Бас редактор



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

ИСПОЛЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА:
1.  Салыкжанова Р.С, Джаманкулова К.Э. и др. Организация правового всеобуча   в Республике Казах-
стан,- Республиканский научно- образовательный центр «Вдшет» (материалы пилотного исследования). Часть 
1.-Астана, 2009.-87 с.
2.  Постановление    Правительства   Республики    Казахстан    «О    Программе    по праворазъяспитель-
ной  работе,  повышению  уровня  правовой  культуры,  правового обучения и воспитания граждан на 2009-
2011 годы (с изменениями и дополнениями по состоянию на 15.01.2010 г.).- Астана, 29 ноября 2008 года№ 
1116
3.  Аргынов А.Х., Жумаканова Р.А. Насилие в школах: Разработка профилактических планов. Книга для 
учащихся.- Алматы, НИЦГО, 2003.-85 с.
4.  Аргынов А.Х., Жумаканова Р.А. Насилие в школах: Разработка профилактических планов. Руковод-
ство для учителя.-Алматы, НИЦГО, 2003 г.- 48 с.
5.  Аргынов   А.Х.,   Жумаканова   Р.А.   Наркотики    в   школах:   Предупреждение злоупотребления нар-
котическими  средствами.  Руководство  для учителя.-  Алматы, НИЦГО, 2001 г.-53 с.
6.  Аргынов   А.Х.,   Жумаканова   Р.А.   Наркотики   в   школах:   Предупреждение злоупотребления нар-
котическими средствами. Книга для учащихся. -Алматы, НИЦГО, 2001 г.-88 с.
7.  Арғынов  А.Х.,  Жумаканова  Р.А.  Жастарға  нашақорлық  аса  қауіпті  екендігін  ескерту.  Мұғалімге 
басшылық. Алматы,   Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2002.-53 с.
8.  Аргынов  А.Х.,  Жумаканова  Р.А.  Жастарға  нашақорлық  аса  қауіпті  екендігін  ескерту.  Мұғалімге 
басшылық. Алматы,   Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2002.-78 с.
9.  Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций М.: Прометей, 1992,- 528 с.
Резюме
 Мақалада ғылыми-ақпараттық орталығында жасалынған азаматтық және профилактикалық білім беру 
бағдарламалары әдісінің тәрбиелік ерекшеліктері қарастырылады. 
Summary
       The article considers peculiarities of upbringing of civic values through the preventive educational programs 
developed by Information Research Center for civic education

75
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қабілет  дегеніміз  –  іс-әрекеттің  сәтті 
орындалуын  қамтамасыз  ететін  жеке  адамның 
психологиялық  қасиеттерінің  жиынтығы.  Іс-
әрекеттің  түрі  адамның  психикалық  қасиетіне 
байланысты  талаптарын  ұсынады.  Әрекеттің 
бір ғана емес, көптеген түрінің талабына жауап 
беретін  жалпы  қабілеттер  және  ерекше-арнайы 
қабілет бар. Ерекше қабілетке жалпы қабілетпен 
қатар  нақты  әрекетті  игеруге  керекті  қабілет 
жатады.  Себебі,  олар  кез  келген  әрекет  түрін 
орындау  үшін  керек.  Бұл  ерекше  қабілеттің 
қалыптасуына  еш  кедергі  келтірмейді.  Ортақ 
қабілеттер  интеллектуалды,  ерік-жігер  және 
эмоционалды деп бөлінеді.
 
Интеллектуалды (зият) қабілетке  жа-
татындар:
-  ақыл  ойдың  айқындығы,  онда  ешқандай 
көмескілік  болмайды,  бұл  тек  интеллектуалды 
емес,  сонымен  қатар  моральдық  келбет,  себебі 
ақыл-ойдың айқындығы тек іс-әрекет үшін емес, 
жауапкершілік сезімін де арттырады;
- ақылдың логикалығы – қатаң қисындылық, 
дәйектілік ойлаудағы жүйелілік, зеректік, ақыл-
ой бағдарының жылдамдығы (материалды оқып-
үйрену, есеп шығару жылдамдығы);
-  ақыл-ой  тереңдігі  –  заттар  мен 
құбылыстардың  жасырын  қасиеттерін  тануға 
көмектесу;
- ақыл-ой өрісінің кеңдігі – мәселенің барлық 
жағын ескерту қабілетін күшейту;
- ақылдың алғырлығы – сылбырлықтың бол-
мауы, егер объективті себептер қажет етсе, оның 
барысын өзгерте алуы;
  -  ақылдың  сонылығы  –  бұл  жаңалық,  ой 
еңбегінің  шығармашылық  сипаты,  онда  соқыр 
еліктеудің болмауы;
  -  ақылдың  сыншылдығы  –  тексерілмеген, 
алдын-ала болжаған пікірдің болмауы, тексеруді 
қажет ететін қарсылықтарға байсалды қарау.
Аталған қасиеттердің дамуы адамның ақыл-
Ж.Түрікпен-Ұлы –  
Педагогикалық мамандықтар кафедрасының профессоры,
Абай атындағы ҚазҰПУ 
  Ә.И.Бөлшекбаева –
Магистратура және PhD докторантура институтының маманы,
Абай атындағы ҚазҰПУ 
ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
ой  қабілетінің  деңгейін  сипаттайды.  Еңбек 
әрекетінің  дұрыс  болуы  үшін  шешімділік, 
ұстамдылық,  тәртіптілік,  өзіне  сенімділік, 
өзін-өзі  билеу  қасиеттері  қажет.  Жігерлілік 
адамның  еңбекке  деген  қабілетін  айқындайды. 
Басқа  қабілеттер  көрінбесе  де,  еңбекке  деген 
жігерлілік іс-әрекеттің ақырғы нәтижесін сипат-
тайды. Адамның қабілеттерін сипаттағанда оны 
эмоционалды сапалары, еңбекке деген жағымды 
эмоциялық  көқарас,  білімге  құштарлық, 
жауапкершілік  сезімі  үлкен  орын  алады.  Адам 
өзінің  қоғам  алдындағы  борышын  біліп  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  оны  орындауға  ты-
рысып,  жауапкершілік  сезімі  билеп,  одан 
ауытқымауға тырысады.
Қабілеттің басқа да елеулі факторының бірі 
– ықылас. Кез келген іске деген ықылас қабілетті 
дамытады,  табысқа  деген  сенімді  күшейтеді. 
Әрекеттің белгілі бір түрімен шұғылдануға деген 
бейімінің өсу қабілетінің күшеюіне ықпал етеді. 
Мектеп  жастарының  қабілетін  қалыптастыру 
маман психолог, педагог, физиолог, дәрігерлерді 
қатыстыра  отырып,  зерттеу  жүргізуді  қажет 
етеді.
Оқушыларды еңбекке баулу
Кәсіптік бағдар беру мен тәрбие жұмысының 
мәні оқушыларды қоғамдық іс-әрекеттерге бел-
сене  қатыстыру  болып  табылады.  Бұл  міндетті 
шешудің  жолы  –  қоғамдық  пайдалы  еңбекті 
дұрыс  ұйымдастыру,  өндірістік  ұжымдардың 
еңбегіне араласу.
Сынып  жетекшісі  мектептен  тыс  жұмысты 
ұйымдастырушылармен  бірге  оқушының  мек-
тепте немесе сол салада істейтін жұмыс түрлерін 
анықтайды.  Жоғары  сынып  оқушыларын 
қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың жаңа түрі 
–  студенттік  отрядтар  үлгісімен  жоғары  сынып 
оқушыларынан  еңбек  отрядтарын  (ОЕО)  құру. 
Мұндай  отрядтар  жыл  бойы  жұмыс  істей  ала-
ды.  Сынып  жетекшісі  оқушылар  комитетімен 
(басы өткен санда)

76
бірлесе  отырып,  кәсіпорынмен  шарт  жасайды. 
Арнайы кесте бойынша оқушылар жұмыс орны-
на немесе мектепке келіп жұмыс істейді.
ЕОЕ  өзінің  жарғысын  жасайды,  командир 
сайлайды,  отрядтар  мен  олардың  мүшелері 
арасында  жұмыстар  ұйымдастырады.  Еңбек 
оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың жұмысты 
үлкен  қанағаттанарлық  сезіммен  орындағаны 
дұрыс.  Мадақтау,  көтермелеу  шараларын  да 
ұмытпаған  жөн.  Жеңіске  жеткен  топтардың 
ойын-сауық  орындарына  тегін  барып,  туристік 
сапарларға  шығуын  қуаттап  отыру  қажет. 
Мадақтаудың қажетті түрлерінің бірі – жеңімпаз 
оқушылардың  базалық  кәсіпорынның  еңбек 
ұжымымен  бірге  сенбілікке  шығуы.  Қоғамдық 
пайдалы  еңбек  кезінде  оқушыларда  қоғамдық 
меншікке  ғылыми  көзқарас  қалыптасады, 
политехникалық  ой-өріс  кеңіп,  мамандық 
таңдауға саналы даярланады.
Сынып жетекшісінің ақыл-кеңесі
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға 
мамандық таңдау жөнінде арнайы кеңес беретін 
қызмет түрі іске қосылғанша, мамандық туралы 
кеңесті  сынып  жетекшісі  атқарады.  Мамандық 
жөніндегі  кеңес  оқушының  мамандық  таңдауы 
туралы  мәселе  шешілген  кезде  өткізіледі.  Ол 
кәсіптік  бағдар  беру  жұмысының  соңғы  кезеңі 
болғандықтан, мұғалімнен үлкен жауапкершілікті 
талап етеді. Егер, сныпы жетекшісі кеңес алатын 
оқушының  жеке  басы  туралы  психологиялық 
талдау  жасаса,  оқушының  жеке  басының 
мінездемесін 
ұсынылған 
мамандықтың 
психологиялық сипатымен салыстырса, болашақ 
мамандықтың  тиімділігі,  жайлы  болжамның 
дәлдігі нақтылана түседі.
Кәсіби кеңес (консультация) жұмысы кезінде 
сынып  жетекшісі  оқушының  мамандық  таңдау 
жоспарына ғана емес, сонымен қатар бейімі мен 
қабілетін, мінез ерекшелігі темпераментінің да-
муына  жәрдемдесуге  тиіс.  Бұл  міндетті  дұрыс 
шешудің  алғы  шарты  кәсіби  кеңес  пен  кәсіби 
ақпарат жұмыстарының өзара кірігуі болып та-
былады. Ол еңбек пен халық шаруашылығының 
құрылымын,  мамандықты  жіктеу  мен  еңбектің 
негізгі  құрылымының  байланысын,  әр  түрлі 
еңбек  талаптарын,  кадр  мәселесін,  халық 
шаруашылығының  әр  саласында  еңбекке 
араласудың мүмкіндіктерін, түрлі мамандық алу 
жолдарын  жақсы  білуі  керек.  Екінші  жағынан 
алғанда,  оқушыға  мамандық  таңдау  туралы 
білікті кеңес беру үшін сынып жетекшісі оның 
денсаулығын, отбасы жағдайын, психологиялық 
ерекшеліктерін ескеруі керек.
Мектептегі  кәсіби  кеңесті  тәжірибелі 
мұғалімдер  оқу-тәрбие  жұмысында  жиі 
қолданатын  әдіспен  жүргізіеді.  Бұл    -  байқау, 
педагогикалық  эксперимент,  анкета  жүргізу, 
оқушының 
психологиялық-педагогикалық 
мінездемесін  жазу,  т.б.  Кәсіби  кеңес  жүргізуге 
пән  мұғалімдерінің,  ұзартылған  күн  тобы 
тәрбиешісінің,  ата-ананың,  үйірме  жетекшісін, 
медицина  қызметкерінің,  кітапханашының 
оқушы туралы пікір-мінзедемесі керек. Бұл жер-
де жыл бойы даму динамикасы, әр жағдайдағы 
тәртіп  ерекшелігі  туралы  мәліметтер  жазылған 
оқушының  жеке  іс-қағазын  жүргізіетін  сынып 
жетекшісінің іс-тәжірибесін мақұлдау керек.
Сынып  жетекшісінің  кәсіби  кеңес  үшін 
оқушының  өзіндік  ерекшелітерін  танып  білуі 
аса  қажет.  Оқушының  өзіндік  ерекшеліктері 
туралы  мәліметтер  бірнеше  жыл  бойы  жина-
лады  (оқушы  денесінің  өсуі,  ой-өрісінің  дамуы, 
сабақта, сабақтан тыс уақытта, үйірмелерде, 
еңбек және тынығу лагерьлерінде, тапсырылған 
қоғамдық жұмысты орындау кезінде және до-
старымен  қарым-қатынас  жасағанда  өзін 
ұстауы, т.б.) байқау әдісі арқылы оқушы туралы 
жан-жақты, объективті мәлімет алуға болады.
Оқушыны  әртүрлі  жағдайда  бақылап,  оның 
моральдық сапасын, еңбекке, жолдастарына де-
ген көзқарасын ғана емес, сонымен қатар көптеген 
психологиялық  ерекшеліктерін  (ойлау,  есте 
сақтау  қабілетін,  темпераментін,  т.б.)  байқауға 
болады.  Мысалы,  кейібр  оқушыға  мұғалімнің 
түсіндірмесін тыңдай отырып жазу қиынға түседі 
(бұл оқушының даму бәсеңдігін көрсетеді), енді 
біреулеріне  жұмыстың  мұндай  түрі  қиындық 
туғызбайды,  олар  керісінше,  кейбір  жекелеген 
тапсырмаларды  орындай  алмайды,  тағы  бір 
оқушылар жұмыстың бір түрінен екіншісіне жиі 
ауысатын түрін орындағанда көп қате жібереді. 
Оқушыны  бақылай  отырып  алынған  жеке  іс-
қағазына тіркелген осы мәліметтердің бәр кәсіби 
кеңес  жұмыстарын  жүргізгенде  өте  пайдалы. 
Оқушыларды  бақылай  отырып,  мұғалім  оларда 
бейімнің,  қабілет  пен  ықыластың  пайда  болу-
ын белгілейді. Ол гуманитарлық не техникалық 
пәндерге  деген  қабілеті  бар,  теориялық  не 
практикалық  әрекеттерге  икемді  оқушыларды 
жақсы біледі. Бұл материал да мұғалімге кәсіби 
кеңес беру үшін пайдалы.
Бақылау  жұмысын  дұрыс  қолданып, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

77
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ғылымға  негізделген  кәсіби  кеңес    беру  үшін 
оқушының  психикалық  ерекшелігін  анықтау 
қажет.  Оқушының  өзіндік  ерекшелітерін 
айқындау  әдістерінің  бірі  –  әңгімелесу.  Кәсіби 
кеңес беру жұмысы – оқушыға мамандық таңдау 
үшін  көмек  көрсетуге  бағытталған  ұзақ  үрдіс. 
Мамандық таңдау туралы мұғалімнің оқушымен 
бірнеше  рет  дұрыс  әңгімелесуі  елеулі  мәселені 
дұрыс  шешуге  әсер  етеді.  Психология  мен  пе-
дагогикада  әңгімелесу  қарым-қатынас  кезіндегі 
психологиялық құбылыстарды білу әдісі ретінде 
қолданылады.
Әңгімелесу  бірнеше  қызмет  атқаруы 
мүмкін:  таныстыру,  диагностикалық  тексеру, 
кооректура және сонымен қатар ақпарлар беру. 
Диагностикалық  әңгіме  кезінде  оқушының 
мамандық жөніндегі жоспары мамандық таңдау 
туралы  мәселені  талқылауға  даярлығы  сарапқа 
салынады.  Мұнда  жоспардың  тұрақтылығы, 
оның  пайда  болу  уақыты  шешімді  өз  бетімен 
қабылдау  деңгейі  анықталып  оқушылардың 
таңдаған мамандықтың мазмұнымен, талаптары-
мен таныстырып, оқушылардың өздері таңдаған 
мамандықта  жұмыс  істеуге  өзіндік  бағалары 
айқындалады.
Қазіргі  мектеп  жағдайында  оқушылардың 
кәсіптік 
бағдарын, 
қарым-қатынас 
пен 
ұйымдастырушылық  қабілетін  байқау  үшін 
кейбір анкета түрлері қолданылады.
Сынып  жетекшісінің  кәсіби  кеңес  берудегі 
қызметі.  Кәсіби  кеңес  беруші  алдында  тұрған 
міндеттің 
күрделілігі 
мамандық 
таңдау 
жоспарының негізделу деңгейіне, осы жоспарға 
әсер  ететін  факторлар  мөлшеріне,  кейде  өзінің 
мамандық  жайлы  алға  қойған  мақсаттарын 
айтқысы  келмейтін  жеткіншектердің  жеке 
ерекшелігіне байланысты. 
Педагогтың тікелей араласуын қажет ететін 
жиі кездесетін кәсіби кеңес беру жағдайларының 
бірқатарын келтіруге болады:
-  Оқушының  мамандық  алу  жоспарының 
болуы немесе болмауы;
-  Белгілі бір мамандыққа оқушы икемінің 
болуы немесе болмауы;
-  Оқушының 
мамандық 
жөніндегі 
жоспарының  оның  бейімімен,  қабілетімен, 
қоғамның  маманға  деген  сұранысымен  үйлесуі 
немесе үйлеспеуі.
Бұлардың байқалу критерийлері:
1.  Егер жасөспірімнің барғысы келетін оқу 
орнын немесе бір өнеркәсіп саласын айтса, онда 
оның мамандық алу жөніндегі жоспары бар деп 
саналады.  Егер  ол  бірнеше  мамандықты  атап, 
бірақ қай жерде білім аларын білмесе, онда оның 
жоспары жоқ, бірақ қалыптастыруға болады.
2.  Егер оқушы өз бетімен бір үйірмеге ұзақ 
уақыт қатысса немесе бір іспен ұдайы айналыс-
са, онда оның бейімі айқын, егер белсенділік та-
нытпаса, онда оқушының бейімі жоқ болғаны.
3.  Егер  бейімді  сипаттайтын  әрекеттің 
мазмұнын таңдап алған еңбек түрімен байланы-
сты болса, онда мамандық таңдау мен бейімнің 
сәйкес келгені.
Осы  үш  белгіні  салыстыру  кеңес  берушіге 
кәсіптік бағдар жағдайын айқындауға мүмкіндік 
береді:
-  Оқушының  жоспары  жоқ  және  бейімі 
байқалмайды;
-  Жоспары жоқ, бірақ бейімі бар;
-  Таңдаған мамандығына бейімі жоқ;
-  Мамандықты  өз  бейіміне  сәйкес 
таңдаған;
-  Оқушының  таңдаған  мамандығы  мен 
бейімі үйлеспейді.
Бірінші және екінші жағдай кеңес берушінің 
алдына  оқушының  мамандық  таңдау  жөніндегі 
жоспарын қалыптастыру міндеті тұрса, үшінші-
бесінші  жағдайларда  жоспардың  негізділігін 
бағалау керек болады.
Егер медициналық теріс көрсеткіш пен оқушы 
таңдаған  мамандықты  игеруге  психологиялық 
шектеу болмаса, оның ерекше қабілеті байқалса 
немесе  жалпы  қабілеті  таңдаған  мамандық 
әрекетінде  көрінсе,  онда  таңдап  алынған 
мамандық бала қабілетіне сәйкес деп есептеледі. 
Бұл жерде оқушының тек мектепте алған білімін 
басты  назарда  ұстамай,  оның  даму  деңгейімен, 
оқу  орнына  түсе  алу-алмауымен  де  санасу  ке-
рек.
Аталған критерийлерге сүйеніп, кәсіби кеңес 
беруші  әрбір  нақты  жағдайда  өзінің  оқушыға 
мамандық таңдау жөнінде көрсететін көмегімен 
анықтайды  (жетекшінің  жоспарын  мақұлдау, 
қажет кезінде басқа нұсқалар ұсыну, мамандық 
жайлы  жоспарын  түзету,  оны  қоғамдық 
қажеттілікке,  жасөспірімнің  қабілетіне  қарай 
икемдеу,  мамандыққа  байланысты  жоспар 
қалыптастыру).  Егер  оқушыда  медициналық 
немесе  психологиялық  теріс  көрсеткіш  болса 
және  ерекшелігіне  қарай  шектеулік  байқалса, 
кеңесші  әңгіме  кезінде  неғұрлым  салмақты 
аргументтерді  пайдаланады.  Баланың  жоспары 

78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
іске аспайтын жағдайда да оны жоққа шығармай, 
болашақта орындайтын мамандығын алатындай 
мүмкіндіктер қарастыру керек.
Жоспарының 
жүзеге 
аспайтынына 
оқушының  көзін  жеткізе  алмаған  ретте  (бұл 
жерде  оқушының  ата-анасымен  бірнеше  рет 
өткізілетін әңгіменің үлкен мәні бар) басқа шара-
ларды қарастыру керек. Ал, бұл, жол түптеп кел-
генде, алғашқы таңдап алынған мамандыққа апа-
руы керек. Ата-ана және кәсіби кеңес берушінің 
көмегімен  оқушы  өзіне  мамандықтың  қай  түрі 
ұнайтынын,  оған  қай  жерде  үйренуге  болаты-
нын анықтап алуы қажет. Нақты бір таңдау екі 
рет,  ал  кейде  одан  да  көп  талқыланады.  Түрлі 
оқу орындарымен, кәсіпорындарымен танысуға 
көмектесіп,  олардың  белсенділігін  арттыру  ке-
рек. Жоғары сынып оқушыларымен бірнеше рет 
шағын  әңгімелер  өткізіп,  қандай  оқу  орнында 
болғанын,  қандай  мамандық  оны  қызықтырып 
жүргенін  сұрап  отырудың  да  мәні  зор.  Мұндай 
жұмыстарды  көктемгі  емтихан  алдындағы 
кезеңге  қалдырмай,  бүкіл  оқу  жылы  бойында 
өткізген дұрыс.
Оқушылардың икемділігін зерттеу
Бұл  жұмыс  оқушының  түрлі  әрекеттерін 
жан-жақты  сараптауға  мүмкіндік  береді. 
Мұндай  жұмыстар  оқушының  қызығуын  одан 
әрі жетілдіру үшін ІV-V, VI-VIII сыныптарда өте 
қажет. 
Сынып    жетекшісі    оқушылардың  әр   
түрлі  пәнге  деген  көзқарасын,  әсіресе,  мек-
теп  тәжірибесінде  негізгі  емес  деп  есептелетін 
пәндерге  (бейнелеу  өнері,  ән  сабағы,  дене 
тәрбиесі,  еңбек)  көзқарасын  сарапқа  салып, 
олардың объективті бағаларының қорытындысын 
шығарады.  Бұл  ретте  жалпы  жетістіктер  (кез 
келген  пән  бойынша)  мен  факультативтік 
сабақтардағы (кез келген немесе оқушы үшін ең 
қызық пәннен) жетістіктерді атап көрсету керек.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы 
қоғамдық  белсенділігіне  екі  бағытта  – 
ұйымдастырушылық пен атқарушылық бағытта 
талдау жасау керек.
Бұл жерде сынып жетекшісіне директордың 
тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары  көмек 
көрсетеді.  Ол  түрлі  қоғамдық  жұмыстарда 
белсенділік  танытып  жүретін  сол  сыныптағы 
оқушылардың  бірнешеуін  өзіне  көмекші  етіп 
алуы  мүмкін.  Оқушылардың  сыныптан  тыс 
жұмысы  оларды  қызықтыратын  түрлі  үйірме 
жұмыстарынан  да  байқалады.  Оқушының 
сыныптан  тыс  жұмысын  бақылай  отырып, 
оның  белгілі  бір  саладағы  білімінің  тереңдігін 
байқаудың зияны болмайды.
Балалардың  қабілеті  мен  икемі  тура-
лы  мәлімет  жинау  үшін  сынып  жетекшісіне 
«Оқушы әрекеті түрлерінің кестесін» толтыруға 
кеңес  беріледі  (мұндай  кестені  оқушылардың 
өздеріне  де  толтыруға  болады).  Кестенің 
көмегімен  жеке  оқушы  белсенділігінің,  оның 
түрлі  бағытына  бөлінген  жалпы  келбетін  алуға 
болады.  «Социометриялық  анкета»  (парақша) 
арқылы  жүзеге  асырылатын  оқушының 
іскерлік  қасиеттері  туралы  сыныптастарының 
пікірін білген де пайдалы. Ол оқушы әрекетіне 
әріптестері қойған 5 балдық бағадан көрінеді:
Жұмыс  әр  оқушының  өзін-өзі  тануы  мен 
тәрбиеленуіне көмектеседі. Әр оқушы өз бетінше 
жауап беруі керектігін мұғалім ескертеді де, мы-
надай  мысалды  келтіреді:  «Әрқайсысыларың 
жұмыс үшін 4-7 адамнан тұратын бригада құру 
керек. Еңбекақы жұмыстың саны мен сапасына 
қарай,  бірақ  бәріне  бірдей  мөлшерде  төленеді. 
Сыныптастарыңнан  кімдерді  бригадаларыңа 
алар едіңдер? Үш оқушыны таңдап алыңдар да, 
менің  түсіндіруімнен  кейін  олардың  аты-жөнін 
тиісті  сұраққа  орай  жазыңдар.  Ең  жақсы  деген 
бригада  мүшесіне  үш  балл  беріп,  оның  аты-
жөнін тиісті торға жазыңдар т.б. Жауаптарыңды 
маған  аты-жөндеріңді  жазбай  өткізіңдер,  олар 
құпия,  оны  мен  ғана  білетін  боламын».  Бұдан 
соң мынадай сұрақтар беріледі:
 
Сұрақтардың нөмірі 
3 балл 
2 балл 
1 балл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

79
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
 
№  Аты-жөні 
 (алфавит бойынша) 
Сұрақтың нөмірі 





1  Ахметов Әділ 
52 
10 

12 
17 
2  Ақанов Қайрат 
15 


12 
27 
 
Әр  фамилияның  (сұрақтың  нөмерімен 
қиылысқан) тұсына жолдастарының пікірі бой-
ынша оқушы жинаған балл мөлшері қойылады. 
Ең  жоғары  және  төменгі  балл  мөлшері  оқушы 
қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Жалпы психология. Орыс тілінен аударылған оқу құралы. В.В.Богословский т.б. редакциясымен. – 
Алматы: Мектеп, 1980. Аудармашылар: Қ.Жарықбаев, Ж.Түрікпенұлы, К.Қойбағаров т.б.
2.  Жалпы психология. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 1996. 
Авторлары: Алдамуратов Ә., Түрікпен-Ұлы Ж. т.б.
3.  Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері). – Алматы: Мектеп, 1986.
4.  Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. – Алматы, 1962.
5.  Түрікпен-Ұлы Ж. Оқушыларды кәсіпке бағдарлау. – Алматы: ҚазБаспа-КТ, 2004.
6.  Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы проф. С.М.Жақыпов. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2007.
7.  Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (психология очерктері). – Алматы: Мектеп, 1986. 
Резюме
В данной статье рассматривается формирование школьника как личность с помощью труда и профорен-
тации.
Summary
This article discusses the formation of the student as an individual with labor and proforentatsii.
                                     С.Д.Ізтілеуова –  
                                                       филология ғылымдарының докторы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану»
                                                       ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері
ХХI    ғасырда  туындап  отырған    рухани 
дағдарыс      адамзат    баласының    жүрек    көзін  
тұмшалап,  жан-дүниесін    кірлетіп,  өзін-өзі 
жоғалтуға  әкелуде.  Міне,  осы  тұста    адамның 
рухани  әлемін  құтқарушы    даналардың    ой  
ұстанымы    екені    даусыз.    Даналардың    әрбір  
сөздері 
 
ғибратты, 
діни-философиялық 
тұжырымдарға  толы  және  олардың  ілімдерінің 
өзара үндесетін  жерлері де  көп.   Даналар ту-
ындыларында   жаратылыстың сыры,  жан  мен  
1.  Қолдарынан  үздік  іс  келеді  деген  үш 
оқушының аты-жөнін ата (мысалы, схема 
бойынша  радиоқабылдағышы  жинау,  киім 
тігу, орындық жасау, ас әзірлеу т.б.).
2.  Оқушылардың бәрі қызығатындай баян-
дама  жасап,  жиналыс-конференция  өткізуге  өз 
сыныптастарыңнан кімді таңдар едің?
3.  Көңілді,  салтанатты  мектеп  кешін 
ұйымдастырғанда  сыныптастарыңның  ішінде 
кімнен көмек сұрар едің?
4.  Мықтылықты, шыншылдықты, ұжымдық 
сезімді қажет ететін қиын туристік сапарға сы-
нып ішінен кімді алар едің?
Оқушы  туралы  айқын  көрініс  бере  ала-
тын  қажетті  сұрақтар  тізімін  әр  мұғалім  дер-
бес  жасайды.  Оқушының  жауаптары  жазылған 
парақтарды мұғалім қарап шығып, төмендегідей 
кесте жасайды:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет