С.Д.Ізтілеуова –
филология ғылымдарының докторы,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану»
ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері
АБАЙДЫң ШЫҒЫСЫ М.МЫРЗАхМЕТҰЛЫНЫң ЕңБЕКТЕРІНДЕ
(Көрнекті ғалым, абайтанушы М.Мырзахметовтың 80 жылдық мерейтойына орай)
Белгілі жазушы, Абайтанушы және Бауыр-
жантанушы ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы
биыл 80 жасқа толып отыр. Осыған байланыс-
ты, «Ұлттық тәрбие» журналының редак-
ция алқасы жазушы-ғалымды мерейтойымен
шын жүректен құттықтай отырып, бейнетінің
зейнетін көруіне тілек білдіреді!
Абай мұрасының еліміздің рухани
мүддесіне және де жастардың болашағына
тәрбиелік, тағылымдық мәнісі бар жүйеге
айналып, ел игілігіне қызмет жасайтын
кезеңі келген сияқты. Себебі, ХХІ ғасырда
туындап отырған адамзат баласының рухани
деградацияға ұшырауы, жер планетасындағы
небір болып жатқан жайсыздықтар, адам
баласының Жаратқан Иесінен алшақ кетуінен
туындаған кесапат болса керек. Ал, енді
осы мәселелердің туындауын болдырмаудың
көздерін Абайдың рухани мұрасынан өзімізге
қажетті құндылықтарды терең түсініп, табу
арқылы, адами сұраныстарымызды қамтамасыз
етуге болатынына көз жеткіземіз. Абай
мұрасындағы құндылықтарды пайдалана отыра,
адамның рухани мәселесін шеше алатынымыз
айғақ. Адамзат баласының Жаратушысынан
алшақтап, сенім мен махаббаттан, әділет пен
ардан, қанағат пен тәубеден, адал еңбек пен ақ
жүректен қашып, Абайша айтсақ: «өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтың»
жетегінде жүріп, Жаратушысынан алшақтаған
кезеңде, Абай мұрасының бізге соншалықты
зәрулігі айқындалады.
Замана өзгерісіне төтеп бере алатын,
адамзатты жаманшылықтан сақтандыратын
рухани ұстаным мен имандылықты дәріптейтін
шығармашылықтар ғана екендігі анық. Тәуелсіз
Қазақстанның мәдени дамуына, оның болашағын
жасайтын жас толқындарына тәрбиелік мәнді
мұраны насихат етуіміздің маңызы зор. Бұл
игілікті жұмыс Абай мұрасын жаңаша танып,
тың көзқарастар негізінде жүйелі зерттеулер
арқылы қол жеткізе аламыз. Абай мұрасын
жүйелі түрде жаңаша бағытта зерттеудің негізі
оның дүниетанымындағы шығыстық бағыттарды
анықтап, қазақ әдебиетіндегі орнын пайымдау
қажеттілігінен
туындайды.
М.Әуезовтың
«Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі Шығыс
белгісі басымырақ, нығырақ. Батысқа келгенде
ол арқасын шығысқа, ақылмен қорытып алған
мұсылмандыққа нық тіреп алып келеді» [1,
245-246 б.б.] - деген пікіріне зерттеушілер ден
қойып, осы бағытта тұжырымды ойлар айтыла
бастады. М.Әуезовтың айтқан осы пікірінен
кейін Абай мұрасындағы шығыстық сілемдерді,
шығыс классиктерінің қазақ мәдениетіне, қазақ
дүниетанымына, ой санасына ықпал, әсерлерін,
Абай әкелген ұғымдардың мән-мағынасын
анықтау мәселелері туындайды.
Шығыстық дүниетаным, шығыстың жалпы
ой-сана жүйесіндегі адамгершілік, адамның
рухани әлемі Абай мұрасындағы көрінісін
зерттеуді алғашқылардың бірі болып белгілі
ғалым Мекемтас Мырзахметұлы қолға алды.
Бұл бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижесінде
«Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары»
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
11
атты монографиясы жарық көрді. Мұхтар
Әуезовтың тың пікірлеріне сүйене отырып,
кеңестік жүйеде айта алмаған ойларын жүзеге
асыруға тырысты. Абайдың ісләм әлеміне
қатысты
дүниетанымдық
мәселелеріне
тоқталған зерттеуші Абай шығармаларындағы
негізгі лейтмотив Алланы сүю, тану, адамды
сүю, жан мен тән, жүрек т.б. мәселелері
ғалымның назарынан тыс қалмады. Мекемтас
Мырзахметұлы: «Абайдың жан мен тән, жалпы
жан сырына байланысты дүние танымында өткен
заман ойшылдарындағы көне түсініктер табы да
байқалады. Дегенмен ойшыл ақын бұл күрделі
ұғымды өзінше саралап, өзіндік дербес таным
тұрғысынан тарататын көзқарасы өзіндік түсінігі
барлығына ерекше көңіл бөлмек керек. Жан
сыры жайлы ой өрісінде өзіндік дербес беті бар.
Абай баураған осы ойлардың сырын ашып, жаңа
қырынан тану қажеттілігі алға қойылды». Ғалым
М.Мырзахметұлы Абай шығармаларындағы жан
сыры, жанның күрделі болмысын айшықтайтын
тұстарына өз зерттеулерінде аса маңыз берді.
Себебі, қазақ әдебиеттану ғылымында Абай
шығармашылығының осы қыры жабық
күйінде жатқан еді. Себебі, кеңестік идеология
Шығыс мәдениетінің Орта Азия халықтарына
ықпалын көргісі келмеді. Евроцентризм мен
коммунизм идеялары шығыстық гумманистік
құндылықтарды тұншықтыруды мақсат тұтты.
Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақ
ұлтының рухани өміріне шығыстық үлгілердің
зор ықпалы болғандығы ақиқат екендігі белгілі
болды. Осы мәселелерге қатысты бірнеше
зерттеу монографиялары жарыққа шықты. Абай
шығармашылығына Шығыс әдебиетінің ықпалы
туралы айта келе М.Мырзахметұлы: «Жан сыры
жайлы Абай танымы өлеңдерінен гөрі қара
сөздерінде көбірек сөз етіліп, жүйелі, желілі түрде
таратылған. Қарасөздерінде өте жиі ұшырасатын
«жанның жарығы», «жанның тамағы», «жан
қуаты», «тән қуаты», «жан құмары», «жанның
жибили қуаты» т.б. толып жатқан терең
мәнді сөздер күрделі ұғымдарға соғады» [2,
22-23б.б.],- деп Абай қолданған шығыстық
ұғымдар мен түсініктер түйінін ашады. Осындай
шығыстық күрделі ұғымдар қазақ әдебиетінің
даму процессіне Абай мұрасының ықпалын
күшейтті. М.Мырзахметұлы зерттеулерінде
адам болмысын, оның күрделі жан әлеміндегі
жүректің қызметін Абай өз шығармашылығында
қалайша өрнектеп, осы құбылыстың көрінісін
қалайша саралап бергендігін ашады. Ғалым
Абай танымындағы ақыл, қайрат, жүректің
бірлігін «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста. Сонда толық боласың елден бөлек», -
деген жолдарындағы «толық адам» бейнесін
айшықтайтын қасиеттердің маңыздылығына
жан-жақты тоқталады. Абайдың иманигүл,
үш сүю негізінде қозғаған тың пікірі жайында
ғалым мынандай пікір айтады: «Имани гүл
сарыны жүрек культін сол негіздегі адамшылық
жолын көтермелеп, өз шығармаларында үнемі
рахым, шапағаттың баламасы ретіндегі жүректі
шешуші орынға қоятындар: әл-Фараби, Низами,
Руми, Науаи, Абай т.б. Ал имани ақылды, яғни,
ақылдың культін мадақтайтын сарынды Рудаки,
Фирдоуси, ибн Синадан ұшыратамыз. Имани
гүл, имани ақыл туралы танымның табиғаты,
оның шығу төркіні мен даму жолы қазіргі
ғылым дүниесінде әлі күнге дейін арнайы
зерттеу нысанасына алынбай келеді» [2, 24 б].
М.Мырзахметұлы өзі айтқан пікірін іс жүзіне
асыра отыра, осы мәселені зерттеу обьектісіне
айналдырады. Осы ізденістер нәтижесінде
ғалымның «Абай және Шығыс» атты ғылыми
монографиясы жұртшылық назарына ұсынылды.
Бұл
еңбекте
Абай
шығармашылығына
Шығыстық дүниетанымның ықпалы және
оның ақын мұрасындағы орны сарапталады.
Шығыс поэзиясындағы нәзік иірімдер арқылы
өрнектелетін мазмұны күрделі жүйелер мен
түсініктер сараланып көрсетіледі. Ғалым
Абай мұрасындағы шығыстық ұғымдардың
күрмеуін шешіп, ізденушілерге бағыт-бағдарын
танытады.
М.Мырзахметұлы Абай ұстанымын дөп
басып, оның мұрасындағы тәуелсіз елдің
рухани дамуына қажетті танымдық және
тағылымдық адамгершілік жүйесінің мәнін
ашады. Осы мәселенің адам тәрбиесіндегі жаңа
қырын көре білді. Және осы құбылыстың өзіне
дейін айтылмаған тұстарын саралап, жүйеге
келтірді. М.Мырзахметұлына дейін М.Әуезов
Абай мұрасының Шығысқа қатысын, оның
ұстанымы мен дүниетанымынан шығыстық
желіні, қарасөздері мен өлеңдеріндегі мазмұн
мен стиліндегі өзгешеліктерді зерделеп,
тереңдеп, зерттелу қажеттілігін пайымдаған
еді. М.Мырзахметұлы М.Әуезов айтқан осы
бағытты тереңдетті. Ғалым Абай мұрасындағы
Шығыс мақамдарының, ой толғамдарындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, өлең
КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, АБАЙТАНУШЫ М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ 80 ЖАСТА
12
үлгілеріндегі мазмұн мен түрдің бірлігін,
тақырыптық
жүйесіндегі
ерекшеліктерін
сараптай отыра, оларды бір арнаға тоғыстырып,
жаңа зерттеу бағытын қалыптастырды. Үздіксіз
ізденістер мен қажымас қайрат пен жігердің,
адал еңбектің нәтижесінде М.Мырзахметұлы
Абай әлеміне бойлай еніп, құнды зерттеу
еңбектер ұсынды.
Өз еңбегімен Мекемтас Мырзахметұлы
нағыз зерттеуші, ғалым қалай ізденіп, қалай
еңбек етуі керек екендігін дәлелдейді. Ғалым
шығармашылығы кейінгі толқынға үлгі боларлық
қуатқа ие. Ол Абайдың дүниетанымындағы
күрделі ұғымдардың қолданылуы мен мазмұнын
түсіндіріп, әсіресе мазмұны терең, мағынасы ауыр,
пәлсапаға толы және де басқа қарасөздерінен
шоқтығы биік тұрған отыз сегізінші қарасөзін
талдайды. Бұндағы Абай толғаныстарындағы
Алланың сипаттарын тану мәселесінің ақылмен
емес, жүрек арқылы ғана сезілетіндігін,
хакімнің жүрекке аса зор мән беріп, өзінің бір
емес бірнеше қарасөздерінде, өлеңдерінде
осы ұғымдардың қолданылу ерекшеліктерін
талдайды. Мысалы, Абай қолданған «хауас»
ұғымына назар аударады: «Ақылмен хауас
барлығын, Білмейдүр, жүрек сезедүр» [3] - деп,
«Алланы тек қана жүрекпен сезе аласың», - деп
меңзегенін ғалым өзінің «Абай және Шығыс»
атты еңбегінде ерекше ден қояды. Сонымен қатар,
Абайдың отыз сегізінші қарасөзінде кездесетін
«жәуәнмәртлік» ұғымының негізі қайдан
шықты, қандай түсінікпен қабылдауға болады
деген мәселе төңірегінде ғалым өзінің ойларын
былай тұжырымдайды: «Абай жәуәнмәртлікке
тән үш негізге Алланың бойындағы сегіз
сипатпен байланысты құбылыс ретінде қарап, ол
сипаттардың бәрі де салыстырмалы тұрғыдан
алып қарағанда, аз болса да пенденің бойында
барлығына ерекше назар аударады. Ол сипаттан
таңдап алатын ақыл, әділет, рахымды адам кәсіби
әрекеті арқылы меңгеруге болатын құбылыс
деп себепті, «Бұлар өз иждиһадің бірлан, ниет
халис бірлан ізденсең ғана берілетін нәрселер,
болмасы жоқ», – деп олардың кәсіби нәрсе екенін
ескертеді» [4].
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы ғылыми
еңбектерінде Абай шығармаларындағы күрделі
ұғымдардың мәнін ашып, астарлы қабаттарының
сырына үңіледі. Абай шығармаларының
үлгісінде өз бағытымен өзіндік өлең
өрнегімен келген шәкірті Шәкәрімнің
дүниетанымдық
ерекшеліктерін
оның
күрделі көзқарастарын, рухани сабақтастығы
жайында да М.Мырзахметұлы кәсіби білікті
пікірлерін білдіреді. Қазақтың қос данасының
адамның рухани жетілу көздерін көрсететін
ой толғамдарының бірлесетін тұстары мен
айырмашылықтарын да Абайдың «толық адам»
ілімі мен Шәкәрімнің «Ар ілімінің» арасындағы
үндестік арналарынан іздейді. Абай «толық адам»
ілімінде адамның Аллаға сүйіспеншілігі мен
жақындығы жылы жүрегі, ыстық қайрат, нұрлы
ақылмен айқындалса, Шәкәрім «арлы ақылды»
адамының ақ жүректі, ақ ниетті, таза ақылды
қасиеттерінің жалпыадамзаттық құндылықтарға
айналдыруды мақсат тұтады:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сенде сүй, сол Алланы жаннан тәтті».
Абай сөздерінде адамзат баласының рухани
дамуына қажетті қасиеттерді саралап, өлең
өрнектерімен, мазмұн бірлігінде тепе-теңдікпен
әдемі береді. Абай, Шәкәрім сабақтастығындағы
адамды,
Алланы
тану
ілімдеріндегі
ұқсастықтар
мен
айырмашылықтарды
және осы тақырыптардағы ұғымдардың
мәнін ашып, сөз қолданымдардың жаңаша
мазмұндарыда зерттеуші назарынан тыс
қалмайды. М.Мырзахметұлы: «Шәкәрімдегі
жан, тән, жар, таза ақыл, асық нұры жөніндегі
күрделі мәселенің бәрі де өзі таратып отырған
соны танымның негізінде насихатталатынын
көреміз». Зерттеуші Шәкәрімнің «Жаралыс
басы – қозғалыс» деген күрделі танымдық
өлеңінің мәніне мән беріп, Шәкәрімнің жан
туралы айрықша көзқарастарына тоқталады».
Мекемтас Мырзахметұлы зерттеу бағытында
Абайдың адамгершілік ілімдерінің бүгінгі күнгі
талаптар негізінде қарастырудың бүгінгі жастар
тәрбиесіне, ұлттық тәрбиенің темір қазығына
айналатын бірден бір тірек болатындығын көре
білді.
Мекемтас
Мырзахметұлы,
сөз
жоқ,
қазақ әдебиеттану ғылымында қомақты
үлесімен абыройлы орнын алған ғалым.
Оның Абайтану, Шәкәрімтану, Әуезовтану,
Бауыржантану ғылыми салаларына қосқан
үлесі ұшан-теңіз. Абай шығармашылығына
Шығыстың поэзиясының ықпалы зор болса,
сол ықпалдың қыры мен сырын бізге жан-
жақты талдап, түсіндіріп берген Мекемтас
Мырзахметұлының еңбектері. Бүгін біз Абайды
терең түсіне бастасақ, оның рухани дүниесін
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
13
бүгінгі күн кәдесіне жаратсақ, тәуелсіз елдің
адамгершілік идеологиясын қалыптастыруға
ұмтылсақ
Мекемтас
Мырзахметұлының
зерттеулерінің маңызы зор. Қазақ әдебиеттану
ғылымы еуроцентризмнен полицентризмге
бетбұрыс жасай бастаса, ғылыми ой жүйемізде
түбегейлі жаңару үдерісі басталса, Мекемтас
зерттеулерінің ықпалды үлгісін көреміз.
Соңғы жылдары Мекемтас Мырзахметұлы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінде «Абайтану» ғылыми-зерттеу
орталығын
ұйымдастырды.
Орталықтың
мақсаты – Абайтану ғылымын жаңа сапалық
деңгейге көтеру. Абайтанудың 120 жылда жеткен
жетістіктерін сараптау арқылы оның шешілмеген
мәселелерін анықтау міндеті орындалмақ.
Абайдың шығармашылық дүниетанымына
өз ықпалын тигізген шығыстық ойшылдар
мен ақындардың үлгілері толық талдаудан
өткізілмек. Абайдың ақындық, пәлсапалық,
ағартушылық үлгілерінің одан кейінгі қазақ
ақындарына, жазушыларына және әдебиет
сүйер қауымына етер ықпалын Мекемтас
Мырзахметұлы зерттеу нысанасына айналдыруда.
Қазақстанның мемлекет ретінде нығайып
көркейуі, оның рухани саласының жаңаруына
тәуелді. Рухани сала ел азаматтарының
білімінің, мәдениетінің және дүниетанымының
жаңаруымен қозғалысқа түседі. Рухани жаңару
дегеніміз ұлтымыздың ең озық құндылықтарының
іске қосылуы болып табылады. Ұлттың озық
жетістіктері оның данышпандарының ақиқатқа
негізделген ой-пікірлері қазіргі қоғамға жұмыс
істесе ғана зор жетістіктердің себебіне айналады.
Рухани фактор күшеймей, адам факторы
күшеймейді. Кәсіптік білімге руханилық
қосылса, қазіргі қоғамды жақсартатын тұлғалар
пайда болады. Осы күрделі құбылыс қазіргі
кезеңде Абай сияқты данышпандарымыздың
шығармашылығын түсінумен, зерделеумен
және пайдаланумен сипатталады. Бұл жұмыс
бірінші кезекте Абай шығармашылығын
зерттеп, санамызға зерделеумен басталады.
Ұлтымызға керекті осындай маңызды істерді
жүргізушілердің бірі – бүгін сексеннің сеңгіріне
шығып отырған дара тұлға, абайтанушы
Мекемтас
Мырзахметұлы
деп
білеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы: Санат, 1995.
2. Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. –Алматы: Қазақстан, 1994.
3. Абай. Т.1. –Алматы: Жазушы, 1995.
4. Абай. Т.2. –Алматы: Жазушы, 1995.
Резюме
Рассматривается одна из граней творческой лабаратории известного абаяведа Мекемтаса Мырзахмету-
лы. В своих исследованиях он показывает поэтическое, идейное и творческое влияния поэтов и мысли-
телей Востока на творчество Абая Кунанбаева.
Summary
Considered one of the faces of creative lab known abayaveda Mekemtasa Myrzahmetuly. In his studies, he reveals
the poetic, ideological and artistic influence of poets and thinkers of the East on the work of Abai Kunanbaev.
КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, АБАЙТАНУШЫ М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ 80 ЖАСТА
14
Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән
құндылықтар мен тәрбие жолдары өзгеретіні
белгілі. Қазақ халкы өзіне лайық ұрпақ өсіруді,
оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның
болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты
мінез-құлықты дарытуды, ата-ана мен дәстүрді
сыйлауға әуелден-ақ өзіне мұрат тұтқан. Алай-
да өзгеріп жатқан заман, қоғам жаңалықтары
жас ұрпаққа әр қилы ықпал ететіні, содан
тәрбиенің міндеттері де күрделене түсетіні де
айқын. Біздің болашақ ұрпақтарды тәрбиелеуде
педагогика ғылымының атқаратын міндеті
ұланғайыр. Біріншіден, ұлттық тәрбие әдет-
ғұрып, салтын ғасырлар бойы қалыптасқан жаңа
заман талабына сай, ананың сүтімен баланың
бойына қалыптастырған әдет-ғұрпын ғылыми
тұрғыда ұлттың менталитетіне үлкен мән бере
отырып, мемлекеттік қоғамдық бағдарламасына
сәйкестендіре отырып, ана тілі деген ұғым бүкіл
педагогика ғылымының негізгі арқауы болу ке-
рек. Жас ұрпақ бойына адамдық құндылықты,
отаншылдықты, ұлтжандылықты жеке тұлға
ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Кешегі со-
циализмге тән ұғым-түсініктерден бой тар-
тып, тәуелсіздік алған тұсымызда жастар
бойында пайда болған оқыс қылықтар мұны
анық байқатады. Бостандық, тәуелсіздік бізді
бұрынғыдай тежемей, шетелдермен тікелей
байланысқа шығарды. Радио, теледидар, кино,
ұлттық, тіпті кеңестік кеңістіктен шығып кетті.
Батыс елдердің жаппай мәдениеті ықпалына
түсті. Қылмысты оқиғалар мен соғыс, ұрысқа
құрылған, жалаңаш қыздарды, нәпсіқұмарлықты
уағыздайтын фильмдер «қызығы» әлі де
алды-артын барлап дағдыланбаған, ақыл-ойы
толыспаған жастарды баурап алды. Көшенің
тәрбиесі, жаппай келген жаңа мәдениет ықпалы
балаларды ата-ана ырқынан да шығарып жіберді.
Оның үстіне өтпелі кезеңнің жоқшылығына
байланысты бала тәрбиесіне көңіл бөлуге көп
жағдайда ата-аналардың, аға буын ұрпақтың
енжарлығы да ықпал етуде. Мұның келеңсіз
нәтижесін қазірдің өзінде-ақ көріп жатырмыз.
Жастар бойындағы осындай қылықтар,
әсіресе, қыздар тәрбиесінен анық көрінеді.
Қиыншылыққа, жетімсіздікке шыдамай, өмip
үшін күресте табандылық жасай алмай, көбірек
ақша табудың жолында ар-намысын құрбан етіп
көшеге шыққан жастар, жетім балалар үйлерін
толтырып жатқан тастанды сәбилер қай қоғамды
болсын көркейтпейді. Бұл мәселе қазақ халқының
ұлттық менталитетіне жат. Сырттан келген мода-
мен киініп, санын жалаңаштап жүру де, темекі,
арақ ішу де көрінген еркектің көз сүзуіне апара-
тыны жасырын емес. Қазақ қызын ертеден-ақ
осыдан сақтандырған. «Қызға кім қызықпайды»
деп қарау әуелден-ақ бар. Адамдық мінездің
осындай әлсіз жақтарына ата-ана тәрбиені
қарсы қойған. Осыдан барып біздің ұлттық
құндылықтарымызда сүйгеніне сіңіре отырып,
тазалық пен берік махаббаттың иeci қыздар
бейнесі қалыптасқан. Оларды кейінгі ұрпақ өз
балаларына өнеге етіп, дәріптеп, жалғастырған.
Қыз Жібектің, Баян сұлудың, Қарашаштың әдеби
бейнелері тек сұлулықтың ғана нышаны емес,
ақылды жардың, қиыншылықта тапқырлық
ерлігімен көзге түскен қайраттылықтың
символындай қалыптастырған. Халық «қолаң
шаш, қиғаш қас, ақылына көркі сай» де-
ген теңеулердің барлығын қыздарға арнаған.
Қыздың бүкіл мүсінін суреттеу, білегін, қыпша
белін, оймақ ауыз екенін сипаттау, әдептілігі
мен жүріс-тұрысының сыпайылығын аңғарту
да олардың бейнесін толықтырған. Осымен
бүгінгі қазақ қызының келбетін салыстырып
қарасаң, ұлттық дәстүрден қаншама алыстап
кеткенімізді көреміз. Әрине, қоғам да, өмір де,
адам да бір қалыпты тұрмайды. Бүгінгі қызға
Жібек бол, Баян бол, Қарашаштай бол деп талап
қою да қиын. Мәселе сондай қазақ қыздарының
бойындағы ұлттық әдептілікті, сұлулықты,
мінезділікті сақтап жаңғырта білуде, жаңа за-
ман жастарға білім беруде, рухани өсуіне,
ұлттық әдет-салтпен ұштастыра білуінде.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ә.С.Бейсенова –
География ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «география және экологиядан
ғылыми-әдістемелік орталығының» меңгерушісі
ҚАСИЕТІМІ3ДІ ҚАСТЕРЛЕЙІК, хАЛАЙЫҚ!
15
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Халықтық педагогика мәселесі жастар тәрбиесі
– жалпы ұлттық тәрбиенің ішіндегі ең күрделісі
және қиыны. Оны ұзақ жылдар жоғарғы мектеп-
те сабақ бере жүріп, жастарды тәрбиелеу iciнe
атсалысқан біздер жақсы білеміз. 1960 жылдары
Қазактың Абай атындағы педагогикалық инсти-
тутында (қазіргі университет) қызмет icтеген
бір топ ұстаз-педагог бірiгіп «Кел, қыздар,
сырласайық» деген клуб ұйымдастырдық. Сон-
да біздер қыздардың білікті маман ғана емес,
тәрбиелі, болашақ ана болуы қажеттігіне мән
берген едік. Әрбір қыздың жүріс-тұрысын,
киім киіну, құрбы-құрдастарымен, айналасымен
қарым-қатынасы – бәрі де арнайы білім берумен
бірre біз оларға дүниеқорлықтан, рушылдықтан,
жершілдіктен т.б. тepic ұғымынан гөрі, ұлт
татулығын, адамгершілік қасиеттерін көбірек
айтып бойларына cіңіpe отырып, тәрбие өзегіне
айналатын. Оқу бітіріп, ауылға баратын жас
ұстаздардың, болашақ аналардың мәдениетті
уағыздаушы міндеттерін бағдарлайтынбыз.
Сол үшін өнегелі адамдармен, зиялы қауыммен,
мәдениет, әдебиет қайраткерлерімен кездесулер
ұйымдастырдық. Жеке бір мәселенің төңірегінде
(«Ана болуға дайындық», «Жар таңдау», «Бала
тәрбиесі» т.б.) арнайы кештер өткізетінбіз.
Қырық жылдай қызмет істеген осы клуб
кезінде пайдалы қызмет атқарды деп ойлай-
мын. Осы орайда КазПИ-дің өнегелі ұстаздары
Райхан Жұмағазықызы Ержанова мен Бәлия
Рахметқызы Айтманбетовалардың біліктілікпен,
ерінбей-жалықпай атқарған қызметтерін еске
аламын. Олардан сол кездегі жас мұғалімдер
біздің өзіміз де көп өнеге алдық. Олардың мінез-
құлқына, білімділігіне, сабырлы ұстаздығына
өз отбасымыздың тәрбиесін, анамның өнегелі
істерін сабақтастырып, бәрін жастарға үйретуе
асығатынбыз. Бүгін жақсы шәкірттерімнің жылы
сөздерін естігенде, сол еңбегіміздің өлмегені
деп ойлаймын. Ұстаздарымнан aлған тәрбием,
өзімнің кейінгілерге көрсеткен өнегем, соңғы
жылдары Қазақстан Республиқасы Президенті
жанындағы Отбасы және әйелдер icтepi
жөніндегі ұлттық Комиссиядағы қызметіме де
көп пайдасын тигізіп жүрді. Онда мен «Балалар
құқығы туралы», «Адамгершілік, жыныстық
тәрбие туралы» зандар жобасын дайындауға
қатыстым. Қазақ жастары тәрбиесінің бүгінгі
проблемаларын талқыладық. Қай кезде бол-
сын қиын мінезді балалар болады және олар
жиі кездеседі. Оларды сол жағдайдан алып
шығу үшін ата-ана баласының қиқарлығын,
ұстаздың мойнына артып қоймай, біргe жұмыс
жасауы керек. Мектептегі балалардың білімімен
біргe ұстаз өзіне де талап қоя отырып, ата-
ананың көмегімен болашақ, ұрпақтың білімдар,
мәдениетті, тәрбиелі болуын көздеу керек.
Қыз баланың алдында күтіп тұрған өмip
қандай болады? Оны болжау қиын. Соның
қайсына болсын, дайын тұру керек. «Адам өз
бақытын өзі жасайды» деп тегін айтылмаған.
Жақсы, өнегелі нәрсені адам өміp бойы
қабылдап, үйрене беру қажет. «Жүз жыл өміip
сүрсең, жүз жыл оқың» деген осыдан шыққан.
Отбасында ерін сыйлап көрмеген әйел өзін де
сыйлата алмайды. Сен шәкртіннің тәрбиешісі
ғана емессің, өзіңнің де, айналаңның да
тәрбиешісісің. Мұны мен ұзақ жылдар мәдениет
пен ғылымның, әдебиетті үлкен ағаларының
отбасымен араласа жүріп, бойыма сіңірдім.
Үлкен аналық даналығы мол Сәбит
Мұқановтың жары Мәрия апайдың өзі – бір мек-
теп. Fабиденнің жары Зейнел апайды, Әбділданың
жар Сара апайды, Ғали Ормановтың жары Айтба-
ла апайды біз ғана емес, бүкіл әдебиетшілер, зи-
ялы қауым ана тұтатын. Солардың кең пейілінің
арқасында жазушылар одағында болып өткен
у-шудың бәрі үн-түнсіз тарап жататын. Олар
бір еркектің ғана емес, бүкіл әлеуметтің ба-
бын табушы еді. Жазудан жалыққан, шаршаған
кезінде, әдебиет мәселелерін солардың үйінде
талқылауды
ұйымдастырып,
достарын,
тілектестерін жинап отыраты. Соларға ерген
біз де алды-артымызға қарап, соңымыздан бір
әңгіме шығь қала ма деп қипақтап, қымсынып
жүретінбіз. Сол апаларымыз бен ағаларымыздың
алдын кeciп өтпей, қас-қабақтарына қарадық.
Кейін араласа жүріп, солардың өлгені
ризалық айтты, тipici әлі де батасын береді.
Бұл тәрбиедегі ортаның күші. Бұған на-
зар аудармай болмайды. Қазір орта түгіл, өз
ата-анасының көңілін аулай алмайтын жастар
көбейді. Кейінгі кезде қазақ әдетіне жат, өзін
өcipiп, тәрбиелеген ата-анасын қарттар үйіне
апарып тастайтындар көбейді. «Қалада оқу
оқып жатырмын» деп, ата-анасының азын-аулақ
ырзығын шашып, өздері оқу емес, жын-ойнақтың
ортасында жүрген қыздар мен жігіттер бізде аз
кездеспейді. Басының қайда қалғанын білмей,
баянсыз жар, бақытсыз ата-ана болатындар осы-
лардан шығады. «Қазақ қыз өссе елдің көркі»,
«Қызға қырық үйден тиым» деуші еді. Сол желіні
16
бүгін үзіп алғанымыз өкініштi. Ұлттық тәрбиенің
негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік
жырының әлдиімен беріледі. Құлағына ананың
тілі мен әлди-бөпе ырғағы сіңіп өспеген баланың
мінез-құлқы қазақша қалыптаспайды. Олар
басқа ортаға икемделгіш келеді. Мен көшеде бір
машина тоқтатып мінгенім бар. Жүргізуші бала-
қазақ екен. Қазақша тәп-тәуір сөйлейді. Бірақ,
машинаның ішін шулатып рок-музыка қойыпты.
«Қарағым-ау, қазақтың баласысың. Тілің де жап-
жақсы, қазақша музыка неге қоймайсың?» де-
сем, әлгі бала: «Ой, апа, қазақ музықасын кім
тыңдайды» дегені. Қазақ әні жанын тербемеген
әлгі баланың жан дүниесі қазақ деп кім айтар?
Қазір мектептер мен жоғарғы оқу орнын-
да оқып жүргендердің көбі-осы ұғымда жүрген
жастар. Олар жақсы уйренген шала-шарпы
орысшасын қосып сөйлеп, қазақшаны белінен
басып бүлдіріп барады. Көшеде топталып келе
жатқан қазақ балаларының сөзіне құлақ тоссаң,
осыны көресін. Қазақша газет оқымайды,
қазақ тілін дамыту жөнінде жүріп жатқан
әңгімелерден өздерін аулақ ұстайды. Қазақ ра-
диосын тыңдамайды. Coл кезде қазақ радиосы
ұлттың тілі мен ұлттық дәстүрді насихаттау-
да басқа бұкаралық ақпарат құралдарынан көп
ілгеpi кетті. Олар бұл салада тұрақты, жүйелі ха-
барлар таратуда. Радиодан берілетін ән-күйлер
жинағы әр үйде болса, оны үйде жиі тыңдауды
ұйымдастыра білсе, бұл да ұлттық тәрбиеге,
тіл дамыту icінe үлкен пайда келтірері сөзсіз.
Қaзipгi жастарды бұзатын, тepic жолға
түсіретін жәйдің бірi - дүние құмарлық.
Тәуелсіздік, нарық біреуді бай етіп, біреулерді
кедейлендірді. Байығандар дүниенің қызығына
түсіп, қазақтың қарапайым мінезінен ажырап
барады. Бізде жоғарғы оқу орнында оқитын
балалардың ішінде малынып киініп, қымбат
тонын сүйретіп, қолындағы алтын жүзігі мен
білезігі мен жылтырап, ұялы телефоны сылды-
рап, құлағында музыка тыңдайтыны бар, сабаққа
машинамен келетін жастар көбейіп кетті. Осының
бәрі өз еңбегімен табылмаған нәрселер ғой.
Осындай модамен мұғалімдерге қыр көрсетіп
жүргендер сабақ оқымайтыны да белгілі. Кейінгі
кезде жоғарғы оқу орындарының ұстаздарын
орынсыз айыптап, сынаққа, емтиханға ақша ала-
ды деп жиі айтылады. Мұның негізі балалардың
сабаққа қатыспай, сынақ пен емтиханға ақша
бepiп өтуді машықтанған әдетінің салдары және
ол ата-анасынан алған ақшасын сынақ пен емти-
хан үшін бердім деп өтірік айтады. Сөйтіп, ата-
ана баласының білімін қадағаламай, олардың
болашақта білімсіз маман болып шығуына жол
береді. Егер ұстаздар тарапынан ескерту ecтice,
дереу оның ата-анасы басшыларға шауып,
мұғалімдерге қысым жасай бастайтыны да жа-
сырын емес. Осындай ата-ана не ойлайды? Қызы
мен ұлының келешегін бе, әлде оның бүгінгі
көз алдаған жалған бейнесіне мәз бола ма?
Кейде ата-ене мен келіндердің келісе
алмағаны жайлы әңгімелер жиі естіледі.
Әлгіндей келіндер қарапайым ата-анамен сиыса
ала ма? Қызына жалғыз басты күйеуге шық, биз-
несменге шық деп үйрететін аналар осылардан
шығады. Баласын шын жақсы көрген адам алды-
мен оның тәрбиелі болуын ойлауы керек қой. Ол
отбасынан, айналасынан жақсылыққа үйренсін,
өзі де айналасына жақсылықтың нұрын ceпсін.
Жастарға алдымен адамдық жолы адал
еңбекте, қарапайымдықта, кісілікте екенін
үйрету керек. Осындай тәрбие алған қыз
біреудің еденін жуып, үйін жинап берсе де, адал
қызметпен ақша табады. Көрінгеннің қойнында
жатып тапқан арзан ақшаға әкелген ас та арам.
Балалы әйел oны бөбегіне қалай ұсынады. Мен
осындай бір мінезін байқап қалған келіншекпен
әңгімелескенде, оның «Ой, апай, жас балам бар,
оны қалай асыраймын? Күйеуім арақ ішкен соң
қуып жібердім» деген жауабын естідім. Осы да
ақталу ма? Асханада аспаз бол, шаштараз бол –
қызметтің үлкен кiшici жоқ, адал еңбектің бәрі
бір. «Бірақ тез табылатын арзан ақшаға қызығып,
намысыңды қорлау, балаңды арам аспен асырау
адамдық ар-ұят жарамсыз екенін түсін», - дедім.
Әйелдің бақыты – ана болу, ананың бақыты –
ұрпақ өcipy, тәрбиелеу. Бала көтеріп, босану, бала
емізу – ананың ең бір бакытты шағы. Алпыс екі
тамырың иіп, жан-жағыңдағы дүниенің бәріне
маужырай қарап, бөбегіңе иіген көңілің аналық
мейірімді тасытады. Меккеге үш рет арқалап
апарған баласына менің бір түнгі ұйқымды бөліп
емізгеніме татымайды-ау деген ана осы шағын
eciнe алған болар. Осыны ақтайтын бала болса...
Ананың осы ұлы қызметіне арналған жырлар
қазақ ақындарында каншама! Ж.Молдағалиевтің
«Мен қазақ әйеліне қайран калам» дейтін бір
өлеңнің өзінде қаншама керемет ойлар тұнып
тұр. Қазақ қыздары көркем әдебиетті аз окиды.
Осыны айтқанда, мен қазақ әйелдерінің,
әcipece, қала тұрғындарының бір-eкi баламен
шектеліп қалуын еске аламын. Мұның өзі ұрпақ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
17
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
үшін қayiптi. Орыстарда «бір ұл – бала емес,
екі ұл – жарты бала, үш ұл ғана бала» деген сөз
бар. Бірен-саран бала кездейсоқ жағдайларға
душар болып, ата-ананың ұрпақсыз зарлап
қалғанын талай көріп те жүрміз. Мен қазақ
әйелдеріне туа беріңдер, балаларың көп бол-
сын дегім келеді. Жастай туған бала өзімен
бірre ер жетіп, кейінгі бауырларын өздері
тәрбиелеп кетеді. Көп балалы отбасында өскен
балада өзімшілдік, қызғаншақтық мінез бол-
майды, олар бірінің ecкiciн бірi киiп өседі.
Қазір балаларды өзара жарыстырып
киіндіру, бәріне шетелдің модалы киімдерін
әперу сайысқа айналды. Осы жай балалардың
арасында қызғаныш мінез тудыратынына,
олар өзімшілдікке тәрбиеленетініне ешкім
көңіл аудармайды. Tіпті машина мініп,
алшаңдап жүрген балалар да аз емес.
Қыз тәрбиесі – біздің қоғамымыздың негізгі
ұстанымдарының бірі. Халықтың тең жартысы-
нан көбi әйелдер. Олардың тәрбиелі болуы ба-
стары үшін ғана емес, бүкіл қоғамның рухани
өміріне ықпал етеді. Ол ана болып, балаларын
тәрбиелеумен қоса, қоғамдық icтepгe араласады.
Соның бәріндегі кемшіліктер мен жаңсақтықтарға
ана көзімен қарайды. Қазір поездарда жолсеріктер
түгелімен қыздар. Ұшақтардағы стюардес-
салар қыздар. Олар айналасына әсемдіктің,
тазалықтың, сыпайылықтың ұрығын ceyiп
жүруі керек. Сонда қоғам тазарады, әсемдікке
бет бұрады, ана көңілімен қайта жаңарады.
Қыз тәрбиесі жөнінде айтқанда, мен біздің
қыздар түгелдей бұзылып кетті деуден аулақпын.
Жақсы, ақылды қыздар бізде аз емес. Соны-
мен қатар, қоғамның өткінші кезеңінде әлі
де тұрақтанып болмаған мінез-құлықтардың
ырқына түсіп кеткендері де бар. Мәселе –
осылардың тәрбиесін жақсарту жөнінде.
Қыздардың жеңіл жолға түciп кетуі тура-
лы сөз еткенде біз жігіттердің кінәсін де жоққа
шығаруға тиістi емеспіз. Жас балалар мен
жігіттерді былай қойғанда, сақалы шыққан
азаматтардың өзі қыздаға көз сүзіп, реті кел-
се қолын, тізесін сыйпалауға әуес келетіні бар.
Солардың көбі қыздың әкeci, қыздың ағасы.
Өз қызына бірey солай қарап жатса, қайтер еді.
Мұндайлар жоғарғы мектеп ұстаздары ара-
сында жиі кeздeceдi. Кейде автобуста, театрда,
кинода жасы үлкен жігіттердің немересіндей
қыздардың жанында ыржыңдап отырғанын
көресің. Солар қоғамның сәнін бұзбайтын,
қайта оны нығайта түсетін, әдеп, мәдениет де-
гендер барын ойласа ғой. Адам жігіттігімен
емес, жақсы мінез-құлқымен, адамгершілік
қызықтарымен көзге түсуге ұмтылса игі.
Kөп жағдайда отбасының бұзылуына әйелдің
мінезсіздігі себеп болатыны даусыз. «Қыз кезінде
бәрі жақсы, тілі ащы, жаман қатын қайдан
шығады» деген қазақ. Жардың жақсы болуына,
тәрбиесіне қазақ халкы көп көңіл бөлген. Жас
келінді ата-анасы қолында ұстап, тәрбиелеген.
Әбден қалыбына келген кезде ғана отау кып бөлек
шығарған. Әйел тәрбиесіне оның epi де елеулі
үлес қосқан. Сол тәрбиенің нeгізi бірiн-бірi сүюде,
сыйлауда екені белгілі. Бipaқ, бұл жас келіннің
күйеуінің жүріс-тұрысын аңдып, оның азаматтық
құқына шек қоюмен еш байланысты емес.
Қaзip еркектің екі-үш әйел алуына болады
деп әңгіме тарап жүр. Tіпті, таяуда теледидар-
дан осы мәселеге үлкен пікip алысты. Мұндай
әңгімелер қыздардан, әсіресе, күйеусіз отырып
қалған қыздардан шыққан. Оларды да түсіну ке-
рек. Жалғыз басты боп, немесе бірep әкесіз бала-
мен отырып калған әйелдер өзіне cepiк, баласы-
на әке іздейді. Бipaқ, бұл адамгершілік тұрғыдан
ойластырылмаған дүние. Біреудің жары саған
қосымша күйеу болып жарыта ма, қосымша
күйеу өмірлік cepiк бола ала ма? Қыздар осыны
неге ойламайды? Жок, оларды қызықтыратыны
жігіттердің материалдық көмегі ғана сияқты.
Әcipece, ақшалы бизнесмендердің eкi-үш әйел
алу мәселесін көтеруін қалай түсінеміз? Сон-
да олардың отбасы, бала тәрбиелеудегі ортасы
мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қайда
қояды. Десе де олардың бәйбіше мен тоқал
арасындағы қызғаныш пен күншілдік өртi,
болашақ ұрпақтарына қандай тәрбие бермек. Ал,
соның ececiне жетімдер мен қарттар үйіне көмек
берсе, олардың аттары мен атақ-дәрежелері
одан арман биіктей түспес пе еді. Әрине, бұл
мәселелер әлі де шешімін таппай ашық калып
отыр. Көп әйел алушылықтың әлеуметтік орта-
сы бөлек. Құнанбайдың төрт әйелі төрт ауылды
ұстаған. Әр ауылдың малы, малшылары, қора-
қопсысы болған. Соның бәрін бір жерге жиюға
болмайтын болған соң және әр қайсысын бір-
бірiнe қоңсы қондырмай, тәуелсіз ұстаған. Оны
Құнанбайдың жағдайы көтерген. Кейде Абайдың
көп әйел алғаны, Сәкеннің серілігі, Әуезовтің
әйелдері жайлы әр түрлі алып кашты әңгімелер
айтылып жатады. Әр қайсының өз себептері
бар. Соны түсініп, ой елегінен өткізіп, әділетті
18
баға беру керек. Екі ақынның бірi Абай емес, екі
суреткердің бірi Сәкен мен Әуезов емес. Оларды
да өз ортасы тәрбиеледі, Сондықтан олар тәрізді
ұлы тұлғалардың қайшылықты жақтарын үлгі
тұтпай, үлкен ақындық, жазушылық өнегесін
жастар бойына дұрыс түсіндіріп, дәріптеп,
үлгі тұтуды дәстүрге айналдыру керек. Мен
өзім ғалым ретінде ғалым адамдармен, ақын-
жазушылармен көп жыл араласа жүріп, үлкен
тұлғалар өмірінің ұсақ-түйегін термей, ұлылығын
танытатын қасиеттерін көруге үйренген адам-
мын. Бүгін біз Н.Тілендиев пен М.Мақатаевтың
мінез-құлқындағы кейбір жайларды еске ал-
май, ұлы сазгерлігін, ақындығын үлгі тұтамыз.
Ұл туса, қазақ ұрпағым жалғасады, отым
өшпейді деп қуанған. Ұлдың өмірде, отбасы
дәстүрінде өз орны бар. Ұзатылған қыздар бауы-
рына «ат байларым» деп көріскен. Қыз, канша
дегенмен, жат жұрттық саналған. Бipaқ, ел мен
елдің арасын жалғастыруда қыздың да орны
үлкен. Қазақ аңызында мынандай бір үлгі бар.
Бip ақсакалдан «Ұлыңыздың әйелі босанып
ұл тудың деп сүйінші сұрай келеді. Ақсақал
сүйіншіге бір қой береді. Eкіншi жолы басқа бір
ұлының әйелі босанып, қыз туады. Ақсақал оның
сүйіншісіне екі кой береді. Бip күні балалары
жиналып қалғанда үлкен ұлы мұны әкесіне өкпе
қып айтады. «Менің ұлым сіздің ұрпағыңызды
жалғастырады, атыңызды өшірмейді. Ал, ciз
қыздың баласына екі қой, маған бір қой бepeciз
депті. Сонда әкесі «Ай, қарағым-ай, сенің ұлың
ұрпақ екені рас, осы үйге, ұзаса осы ауылға ие
болады, ал кыз екі елге ортақ, екі ауылдың ара-
сын жалғастырады, туыстырады ғой» деген
екен. Мұның бәрi рас. Бірақ қазақ дәстүрінде
ұлдың орны ерекше. Оған қарамай, ұлдан қызды
жоғары коятын, оған көбірек қуанатын мінездер
бой көтеріп келеді. Қыз жігітті үйіне кіргізіп
алады. Шаруасын реттейді. Ал, ұл үйленген
соң кетіп қалады деген ұғым қалыптасқан. Бұл
– біздің ұлттық дәстүрімізден тыс, сырттан кел-
ген әдет. Қыздың баласын «жиен» деп емес, «не-
мере» деп атау да орын алган. Ұл туса, бөркін
аспанға атып қуанған, елдің қамқоры болады, жау
шапқанда қолына найза алып, жерін қорғайды
дейтін ұлдардың намысы аяққа тапталып бара
жатқанына кейде жаным ауырады. Ұл мәртебесін
биік ұстау – ата-ананың міндеті. Жігерсіз, опа-
сыз азаматтарды ата-ана кыз тәрбиесіне кандай
жауапкершілікпен қараса, оған болашақ жақсы
жар, ел қамқоршысы етіп тәрбие беру керек.
Ұлына азамат деп қарап, келініне өз баласындай
тәрбие 6epin, тең ұстаса, сол мәртебе биіктей
түседі. Ұлга ұлша, келінге келінше қараған абзал.
Кейде жаңа түскен келінге «келін» деп айтпай-
мын, «қызым» деп айтамын деп жатады. Жақсы
көріп сыйлағанының белгісі шығар, бірaқ «келін»
деген қасиетті сөзді ұмытуға бола ма? Әр нәрсе өз
мағынасында, өз орнында ардақты, қазіргі келін
«келін» болып тәрбие алсын, келіннің қызметін
аткарсын. Келіннің тастай батып, судай сіңyi
- ата мен енеге де, әке мен шешеге де қуаныш.
Қaзipгi жастар тәрбиесінің ең бір осал
жері – патриоттық тәрбие. Отан сүю, халқын
қадірлеу, жақсы көру сезімдері студенттер мен
мектеп оқушылары арасында, біздер бұрынғы
қалыптасқан ұлттық идеологияны жетілдіріп,
насихаттай алмай келеміз. Мұның бәрі біздегі
идеологиялық
жұмыстың
жетімсіздігінен.
Әнұран қабылдадық, бірaқ оны ешкім айтпай-
ды, мәтінін де жатқа білмейді. Мемлекеттік
елтаңбаны, көк байрағымызды қадыр тұту,
сыйлау дегенмен де ешкімнің жұмысы жок.
Бұл салада жүргізіліп жатқан жұмыс та мар-
дымсыз. Таяуда Ы.Алтынсарин aтындағы
Білім Академиясы жүргізген социологиялық
анкетаның қорытындысы мұны анық байқатты.
Біздің идеологиямыз ата-бабаларымыздың,
елдің салт-дәстүр адамгершілік өнегелері
арқылы, аңыздары мен жырларында калыптасқан
діни ұғым, салттың да идеологиялық мәні,
үйретері бар. Тек осының бәрi прогресске, қазақ
халкының келешегіне қызмет етсе болғаны. Ал,
кейде салт-дәстүрдің, діни уағыздың ескішіл,
кертартпа жақтары үстем боп кететін шақтары
байқалады. Келін болдың екен - басыңа жаулық
сал, ата-анаңа келінше қызмет ет деген бір жақты
талаптар кездеседі. Біздің атам заманнан ұлттық
ерекшелігміз - қыз бала тұмшаланып жүрмеген,
орамал салу әйелдіктің белісі деп қараған. Өлік
жөнелтуге әйелдердің қатысуына тыйым са-
лады. Әйелдер мен қыздардың ата-анасымен
қоштасуына қарсы болу қандай ақылға сия-
ды? Осындай дәстүрсымақтардың бәріне сын
көзбен қарап, қоғамдық даму, прогресс жолы-
нан ысырылып қалып қоймауды ойлау керек.
Дін деген де – үлкен ғылым саласы. Оны тану,
білу керек. Ауылдың шала молдаларының
ережелері дін танудан мүлдем бөлек. Дін
қағидалары адамның көңілінен шыққан кезде
ғана ғылымдық, білімдік, тәрбиелік мән алады.
Осымен байланысты дінді құдай жолы, хақ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
19
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жолы деп түсінбей, оны күнкөріске айналдырып
жүрген жастарды мысалға алайық. Көшеде жал-
данып, басқа діндердің уағызын айтып, әдебиетін
таратып жүрген жастар қай құдайға жұмыс icтeп
жүр дейсіз? Басқа дінге барғаны үшін, соған
қызмет icтегенi келгендерге сол дін өкілдері ақша
телейді. Қазіргі қиыншылықтан құтылудың бір
жолын осыдан іздеген кейбір жастар біртіндеп,
сол дінді бойына cіңіріп, нанымына айналдырып
алганын сезбей де қалады. Осы жайында кейінгі
жылдары жазылып та жатыр. Бірақ оған тегеурінді
бөгет жасаудың жолын әлі ешкім ойлаған жоқ.
Бұл мемлекеттің, ислам дінін қорғаушылардың,
жалпы
мұсылман
қауымының
ici.
Осының бәрін айта отырып, болашақ ұрпақты
сауатты, білімді, ұлттық дәстүрде тәрбиелеуде
ата-ананың ролін көтеру, мемлекет мекемелердің
қамқорлығын арттыру қажеттігіне назар
аударғым келеді. Бұл салада педагогика ғылымы
да тыс қалмауы керек. Ұлттық әдет-ғұрыпты,
салт-сананы халықтық педагогика деп танып,
соны бүгінгі ғылым қағидаларымен байланы-
стырып дамыту, оны насихаттау осы ғылымның
үлкен міндеті. Соны ұлт тілімен тығыз бірлікте
жүргізу қажет. Сонда ғана педагогика тәуелсіздік
жағдайдағы ұланғайыр міндетін атқарады.
Мен ұзақ жылдар экология деген ғылым са-
ласымен шұғылданып келе жатқан адаммын.
Сонда көзім жеткені - қазақ даласында радиация
таралмаған жер жоқ. Бірқатар облыстарды ара-
ладым, ipi өндіріс орындарында болдым. Кеңес
кезінде еліміз үлкен индустриялы мемлекетке
айналды. Бірақ жер байлығының құнарлығын
жоғалтып алдық. Мал ауруы көбейді, саны
азайды. Бала туу азайып, олардың ішінде ауру
балалар саны өcтi. Бұл - қазақтың болашағына
зиынын тигізетін ауыр жағдай. Мұндай күйде
ұрпақ өcipy, Қазакстан халқын таяу жылдары
20 миллионға жеткізу Президент жолдауын-
да көрсетілген үлкен бағдарламаны icкe асыру
улкен мемлекеттік қамқорлықты қажет етеді.
Туған баланы күту, тәрбиелеу де оңай
жұмыс емес. Оларды киндіруге, орауға пайда-
ланатын материалдардың көбі де синтетика.
Синтетика деген ауа жібермейтін, аллергиялық
аурулардың қозуына себеп болатын, жас орга-
низм үшін басқа да жағымсыз жағдайлар туды-
ратын материал. Әдемілеп тiгiп, сыртын жыл-
тыратып қойған соң, тәжірибесіз ата-ана оған
қызыға қарайды. Халықты сөйтіп алдамай, ба-
лалар киімін таза мақта, жүннен тоқылған зат-
тардан, таза кездемелерден тіксе дұрыс болар
еді. Бұған шетелдің арзан спорттық қытай аяқ
киімдерін киген балалардың ертерек ревматизм,
жүрек ауруларына шалдығатынын қосыңыз.
Мұндай факторлар көп. Teгi балалар, жастар
киімдерін тiгy мен сатуды сауда адамдарын
ырқына бepiп қоймай, денсаулық сақтау орган-
дары тарапынан мемлекет бақылау қою қажет.
Туған таза табиғаттың аясында өciп, ақыл
ойы, дені сау боп ержеткен ата-бабаларымыздың
тіршілігі - қазір бізге арман. Олар арақ-шарапты,
темекіні, аллергия дегенді бімеген. Ақыл-
ойы да еркін жетіскен. Бүгін ақыл-ой кемістігі
көбейді. Соның бәріне жұтатын ауаның, ішетін
судың тазалығы, топырақ пен өсімдіктердің
түрлерінің азаюы әсер етіп жатқаны жасы-
рын емес. Жастар бойындағы жеңілтектік
пен ұшқалақтық, ашуланшақтық мінездерді,
сол сияқты кейінгі кезде жиі байқалып
жүрген жастардың өзіне қол жұмсауы да
осы экологияның нәтижесі болып табылады.
Ғылымның қай саласын алмайық, атақты
ғарышкер ме, актер мен актриса ма, балерина мен
жезтаңдай әнші ме, елдің рухани санасын оята-
тын күйші-сазгерлер ме, атақты өнертапқыштар,
мүсіншілер мен суретшілер ме, өздерінің білімін
жетілдіре отырып, өз саласындағы ғылымды
дамытушылар ретінде халықтың мұрасын
байытушы. Жоғарыдағы ғылым салалары бір-
бірiмeн ажырамайтын, бірін-бірi толықтыратын
жүйе бoлып табылады. Дамыған дәстүрлі
ғылымның жүйесін үзіп алмай, жacтapдың
бойына қалыптасқан ғылым салаларындағы
жетісттіктерді cіңірe отырып, жаңа тұлғаны
қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Өткен дәуірдегі халықтың даналары -
шешен-билер, жыраулар, ақындар, халықтың
жоғын жоқтап, әділеттіліктің нәрін себе отырып,
болашақ ұрпағына мол тәрбиелік қор қалдырған.
Халық оны сақтап уағыздаған. Бүгінгі Елбасының
халыққа жолдауы мәдени мұраны жаңғырту
еліміздің елдігін, мемлекеттің бұрынғы болған
тарихын тірілту арқылы елдің болашағына жол
сілтеудің негізгі бағдарламасы болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманда болса да күн
тәртібінен түспеген. Оны жақсарту біз сияқты
жас тәуелсіз мемлекет үшін тіпті қажет. Біздің
қоғамның болашақ иелері, мемлекетіміздің
нығайып, аға буын бастаған істерді алға апару-
шылар - солар. Сондықтан оларды еліне, заманы-
на сай тәрбиелеуден күш-жігерін аямаған абзал.
20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |