Бас редактор



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

К.И.Құдабаева – 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық  университеті,
 Астана қаласы
ЭТНОДИЗАЙН ӨНЕРІН  ИГЕРТУДІң ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Қоғамның  негізгі  мәселелерінің  бірі 
–  болашақ  дизайнерлер  даярлау.  Болашақ 
дизайнерлерді  даярлау  барысында  халықтың 
ғасырлар бойы жинақталған сәндік-қолданбалы 
өнері  мұрасын,  этнодизайн  ретінде  оқу-тәрбие 
үдерісінде білімдік және тәрбиелік тәжірибесін 
тиімді пайдалану назарға алынып отыр. 
Қазақстан  Республикасының  2007  жыл  15-
ші тамызындағы Білім туралы заңында «Ұлттық 
және  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым 
мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адам-
ды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік 
шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау»  [1],–делінген.  Келе-
шек  ұрпақты  әлемдік  және  ұлттық  мәдениет 
деңгейіне  көтеру,  пластикалық  және  көлемді 
пластикалық өнерден этнодизайнер мамандарын 
саналы  да,  білімді  етіп  қалыптастыруда  тиімді 
жағдайлар жасау, көбіне дизайнерге тікелей бай-
ланысты. Өткеннің тәжірибесін жастардың бой-
ына  дарыту,  озық  рухани  дәстүрді  жалғастыру 
арқылы  ұрпақтар  сабақтастығының  үдерісі 
жүреді. Бұл үдеріссіз қоғамның өркениетті елдер 
деңгейіне жетуі мүмкін емес. 
Дегенмен бүгінгі таңда жоғары оқу орында-
ры  білім  берудің  жаңа  технологиясын  енгізуді 
көздейді.  Жоғары  оқу  орындарында  руха-
ни  байлықты  дамытуда  және  көркемдік  білім 
берудің  құндылығын  арттыруда  этнодизайн 
материалдарын  пластикалық  және  көлемді 
пластикалық  өнерде  пайдаланудың  теориялық 
және  практикалық  қажеттілігі  туындаған.     
Студенттердің  этнодизайн  өнерінің  заттары 
мен  бұйымдарын,  туындыларының  қоғамды 
жаңаша  дамытуда  қажет  құрал  екендігін  жете 
түсіне білмейді, оны бұрынғы артта қалушылық 
көзқарас деп қарауы қолөнеріміздің құндылығын 
кері  тартады.  Оған  себеп  не  десек,  этноди-
зайн  материалдарын    педагогикалық  үдерістің 
негізінде  игермегендігінде.  Демек,  дизайнер-
лерге  этнодизайнан  студенттерге  білім  беруде 
дұрыс көзқарасы болып, сауатты игерулері үшін 
педагогикалық  үдерісте  көлемді  пластикалық 
өнер туындыларын ұсынамыз. 
Атап айтқанда, қазақ халқының мәдени мұрасы 
арнайы  пәндер  циклінің  B5042200  –  «Дизайн» 
мамандығы  бойынша  типтік  бағдарламасында 
“Этнодизайн  негіздері”  деп  берілген.  Бұлайша 
шектеумен 
келісуге 
болмайды. 
Сәндік-
қолданбалы  өнер  XIX  ғасырда  өз  алдына  өнер 
түрі болып бекітілген, демек, біздіңше зергерлік, 
ағаш  ою,  оның  топтарға  бөлінуі  “қолөнер 
түрлері” деп, ал ою-өрнек қолөнердің тірі және 
өлі  табиғи  зат  формаларының  өрнектелген 
әшекей сюжеті болып “ою-өрнек классификаци-
ясы” деп аталуы тиіс. Сәндік-қолданбалы өнерді 
бейнелеуге де, образдар жасауға да, тірі мозаи-
ка (шөпті, гүлді егіп) ою-өрнек құрастыруға да, 
компьютерді  кеңінен  қолдануға  болатындығы, 
көркемөнер каллиграфиясын, киім-кешек дизай-
нын  жасауға  болатындығына  көңіл  бөлінбеуі, 
тек  қана  іс-әрекетпен  шектелуге  жол  беріліп 
отыр. Сәндік-қолданбалы өнерді жеке пәндерде, 
мысалы, (ғылыми-практикалық конференция ма-
териялдарынан) геометрия сабағында киіз үйдің 
төбесін қиық конус  деп сауатсыз тұрғыдан кол-
данып жүрген оқытушылар да бар. Студенттердің 
протодизайн,  этнодизайын  өнерін  терең  игеруі, 
көрнекілік  ретінде  қолдану,  графикалық 
мәдениетті  игеру,  көрнекілікте  жобалау,  фор-
маларды  жобалауда  (клаузура)  студенттердің 
қабілетін,  ерекшелігін  ескере  отырып  жасай 
алу,  қолөнер  туындыларының  мән-мағынасын, 
жасалу  әдіс-амалын  жете  меңгеруі,  барлық 
әдістемеліктерге  дидактикалық  материалдар 
ретінде  пайдалану  мүмкіндіктері  келеді  және 
тәрбие  жұмыстарда  кеңінен  қолданыла  алады. 
Барлық халықтар мәдениетімен таныс болу және  
өздік ерекшеліктерін айыра білу қажеттілігі ту-
ындайды. Демек, студенттер этнодизайн өнерін 
ғылыми  тұрғыдан  меңгерсе,  онда  олардың 
білім,  білік,  дағдылары  қалыптастырылып, 
адамгершіліктік және жеке тұлғалық сапасы ар-
тып,  шығармашылық  қабілетіне  орай  креатив-
те  дамиды.  Барлық  пәндерге,  көркем  жобалау, 
құрастыру  жұмыстарында  этнодизайн  матери-
алдарын  пайдалану  студенттердің  қабілеттері 

107
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
кеңейіп, жеке тұлға ретінде кәсіби даярлықтарын 
арттырады. 
Теория 
мен 
практикада 
этнодизайн 
өнерінің көркем туындыларын дизайнды оқыту 
үдерісінде  пайдаланудағы  қажеттілік  өлшеусіз 
өсуде,  дизайнерлерді  даярлауда,  оны  ұтымды 
пайдаланудың  теориясы  мен  әдістемесі  өз 
деңгейінде жасалмай отыр.  Жоғары оқу орын-
дарында  этнодизайн  өнері  дизайнерлерді 
даярлаудың  қажеттілігі  мен  сәндік-қолданбалы 
өнерді  дизайн  өнері  үдерісінде  пайдалану-
ды  ғылыми  тұрғыдан  толық  қарастырылмауы 
аралығында  қарама-қайшылық  туындаған. 
Осы  қайшылықтарды  ескере  отырып,  этно-
дизайн  өнерін  оқыту  үдерісінде  пайдалануға 
студенттердің  даярлығын  қамтамасыз  ететін 
шарттарды белгілеу негізгі мәселелердің бірі бо-
лып табылады. 
Этнодизайн-футуризм  XX  ғасыр  (1909-
1920ж.ж.)  басындағы  өнер  бағыты,  әдебиет 
пен  кескіндеме,  мүсін  мен  сәулет,  фотография, 
кино  және  театр,  дизайн  мен  сәнді  қамтыды. 
Негізгі  идеясы  түрлі  өнер  түрлерінен  алынған, 
көркемөнердің  мәнерлі  тәсілі,  әр  халықтың 
ұлттық мәдениетімен байланысты болды.  Мәдени 
мұраның бір саласы ретінде этнодизайн өнерін 
насихаттай  отырып,  оның  одан  әрі  қоғамның 
сұранысына  қарай  жаңаша  дамуына  жол 
ашудағы ең басты мақсатқа тоқталатын болсақ. 
Ол – болашақ дизайнерлерге білім беруді дұрыс 
жолға  қойып,  сонымен  қатар  оқыту,  тәрбиелеу, 
дамыту, 
адамгершіліктік-шығармашылық 
үдерістерді  ескере  отырып,  студенттердің 
көркемдік  мәдениетін  қалыптастыруды  және 
шығармашылық  пен  кеңістікте  қиялдау 
қабілетін одан әрі креативті дамытуға бейімдеу. 
Міндеттері:  студенттерге,  яғни  болашақ  дизай-
нерлерге көлемді пластикалық өнерді мақсатты 
қабылдап, түйсіну дағдысын, этнодизайн туралы 
өз  көзқарасын,  пікірін  айта  білу,  оның  мәнерлі 
тілін  түсініп,  қолөнер  түрін  дәріптеушілердің 
жасаған  туындыларын  талдай  білуге,  соны-
мен қатар студенттердің оған деген дұрыс және 
негізгі баға беруге жетелеу дағдысын іске асыру, 
қоғамды жаңаша өзгерту жұмыстарында  пайда-
лану. Тірек жобалармен білім беру – алған білімді 
көзбен көріп тұжырым жасап отыруда пайдалы. 
Қазақтың  материалдық  мәдениетінің  негізі 
сәндік-қолданбалы  өнерден  басталады.  Онда 
пластикалық  және  көлемді  пластикалық  өнер 
мәдениеті  графикалық  сауаттылықта  көрініс 
береді.  Болашақ  ұрпаққа  материалдық  мәдени 
мұрадан  білім  беріп,  білігін  қалыптастырудың 
жаңаша  жолдарын  іздестірудеміз.  Соның 
бірі  сәндік-қолданбалы  өнер  тарихы  мен 
әдістемесінің  қомақты  үлесін  алып  тұратын 
оның  теориялық  мазмұнын  дайындау  қажет 
болып  табылады.  Оның  бір  бөлігі  лекция-
лар  болса,  біз  соның  әдістемесін  мамандыққа 
байланысты  жасауды  көздедік.  Оны  қысқаша 
мақалада  ұсынып  отырмыз.  Мысалы,  сәндік-
қолданбалы өнер материалдарын қолөнершілер 
зияткерлікте эмоционалды қабылдап және раци-
оналды шешімін тауып жасады. Олардың білімі 
мен  іскерліктерінің  жоғары  дәрежеде  екенін  
заттардан  көруге  болады.  Заттарды  сәнділік 
пішінге келтірілген, халықтың өзіне тән ерекше 
қасиетінің образды бейнесі немесе формасы деп 
түсінуге  болады.  Студенттерге  қолөнер  туралы 
сөзбен айтып,  заттарды талдатамыз. Зат немесе 
форманың қалайша көрнектеліп, безендірілгенін 
анықтап аламыз. Студенттердің өздерінен келесі 
басқа  қолөнер  туындысын  көрсетіп,  қолма-
қол  талдатамыз.  Олардың  көбісін  түсінбеген 
жағдайда  тағы  да  өздерінен  сұрап,  соңында 
оқытушы  тағы  да  қорытынды  жасауы  керек. 
Әрбір  затты  осы  жүйеде  талдағанда,  адам  жа-
дында  небір  әсерлер  қалып,  қайткен  күнде  ол 
затты  танып,  білмей  қоймайды.  Көркем  зат, 
бейне,  образ  талапты  адамның  шабытынан  ту-
ындайды.  «Шабыт»  дейді  психологтар,  өнер 
адамдарында  ғана  емес,  эстетикалық  тұрғыдан 
дамыған адамда да болады деген  [2] тұжырымға 
келген.  Мағжан Жұмабаевтың «Бір затты зерт-
теп  алу  үшін  сол  заттан  адам  жанында  көп 
әсерлену  болу  шарт,  сонымен  қатар  адамға  не 
нәрсе үйретсек те көрсетіп үйрету керек» [3], – 
деген тұжырымына сүйене отырып оқыту керек. 
Демек, біз тірек сызбаларға сүйеніп оқытамыз. 
Сонымен  қатар,  ауызша  айтқызып,  жаздырып, 
зерттеу  жұмыстарын  береміз.  Қолөнер  түрін 
дәріптеушілер  заттық  формаларды  тіршілікке 
және  көрнектігін  ескере  отырып  зат  жасаса, 
ал  көрермен  сәндік-қолданбалы  өнерді  бірден 
зат  туындысы  ретінде  қабылдайды.    Қолөнер 
дәріптеушілердің  затты  жасаудағы  бірінші 
бағыты – көркем шығармашылық, яғни сәндік-
қолданбалы  өнердің  композициясы  және  оның 
компоненттерін жатқызады. Композиция – бей-
нелеу  өнеріндегі  көркемдеудің  негізгі  құралы 
болып  табылады.  Қолөнершілер  сұлулық  пен 
үйлесімділік  заңдылығына  сүйене  отырып,  ту-

108
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ындыларын үш негізде – қолөнер түрін, компо-
зициясын, қабылдануын жасайды. Оны барлық 
қолөнер туындыларынан байқауға болады. Ком-
позиция мынадай компоненттерден тұрады: ішкі 
және  сыртқы  форма,    әрқашан  қатаң  сақтауды 
қажет  ететін  заңы;  ұтымды  мәнерлеу  тәсілі; 
эмоционалды  эстетикалық  сапа.  Этнодизайн 
өнерінің  композициялық  формаларын  оқыту 
әдістемесі. Композицияның ішкі формасың заңы, 
тәсілдері, эстетикалық сапасы. Композицияның 
сыртқы  формасың  пішіні,  материалдары,  фак-
турасы,  техникалық  әдіс-тәсілдері  [кестелеу, 
тоқу, тегіс жағыстар, бұдырлау, шеку т.б.]. Әрбір 
қолөнер  түрлерінің  өзіне  тән  ерекшеліктері 
бар.  Олар  қолөнер  түрлері  немесе  жанрлар 
деп  аталады.  Сонымен,  тіршілік  өнері  мен 
көркемдеу  өнер  түрлерін  бөліп  қарастырамыз. 
Әрқайсысына  жеке  тоқталсақ,  оны  игеру  оңай 
болады. Студенттердің алған теориялық білімін 
тірек  жобалармен    бекітіп  отырамыз.  ХІХ 
ғасырдың  ортасына  қарай  қолөнер  шеберлері 
тұрмыстық заттар жасаған, ал ауылшаруашылық 
шеберлер  тіршілікке  керекті  заттарды  жасаған. 
Сондықтан  олар  екіге  бөлініп  кетті.  Өйткені, 
белгілі кәсіби мамандар пайда болды. Әрбір ма-
ман белгілі бір қолөнер түрінде жұмыс жасаған. 
Қолөнер  туындысын  өз  алдына  түрлерге  бөліп 
оқыту  ұтымды.    Мұнда  қысқаша  бағыт  беру 
мақсатымен  әрбір  қолөнер  түрлеріне  тоқталып 
кетуді  жөн  көрдік.  Қолөнер  түрлеріне  лекция 
сабақтарда қысқаша шолу жасаймыз. Мұнда да 
біз    тарихшы-этнографтардың  қолөнер    мәні, 
жасау технологиясы мен мағынасы жайлы атап 
кеткен анықтамаларын басшылықа ала отырып, 
қысқаша  баяндап  кетеміз.  Мысалы,  әр  қолөнер 
түрлеріне  тоқталатын  болсақ,  темір  өңдеу. 
Темір өңдейтін адамды ұста деп атайды. Темір 
өңдеудің екі тәсілі бар: ыстықтай және суықтай 
өңдеу. Қолөнерші ұстаның құрал-саймандарына 
төс, күрек, балға, шеге саймандары [5] жатады. 
Олар  қарапайым  ауылшаруашылық  соқаларды 
құйды. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-
жарақтарын:  қанжар,  қылыш,  семсер,  айбалта, 
найза, жебе, сүңгілер соғып шығарды. Сонымен 
қатар, ауыл және тұрмыстық заттарды жасаған. 
Мысалы: ат, түйе әбзелдерін, адалбақандар, үш 
аяқты  дөңгелек  темір  ошақ,  көсеу,  қалақ  т.б. 
соғып құйып жасаған. Бір тайдың еті толығымен 
сыятын  тайқазан  жасаған.  Теміршінің  өндіріс 
саймандары: көрік, төс, балта, қысқыш, кескіш, 
тескіш, тістеуік, егеу т.б. болды. 
Бүгінгі  таңда  дизайнда  темірді  өңдеп, 
безендіріп  кіші  формаларды  жасауда  кеңінен 
қолданылады.  Кіші  формаларға  даладағы 
орындықтар, шамдар, қоршаулар тағы басқа зат-
тар жатады. 
Ағаш  өңдеу.  Орман  тоғайлы  жерлерді  ме-
кен  еткен  қазақтар  ішінде  ағаш  қолөнері  өріс 
алған, оларды ағаш шеберлері деп атаған. Ағаш 
шеберлері  киіз  үйдің  сүйегін,  оның  құрама 
бөлшектерін,  тұрмыстық  заттар,  ерлер  т.б. 
жасаған.  Бүгінде  өндірістік  дизайнда  қолданыс 
тапқан.  Интерьерді  безендіреді.  Өндірістік  ди-
зайнда  көбіне  жүн  өңдеумен,  одан  тұрмыстық 
заттар жасаумен байланысады. Мысалы, қойдың 
жүнінен  шидем,  түйенің  жүнінен  шекпен 
тоқылады.  Қылшықты  жүндерден  бау,  басқұр, 
қап тоқылады. Қылдан арқан, жіп тоқылады. Киіз 
басу,  текемет,  сырмақ  жасауға  қой  жүні  кәдеге 
асады. Тері және былғары өңдеу өндірістік ди-
зайнмен тығыз байланысты. Қазақ теріні қолдан 
илеген,  жаңа  сойылып  алынған  теріні  жүнін 
ішіне  қарата  дегдітіп,  ұн  аралас  ащы  айранмен 
сылайды. Өңін айналдырып екі-үш орап қояды 
да, жуып тұзды суға салады. Осындай жағдайда 
ұстағаннан  кейін,  қайтадан  кептіріп,  иіне  ұн 
сеуіп  пышақпен  қырлап,  дайын  теріні  әр  түрлі 
шөппен,  өсімдік  тамырынан  алынған  шымқай 
сары, қызыл күрең, сарғылт түстерге бояған. Қой 
терілерін томар бояу немесе қаратал қабығының 
қайнатындысымен  бояған.  Ұсақ  мал  қозы,  лақ 
т.б. терілерінен, тон, шалбар, жарғақ киім, тақыр 
шалбар жасалған. Ірі қара терілері иленіп, кебіс, 
мәсі, саптама етіктер тігілді. Торсық, саба, көнек 
істелді. Айыл, тұрман, қайыс, қамшы өрілді. Аң 
терілерінен  тымақ,  ішкі  киімдер  тігілді.  Теріні 
илеп  қайыс  жасаған.  Қайыстан  ат  әбзелдерін 
жасаған.  Қамыттың  құлақ  бауы,  айыл,  жүген, 
тізгін,  шылбыр,  қанжыға,  бау,  қамшы,  божы, 
тұсамыс, шідер, ноқта. Аяқ киімдердің ұлтанын 
жасаған.  Тері  илеуді  кәсіп  деп  атайды.  Теріден 
көнек,  қаз  мойын  (домалақ  кеуделі  ұзын  мой-
ын  ыдыс),  кеукерін  (құман  тәрізді  торсық, 
былғары  тоқым),  ер  тоқымның  астына  сала-
тын    нәрсе  жасаған.  Теріге  ою-өрнек  әшекей 
сюжеттері, батырмалы (батырылып) немесе қаяу 
(қиюластырып тігу) техникалық тәсілдері жата-
ды. 
Тас өңдеу. Тас өңдейтіндерді  тас шеберлері 
деп  атайды.  Техникалық  тәсілі  –  тасты  қашап 
жасау. Қазақтарда жұмсақ тастан өте сәнді және 
күрделі ескерткіштер қою дәстүрі болған. Атап 

109
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
айтатын  болсақ,  ескерткіш  түрлері:  құлпытас, 
қойтас,  санды  тас  т.б.  жатады.  Жоғарыда 
айтылған  мәселелерді  қорыта  келе  келесідей 
ұсыныстар жасауға болады. Халықтың ғасырлар 
бойы  жинақталған  сәндік-қолданбалы  өнері 
мұрасын,  этнодизайн  ретінде  оқу-тәрбие 
үдерісінде білімдік және тәрбиелік тәжірибесін 
тиімді  пайдалану;  Этнодизайнды  әлемдік  және 
ұлттық мәдениет деңгейіне көтеру; Үйдің жаңаша 
заманға  сай  стильдігі,  эскиздігі  көрінісін  және 
концепциясын  құру;  Киіз  үйдің  интерьерінде 
қабырға мен жерге төселетін заттардың безендіру 
элементтерін  жапсырма  қағаздар  мен  едендер-
де  немесе  төсеніштерде  қолдану  тәсілдерін 
іздестіру. Дизайнерлер ауылда өздерінің бизнес 
орталықтарын  ашып,  этнодизайн  материалда-
рын  қолданысқа  айналдырса.  Мысалы,  дизайн 
материалдарына қойдың терісі, тұяғы, мүйізі т.б. 
өңделіп, пайдаланылуға болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – 2007 жыл, 15 тамыз.
2.  Искусство в нашей жизни «Знания» серия // педагогики № 2, 1988. – С. 4-30.
3.  Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 69 б.
4.  Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы, 1987. – 128 б.
Резюме 
В статье раскрывается проблема формирования культуры профессионального мышления будущего дизай-
нера, как высшего показателя его профессиональной готовности в условиях современного общества. Анализ 
практики в современных условиях показывает, что в настоящее время большая часть дизайнеров проявляет 
стремление к освоению прогрессивных технологий, созданию авторских разработок, концепций дизайнера, 
введению инноваций, обобщению передового дизайнерского опыта.
Summary
This article is revealed problem of formation cultures of professional thinking of decentness, as a example of its 
professional readiness in condition of modern societies. Analysis of practice in modern conditions show that, nom 
the most part of designers show the striving for master of progressives technologies to create of author working out, 
designs conceptions, to introduce innovations, and generalization of advanced design experience. Evidently, that the 
developed situation shows in qrowthinq role of arts sciences and techniques and their influences of social problems 
of society.   

110
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
С.Қ.Әбілдина – 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ 
ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кез  келген  халық  өзінің  қайта  өрлеуінде 
ежелгі  ата-бабаларының  өміріне,  тұрмыс-
тіршілігіне көз жүгіртіп, ойлары мен идеяларын 
ұғынуға  тырысатыны  айғақ.  Өткеннің  рухани 
мұраларын  оқып  үйрену  адамзат  мәдениетінің 
шексіздігі мен бірлігін сезіну мен ұғынуға, адам-
зат  тарихының  ғасырлар  бойы    жасаған  іргелі 
құндылықтарының  маңызын  түсінуге  себепші 
болады.
ХХ  ғасырдың  аяғында  әлемдік  білім  беру 
жүйесінде  ұлттық  білім  беру  жүйелерінің  ин-
теграциясы  негізінде  тарихи-педагогикалық 
мұраларды 
жаһандандыру 
тенденцияла-
ры  қарастырыла  бастады.  Жалпыадамзаттық 
құндылықтар  –  ұлттық  дәстүр,  мәдениет, 
тәрбиелік-білімдік жүйелердің өзара әрекеті мен 
сан түрлілігінде дамиды және молығады.
«Тарихымызды 
білмей 
тұрып 
алға 
жылжудың қиын екені белгілі. Сондықтан бүгін 
де  өткенімізді  ой  елегінен  өткізіп,  барымызды 
екшеп, жоғымызды іздеп жатқан жайымыз бар», 
-  деген  белгілі  академик  ғалым  М.Қ.Қозыбаев 
[1].  Олай дейтініміз, бүгінгі таңда этномәдени 
білім беруді нәтижелі жүзеге асыру үшін ел та-
рихында қалыптасқан игілікті тәжірибелерді ой 
елегінен өткізіп, қорыту және оның даму тенден-
цияларын айқындау  кезек күттірмейтін мәселе. 
Сонымен, Қазақстандағы этномәдени білім беру 
идеяларының,  теориясы  мен  практикасының 
қалыптасуы  мен  даму  тарихын  зерделеудің 
көкейкестілігі арта түсуде.
Қандай  ғылым  болмасын  адамзаттың  ақыл-
ойымен өмірден, іс-тәжірибеден  туындайтыны 
аян.  Адам  өмірімен  тікелей  байланысты  тәлім-
тәрбиелік    тұжырымдамалар  халық  тәжірибесі 
мен  ғылыми  ойдың  ажырамас  туындысы. 
Сондықтан  да  педагогика-әр  халықтың  адамды 
ізгі тәжірибемен ғылым негізінде тәрбиелеу тура-
лы ілім. Ал, халықтық тәлім-тәрбиесі әр ұлттың   
ғасырдан-ғасырға  жалғасқан  тәлім-тәрбиелік 
мұрасы.  Сондықтан  да  этнопедагогиканың 
негізгі, нәр беретін тамыры болмақ. 
Әр  халықтың  мәдениетін,  сан  ғасырлық 
тәрбие, тәжірибесін,  педагогикалық ойларының 
дамып, қалыптасуын оның өмірінің әлеуметтік-
тарихи  және  мәдениеттанушылық  контексінде 
қарастырмайынша  мүлдем  түсініксіз  болар 
еді.  Бұл  тұжырымның  біздің  қазақ  халқының 
этномәдениетінің зерттелуіне де қатысы бар.
Қоғамдық 
өмірдің 
тарихи-әлеуметтік 
тұрғыдан  дамып,  жетілуімен  қатар    біздің  ата-
бабаларымыздың  осы  кезеңдердің  өзінде-ақ, 
дәстүрлі ұрпақ тәрбиелеудегі мәдениетінің түпкі 
негізі  барынша  қалыптасып,  тәрбие  мәнінің 
атадан  балаға  өмір  сүрудегі  жинақталған 
әлеуметтік  тәжірибесінің  үйретіліп,  берілуімен 
айқындалғанын  және  ол  кездегі  ұрпақ 
тәрбиесінің  адамның  тіршілік  ету  көзі  қол 
еңбегіне  негізделгендігін  аңғаруға  мүмкіндік 
береді.  Ал,  тіршілік  көзі  еңбек  құралдарының 
болуымен  бірге  жоғарыда  аталған  бейнелеу 
өнерінің  дамуы  арғы  ата-бабаларымыздың 
бүгінгі ұлттық дүниетаным өресінің тереңдігін, 
кеңдігін, өмірдегі, өнердегі сұлулықты қабылдап, 
бағалай білгендігін, әрі оны ұрпақ сабақтастығы 
мен  тәрбиесінің  құралы  ретінде  пайдалана 
білгендіктерінің  айқын  дәлелі.  Табиғи  мате-
риалдарды,  шаруашылық  көздерінен  алынған 
шикізаттарды  өңдеп  тұрмысқа  қажетті  заттар-
ды  жасап  пайдаланулары,  үй  ішілік  ұлттық 
колөнердің  де,  шаруашылық  кәсіп  түрлерінің 
де  дамуы  халықтың  әлеуметтік-қоғамдық 
мәдениетінің  өркендеу  жағдайын  айғақтайды. 
Жоғарыдағы  талдаулар  мен  нақты  ғылымдағы 
деректер  сол  дәуірдің  қоғамдық  құрылысына 
тән  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың, 
отбасылық  байланыстардың,  үздіксіз  ұрпақ 
тәрбиесінің жүзеге асып отырғандығының дәлелі. 
Халықтық  педагогикамыздағы  адамгершілік, 
ақыл-ой  мен  ұлттық  дүниетаным,  еңбек, 
экономикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие 
бастауларының  осы  ежелгі  заман  дәуірінен 
табылатындығы  да  ешқандай  дау  туғызбайтын 
тұжырым. 
Қазақтардың өзіндік ерекшелігі мен болмыс 
сипаты, елді басқару формалары, экономикалық 

111
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жүйесі,  рухани  қажеттілігін  қанағаттанарлық 
өнері, заңдары мен мінез-құлық кодекстері болды. 
Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз 
дамыған  қазақтардың  ауызекі  шығармашылық 
дәстүрі күшті дамып қалыптасты. Әсіресе, жас 
ұрпақты  тәрбиелейтін  үгіт-насихат  жырла-
ры,  мақал-мәтелдері  қандай  мол,  әрі  мағынасы 
тереңде  жатты.  Бұлар  тек  құрғақ  кеңестер 
емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар болды, олар 
құқықтық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-
құлық  және  т.б.  тәртіптерді  де  өз  мазмұнының 
құрамында жан-жақты қамтыды. 
Түркі тілдес халықтардың этномәдени білім 
беретін рухани мұраларының қомақтысы Жүсіп 
Баласағұнның  «Құтты  (Құтадғу)  білік» 
еңбегі  (XI  ғ.).  Оның  шығармасы    –  бақытқа 
жету ғылымы – әділет, дәулет, парасат, қанағат 
сияқты  төрт  қасиет  иесі  арасындағы  диалогқа 
құрылады. Түркі тілінде жазылған. Түркі тектес 
халықтарға  ортақ  ескерткіш  болғанымен,  қазақ 
халқының рухани мұрасына тікелей қатысы бар. 
Жазылу стилі жағынан араб-парсы поэзиясымен, 
Фирдаусидің  «Шахнамасымен» үндес [2].
Ж.Баласағұнидің  экономикалық  мәдениет 
туралы  көзқарасын  сөз  еткенде,  оның  белді 
буыны  –  еңбек  мәселесі.  Еңбек  арқылы  ғана 
экономикалық  ілгерілеу  болатыны  айқын. 
Ғұламаның дастанда тұжырымдалған негізгі ой-
пікірлері еңбектің тіршілік көзі екендігіне әкеліп 
саяды.
Экономикалық дамудың негізгі арқауы ғылым 
мен білім екендігі көпшілікке аян. Көп ғалымдар 
мен  практиктер  ғылымды  негізгі  өндіргіш 
ретінде  санайды.  Бүгінгі  адамзат  баласының 
жеткен өрісі ғылымның арқасында болып отыр. 
Ж.Баласағұни  сол  кездің  өзінде-ақ  отандаста-
рын  зерделі  білім  алуға,  ғылымды  меңгеруге 
шақырған  және  үндеген.  Білімді  Ж.Баласағұни 
өз  халқын  экономикалық  мешеуліктен  құтқару, 
тығырықтан жол табу мақсатында уағыздаған.
Ж.Баласағұни  қалдырған  бай  мұра,  оның 
экономикалық мәдениеті туралы тәлім-тәрбиелік 
идеялары  бүгінгі  таңдағы  Қазақстанның 
экономикалық  идеологиясын  қалыптастырып, 
дамытуға көп септігін тигізуде [3].  
Заманында  Әбунасыр  әл-Фараби  адамның 
практикалық  іс-әрекетіне  үлкен  мән  бере  от-
ырып,  таза  еңбектің  рөлі  мен  мазмұнына  тек 
еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, 
оқшау шығаратынын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. 
Адамзат қоғамның өмір сүруіне керекті ең басты 
жағдай  оның  материалдық  тұтыну  қажеттері 
дегенді  бірінші  орынға  қоя  отырып,  осы-
нау  маңызды  проблемалар  төңірегіндегі  теріс 
көзқарастарды  үзілді-кесілді  жоққа  шығарды. 
Сол  арқылы  қоғамның  мән-мағынасын  ашуда 
ілгері қадам жасады.
Әл-Фараби  ілімі  тәрбиенің  әрбір  қоғам 
кезіндегі  (феодализм,  капитализм)  әлеуметтік 
мәнін ашып, экономика, адамгершілік, ақыл-ой 
тәрбиесінің мәселесін қарастырды [4] .
Салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің 
зерттелуін  салық  мәдениетін  қалыптастырудың 
тарихи деректерінен бастасақ, сонау Әмір Темір 
/1333 жылы/ басқа деректерде /1336 жыл/ зама-
нынан  бастауға  болады.  «Темір  жарғысының» 
маңызды  элементі  –  экономикалық  мәселелер 
болып  табылады.  Ол  негізінде  обьективті 
көрсеткіші  бар  салық  салу  жүйесін  жасап 
шығарды. 
  Темірдің  салық  жинау  принципі:  ауқатты 
салық  төлеуші  мемлекетті  байытады  деген.  
Сондықтан  да  ол  жер  өңдеу  ісіне,  кедейлен-
ген жер иесіне қатты көңіл бөлді, жер өңдейтін 
құрал саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс 
күйде болуын қадағалады, көпірлер, керуен са-
райлары салынды, саяхатшылардың қауіпсіздігі 
қамтамасыз етілді. Демек, сонау  заманнан   бас-
тап,  салық  жүйесінің  қалыптасуына  негіз 
салынған [5].   
Экономикалық  тәрбие  беру  мәселесі  ХХ 
ғасырдың  басында-ақ  педагогтарды  терең 
толғандырғаны  дерекнамалардан  белгілі,  бірақ 
ол нарықтық экономика жағдайында білім беру 
жүйесін реформалауға байланысты бүгінгі күні 
ғана өзінің нақты мәніне ие болды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б. 
2.  Баласағұн  Ж.  Құтты  білік.  Көне  түркі  тілінен  аударған  және  алғысөзі  мен  түсініктерін  жазған 
А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
3.  Сарбасова  Қ.А.,  Бекмағамбетов  А.Ж.  «Ж.Баласағұнидің  экономикалық  мәдениет  туралы  тәлім-
тәрбиелік идеялары». //«Білім әлемінде. В мире образования. In the world of EDUCATION». №5.2010.-Б.19-
22.

112
4.  Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 215 б.
5.   Темір, Дәуір, Тұлға  әрекеттері. - М, 1992, – 112 б.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы формирования экономической культуры учащихся посредством эт-
нокультурных знаний. 
Summary
The  article  deals  with  the  problems  of  formation  of  the  economic  culture  of  pupils  by  ethnic  and  cultural 
knowledge.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет