  айтқанда,  адамзат 

қоғамына тұлғалар қажет және де тұлғаның 

тек білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім 

беру  жүйесі  өзіне-өзі  есеп  беріп,  ойлары 

мен  әрекеттерін  талдай  білетін,  өзін-өзі 

бағалай  алатын,  өзінің  мүмкіншіліктері 

мен  қабілеттерін  жүзеге  асырып,  өркендей 

білетін, өз өмірі мен іс-әрекеттерін жоспар-

лай  алатын,  жауапкершілігі  жоғары  тұлға 

қалыптасуға  мейлінше  тиімді  жағдай-

лар  жасауы  қажет.  Мұндай  рефлексиялық 

қасиеттерді бойында қалыптастырған тұлға 

ғана  жаңа  Әлем  жағдайында  өмірдегі  өз 

орнын  тауып,  қоғам  игілігіне  нәтижелі 

еңбегімен қызмет жасауы мүмкін.

Жоғары  мектепте  тұлға  қалыптас-

тыру  мәселесі  оқу  нәтижелерімен  тығыз 

байланысты,  тіпті  оқу  нәтижелері  бүгінде 

жоғары 

мектептің 



негізгі 

қызметі-


не  (функциясына)  айналған.  Мұндай 

ұйғарымның  себебі  мынада:  қалай  десек 

те  оқу  нәтижелері  үйренушінің  белсенді 

үйрену  әрекеттерімен  тығыз  байланыста 

болады.  Өйткені  білім  алу  үдерісінің 

нәтижесі  дегеніміз  сабақ,  пән,  бағдарлама, 

оқудың  толық  курсы  аяқталғаннан  кейін 

үйренушінің  (студенттің,  жоғарғы  оқу 

орны  түлегінің)  қандай  білім,  білік,  дағды, 

машық  иемденетіндігі,  оның  «не»  жасай 

алатындығы, қолынан «не» келетіндігі. 

Осыған  сәйкес  оқу  нәтижелерін  құрас-

тыру  –  әр  ЖОО-ның,  оның  ішінде  әрбір 

оқытушының,  әр  пәннің  міндеті  болып 

танылуда. Егерде бұрынырақта жоғары оқу 

орындары  оқудың  мазмұнын  құрастыруға 

ден  қойған  болса  (студенттің  «не  оқу 

керектігін»  немесе  «не  білу  керектігін» 

көрсететін бағдарламалар, оқу жоспарлары), 

енді  олар  оқыту  (оқытушының  таңдап 

алған  әдістемесі),  оқу  (студенттердің 

өздігімен  үйренуі)  және  бағалау  арқылы 

студенттердің  «не  білетіндігін»,  яғни  оқу 

нәтижелерін  анықтауы  қажет.  Сол  себепті 

де  жоғары  мектепте  бұрынғы  тар  мағына-

дағы  «біліктілік»  термині  (бітірушінің  не 

білу  керектігі)  енді  «құзырлылық»  ұғымы-

мен  (бітірушінің  не  жасай  білетіндігі) 

алмастырылған. Ал бұл дегеніңіз студент тің 

кең  ауқымды  контекст  аумағында  (рухани-

моральдік,  философиялық,  идеологиялық, 

әлеуметтік, экономикалық, саяси, танымдық, 

т.б.) оқып-үйреніп, өмірдің көлденең тартқан 

қандай да болмасын проблемаларын шешу ге 

құзырлы болуы керек дегенді білдіреді. Бұл 

мәселе «өмір бойы азық боларлықтай бі лім 

беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен 

үйрену»  («Life  long  learning»)  ұстаны мына 

өзгеруінде болып отыр. 

Бұл  мәселе  туралы  Елбасы  Н.Назарбаев 

2011  жылғы  Қазақстан  халқына  «Болашақ-

тың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты  Жол-

дауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақ-

стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» 

деп тереңінен айтқан болатын (4).

Қазіргі  дәуірдің  әлеуметтік  және  эко-

номикалық  даму  ерекшеліктерінің  бірі 

ретінде  автоматтандыру  мен  ақпараттық 

технологиялардың  тегеурінін  атауға  бо-

лады.  Бұл  тенденция  тұрақты  кәсіптердің 

өз  қасиеттерін  жоғалтып,  өзгерістерге 

ұшырап,  уақытша  сипаттарды  иеленуіне 

әкелуде.  Мұндай  жағдайда  үйрене  білу 

және үйренуге ұмтылу маманның ең басты 



101

100


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

қабілеттеріне айналуда. «Өмір бойы үйрену» 

идеясының  қазіргі  білім  жүйесінің  негізгі 

тұжырымдамаларының  біріне  айналып 

ке туі нің  себебі  осындай  жәйттермен 

байланысты. 

«Өмір бойы үйрену» тұжырымдамасының 

негізгі  қағидалары  нәтижеге  бағытталып, 

оқу/оқыту  жүйесінің  студентцентристік 

парадигмасына  сәйкес  келеді.  Өмір  бойы 

оқып-үйрену дегеніміз тұлғаның әлеуметтік, 

азаматтық  тұрғыдан  жарқын  болашаққа 

жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, 

дағды, құзырлылықтарын үнемі жетілдіруі.

Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды 

ұстану арқылы жүзеге асырылады:

– үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге 

ұмтылу;


–  оқу/оқытуда  жаңашыл  және  интер-

белсенді әдістерді қолдану;

– оқу/оқытуды бағалау.

Бүгінгі  күнгі  білімге  негізделген  қоғам 

әрбір  тұлғадан  өмір  бойы  оқып-үйренуді 

талап  етеді.  Мұндай  қоғамның  өміріне 

студенттердің  (түлектердің)  толыққанды 

қатысуы үшін оқу процесіне, оқу жоспарлары 

мен  бағдарламаларына  төмендегідей  өзге-

рістерді енгізу қажет:

1) Мынандай пәнаралық негізгі біліктерді 

игеріп,  оларды  тұрақты  түрде  жетілдіріп 

отыру:

а)  ақпараттық  технологиялар,  шетел 



тілдері,  технологиялық  мәдениет,  кәсіп-

керлікпен байланысты біліктер;

ә) әлеуметтік біліктер

– өздігімен оқып-үйрене білу,

– өзгерістерге бейімделе білу,

– ақпараттық ресурстарды қолдана білу,

– жаңа дағдыларды тез арада меңгере білу 

және жаңа проблемалар мен ситуацияларға 

бейімделе білу,

–  команда  құрамында  бірлесе  жұмыс 

жасай білу,

– таңдау жасап, шешім қабылдай білу,

тәуекелге бара білу, т.б.

2)  Оқу/оқыту  процесін  белсенділендіру, 

ал ол үшін:

а)  студенттің  өз  білімінің  мазмұны  мен 

ауқымын  анықтауда  және  білім  игеру  ісіне 

белсенді түрде қатысуына жол беретін оқу/

оқытудың жаңа ұстанымдарын таңдау,

ә)  студенттің  оқуға  деген  қызығушылы-

ғын  арттырып,  оның  аналитикалық  ойлау 

қабілеті мен үйрене білу дағдыларын дамы-

ту  үшін  оқу  процесінде  ақпараттық  және 

коммуникативтік технологияларды қолдану.

3) Бағалауды келесі көрсеткіштерді анық-

тайтын  механизмдердің  жиынтығы  деп 

түсіну:

а) жоғары оқу орнында оқытудың деңгей-



ін анықтайтын,

ә)  студенттердің  оқу/үйрену  процесіне 

қатысу деңгейін анықтайтын,

б)  практикалық  дағды  мен  біліктер  ар-

қылы  сипатталатын  студенттердің  оқу 

нәтижелерін анықтайтын. 

Нәтижеге  бағытталған  білім  оқу  про-

цесінде  білім  алушыны  (студентті)  бірінші 

орынға  шығаруды  талап  етеді.  Ал  бұл 

ұстаным  әрбір  оқытушыға  студенттерді 

белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін 

қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні 

оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», 

«беру»  сынды  сыртқы  ықпалды  білдіре тін 

етістіктерден  құралмай,  «ұйымдастыру», 

«жағдай  жасау»,  «бағыт-бағдар  беру», 

«басқару» сияқты ұғымдардан тұрады. 

Оқу  процесі  студентке  бағытталып, 

студентцентристік 

идеяларды 

ұстан-

ғандықтан  үйрену  мен  үйрету  әрекеттері 



бклсенді  әрекеттер  мен  қоян-қолтық 

қарым-қатынастан тұруы керек. Бұл қарым-

қатынас  оқытушы  мен  студенттер,  студент 

пен  басқа  студент,  студенттердің  шағын 

топтары  арасында  өтеді.  Оқу  мен  оқыту, 

үйрену мен үйрету мұндай қарым-қатынаста 

біртұтас қалыпта болып, олардың нәтижесі 

мен  маңызы  да  осындай  қарым-қатынасқа 

тәуелді болады.

Басқаша  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  кү-

ні  білім  беру  жүйесінде  мәселені  тіпті 

былайша төтесінен қоюға болады: «Үйрену 

мен  үйрету  тек  өзара  белсенді  әрекеттерге 

негізделген  қарым-қатынас  арқылы  жүзеге 

асырылады»  және  «Тек  әрекеттесу  арқылы 

ғана үйренуге/үйретуге болады».

Бүгінде  білім  беру  философиясы  мен 

когнитивтік  (танымдық)  психология  адам-

ның  өз  қолымен  жасағанын  есте  сақ-

тайтындығын,  практикалық  әрекеттер  ар-

қылы  (бірінші  кезекте  бірлескен  ұжымдық 

әрекеттер) үйренетіндігін, оған өзі жасаға ны 

қызық екендігін дәлелдеген секілді. 

Халық  даналығы  да  осыны  растап  тұр: 

«Тісі  шыққан  балаға  шайнап  берген  ас 

болмас!» Екі жарым мың жыл бұрын қытай 

ғұламасы  Конфуций  былай  деген  екен: 

«Маған  айтып  берсең  –  ұмытып  қаламын, 

көрсетсең  –  есімде  сақтаймын,  өзіме 

жасатсаң  –  үйренемін!»  Бұл  идеяны  ХХ 

ғасыр  басында  Мария  Монтессори  өзінің 

тамаша  үйрету  жүйесінің  негізгі  қағидасы 

ретінде  қайталаған:  «Менің  өзім  жасауым 

үшін маған көмектес!» («Мені үйрет!» емес. 

– А.Ә.).

Міне,  осы  себептерге  байланысты  тұлға 

қалыптастыру  мәселесі  жоғары  мектепте 

оқу/оқыту  үдерісіне  мынандай  өзгерістерді 

енгізуді талап етеді:

1.  Басты  назар  оқытушыдан  студентке 

ауыстыру.

2. Білім жүйесі «оқыту» мен «үйретуден» 

(оқытушыны  басты  тұлға  деп  танитын 

ұғымдар) – негізгі субъект ретінде студентті 

қарастыратын  «оқу»  мен  «үйренуге» 

ауыстыру.

Студентке  бағытталған  (студент цен-

тристік)  парадигма  студенттерді  шығар-

машылықтың  өмір  шығармашылығы  деп 

аталатын  жаңа  түріне  ынталандырады. 

Оның  негізі  Жак  Делор  (ЮНЕСКО)  ай-

қындаған  және  адам  капиталының  төрт 

негізгі 

қабілеттерімен 

(қасиеттерімен) 

ты ғыз  байланысты  білімнің  басты  төрт 

құндылықтарымен  анықталады:  Өмір  сүре 

білу; Жұмыс жасай білу; Басқалармен бірге 

өмір сүре білу; Үйрене білу (5, 9).

Бұл мақсаттар бүгінгі күнгі қоғам мүше-

лерінің міндеттерін былайша айқындайды:

«Тұлға  білім  алу  ісіне  өмір  бойы  берілу 

арқылы  әлеуметтік-моральдік  кеңістіктің 

жаңа  энергетикасында  бақытты  түрде  өмір 

сүруге міндеттеледі.

Тұлға  әлеуметтену,  ұйымдасу  мен 

өндірістік  қатынастардың  жаңа  форма-

ларында жұмыс жасай білуге міндеттеледі.

Тұлға  жаһандану  мен  мәдениеттердің 

сан  алуандығы  жағдайында  өзге  мәдениет-

термен,  өмір  салттарымен,  ұлттармен, 

этностармен,  конфессиялармен  ынтымақты 

өмір сүре білуді үйренуге міндеттеледі.

Тұлға  өзінің  өмірлік  проблемаларын 

тиім ді  және  рухани  тұрғыдан  (әлеумет 

талаптарына  сәйкес)  шеше  білетіндей  өмір 

сүре алуды үйренуге міндеттеледі» (6, 18).

Бұл  идеялар  білім  жүйесін  оның  негізгі 

«кейіпкері»  білім  алушыға,  яғни  студентке 

бағыт түзеуді қажеттейді. Студент өз білімі-

нің  параметрлерін,  әдістері  мен  тәсілдерін 

өздігімен анықтауы керек, өйткені ол қоғам 

алдында  өз  біліміне  деген  жауапкершілікті 

терең сезінуі қажет.

Студентцентристік  парадигмаға  бағыт-

талу  оқу  процесіне  мынандай  өзгерістер 

енгізуді талап етеді:

1) Оқу бағдарламаларында студенттердің 

өздік  жұмыстарының  үлесін  күрт  ұлғайту 

(бірінші  мезетте  жазу  жұмыстарын). 

Бұл  ұстанымды  ағымдағы,  аралық  және 

қорытынды бақылауларда практикалық мәні 

бар  зерттеу  жобаларын  орындау  арқылы 

жүзеге асыру қажет. 

2)  Оқытушының  «үйретуші»,  «білім 

көзі»,  «білімді  тасымалдаушы»  рөлдерін 

«жетекші», «менеджер», «ұйымдастырушы» 

рөлдеріне ауыстыру. 

Бұл  ұстаным  келесі  әрекеттер  арқылы 

жүзеге асырылады:

а)  ұстаздардың  қазіргі  заман  талаптары-

на  сай  интербелсенді  (интерактивті)  тех-

нологияларды меңгеруі арқылы, 

ә)  оқу  процесінде  студенттердің  дер-

бестігін  (ойлау,  әрекет  жасау,  жоспарлау 

деңгейінде), өз біліміне деген жауапкер шілі-

гін қалыптастыратын интербелсенді әдістер 

мен тәсілдерді қолдану арқылы

б)  студенттердің  бұрынғы  «білімді 

қабыл даушы»,  «жинақтаушы»  рөлдерінен 

«өздігімен  үйрене  білуші»  рөліне  ауысуы 

арқылы.


102

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

103


3)  Оқу  процесі  мен  жоғары  оқу  орнын 

басқаруда  студенттер  рөлінің  өсуі,  ал  бұл 

ұстаным  келесі  әрекеттерді  жүзеге  асыруға 

қажет етеді:

а) студенттерді оқу нәтижелерін айқындау 

ісіне белсенді түрде араластыру, 

ә) студенттерді өз оқуының параметрлерін 

(оқу траекториясын) анықтауға қатыстыру, 

б)  студенттердің  ұтқырлығын  (мобиль-

дігін) кеңейту.

Бүгінгі  заман  талаптарына  сай  тұлға 

қалыптастыруда  жоғары  мектептің  жұмыс 

әрекеттері  мен  бағыттары  осындай  мә-

селелерді қамтуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет